Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Начальные классы / презентация по казахскому языку на тему "Қос сөздер"

презентация по казахскому языку на тему "Қос сөздер"

“№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік- эстетикалық білім мен тәрбие беру м...
 Сабақтың тақырыбы: Қос сөз. Қос сөздердің жасалуы
 Өткенді қайталау
 Қос сөз Қайталама қос сөз Қосарлама қос сөз
Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер...
1. Көре – көре көсем боласың, Сөйлей – сөйлей шешен боласың Түбірдің түгелдей...
2. Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосым...
3. Барар –бармасымды Құртқа біледі. Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қа...
4. Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті. Екінші сыңары бір...
5. Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп Үрейд...
6. Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр. Түбір сөздің алдынан күш...
 Оқулықпен жұмыс
Желтоқсанның он екісі Сынып жұмысы Қос сөз Қазақ тілі –қазақтың маңдайындағы...
3-жаттығу I топ ыдыс-аяқ II топ құрал-сайман III топ газет-журнал Осы сөздер...
 4-жаттығу.
 I топ Ертегі құрастыру II топ 4 жолды өлең құрастыру III топ Жұмбақ құрастыру
1.Көп іс тіксе саусағың, Қажайды деп ойладым. Қарт әжемнің шап-шағын Тауып б...
Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –к...
Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –к...
Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқу...
‹‹
1 из 20
››

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 “№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік- эстетикалық білім мен тәрбие беру м
Описание слайда:

“№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік- эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп- кешені”КММ Бастауыш сынып мұғалімі :Қазыбаева Айжан Мейрамбековна

№ слайда 2  Сабақтың тақырыбы: Қос сөз. Қос сөздердің жасалуы
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Қос сөз. Қос сөздердің жасалуы

№ слайда 3  Өткенді қайталау
Описание слайда:

Өткенді қайталау

№ слайда 4  Қос сөз Қайталама қос сөз Қосарлама қос сөз
Описание слайда:

Қос сөз Қайталама қос сөз Қосарлама қос сөз

№ слайда 5 Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер
Описание слайда:

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады.

№ слайда 6 1. Көре – көре көсем боласың, Сөйлей – сөйлей шешен боласың Түбірдің түгелдей
Описание слайда:

1. Көре – көре көсем боласың, Сөйлей – сөйлей шешен боласың Түбірдің түгелдей қайталануы арқылы жасалады.

№ слайда 7 2. Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосым
Описание слайда:

2. Анасы мен баласы жүзбе-жүз көрісті. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

№ слайда 8 3. Барар –бармасымды Құртқа біледі. Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қа
Описание слайда:

3. Барар –бармасымды Құртқа біледі. Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы арқылы жасалады.

№ слайда 9 4. Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті. Екінші сыңары бір
Описание слайда:

4. Апасы үйге ет-мет, шай-пай сияқты азықтарды ала келіпті. Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде жұмсалуы арқылы жасалады.

№ слайда 10 5. Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп Үрейд
Описание слайда:

5. Түнге қарай ауа райы бұзыла бастады, артынша найзағай жарқ-жұрқ етіп Үрейді ұшырды. Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап жасалуы.

№ слайда 11 6. Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр. Түбір сөздің алдынан күш
Описание слайда:

6. Алма бағында қып-қызыл алмалар үлбіреп пісіп тұр. Түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы

№ слайда 12  Оқулықпен жұмыс
Описание слайда:

Оқулықпен жұмыс

№ слайда 13 Желтоқсанның он екісі Сынып жұмысы Қос сөз Қазақ тілі –қазақтың маңдайындағы
Описание слайда:

Желтоқсанның он екісі Сынып жұмысы Қос сөз Қазақ тілі –қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы

№ слайда 14 3-жаттығу I топ ыдыс-аяқ II топ құрал-сайман III топ газет-журнал Осы сөздер
Описание слайда:

3-жаттығу I топ ыдыс-аяқ II топ құрал-сайман III топ газет-журнал Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.

№ слайда 15  4-жаттығу.
Описание слайда:

4-жаттығу.

№ слайда 16  I топ Ертегі құрастыру II топ 4 жолды өлең құрастыру III топ Жұмбақ құрастыру
Описание слайда:

I топ Ертегі құрастыру II топ 4 жолды өлең құрастыру III топ Жұмбақ құрастыру

№ слайда 17 1.Көп іс тіксе саусағың, Қажайды деп ойладым. Қарт әжемнің шап-шағын Тауып б
Описание слайда:

1.Көп іс тіксе саусағың, Қажайды деп ойладым. Қарт әжемнің шап-шағын Тауып бердім...... 2.Келді шауып қошақан, Үсті – басы ошаған. Ошағанын терейін, Кәне, көмек ...... Ұйқасын табайық

№ слайда 18 Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –к
Описание слайда:

Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –көншек 6 -қысқа Қорытынды бөлім:

№ слайда 19 Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –к
Описание слайда:

Төмендегі сөздердің сыңарын тауып жаз: 1.Қазы- 2.Ұрмай- 3.Асып- 4.Үгіт- 5 –көншек 6 -қысқа Қорытынды бөлім: қ қ а р т а с о п а й с а с ы п н а с и х а т к ө й л е к ұ з ы н

№ слайда 20 Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқу
Описание слайда:

Үндеу. Құрметті мектеп оқушылары! Біз 7 – сынып оқушылары, барлық мектеп оқушыларын салауатты, яғни нашақорсыз, ішімдіксіз, шылым шекпей өмір сүруге шақырамыз. Бұл індеттер – денсаулықтың жауы, қоғамға жат әдеттер екенін естеріңізге саламыз! Үйге тапсырма: Ереже жаттау,71-бет 5-жаттығу.

  • Начальные классы
Описание:

“№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік- эстетикалық білім мен тәрбие беру мектеп- кешені”КММ

Бастауыш сынып мұғалімі :Қазыбаева Айжан Мейрамбековна 

 

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Оқушыларға қос сөздер туралы, олардың тұлғалық

                                                       ерекшелігі мен жасалу жолын тусіндіру.

                                  Дамытушылық: Оқушылардың теориялық ойлау, сөйлеу

                                                        қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын

                                                        байыту,сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге

                                                        төселдіру.

                                   Тәрбиелік: Елін, Отанын сүйе білуге, ұқыптылыққа, таза,

                                                      сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сындарлы оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық,топтық жұмыс,диалог,сын тұрғысынан ойлау,өзіндік бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,таратпа материалдар,тірек-сызбалар, интерактивті тақта, постер,маркер,стикер,жазу дәптері,бағалау парағы,көгершін. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

    амандасу, түгелдеу,топқа бөлу,жағымды психологиялық ахуал туғызу.

  Эпиграф: «Қазақ тілі-қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы»

                                                                                 Асылы Осман

-Балалар, барлықтарыңның көңіл-күйлерің жақсы екен, ендеше осы   көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған   бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын  тапсырманың түріне қарай бөлінген графаға  бір балдан қосып отырады .

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (жаттығуды тексеру)

-         Үйге қандай тапсырма берілді?

Біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?

« Қызығушылықты ояту»   «Ыстық орындық» ойыны

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

-         Күрделі сөздер дегеніміз не?

-         Күрделі сөздің неше түрі бар?

-         Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір

-         Сөз дегеніміз не?

-         Қаратпа сөз дегеніміз не?

-         Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?

2-слайд «Мағынаны тану»

- Тақтада жазулы тұрған  өлеңді бір оқушыға оқыту

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

-         Кімнің өлеңі ?

-         Осы өлеңде қарамен жазылған сөздерді атайық

 Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек-бұлар күрделі сөздер, оның қай түрі екенін бүгінгі сабағымызда өтеміз. (дәптерлеріне тақырыпты жазғызу)

3- слайд  ІІІ. Жаңа сабақ                                                                                                   Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:  Қос сөздер (мақсатын хабарлау)

-Қос сөздер күрделі сөздердің бір түрі. Олар екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады да, бір ғана мағына береді.

4-слайд  Мысалы: жан-жануар, ата-ана, сөйлей-сөйлей, бүгін-ертең,алыс-жақын т.б.

5-слайд  Қос сөздердің екі түрі бар: қосарлама қос сөздер, қайталама қос сөздер.

Қосарлама қос сөздер екі түбірден қосарланып жасалады. (әке-шеше, аяқ-табақ, кәрі-жас)

Қайталама қос сөздер бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалады: (тау-тау, айтып-айтпай, алуан-алуан).

Сонымен қос сөздер дегеніміз екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөздер.

ІV. Жаттығу жұмыстарын орындау

1-жаттығу. Өлеңді оқу, күрделі сөзді тауып, жасалу жолын түсіндір (ауызша)

2-жаттығу. (жазбаша) қос сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндір.

Буып-түйдік-қосарлама қос сөз, екі сөз қосарланып айтылып тұр

Ыдыс-аяқ-қосарлама қос сөз

Айқыш-ұйқыш-қосарлама, мағынасы  жоқ

Бес-алты-қосарлама қос сөз

Ойдым-ойдым- қосарлама қос сөз

Саз-батпақ- қосарлама қос сөз

Ара-арасымен- қайталама қос сөз

Тұра-тұра- қайталама қос сөз

Әлсін-әлсін- қайталама қос сөз

V. Сергіту сәті

 3-жаттығу .Осы  сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрастырып жаз

1-топ ыдыс-аяқ

2-топ құрал-сайман

3-топ газет-журнал

6-слайд «Жалғасын тап» ойыны

құрт-..............                      ар-.......                     ....-сарсаң

Сәлем-............                       қант-......                  ығы-....

...........-келбет                        ....-жарақ                 жоғары-.....

V. Бекіту 

1-топ Берілген қос сөздерді қатыстырып ертегі құрастырады.

кемпір-шал,үйір-үйір,

бала-шаға,анда-санда,

қора-қора,у-шу,алыс-жақын

 

2-топ 4 жолды өлең құрастырады.

Сүп-сүйкімді,бүгін-ертең,

тап-таза,үлкен-кіші,

әке-шеше,үйрек-қаз

 

3-топ Жұмбақ құрастырады.

Қабат-қабат,тырс-тырс,

алыс-жақын,әке-шеше,

үлкен-кіші,жалт-жұлт.

 

VІ. Қорытынды

Сөз жұмбақ шешу.

Ұйқасын тап

1.     Қос сөз дегеніміз не?

2.     Қандай түрлері бар?

Әр топ екі сұрақ дайындап қояды.

VІІ. Бағалау парақтарын толтыру.Формативті,өзін-өзі бағалау,мұғалімнің бағалауы..

Кері байланыс Не білдім? Нені білгім келеді?

 VІІІ Үйге тапсырма .Ереже жаттау.5-жаттығу.

 




 

 

Скачать материал
Автор Қазыбаева Айжан Мейрамбековна
Дата добавления 26.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 5445
Номер материала 57150
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Нет результатов.