Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыПрезентация және ашық сабақ жоспары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Презентация және ашық сабақ жоспары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Скачать материал
Скачать материал "Презентация және ашық сабақ жоспары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 1 желтоқсан – 
ҚР Тұңғыш Президенті күніӘлем таныған, дарынды тұлға, іскер- с...

    1 слайд

    1 желтоқсан –
    ҚР Тұңғыш Президенті күні
    Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

  • 1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда...

    2 слайд



    1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.
    2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

  • Лауазымдық мәртебесі
  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  - Е...

    3 слайд

    Лауазымдық мәртебесі
    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы (Ұлт көшбасшысы)

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күшетерінің Бас қолбасшысы

    Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

    «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы

    Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвестор

  • – Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің төсбелгісі Штандарт президента РКОрд...

    4 слайд

    – Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің төсбелгісі
    Штандарт президента РК
    Орден «Алтын Қыран»
    Қазақстан Республикасының Пре­­­зиденті мемлекеттің жоғары ла­уа­зымды тұлғасы ретінде дербес рә­міз­дер мен айырым белгілерін иеле­не­ді.

    Соның бірі – Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің төсбелгісі. Ол ша­пақтары сегіз қырлы нысанды құ­рай­тын көп сәулелі жұлдыздан тұ­ра­ды. Жұлдыздың ортасында алтын әріп­­термен «ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИ­ДЕНТІ» деп айналдыра жазылған ме­даль­он бар. Белгі Қазақстанның ел­таң­басы түріндегі ілгіш арқылы әр­қай­сысы қосарлы кішкене шынжыр ар­қылы біріктірілген жиырма бу­нақтан тұратын алқаға жалғасады. Жал­­ғасқан бунақтар – көгілдір түсті эмаль­мен көмкерілген, жиегі ақ түсті, ор­­тасында алтын шаңырақ бейне­лен­­­ген үш бұрышты элементтер. Қа­зақ­стан Республикасының Президен­ті төс­белгіні ұлықтау рәсімінде, мем­лекеттік мерекелерде, әскери парад өт­кізу және шет мемлекеттердің рес­ми тұлғаларын қабылдау кезінде та­ға­ды.

    Президент билігінің тағы бір рә­мізі – оның дербес жалауы, Прези­де­нт байрағы. Қазақстан тарихында тұң­ғыш рет Мемлекет басшысының бай­рағы 1995 жылдан қолданыла бас­тады. Республика Президентінің төс­­белгісі сияқты ол да мемлекеттің жо­ғары лауазымды тұлғасының рес­ми айырым белгісі болып саналады. Пре­зидент байрағы Мемлекет бас­шы­сының резиденциясына, сондай-ақ Қазақстан Президентінің көлікте­рі­не орнатылады.

  • Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қар...

    5 слайд

    Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
    Балалық шағы
    Әкесі – Әбіш 1903 жылы
    Алатаудың бөктерінде,
    Назарбай бидің шаңырағында
    өмірге келді.
    Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

  • Нұрсұлтан анасы Әлжанмен бірге

    6 слайд

    Нұрсұлтан анасы Әлжанмен бірге

  • Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік...

    7 слайд

    Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

  • Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бозбала шағынан сыр 

19 жастағы Нұрсұлта...

    8 слайд

    Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
    бозбала шағынан сыр

    19 жастағы Нұрсұлтанның ақиық арман жетегімен металлургтер қаласы саналатын Теміртауға келуімен басталады. Тәуекелге бас тігіп, Үшқоңырдың жасыл жайлауынан Теміртаудағы комбинаттың қоймалжың балшығына түскен жас жігіт аянбай еңбектенеді

  • 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қа...

    9 слайд

    1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

    1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

    1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

    1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

    1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

  • 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
199...

    10 слайд

    1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
    1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

  • 1991 ж. желтоқсанныі 1 де тұңғыш рет Қазақстан республикасы Президентінің жа...

    11 слайд


    1991 ж. желтоқсанныі 1 де тұңғыш рет Қазақстан республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

  • 1999 ж. қаңтардың 10 да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарба...

    12 слайд


    1999 ж. қаңтардың 10 да өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

  • 2005 жылы
Желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан...

    13 слайд

    2005 жылы
    Желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

  • Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағ...

    14 слайд

    Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

  •  2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен...

    15 слайд

     2011 жылдың 3 сәуірінде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55 пайыз дауысын жинап, жеңіске жетті.

  • Астана. 14 қараша - 2004 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адам...

    16 слайд

    Астана. 14 қараша - 2004 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

  •  Халықаралық мойындау

    17 слайд

    Халықаралық мойындау

  • Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА...

    18 слайд

    Басқа лауазымдары мен мансаптары
    Экономика ғылымдарының докторы (1993)
    ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі
    Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
    Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
    Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
    Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
    Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
    Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
    ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
    Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
    Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
    Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран»орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
    Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептелед

  •                Тіл жанашыры

    19 слайд

    Тіл жанашыры

  • Шет елдік Беларус Республикасының ғылым академиясының мүшесі

    20 слайд

    Шет елдік Беларус Республикасының ғылым академиясының мүшесі

  • Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы

    21 слайд

    Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы

  • Қожа Ахмет Ясауи аттындағы халықаралық сыйлығының лауреаты

    22 слайд

    Қожа Ахмет Ясауи аттындағы халықаралық сыйлығының лауреаты

  • "Нури Худжанд« атындағы  Халық академиясының мәртебелі академигі

    23 слайд

    "Нури Худжанд« атындағы Халық академиясының мәртебелі академигі

  • Окан университетінің құрметті докторы

    24 слайд

    Окан университетінің құрметті докторы

  • Халықаралық инженерлік академияның сыйлығы

    25 слайд

    Халықаралық инженерлік академияның сыйлығы

  • Халықаралық инженерлік академияның академигі

    26 слайд

    Халықаралық инженерлік академияның академигі

  • Халықаралық инженерлік академияның академигі

    27 слайд

    Халықаралық инженерлік академияның академигі

  • Кембридж университетінің құрметті професоры

    28 слайд

    Кембридж университетінің құрметті професоры

  • Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы

    29 слайд

    Маңғол мемлекеттік университеттің мәртебелі докторы

  • Румынияның академиясының экономикасының мәртебелі академиг

    30 слайд

    Румынияның академиясының экономикасының мәртебелі академиг

  • Гумилев сыйлығының лауреаты

    31 слайд

    Гумилев сыйлығының лауреаты

  • Платонның алтын медалі

    32 слайд

    Платонның алтын медалі

  • Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі академигі

    33 слайд

    Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі академигі

  • Ұмытылмас белгі от МГУ им. М.В.Ломоносова

    34 слайд

    Ұмытылмас белгі от МГУ им. М.В.Ломоносова

  • "Нури Худжанд" Халықының академиясының мәртебелі академигі

    35 слайд

    "Нури Худжанд" Халықының академиясының мәртебелі академигі

  • Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі мүшесі

    36 слайд

    Шығармашылықтың халықаралық академиясының мәртебелі мүшесі

  • Ұмытылмас медаль "мәртебелі профессор"

    37 слайд

    Ұмытылмас медаль "мәртебелі профессор"

  • Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Дмитрий Медведев

    38 слайд

    Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Дмитрий Медведев

  • Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин

    39 слайд

    Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин

  • Дәйексөздері

“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

“Кеше болмағанның бүг...

    40 слайд

    Дәйексөздері

    “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

    “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

    “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
    “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
    “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.

  • Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәс...

    41 слайд

    Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
    «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
    «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
    «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
    «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
    «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
    «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
    «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
    «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
    «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
    «Тарих толқынында» (А., 1997),
    «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
    «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
    «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
    «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
    «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

  • Тарихтың тағлымдары және қазіргі заман

    42 слайд

    Тарихтың тағлымдары және қазіргі заман

  •  Тарихтың тасқынында

    43 слайд

    Тарихтың тасқынында

  •  Тәуелсіздіктің стратегиясы

    44 слайд

    Тәуелсіздіктің стратегиясы

  • Әлемнің эпицентрі

    45 слайд

    Әлемнің эпицентрі

  •  Оңсыз және солсыз

    46 слайд

    Оңсыз және солсыз

  • Еуразияның жүрегінде

    47 слайд

    Еуразияның жүрегінде

  •  Ойлармен халықпен бөлісемін

    48 слайд

    Ойлармен халықпен бөлісемін

  •   Қазақстанның құрыш профилі

    49 слайд

    Қазақстанның құрыш профилі

  •  Жүз жылға тең, он жас.

    50 слайд

     Жүз жылға тең, он жас.

  • Н.Ә. Назарбаевтың отбасы Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балала...

    51 слайд

    Н.Ә. Назарбаевтың отбасы
    Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
    Президенттің үш қызы бар:
    Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
    Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
    Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
    Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

  • Хоббиі 

Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Ал...

    52 слайд

    Хоббиі

    Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу. Спортпен айналысу немесе үздіксіз оқу адамды кейде едәуір күш пен бар зейінін жұмсауға мәжбүр етсе де, біз, соған қарамастан, оларды да әуестік пен демалыс айдарына қостық. Әлдебір ойшыл айтқандай:  толыққанды тұлға үшін  демалыс – өзі айналысатын істің түрін өзгерту ғана..

  • 53 слайд


  • 54 слайд

  • 55 слайд

  • Н. Ә. Назарбаев тұрақтылықтың және  ұлтаралықынтымақтың қорғанының кепілі.

    56 слайд

    Н. Ә. Назарбаев тұрақтылықтың және  ұлтаралық
    ынтымақтың қорғанының кепілі.

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Жамбыл  атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

5  «Ә» сынып

 

 

 

Ашық сабақ

 

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Сейсенқұлов А.С.

 

 

 

 

 

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

 

Тәрбие сағат тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

Тәрбие сағат мақсаты:

1. Дамытушылық: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Тәрбиелілік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Білімділік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

 

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.

 

2 жүргізуші

1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»  атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

 

Болатқан

Ауыр күнді артымызға тастауы

– Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

 

Ерсұлтан

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

 

Айбек

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

 «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

Динара

Елбасыммен мен бүгін мақтанамын,       

Өзіңді әлемге айтып шаттанамын.

Қазағым жетті бүгін арманына,

Елбасым, айналайын, атқан таңым.

 

 Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

 

1-жүргізуші

Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің,

Жылытып мына әлемді гүлдендірдің,

Төрткүл дүние әлемін дүр сілкінтіп,

Елімнің шығардыңыз биік үнін. – дей отырып бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

 

Фатима

Елбасым ер жүректі ер мінезді,

Елімді айналдырған гүл күмбезге

Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасы,

Жарқыраған қазағымның күні емес пе?

 

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

 

Ақниет

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

 

Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

 

 

 

2-жүргізуші

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 23 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

 

Асхат

Қазағымның жарқыратқан маңдайын,

Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым

Қақтырған талай дүниенің таңдайын,

Мен мақтанамын Елбасыммен әрдайым

 

1-жүргізуші:

Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

 

Әфиза

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

Фәтима

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

Ерасыл

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 

 

Рахат

Елбасымыз - еліміздің тірегі,

Ел ертеңін үнемі ойлап жүреді.

…Бар қазақтың мақтанышы  Астана,

Үлкен елдің, байтақ жердің жүрегі.

 

Гулнафис

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

 

Динара

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.

 

Фатима

Бар өмірін өз еліне арнады,

Мәңгілік елге айналдыру арманы.

Бейбіт елдің күн жүзеді көгінде,

Азаттығы қыран болып самғады.

2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

 

Гүлнафис

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

 

 

Болатқан

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

 Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

 

2-жүргізуші:

Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

«Ұлы достықта».Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған. 

 

Асхат

Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік. «Замандастар көзімен» Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті -Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін! Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті - Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр.

 

Ерсұлтан

Әрбір ұлтқа бауырым деп қараған,

Татулықты зор жеңіс деп санаған.

Достық пенен сыйластықты ту етіп,

Халқыңүшінқашандағы бол аман

 

Аружан

Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді. Кофи Аннан- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

 

 

Айдана

Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

 

Мейірім

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 

Майса

Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

 

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген: «Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

 

2-жүргізуші:

 

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. БіздіңПрезидентімізНұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев осындайтұлға!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Конспект урока по ИЗО (7 класс) по теме "прямые линии и организация пространства"
  • Учебник: «Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.
  • Тема: Прямые линии и организация пространства
  • 30.09.2020
  • 1191
  • 15
«Изобразительное искусство (изд. «Просвещение»)», Питерских А.С, Гуров Г.Е./ Под ред. Неменского Б.М.
Презентация по МХК на тему "Художественная культура Средних веков. Изобр.искусство" (10 класс)
  • Учебник: «Мировая художественная культура. От истоков до XVII века. Базовый уровень», Данилова Г.И.
  • Тема: Глава 14. Изобразительное искусство Средних веков
  • 30.09.2020
  • 1035
  • 38
«Мировая художественная культура. От истоков до XVII века. Базовый уровень», Данилова Г.И.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 4425
    • PPTX 10.7 мбайт
    • 200 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cейсенкулов Аскар Сарсембиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cейсенкулов Аскар Сарсембиевич
    Cейсенкулов Аскар Сарсембиевич
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10970
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 538 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов мировой художественной культуры в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек