Главная / Другое / Проект на тему "«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясы»"

Проект на тему "«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясы»"












Баяндама

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясы»






Орындаған: Алина А.Т.


















Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты:
Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
-Ойын технологиясы.
-Триз технологиясы

ӨТШТ- өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Оның негізін қалаған – Генрих Саулович Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы – техникалық жүйелер «қалай болса солай емес», нақты заңдылықтар бойынша пайда болады және дамиды: бұл заңдылықтарды тану және пайдалану өнертабыстық мәселелерді шешу ӨТШТ жаңа технологиялық идеяларды өндіруді нақты ғылымға айналдырады. Өйткені өнертапқыштық мәселелерді шешу қисынды операциялар жүйесінде құрылады.

Қазіргі таңда технологиялық ӨТШТ амалдары мен әдістері мектепке дейінгі жастағы балалардың өнертапқыштық түсінігін, шығармашылық қиялын диалектикалық ойлауын дамыту үшін балабақшаларда қолданылады.

ӨТШТ мақсаты – балалардың фантазиясын дамытып қана қоймай, болып жатқан үрдістерді түсіне отырып, жүйелі түрде ойлауға үйрету. Тәрбиешілерді балалардың қоршаған ортаның бірлігі мен қайшылығын түсінуге қабілетті, өздерінің ұсақ мәселерін шеше алатын шығармашылық тұлғаның қасиетін практикалық тәрбиелеу бойынша құралмен қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ӨТШТ технологиясы – тәрбиешілерге арналған жан-жақты әдістемелік ұсынымдары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар технологиясы. Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты, материал мен қызмет түрін өзі таңдауын болжайды. Олар заттардың құбылыстардың қарама-қарсы қасиеттерін анықтауға, осы қарама-қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Қарама-қайшылықтарды шешу – шығармашылық ойлауға бастары кілт.

ӨТШТ технологиясының басты назарында – шығармашылық және өнертабыстық адам, оның бай икемді және жүйелі қиялы бар, өнертабыстық мәселелерді шешу амалдарының күшті арсеналын меңгерген, лайықты өмірлік мақсаты бар адам.

ӨТШТ технологиясын қолданудың мақсаты біріншіден, ойлаудың икемділігін, жылжымалылығын, диалектілігін дамыту болса, екіншіден – ізденіс белсенділігі жаңалыққа талпыну, сөйлеу мен шығармашылық қиялға талпынысты дамыту болып табылады. Заманауи мәселелерді шешу жүйелі амалды, мәселені толық көру мүмкіндігін, өз әрекеттерінің жеке салдарларын көру іскерлігін қажет етеді.

Шығармашылық зерттеу міндеттерімен үнемі бетпе-бет кездесу,ешкім әлі жауабын білмейтін міндеттермен кездесу. Ерте жастан бастап баланы жүйелі ойлауға шығармашылық тұрғыдағы мәселелерді шешуге үйретуге болады.

Балаларға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, келесі дидактикалық қағидаларды ескеру қажет:

Еркін таңдау қағидасы. Кез келген оқытушы немесе басқарушы әрекетте балаға таңдау құқығын беру қажет.

Ашықтық қакидасы. Балаға ашық тапсырмалармен (бірнеше дұрыс жауабы бар) жұмыс жасау мүмкіндігін беру. Шығармашылық тапсырманың шартына түрлі жауап нұсқаларын енгізу қажет.

Қызмет қағидасы. Кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық қызметті енгізу қажет.

Кері байланыс қағидасы. Тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үрдісін үнемі қадағалай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмаларда өткендегі тапсырмалардың элементтері болады.

Идеялық қағидасы. Шығармашылық тапсырмалар арнайы құрал –жабдықтарды қажет етпейді, балалардың мүмкіндіктері, білімі мен қызығушылықтарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін кез-келген сабақтың бөлігі бола алады.

ӨТШТ сабақтарында балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім беру қажет емес, баланы білімді іздеуге, үйретуге қажет. Шығармашылық өнертапқыштық тапсырмаларды шешуге оқыту бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.

1 – кезеңде сабақ форма түрінде емес, шындықты, мәнді іздеу ретінде беріледі. Балаға объекті көпфункционалды пайдалану мәселесін ұсынады;

2 – «екінің құпиясы»немесе объектіде, құбылыста қарама-қайшылықты анықтау;

3 – қарама-қайшылықтарды шешу. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін ойын және ертегі міндеттерінің жүйесі бар.

ӨТШТ бағдарламасы бойынша келесі жұмыс кезеңі – ертегі тапсырмаларын шешу және арнайы әдістер арқылы жаңа тапсырмаларды ойлап табу. Барлық жұмысқа балалар қызметінің алуан түрі енеді – ойын қызметі, сөйлеу, бейнелеу, аппликация, құрылымдау т.б.

Соңғы кезеңде, алынған білім, түйсікке сүйене отырып мәселелерді шешудің соны әдістерін пайдалану арқылы бала кез келген күрделі жағдайдың шешу жолын табуды үйренеді. Мұнда тәрбиеші тек бақылайды, бала өз күшімен, ақылы мен шығармашылық әлеуетіне сенеді. Жағдайлар алуан түрлі, адам қызметінің кез-келген саласынан болуы мүмкін. Балалар тәжірибелік жағдайға қойылады, онда шешімді тез қабылдау керек.

ӨТШТ технологиясы тәрбиешілер мен балаларға шығармашылық әдістері мен құралдарын береді. Ересектер мен балалар бір құралды меңгере отырып, ортақ тілді тез табады, бірін-бірі тез-тез түсінеді.

Балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс бала мен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуда қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ӨТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактілі ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолдарын қарастыруды алға қою керек.


Педагог міндеті:

  • Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру;

  • Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін қолдану;

  • Балаларды ашықтыққа, тапқырлыққа және байқағыштыққа тәрбиелеу.

ӨТШТ – технологиясының негізгі құрылымы:

  • Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының шығармашылық тапсырмалары;

  • Адам үшін шығармашылық тәжірибенің бағалығы;

  • Оқыту шығармашылықтарының негізгі ерекшеліктері;

  • ӨТШТ технологиясы арқылы мектепке дейінгі жас шамалық топтарына сәйкес тілдік құзыреттіліктерін арттыру;

  • Ойын арқылы балалардың тілдік құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Қортындылай келсек, ӨТШТ технологиясының ерекшелігі: ойын, тапсырмалар, жаттығулар арқасында балалардың тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруде, балалармен жұмыс барысында практиға енгізу



Проект на тему "«Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ӨТШТ технологиясы»"
  • Другое
Описание:

Целью данного проекта было Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді.

Балаларға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, келесі дидактикалық қағидаларды ескеру қажет:

Еркін таңдау қағидасы. Кез келген оқытушы немесе басқарушы әрекетте балаға таңдау құқығын беру қажет.

Ашықтық қакидасы. Балаға ашық тапсырмалармен (бірнеше дұрыс жауабы бар) жұмыс жасау мүмкіндігін беру. Шығармашылық тапсырманың шартына түрлі жауап нұсқаларын енгізу қажет.

Қызмет қағидасы. Кез келген шығармашылық тапсырмаға практикалық қызметті енгізу қажет.

Кері байланыс қағидасы. Тәрбиеші балалардың ойлау операцияларын меңгеру үрдісін үнемі қадағалай алады, өйткені жаңа шығармашылық тапсырмаларда өткендегі тапсырмалардың элементтері болады.

Идеялық қағидасы. Шығармашылық тапсырмалар арнайы құрал –жабдықтарды қажет етпейді, балалардың мүмкіндіктері, білімі мен қызығушылықтарын барынша пайдалануға мүмкіндік беретін кез-келген сабақтың бөлігі бола алады.


Автор Алина Айгуль Темиргалиевна
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 47
Номер материала MA-068678
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓