Главная / Математика / Презентация по математике на тему;"Сандар тізбегі және берілу тәсілдері" (9 класс)

Презентация по математике на тему;"Сандар тізбегі және берілу тәсілдері" (9 класс)

Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп Альянова Шолпан Рамазановна математика пәнін...
Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Ата-анамыз аман болсын! Еліміз тын...
22.11.14
Жан-жақты дамыған,білім деңгейі жоғары,жүйелік түрде өз ойын дәл тиянақты айт...
І. Ұйымдастыру. Психологиялық икем
Миға шабуыл 1.Сан тізбегі дегеніміз не? Сан тізбегінің жалпы мүшесі деген не?...
a1, a2 ,a3, ......, an, ...... a2 саны - тізбектің екінші мүшесі; a3 саны - т...
a1, a2 ,a3, ......, an, ...... Бұл жазудың ретін көрсететін натурал сандар (...
Сандар тізбегі Баяндау тәсілі Аналитикалық тәсіл Рекурренттік тәсіл Графиктік...
1.Сандар тізбегінің баяндау тәсілі. Баяндау тәсілінде сандар тізбегінің орнал...
А В С Шығармашылық тапсырмалар
А. “Эротосфен елегі” тәсілімен жай сандар кестесі қалай алынған? Неге “Эротос...
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 2...
В. Тізбекке байланысты К.Ф.Гаусстың өмірінде қандай оқиға болды?
С. Шахмат ең алғаш қай елде дүниеге келді? Тізбекке қатысты шахмат туралы аңы...
1 + 2 + 2² + ... + 2⁶³ = 18 446 744 073 709 551 615 18 квинтиллион, 446 квадр...
№ 1(А) Мүшелері 3-ке еселік болатын сандар тізбегін жазыңдар. 2) Мүшелері 3,...
№2(В) Төмендегі тізбектерді жалғастыр және жалпы мүшесінің формуласын жазыңд...
№3(С) Төмендегі рекурренттік тәсілмен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшес...
№4(А) Графикте көрсетілген нүктелердің ординаталарынан құралған тізбектердің...
Егер тізбек аn = 2п3 -3п формуласымен берілсе, оның екінші мүшесін табыңыз. А...
А Д Е С
Дайын жауап арқылы тексеру жүргізеді 4 сұраққа - «5» 3 сұраққа – «4» 2 сұрақ...
Сөзжұмбақ Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, П әрпінен басталатын алгебра курсындағ...
Сөзжұмбақ 				П								 		1										 			2									 	3									 4											...
Сөзжұмбақ 				П								 	 1	Б	І	Р	С	А	Р	Ы	Н	Д	Ы	 		 2	Ф	О	Р	М	У	Л	А			 3	Г	Р...
ІІ тарау. § 1, № 175, 185 -есептер
Кабинетте қорап қойылып, оқушылар өз сұрақтарын алады. Бұл сұрақтар келесі са...
Рефлексия 1. Не білдім? 2. Қандай көмегі болды? 3. Маған ұнады немесе ұнаған ...
«Білімді болу. Бұл бүгінгі күннің басты талабы, басты ұраны. Болашақты бүгінг...
Ынтымағымыз жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын, бәсекеге қ...
“ ЖИГСО” стратегиясы негізінде топтарға тақырыптарды бөліп бердім Топтық таны...
1 из 38

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп Альянова Шолпан Рамазановна математика пәнінің
Описание слайда:

Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп Альянова Шолпан Рамазановна математика пәнінің мұғалімі

№ слайда 2 Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Ата-анамыз аман болсын! Еліміз тыныш
Описание слайда:

Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Ата-анамыз аман болсын! Еліміз тыныш болсын!

№ слайда 3 22.11.14
Описание слайда:

22.11.14

№ слайда 4 Жан-жақты дамыған,білім деңгейі жоғары,жүйелік түрде өз ойын дәл тиянақты айта б
Описание слайда:

Жан-жақты дамыған,білім деңгейі жоғары,жүйелік түрде өз ойын дәл тиянақты айта білуге тұлғаны тәрбиелеу Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру және өз білімін тексеру,есте сақтау қабілетін жетілдіру І ІІ ІІІ Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және олардың әр түрлі тәсілдерін меңгеру

№ слайда 5 І. Ұйымдастыру. Психологиялық икем
Описание слайда:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық икем

№ слайда 6 Миға шабуыл 1.Сан тізбегі дегеніміз не? Сан тізбегінің жалпы мүшесі деген не? 2.
Описание слайда:

Миға шабуыл 1.Сан тізбегі дегеніміз не? Сан тізбегінің жалпы мүшесі деген не? 2.Сан тізбегінің қандай түрлері бар? 3.Сан тізбегінің берілуінің қандай тәсілдерін білесіңдер? 4.Фибоначчи тізбегі туралы не білесіздер ?

№ слайда 7 a1, a2 ,a3, ......, an, ...... a2 саны - тізбектің екінші мүшесі; a3 саны - тізб
Описание слайда:

a1, a2 ,a3, ......, an, ...... a2 саны - тізбектің екінші мүшесі; a3 саны - тізбектің үшінші мүшесі; an саны - тізбектің n-ші мүшесі; --------------------------------------------------- ----------------------------------------- . Мысалы, 2;4;6;8;10;12;... тізбекте a1 ═ 2; a5 =10; a12 =24; an =2n; Тізбектің n-мүшесін оның жалпы мүшесі деп атайды және оны an арқылы ,ал тізбектің өзін қысқаша an = f (n) немесе (an) түрінде жазылады Натурал аргументті функция сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды. Тізбекті мүшелері сәйкес мүшелердің индексі (реттік нөмірі) көрсетілген әріппен белгіленеді: Берілген жазуда: a1 саны - тізбектің бірінші мүшесі;

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9 a1, a2 ,a3, ......, an, ...... Бұл жазудың ретін көрсететін натурал сандар (n=1
Описание слайда:

a1, a2 ,a3, ......, an, ...... Бұл жазудың ретін көрсететін натурал сандар (n=1,2,3, ...) функцияның аргументтері немесе тізбектің индекстері ,ал an аргументке сәйкес функция мәндері немесе тізбектің мүшелері болады. 1. Анықталу аймағы алғашқы n натурал сандар жиыны болатын функцияны –шекті тізбек деп атайды. Мысалы: Нөлмен аяқталатын бүтін оң екітаңбалы сандар жиыны 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90 2.Анықталу аймағы барлық натурал сандар жиыны болатын функцияны – шексіз тізбек деп атайды. Мысалы: Натурал сандар тізбегі 1, 2, 3, 4, 5, ..., n, ... 3. Тізбектің үлкен индекісіне үлкен мүшелері сәйкес келсе ,ондай тізбектер өспелі тізбек деп аталады. Мысалы: Мүшелері 4-ке еселік болатын сандар тізбегі. 4,8,12,16,20,24, ... 4. Тізбектің үлкен индекісіне кіші мүшелері сәйкес келсе ,ондай тізбектер кемімелі тізбек деп аталады. Мысалы: Натурал сандарға кері сандар тізбегі. 1; 1/2; 1/3; 1/4; ... Өспелі және кемімелі тізбектер бірсарынды (монотонды ) тізбектер деп аталады. 5.Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. Мысалы: 2, 2, 2, 2, 2, ..., 2, ...

№ слайда 10 Сандар тізбегі Баяндау тәсілі Аналитикалық тәсіл Рекурренттік тәсіл Графиктік тә
Описание слайда:

Сандар тізбегі Баяндау тәсілі Аналитикалық тәсіл Рекурренттік тәсіл Графиктік тәсіл сөзбен беріледі формула арқылы беріледі келесі мүше алдыңғы мүше арқылы анықталады график арқылы беріледі

№ слайда 11 1.Сандар тізбегінің баяндау тәсілі. Баяндау тәсілінде сандар тізбегінің орналасу
Описание слайда:

1.Сандар тізбегінің баяндау тәсілі. Баяндау тәсілінде сандар тізбегінің орналасу заңдылығы сөзбен беріледі. 1-мысал. Натурал сандар қатарының квадраттарынан тұратын тізбекті жазайық. Шешуі. Ол үшін натурал сандар қатарының әрбір мүшесін квадраттау қажет. Сонда 1; 4; 9; 16; 25; 36; 49;…….. тізбегін аламыз. 2.Сандар тізбегінің аналитикалық тәсілі. Егер тізбек n-ші мүшесінің формуласы арқылы берілсе, онда ол аналитикалық тәсіл болып табылады. 2-мысал. an =2ⁿ. Берілген формула бойынша тізбектің кез келген мүшесін анықтауға болады. Мысалы, егер n ═ 3 болса, онда а3 ═ 23 ═ 8; егер n ═ 6 болса, онда а6 ═ 26 ═ 64; егер n ═ 8 болса, онда а8 ═ 28 ═ 256. 3.Сандар тізбегінің рекурренттік тәсілі. Кейбір жағдайларда тізбектің (n + 1)- ші мүшесі n-ші мүшесі арқылы есептелінетін формула түрінде беріледі. Бұл жағдайда тізбектің бір немесе бірнеше алғашқы мүшелері қосымша беріледі. Тізбектің осылай берілуі рекурренттік тәсіл деп аталады. 3-мысал. Тізбекті an+1 =4an – 1 рекурренттік формула түрінде берілген және а1 ═ 1. Тізбектің төртінші мүшесін табу керек. Шешуі. а2 ═ 4а1 – 1= 4 ∙ 1 –1= 3, a3 ═ 4а2 – 1= 4 ∙ 3 –1= 11, а4 ═ 4а3 – 1= 4 ∙ 11 –1= 43. 4.Сандар тізбегінің графиктік тәсілі. Егер тізбек график арқылы берілсе, онда ол графиктік тәсіл болып табылады. 4-мысал. (уn) тізбегінің нүктелердің ординаталары ретінде берілсе , онда олар: у1 =-2, у2 =-1, у3 =0, у4 =1, у5 =2, у6 =3 , …

№ слайда 12 А В С Шығармашылық тапсырмалар
Описание слайда:

А В С Шығармашылық тапсырмалар

№ слайда 13 А. “Эротосфен елегі” тәсілімен жай сандар кестесі қалай алынған? Неге “Эротосфен
Описание слайда:

А. “Эротосфен елегі” тәсілімен жай сандар кестесі қалай алынған? Неге “Эротосфен елегі” деп атаған?

№ слайда 14 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 3
Описание слайда:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50

№ слайда 15 В. Тізбекке байланысты К.Ф.Гаусстың өмірінде қандай оқиға болды?
Описание слайда:

В. Тізбекке байланысты К.Ф.Гаусстың өмірінде қандай оқиға болды?

№ слайда 16 С. Шахмат ең алғаш қай елде дүниеге келді? Тізбекке қатысты шахмат туралы аңызды
Описание слайда:

С. Шахмат ең алғаш қай елде дүниеге келді? Тізбекке қатысты шахмат туралы аңыздың мазмұны қандай?

№ слайда 17 1 + 2 + 2² + ... + 2⁶³ = 18 446 744 073 709 551 615 18 квинтиллион, 446 квадрилл
Описание слайда:

1 + 2 + 2² + ... + 2⁶³ = 18 446 744 073 709 551 615 18 квинтиллион, 446 квадриллион, 744 триллион, 73 миллиард, 709 миллион, 551 мың, 615.

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 № 1(А) Мүшелері 3-ке еселік болатын сандар тізбегін жазыңдар. 2) Мүшелері 3, 5,
Описание слайда:

№ 1(А) Мүшелері 3-ке еселік болатын сандар тізбегін жазыңдар. 2) Мүшелері 3, 5, 7 цифрлары арқылы жазылған екіорынды сандар тізбегін жазындар. 3) 4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегін жазындар. 4) Мүшелері натурал сандардың кубына тең болатын сандар тізбегін жазыңдар.

№ слайда 22 №2(В) Төмендегі тізбектерді жалғастыр және жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар:
Описание слайда:

№2(В) Төмендегі тізбектерді жалғастыр және жалпы мүшесінің формуласын жазыңдар: 1/4; 1/7; 1/10; 1/13; ... 2) 2; 4; 6; 8; … 3) 1; 1/4; 1/9; 1/16; ... 4) 1/2; 2/3; 3/4; 4/5; ...

№ слайда 23 №3(С) Төмендегі рекурренттік тәсілмен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін
Описание слайда:

№3(С) Төмендегі рекурренттік тәсілмен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін жазыңдар: 1) a1 ═ 1; a n+1 ═ an + 3; 2) a1 ═ -1; a2 ═ 3; an+2 ═ an+1 + an; a1 ═ 7; an+1 ═ 1/an 4) a1 ═ 2; an+1 ═ 3 an

№ слайда 24 №4(А) Графикте көрсетілген нүктелердің ординаталарынан құралған тізбектердің мү
Описание слайда:

№4(А) Графикте көрсетілген нүктелердің ординаталарынан құралған тізбектердің мүшелерін жазыңдар. Кітаппен жұмыс №176, №177 (А.Е.Әбілқасымова ,...; “Мектеп” баспасы,2005 )

№ слайда 25 Егер тізбек аn = 2п3 -3п формуласымен берілсе, оның екінші мүшесін табыңыз. А) 1
Описание слайда:

Егер тізбек аn = 2п3 -3п формуласымен берілсе, оның екінші мүшесін табыңыз. А) 10; В) 12; С)15; Д) 16; Е)20. 2. Тізбектің үшінші мүшесін тап: аn = n 3+1 А) 1; В) 14; С) 2; Д) 28; Е) 7. 3. аn = п2 - п тізбегінің тоғызыншы мүшесін табыңыз. А) 49; В) 80; С) 27; Д) 77; Е) 72. 4. аn = 3п +2 болса бесінші мүшесі нешеге тең? А) 15; В) 16; С) 17; Д) 18; Е) 20.

№ слайда 26 А Д Е С
Описание слайда:

А Д Е С

№ слайда 27 Дайын жауап арқылы тексеру жүргізеді 4 сұраққа - «5» 3 сұраққа – «4» 2 сұраққа
Описание слайда:

Дайын жауап арқылы тексеру жүргізеді 4 сұраққа - «5» 3 сұраққа – «4» 2 сұраққа – «3» Өзін – өзі бағалау

№ слайда 28 Сөзжұмбақ Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, П әрпінен басталатын алгебра курсындағы е
Описание слайда:

Сөзжұмбақ Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, П әрпінен басталатын алгебра курсындағы ең негізгі тізбектердің атауын оқисыз. 1. Өспелі және кемімелі тізбектер. 2 Аналитикалық тәсіл деген не? 3. Координаталық жазықтық арқылы анықталатын тәсіл. 4. Келесі мүшесі алдыңғы мүше арқылы анықталатын тәсіл. 5. 1; 1/2; 1/3; 1/4; 1/5; ... қандай тізбек? 6. 2; 4; 6; 8; ... қандай тізбек? 7. Тізбек неден тұрады? 8. п –ші мүшесі формуламен берілсе, қандай тәсіл? 9. Сандардың орналасу заңдылығы сөзбен берілетін тәсіл.

№ слайда 29 Сөзжұмбақ 				П								 		1										 			2									 	3									 4
Описание слайда:

Сөзжұмбақ П 1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ слайда 30 Сөзжұмбақ 				П								 	 1	Б	І	Р	С	А	Р	Ы	Н	Д	Ы	 		 2	Ф	О	Р	М	У	Л	А			 3	Г	Р	А
Описание слайда:

Сөзжұмбақ П 1 Б І Р С А Р Ы Н Д Ы 2 Ф О Р М У Л А 3 Г Р А Ф И К Т І К Р Е К У Р Р Е Н Т Т І К 5 К Е М І М Е Л І 6 Ө С П Е Л І 7 С А Н Д А Р 8А Н А Л И Т И К А Л Ы Қ 9 Б А Я Н Д А У

№ слайда 31 ІІ тарау. § 1, № 175, 185 -есептер
Описание слайда:

ІІ тарау. § 1, № 175, 185 -есептер

№ слайда 32 Кабинетте қорап қойылып, оқушылар өз сұрақтарын алады. Бұл сұрақтар келесі сабақ
Описание слайда:

Кабинетте қорап қойылып, оқушылар өз сұрақтарын алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың барысында талқыланады. Сұрақтары бар қорап

№ слайда 33
Описание слайда:

№ слайда 34 Рефлексия 1. Не білдім? 2. Қандай көмегі болды? 3. Маған ұнады немесе ұнаған жоқ
Описание слайда:

Рефлексия 1. Не білдім? 2. Қандай көмегі болды? 3. Маған ұнады немесе ұнаған жоқ. 4. Болашақта қолдана аламын.

№ слайда 35 «Білімді болу. Бұл бүгінгі күннің басты талабы, басты ұраны. Болашақты бүгінгіде
Описание слайда:

«Білімді болу. Бұл бүгінгі күннің басты талабы, басты ұраны. Болашақты бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана» . (Жолдаудан)

№ слайда 36 Ынтымағымыз жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын, бәсекеге қабі
Описание слайда:

Ынтымағымыз жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын, бәсекеге қабілетті елдің іргесін қалайтын білімді ұрпақ тәрбиелеуде дендеріңіз сау, бай-қуатты болыңыздар! Қорытынды

№ слайда 37 “ ЖИГСО” стратегиясы негізінде топтарға тақырыптарды бөліп бердім Топтық танысты
Описание слайда:

“ ЖИГСО” стратегиясы негізінде топтарға тақырыптарды бөліп бердім Топтық таныстырылымды қорғады «Диалог арқылы сыни ойлауға үйрету » үшін сұрақтар қойылды «Ал тізбектің түрлері қандай?» «Сандар тізбегінің берілу тәсілдері қандай?» “Шығармашылық жұмыс” «Еркін жазу» стратегиясы бойынша сандар тізбегінің анықтамасын,түрлерін және берілу тәсілдерін жазды Топтық жұмыс жасау арқылы негізгі ойды анықтады “Эротосфен елегі” тәсілімен жай сандар кестесі қалай алынған? Неге “Эротосфен елегі” деп атаған? Тізбекке байланысты К.Ф.Гаусстың өмірінде қандай оқиға болды? Шахмат ең алғаш қай елде дүниеге келді? Тізбекке қатысты шахмат туралы аңыздың мазмұны қандай? PISA есебі

№ слайда 38
Описание слайда:

Презентация по математике на тему;"Сандар тізбегі және берілу тәсілдері" (9 класс)
  • Математика
Описание:

Сабақтың тақырыбы: :     Сандар тізбегі және берілу тәсілдері

Мақсаты:   білімділік: сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және   олардың әр түрлі тәсілдерін меңгеру;  дамытушылық: өз бетімен ойлау қабілетін арттыру  және өз білімін тексеру,есте сақтау қабілетін жетілдіру;   тәрбиелік: жан-жақты дамыған,білім деңгейі жоғары,жүйелік түрде өз Күтілетін нәтиже:  Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу.Игерілетін мазмұнның оқушы үшін маңызы:  Сандар тізбегінің ерекшелігін түсіну, сандар тізбегінің түрлерінің маңызды екеніне көз жеткізу.Сабақ құрылымы:1. Қызығушылықты ояту.2.Ой қозғау.3. Мағынаны тану.4.  Мағынаны ажырату.5.  Ой бөлісОқыту әдісі:Проблемалық. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері қандай? Ал тізбектің түрлері қандай?Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:Белсенді танымдық (интерактивті)Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру:Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материялын  МТ  блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып, теориялық білімін бекіту. МА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. ОБ  блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық  және практикалық білімін бекіту.Оқушыда дағды қалыптастыру:    Тақырып түйіні берілетін қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайд мәтінін) тұжырымдап үйрену, логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу, өзін-өзі дамыту дағдылары-өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай сәттілік сәтіне ұмтылу, ұжымда жұмыс істеу дағдылары –ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.Негізгі ұғымдар мен терминдер:  Сандар тізбегі, тізбектің мүшесі, тізбектің берілу тәсілдері (аналитикалық тәсіл, баяндау, реккуренттік, графиктік), шекті және шексіз тізбек, өспелі және кемімелі тізбек,бірсарынды тізбектер, тұрақты тізбек.Ақпарат көздері –  оқулық   А.Абылқасымоваесептер жинағы –  А.Абылқасымовадидактикалық    материалдар – Ә.Шыныбековоқулық – Ә.Шыныбеков ойын дәл, тиянақты айта білуге тұлғаны тәрбиелеу Математикалық  сөздік қорын  жетілдіру; Топтасып  еңбектену  мен ұйымшылдықты  қалыптастыру;Типі:  Жаңа білімді игерту сабағы.Түрі:  аралас сабақ Әдісі:  Репродуктивті әдіс: Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту.Сабақтың көрнекіліктері:  стикерлер, геометриялық  фигуралар, балықтар,плакат, Пәнаралық байланыс:  дүниетану, қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, қызықты     математика . Жаңа технология:   дамыта отырып оқыту сын тұрғысынан ойлау, оздыра отырып оқыту. Сабақ психологиялық дайындықтан басталады.Оқушыларға - Сіздер ізденгенсіздер ме?- Сіздер  жалқаусыздар ма?-Сіздер  ойшылсыздар ма?- Сіздер  еріншіксіздер ме?- Сіздер  тапқырсыздар ма?- Сіздер  алғырсыздар ма?- Сіздер әдептісіздер ме?- Сіздер  ұйымшылсыздар ма? Деген сұрақтар қойып психологиялық хал-ахуалын анықтайды. Оқушыларының көңіл- күйін жақсарту мақсатында Ізденгіш,алғыр,ойшыл,ұйымшыл,тапқыр шәкірттеріме  жарнама айтқысы келіп тұрғанын мұғалім хабарлап, күнделікті өмірмен байланысы бар фактілер келтіреді қызықты мәлімет айтады. Қызығушылығын ояту ояту кезеңі сыныпты топқа бөлумен басталады.Сыныпты  топқа бөлу( геометриялық фигуралар  түрлеріне қарай топқа бөлінеді.Топ басшысын  сайлайды. Үй жұмысын тексеру кезінде .Кім шапшаң? Қалпақ киеді. . Біліміңді пайдалан тапсырмалары топтарға беріліп   үй тапсырмасын оқығанда сандардыпайдаланып, өрнектер құр секілді жұмыстар жасалады.Мағынаны тану кезеңіндеРефлексия      Оқушыларға  стикер таратып Топ басшысының бағалауы. Мұғалім  сабақта топтарға сұрақ қойып, шапшаңдық, жылдамдық, білімділік     қимылдарын бақылауды мақсат етеді және есептеу дағдыларын қалыптастырады. Сабақта берілген тапсырмалар оқушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, еркін сөйлеуге, топта жұмыс жасауға ықпал етеді.

 

 

 

 

Автор Есалина Айнаш Согимбаевна
Дата добавления 24.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Презентации
Просмотров 1259
Номер материала 57019
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓