Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыПрезентация "Ақ жол ашқан Әліппе!" 1 сынып

Презентация "Ақ жол ашқан Әліппе!" 1 сынып

Скачать материал

ф  

 

«Прииртышский ЖОББМ»  КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ жол ашқан Әліппе!

 

 

 

                                                                  Баешова  А. К.

                                                                 1 «а» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

 

 

Мақсаты:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата- анаға өнерлерін көрсету.

Оқушылардың  эстетикалық талғамын ұластыра түсу.

 Көрнекілігі: интерактивті тақта

 Ертеңгіліктің өтілу барысы:

      

        Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі  «Қош бол, құтты  Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалағалы отырсыздар!

Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырады. Сондай жағдайға жеткізген Әліппемен қоштасқалы отыр.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,

-          деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

 

 Ерте, ерте, ертеде  Прииртышский  орта мектеп шаһарында Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі және екі күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.

Гульжан: Уа, халайық, келіңіздер көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

 

Жамиля: Уа, жараңдар, жараңдар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңыздар!

 

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

 

Нұрай: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

 

Әліппе хан: (көңілденіп). Тамаша, тамаша. Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер.

Менің жарлығымды орындаңдар!

 

Айсара: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен біліміне кезек берейік.

        

 

 

Нұрәлі    

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

 

Айзере

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 

Айша:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйретті оны Әліппе.

 

 

Диляра Қ:

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

 

Диля Т

Енді біз жаза аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

 

Мақсат:

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

Айгерим:

Қымбатты менің Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

Аяжан:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым атасы.

Әліппеден басталған

Даналардың данасы.

 

Нуралы:

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы – Әліппе.

 

Гульжан:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.

 

 

Жамиля:

 Әліппем, менің әліппем,                           

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

 

 

Диас:

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен мұғалім. 

 

 

«Әліппе»  хор.

-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: «Отан. Ана. Мектеп» сөздерімен таныстық.

О Т А Н:  

 

А. Нұрәлі:

О: Ораз барды орманға,

     Он шақты оған бала ерді,

     Омарташы оларға,

     Ожау-ожау бал берді.

Мақсат :

Т:  Таңданысты есіткен

      Түлкі тәсіл тауыпты

      Төбедегі тесіктен.

      Тағы әкетті тауықты.

 

Диас А:  Асқар аға Астанаға

      Асанды алғаш ала барды.

      Алып тауды Алатауды,

      Алматыны аралады.

Нұралы:

   Н:  Нағыз малсақ-Нұркенже,

      Нарға келіп нан берді.

      Нары нанды жегенше,

      Ноқталап та үлгерді

 

Мұғалім:

-Балалар, біздің Отанымыз қай Республика?

-Қазақстан Республикасы.

-Біз қай қалада тұрамыз?

- Семей қаласында.

-Енді Отанымызға арнап, Берикова Айдананың орындауында «Туған жер» әні.

Мұғалім:

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын

  асыл адам – Ана!

-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.

-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:

 

 

А Н А: 

Аида:

А:  Аспанда ару ай да бар,

      Айдай сұлу қайда бар?

      Айлы түнде жап-жарық,

      Асыр салып, ойнайық

Арина:

Н:  Найза болып тиеді,

      Намысы зорға да.

      Нансаң сол киелі,

      Нанды сен қорлама.

Айгерим:

А:  Атам жақсы көреді,

      Алса алғыс өзені

      Алқа топта мақтар кеп,

      Атасына тартқан деп.

-Аналарымызға арнап Берикова Айдана ән орындайды. «Ана»

Мұғалім:

-Біздің білім алатын ордамыз-мектеп.

-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің бір күніміздің жартысы мектепте өтеді.

-Біз мектепке не үшін келеміз?

-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз

-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:

 

Диляра:

М:  Мүсінші болар Мүсілім,

      Маралдың жасап мүсінін.

      Мұражайға мектептің,

      Мұны тарту етпекші

 

Қ Диляра

Е:  Есенкелді есті екен,

     Ерке Ерланға ермеді.

     Ерте тұрып есік пен

     Еден сырлап ерледі

 

Айсара:

К:  Келер көктем көңілді,

     Көкпен бояп өңірді.

     Көкжиектен кешкісін

     Кемпірқосақ көрінді

Нұрай:

Т:  Түлкі, түлкі, түлкі-де,

      Түк айласыз бұл күні

      Түгелісіп қулығы,

      Түгел жұртқа күлкілі

Гульжан :

Е:  Есейіп құйттай балғындар,

      Елге қызмет жасады.

      Ертең сенің алдыңнан,

      Есігін мектеп ашады.

Айзере :

П:  Перде мененен пернені,

      Панар білмей шатасты.

      Перде-терезе жапқыш қой,

      Перне неге қатысты?

 

Шығыс биі.

 

Мұғалім:

-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен таныстық

-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?

-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз

-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті атайықшы

-А, Ә, Б.

1-оқушы: Аяжан

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

2-оқушы: Айша

А деген ол-аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Б деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Мұғалім

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер

-Осының бәрін үйреткен кімдер?

Оқушылар (хормен):

-МЕКТЕП!

- ӘЛІППЕ!

- МҰҒАЛІМ!

- АТА-АНА!

 

1-оқушы: Арина

Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әліппені.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін ашып берді.

 

2-оқушы: Аяжан

-Үйретіп санауды,

  Көп еңбек сіңірген

  Мұғалім апай ғой!

 

3-оқушы: Жамиля

Үйретіп мұғалім бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

 

Хор «Біз бақытты баламыз»

 

Мұғалім:

-Рахмет, шәкірттерім!

 -Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.

-Қане, әліппеге Қош айтайық!

Оқушылар хормен:

-Бізге білім салып берген,

 Қош бол, құтты Әліппем,

 Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе сөйлейді:

Білмінің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы.

Ғылымның қиын жалғасын,

Басқа кітаптан табарсың!

-Қош болыңдар, балалар!

Балалар хормен:

-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!

-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!

Әліппе хан: Мен сондай риза болдым. Өзімнің орнымды балам «Ана тілі» басады деп сенемін. «Ана тілді» шақырамын.

«Ана тілі» хан:

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілі болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

 

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама

    Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

    Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен ілмді,

     42 білмді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

    Сурет салар ісі бар (қарындаш)

-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!

Мұғалім:

-Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз:

1-оқушы:Айсара

Болашағын баланың,

Талабынан білесің.

Жақсы оқыса сабағын,

Жақсы көріп жүресің.

 

2-оқушы:Ақылбай Нұралы

Әліппені бітірдім,

Әріптерді танимын.

Мен атаның баласы,

Мен оқушы баламын.

 

3-оқушы:

Ата келші тезірек,

Ана тілін бастадым.

Өзіңе айтар тағы да,

Дайын менің тақпағым.

 

4-оқушы:Нұрай

Ата-анаға еркелеп,

Ортасында өстік біз.

Жақсы оқып, қуантып,

Бестік күнде алдық біз.

 

Балалар хормен:

-Ата-анаға мың рахмет!

 

Мұғалім:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Барлығы хормен:

-Рахмет, ұстаз алғашқы!

 

Содан елді «Ана тілі» ханы басқарыпты. Уәзірлері «Әліппе ханның» қаталдығы мен талапшылдығының арқасында «Ана тілі» ханына тез үйреніп білімді болып сол мектеп шаһарының есімін елге әйгілі еткен екен.

 

Мұғалім: Құрметті қонақтар! Сіздер бірер сәт 1-сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болдыңыздар.

 

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар – дей отырып мектебіміздің директоры Тасжуреков ақылбек Шакарович, оқу  ісінің меңгерушісі Сембинова Гүлшат Толеухановна және тәрбие ісінің меңгерушісі Смаилова агила Муслимовна және ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Ақ жол ашқан Әліппе!" 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды «хан баласындай нық , бидің баласындай тік» сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу – бүгінгі біздің ұстаздардың, ата-аналардың міндеті. Соның бір көрінісі бүгінгі  «Қош бол, құтты  Әліппем!» ертеңгілігін көріп тамашалағалы отырсыздар!

Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырады. Сондай жағдайға жеткізген Әліппемен қоштасқалы отыр.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,

-          деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 456
    • DOCX 60 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баешова Айгуль Кабденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баешова Айгуль Кабденовна
    Баешова Айгуль Кабденовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 116156
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1105 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 288 человек

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции