Главная / Начальные классы / Презентация по литературе на тему "Кадыр Мырза Али "

Презентация по литературе на тему "Кадыр Мырза Али "

Сыныптан тыс-шара: Долинск жалпы орта білім беретін мектебі
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығарма...
Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам аттай...
Қадыр Мырза Әли
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958 жы...
Күміс қоңырау Дала дидары Бұлбұл бағы Ақ отау Ой орманы Домбыра Жер қыры Көш ...
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік ә...
Орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, та...
Қадыр Мырзалиев: «Ғашықтық жайын қозғама..» аудармасы О состоянии Любви не сп...
Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Б...
Шындық Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірді...
Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Қ...
Бұл музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сы...
Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу
Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі Баспана іздеп басын қатырм...
Тесік Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? Қандай ағаш өсуін то...
Қазақтың Қадыры 	Жомарт 	 көрегенді балажан адамгершілігі мол қарапайым кеңпе...
Бүгінгі сабағымды ақын К.Ахметованың сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза Әли - ұ...
1 из 30

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сыныптан тыс-шара: Долинск жалпы орта білім беретін мектебі
Описание слайда:

Сыныптан тыс-шара: Долинск жалпы орта білім беретін мектебі

№ слайда 2 а) білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашыл
Описание слайда:

а) білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру және өлеңдерімен таныстыру, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру. ә) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт-бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру. б) тәрбиелік: өлең мазмұны арқылы оқушыларды табиғатты сүйе білуге баулу,білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру;

№ слайда 3 Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз
Описание слайда:

Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз.

№ слайда 4 Қадыр Мырза Әли
Описание слайда:

Қадыр Мырза Әли

№ слайда 5 Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958 жылы
Описание слайда:

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын сол жылы жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.  1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді.  1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.  Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Қ. Мырза Әлі – 200-ге жуық әні бар. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын.  22 қаңтардың күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.

№ слайда 6 Күміс қоңырау Дала дидары Бұлбұл бағы Ақ отау Ой орманы Домбыра Жер қыры Көш Биі
Описание слайда:

Күміс қоңырау Дала дидары Бұлбұл бағы Ақ отау Ой орманы Домбыра Жер қыры Көш Биік баспалдақтар

№ слайда 7 Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдеб
Описание слайда:

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын Ш.Петеи, С.Есенин, Р.Гамзатов өлеңдерін қазақ тіліне аударады.  Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды. Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.  2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.

№ слайда 8 Орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, татар
Описание слайда:

Орыс, неміс, украин, литва, эстон, грузин, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен, татар, башқұрт, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.

№ слайда 9 Қадыр Мырзалиев: «Ғашықтық жайын қозғама..» аудармасы О состоянии Любви не спраш
Описание слайда:

Қадыр Мырзалиев: «Ғашықтық жайын қозғама..» аудармасы О состоянии Любви не спрашивай О состоянии Любви Не спрашивай! Не знаю их Хоть знаю, но тебе о них, Юнец, не дам я советы Есть ли учитель у Любви? Коль есть, зови! Пусть учит нас Влюбленным можно ль дать указ? Мы все Любви ученики

№ слайда 10 Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білг
Описание слайда:

Ғашықтық жайын қозғама, Қозғауды мақұл көрмес ем, Ол жайлы саған боз бала, Білгенмен ақыл бермес ем! Сүюге ешкім оқытпас, Оқытам десе, шақыртқыз. Ғашықтар үшін жоқ ұстаз, Бәріміз түгел шәкіртпіз.

№ слайда 11 Шындық Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің а
Описание слайда:

Шындық Ақындық шығар айыпты, Әлі білмен себебін. Өлеңге айтып қойыппын Өмірдің айтпа дегенін. Өтірік жырдың қайдағы Болмайсың жетіп шетіне. Ақиқат – сөздің қаймағы, Тұрмайды шықпай бетіне. АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің, Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін! Бақытыңды таба алмасаң сүюден, Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін! Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің, Отан барда сембеймін де, сөнбеймін. Туған жерден таба алмасаң қасиет, Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін! ТАБИҒАТ-ЖАРАТЫЛЫС ПЕРНЕСІ О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Ұлың боп ойлап барам да, Құлын боп ойнап қайтамын. О, далам, менің байтағым, Далам деп өлең айтамын. Солған Ай болып барам да, Толған Ай болып қайтамын.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13
Описание слайда:

№ слайда 14
Описание слайда:

№ слайда 15
Описание слайда:

№ слайда 16
Описание слайда:

№ слайда 17 Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Қаза
Описание слайда:

Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.  2010 жылы 22 қазанда Сырым ауданы әкімдігі және Қ.Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың қолдауымен суретші Рафхат Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты көрмесі Жымпиты ауылындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте кең көлемде өткізілді.Аталмыш шара Р.Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесінің ашылуымен басталды. Р.Халелов Қадыр Мырзалиевтің 60-қа жуық фотосуретін және ақын тұтынған заттарды (ақын киген костюм, көзәйнегі, қаламы мен қарындашы, үстел сағаты, қолжазбасы, жеке кәдесыйлары, медальдары, фотоаппарат, қол орамалы, жазу машинкасы) ақын атындағы мектепке сыйға тартты. Шара кезінде Қадыр сыныбының ашылу салтанаты өткізіліп, ардагер ұстаз Гүлшат Сәлімгерейқызы сөз сөйледі. Сыныптың ашылу лентасын қию құрметіне ақын Ақұштап Бақтыгереева ие болды.Қадыр Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың директоры болып Дөнеділ Қажымов тағайындалды. «Қазақтың Қадыры» атты көрмеге көрермендер мен қонақтар куә болған соң, мектептің мәжіліс залында Қадырдың рухына бағышталған шара болады. «Қадыр ағаның иісі шықсын деген оймен мектептен арнайы бөлме ұйымдастырып, осы фотоқордың сақталуын қаладым. Менің айтарым, жерлестері де Қадыр ағаның өлеңдерін жат оқып жүрсе ғой», – деп сөзін түйіндеген фотосуретші Рафхат Халелов Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа айтты. 

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Бұл музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы
Описание слайда:

Бұл музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы, драматург, публицист, Жастар сыйлығының, Мемлекеттік Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолынан, ерекше дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру мақсатында жинақталған материалдар төмендегідей

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24
Описание слайда:

№ слайда 25
Описание слайда:

№ слайда 26 Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу
Описание слайда:

Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу

№ слайда 27 Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі Баспана іздеп басын қатырмайт
Описание слайда:

Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі Баспана іздеп басын қатырмайтын бөбек Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? Екі көз Кенгурудың баласы

№ слайда 28 Тесік Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? Қандай ағаш өсуін тоқта
Описание слайда:

Тесік Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не? Құлақ

№ слайда 29 Қазақтың Қадыры 	Жомарт 	 көрегенді балажан адамгершілігі мол қарапайым кеңпейіл
Описание слайда:

Қазақтың Қадыры Жомарт көрегенді балажан адамгершілігі мол қарапайым кеңпейіл

№ слайда 30 Бүгінгі сабағымды ақын К.Ахметованың сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза Әли - ұлт
Описание слайда:

Бүгінгі сабағымды ақын К.Ахметованың сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза Әли - ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі,түйсігі мың қатпар, қалтарысты,астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар -ұятын , үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.»

Презентация по литературе на тему "Кадыр Мырза Али "
  • Начальные классы
Описание:

 

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі. 
(1935-2011 ж.ж.)

«Домбыра» кітабынан

«Шындық»,  « ТАБИҒАТ-ЖАРАТЫЛЫС ПЕРНЕСІ.»,  «АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ» өлеңдері

 Сабақтың мақсаты: 
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру және өлеңдерімен таныстыру, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру,

ә) дамытушылық: өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт-бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
б) тәрбиелік: өлең мазмұны арқылы оқушыларды табиғатты сүйе білуге баулу,білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі:  ой шақыру, сұрақ-жауап, талдау, «топтастыру»  әдісі
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану пәні, бейнелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, фото-суреттер, аудиожазба
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.

-Сәлеметсіздер ме, балалар?

-Отырыңыздар! 
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Психологиялық көңіл -күй

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз.
(Қ.Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып тұрады. Тақтадан ақын портреті көрсетіледі.)

2.«Ой шақыру». –Балалар, ән таныс па?
-Бұл кім? Ақын туралы не білеміз?
Қандай өлеңдерін білесіздер? Оймызды ауызша білдіреміз. 
(Балалардың жауабы тыңдалады.)-Ендеше, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы да жерлес ақынымыз, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ.
3. Жаңа сабақ.
                                                               Қадыр Мырза Әлі.
                                                              (1935-2011 ж.ж.)
      Ақынның өмірі мен шығармашылығы.Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол жылы жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 
1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. 
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Қ. Мырза Әлі – 200-ге жуық ән мәтіндерінің авторы.Олардың көбі халыққа кең таралып,«Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы» мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедиясы үшін Махамбет атындағы сыйлыққа ие болды. 
Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Артына ең көп еңбек қалдырған ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы былтыр ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын. 
22 қаңтардың күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Ақын тағылымы.Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын Ш.Петеи, С.Есенин, Р.Гамзатов өлеңдерін қазақ тіліне аударады. 
Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді. 
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.

Қадыр Мырзалиев: «Ғашықтық жайын қозғама..» аудармасы

О состоянии Любви не спрашивай

О состоянии Любви
Не спрашивай! Не знаю их
Хоть знаю, но тебе о них,
Юнец, не дам я советы

Есть ли учитель у Любви?
Коль есть, зови! Пусть учит нас
Влюбленным можно ль дать указ?
Мы все Любви ученики

Қазақша...

Ғашықтық жайын қозғама,
Қозғауды мақұл көрмес ем,
Ол жайлы саған боз бала,
Білгенмен ақыл бермес ем!

Сүюге ешкім оқытпас,
Оқытам десе, шақыртқыз.
Ғашықтар үшін жоқ ұстаз,
Бәріміз түгел шәкіртпіз

«Домбыра» кітабынан

«Шындық»,  « ТАБИҒАТ-ЖАРАТЫЛЫС ПЕРНЕСІ.»,  «АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІ» өлеңдері оқылады.

Қадыр –қоғам қайраткері.Қадыр Мырза Әлі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды. 
2010 жылы 22 қазанда Сырым ауданы әкімдігі және Қ.Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың қолдауымен суретші Рафхат Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты көрмесі Жымпиты ауылындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте кең көлемде өткізілді.Аталмыш шара Р.Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесінің ашылуымен басталды. Р.Халелов Қадыр Мырзалиевтің 60-қа жуық фотосуретін және ақын тұтынған заттарды (ақын киген костюм, көзәйнегі, қаламы мен қарындашы, үстел сағаты, қолжазбасы, жеке кәдесыйлары, медальдары, фотоаппарат, қол орамалы, жазу машинкасы) ақын атындағы мектепке сыйға тартты. Шара кезінде Қадыр сыныбының ашылу салтанаты өткізіліп, ардагер ұстаз Гүлшат Сәлімгерейқызы сөз сөйледі. Сыныптың ашылу лентасын қию құрметіне ақын Ақұштап Бақтыгереева ие болды.Қадыр Мырзалиев атындағы қоғамдық қордың директоры болып Дөнеділ Қажымов тағайындалды. «Қазақтың Қадыры» атты көрмеге көрермендер мен қонақтар куә болған соң, мектептің мәжіліс залында Қадырдың рухына бағышталған шара болады.
«Қадыр ағаның иісі шықсын деген оймен мектептен арнайы бөлме ұйымдастырып, осы фотоқордың сақталуын қаладым. Менің айтарым, жерлестері де Қадыр ағаның өлеңдерін жат оқып жүрсе ғой», – деп сөзін түйіндеген фотосуретші Рафхат Халелов Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа айтты. 
Сергіту сәті.

 

Тапқырлық таныт.( Қ.Мырза Әлінің француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу )

1. Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді? Күннің сәулесі

2. Баспана іздеп басын қатырмайтын бөбек .Кенгурудың баласы

3. Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін – бірі көрмейді? Екі көз

4. Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? Тесік

5 Қандай ағаш өсуін тоқтатады? Жаңа жылғы шырша

6. Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады.Ол не? Құлақ

«Топтастыру» әдісі.

 

                   Жомарт                                                            көрегенді

 

Қазақтың Қадыры

 

 

 

балажан                                                                    

                                                                                      адамгершілігі мол

 

 

 

                           қарапайым

кеңпейіл

 

Бүгінгі сабағымды ақын  К.Ахметованың  сөзімен түйіндесем: «Қадыр Мырза Әли - ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі,түйсігі мың қатпар, қалтарысты,астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар -ұятын , үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.

Автор Хасанова Молдир Орынбасаровна
Дата добавления 04.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 2686
Номер материала 57516
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓