Главная / География / Презентация по географии на тему "Биосфера"

Презентация по географии на тему "Биосфера"

Название документа 6_synyp_ashy_1179_saba_1179_Biosfera__1179_aby_1171_y_slayd.ppt

1.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. 2. Ашуланып бұрқиды, А...
5. Көк жүзінде көп жолақ, Қойды екен оны кім бояп? 6. Мөлдір моншақ, Өзі жұмс...
Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? Белгілі жағдайда су буларының с...
Тақырыбы: Биосфера – тіршілік қабаты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қа...
“ Ой шақыру” сұрақтары НЕ? Қалай? Қандай? Биосфера Биосфераның Биосфера деге...
Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, ...
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға...
АТМОСФЕРА  Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу,...
Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзе...
Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: ф...
Жерде тірі ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді: өсімдіктер әл...
Биологиялық айналым 		 	Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және э...
Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. ...
Биосфераға кесірін тигізетін 9 себеп бар: Зауыттардың қалдығы; Мұнайдың теңіз...
Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған к...
Сұрақ - жауап
ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСЕТТЕРІ БАР ?
Биосфера дегеніміз не? Биосфера мен адамзаттың байланысы? Биосфералық айналым...
Биосфераны ластаушы көздері Қорықтар дегеніміз не??? Сен биосфераны қалай қор...
Жарайсың
Бағалау Үйге тапсырма § 49 БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ оқу. ”Биосфера және тіршілік”...
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
1 из 28

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 1.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. 2. Ашуланып бұрқиды, Ашущ
Описание слайда:

1.Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады. 2. Ашуланып бұрқиды, Ашущаң ақымақ, Аузы көпіріп құтырады, кез келгенді ұшырады. 3. Аумаған қар, жаумаған қар, таңертен бар, сәскеде жоқ. 4. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті.

№ слайда 4 5. Көк жүзінде көп жолақ, Қойды екен оны кім бояп? 6. Мөлдір моншақ, Өзі жұмсақ.
Описание слайда:

5. Көк жүзінде көп жолақ, Қойды екен оны кім бояп? 6. Мөлдір моншақ, Өзі жұмсақ. 7. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүріп тұрмайсың. 8. Қаһарын тіге келеді, Төріне шыға келеді.

№ слайда 5 Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? Белгілі жағдайда су буларының сұйы
Описание слайда:

Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды? Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді? Ауа райының негізгі элементтері? Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері? Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал? Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді? Атмосфера қабаттары? Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ? Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?

№ слайда 6 Тақырыбы: Биосфера – тіршілік қабаты
Описание слайда:

Тақырыбы: Биосфера – тіршілік қабаты

№ слайда 7 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығ
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы екендігін түсіндіру; Ойындар арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту; Табиғатты қорғауға, жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасауға баулу.

№ слайда 8 “ Ой шақыру” сұрақтары НЕ? Қалай? Қандай? Биосфера Биосфераның Биосфера дегенім
Описание слайда:

“ Ой шақыру” сұрақтары НЕ? Қалай? Қандай? Биосфера Биосфераның Биосфера дегеніміз не? құрамы мен қандай құрылысы бөлімдерден қалай өзгереді? тұрады?

№ слайда 9 Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қор
Описание слайда:

Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Биосфераның бөлімдері: Гидросфера Литосфера Атмосфера  

№ слайда 10 Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға ен
Описание слайда:

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 -дан – 50 -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

№ слайда 11
Описание слайда:

№ слайда 12 АТМОСФЕРА  Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «s
Описание слайда:

АТМОСФЕРА  Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (21 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (78%), 1 % басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және қабатардан жоғ. қабаттардан тұрады.

№ слайда 13 Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзенде
Описание слайда:

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады.

№ слайда 14 Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флор
Описание слайда:

Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп.

№ слайда 15 Жерде тірі ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді: өсімдіктер әлемі
Описание слайда:

Жерде тірі ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді: өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; саңырауқұлақтар әлемі; бактериялар әлемі.

№ слайда 16 Биологиялық айналым 		 	Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энер
Описание слайда:

Биологиялық айналым Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады. Тірі ағзалардың басты ерекшелігі – көбейгіштігі. Тірі ағзаның тамаша бір қасиеті- тіршілік жағдайына икемділігі. Ағзалар бір – бірімен тығыз байланысты. Белгілі бір ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жануарлар, өсімдіктер мен майда ағзалар дың бірлестігін биоценоз деп атаймыз. Биоценоз- ( гр. био- тіршілік, ценоз – ортақ)

№ слайда 17 Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бір
Описание слайда:

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 Биосфераға кесірін тигізетін 9 себеп бар: Зауыттардың қалдығы; Мұнайдың теңізге
Описание слайда:

Биосфераға кесірін тигізетін 9 себеп бар: Зауыттардың қалдығы; Мұнайдың теңізге төгілуі; Атом бомбалардың сынағы; Көлдерге кір судың қосылып кетуі; Зауыттардың түтіні; Орманды кесу; Өзендерді басқа жаққа бұрып әкету; Табиғаттың зіл-залалары; Атом электр станцияларының радиациялары.

№ слайда 20 Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезд
Описание слайда:

Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезден бастап – ақ адам мен табиғат арасындағы неғұрлым тиімді қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесі қолға алынып келеді. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды. ЮНЕСКО бағдарламасы ішінде маңыздысы – биосфералық қорықтардың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда Жер шарындағы 70-тен астам елде 300-ге жуық биосфералық қорықтар құрылған.  Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км 2- ден асам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Табиғи ескерткіштеріне - ғылыми, тарихи, мәдени – эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А.Гумбольдт енгізген. Біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Ең әйгілілері: Шарын, Әнші құм, Жұмбақтас, Таңбалы тас т.б. Қорықтар дегеніміз – жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға алу.

№ слайда 21 Сұрақ - жауап
Описание слайда:

Сұрақ - жауап

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23 ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСЕТТЕРІ БАР ?
Описание слайда:

ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСЕТТЕРІ БАР ?

№ слайда 24 Биосфера дегеніміз не? Биосфера мен адамзаттың байланысы? Биосфералық айналым де
Описание слайда:

Биосфера дегеніміз не? Биосфера мен адамзаттың байланысы? Биосфералық айналым дегеніміз не?

№ слайда 25 Биосфераны ластаушы көздері Қорықтар дегеніміз не??? Сен биосфераны қалай қорғай
Описание слайда:

Биосфераны ластаушы көздері Қорықтар дегеніміз не??? Сен биосфераны қалай қорғайсың???

№ слайда 26 Жарайсың
Описание слайда:

Жарайсың

№ слайда 27 Бағалау Үйге тапсырма § 49 БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ оқу. ”Биосфера және тіршілік” та
Описание слайда:

Бағалау Үйге тапсырма § 49 БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ оқу. ”Биосфера және тіршілік” тақырыбында реферат дайындау.

№ слайда 28 Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Описание слайда:

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Название документа 9-_ashik_sab_dinka_BIOSFERA.docx

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: БИОСФЕРА

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биосфера тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы екендігін түсіндіру; Ойындар арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту.

Сабақтың міндеттері:

а/ білімділік : оқушыларға биосфера және және жердегі тіршіліктің дамуы, биосфера туралы түсінік, оның шекарасы мен ондағы тірі ағзалардың таралуын, биосфера жағдайлары туралы ғылыми түсінік қалыптастыру

ә/ дамытушылық : әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Биосфераның құрамы мен құрылымын және даму кезеңдерін, ноосфера ұғымы мен оның дамуының басты белгілерін түсіндіру, өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

б/ тәрбиелік: биосфераны қорғау мәселелерімен таныс болу, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас, ойын технологиясы.

Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі картасы, кесте,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Оқу құралдарын тексеріп зейінің сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 


А) Жұмбақтар шешу.


1.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.


2. Ашуланып бұрқиды,

Ашущаң ақымақ,

Аузы көпіріп құтырады,

кез келгенді ұшырады.


3. Аумаған қар, жаумаған қар,

таңертен бар, сәскеде жоқ.


4. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.



5. Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен оны кім бояп?


6. Мөлдір моншақ,

Өзі жұмсақ.




7. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп тұрмайсың.

8. Қаһарын тіге келеді,

Төріне шыға келеді.


Б) Жүгіртпелі сұрақтар


  1. Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?

  2. Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды?

  3. Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді?

  4. Ауа райының негізгі элементтері?

  5. Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері?

  6. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал?

  7. Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді?

  8. Атмосфера қабаттары?

  9. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ?

  10. Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. 

А) «Ой шақыру» сұрақтары

Не? Қалай? Қандай?

Биосфера дегеніміз не? Биосфера құрамы

мен құрылысы қалай өзгереді Биосфера қандай бөлімдерден

тұрады

Б) Жаңа материалды меңгеру

IV. Жаңа материалды бекіту. 

А) « Сыйқырлы ұяшықтар» ойыны

Ұяшықтар берілген , ұяшықты таңдап сұрақтарға жауап береді.

V. Бағалау.  Сабақққа қатысқан оқушыларды білімі мен белсенділігі бойынша бағалаймын. 

VI. Үйге тапсырма беру. 

§49 Биосфера туралы ұғым оқу.

« Биосфера және тіршілік » тақырыбында реферат дайындау.



































Биосфера туралы түсінік.

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады
Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Биосфераның бөлімдері: Гидросфера, Литосфера, Атмосфера.  

Биосфера – Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды.  Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді. http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/26/25792/25792_html_2935e4de.jpghttp://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/26/25792/25792_html_m265c653f.png

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (21 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (78%), 1 % басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және тропосфера қабатардан тұрады.

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады

. Тірі организмдер мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі организмдер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп.

Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді:өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; саңырауқұлақтар әлемі, бактериялар әлемі. Организмнің өлшемдері мен формалары әр түрлі болады. Олар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді. http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/26/25792/25792_html_mc83041e.jpghttp://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/26/25792/25792_html_m4ecff56.png

Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады.

Тірі ағзалардың басты ерекшелігі – көбейгіштігі. Тірі ағзаның тамаша бір қасиеті- тіршілік жағдайына икемділігі. Ағзалар бір – бірімен тығыз байланысты.

Белгілі бір ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жануарлар, өсімдіктер мен майда ағзалар дың бірлестігін биоценоз деп атаймыз. Биоценоз- ( гр. био- тіршілік, ценоз – орта

Адамзат баласы да табиғаттың өзі жаратқан көп ғажайып көріністерінің бірі. Бірақ адам баласының үстемділігі ақыл-ойының жүйріктігі оны табиғаттың басқа тірі ағзадағыдан әлдеқайда жоғары дәрежеде көтерді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күн елткен алғашқы адамдардың өзіде керекті қажетін биосферадан алып отырған. От жағуды білмегеннің өзінде адам баласы жабайы жануарлардың еті мен өсімдіктердің жапырақтарын, сабағы мен буын-бұтақтарын шикідей жеп, өсімдіктерді қорек етіп, өсіп-өне берді. Кейінірек тамақты пісіріп жеу арқылы адам басқа жабайы жануарлардың әлдеқайда жоғары сатыға көтеріле түсті. Сана-сезім, ақыл-ой ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтеріле берді.

Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезден бастап – ақ адам мен табиғат арасындағы неғұрлым тиімді қарым – қатынасты қалыптастыру мәселесі қолға алынып келеді. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды. ЮНЕСКО бағдарламасы ішінде маңыздысы – биосфералық қорықтардың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда Жер шарындағы 70-тен астам елде 300-ге жуық биосфералық қорықтар құрылған.  Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км 2- ден асам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды. Табиғи ескерткіштеріне - ғылыми, тарихи, мәдени – эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А.Гумбольдт енгізген. Біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Ең әйгілілері: Шарын, Әнші құм, Жұмбақтас, Таңбалы тас т.б. Қорықшалар дегеніміз – азая бастаған өсімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру. Ұлттық саябақтар алғаш рет 1872 жылы АҚШ-та құрылған. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 2400-ге жуық ұлттық саябақ құрылған. 


Презентация по географии на тему "Биосфера"
  • География
Описание:

Данный урок составлен на казахском языке. Тема разработки "Биосфера".

В архиве имеется материал в текстовом и презентационном варианте. В презентации очень подробно все описано. Так же содержит вопросы по закреплению пройденного материала: 

  • 1.      Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді?
  • 2.      Белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге айналуын не деп атайды?
  • 3.      Желдің жылдамдығы мен бағытын қандай құралмен өлшейді?
  • 4.      Ауа райының негізгі элементтері?
  • 5.      Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері?
  • 6.      Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал?
  • 7.      Жауын–шашынды қандай өлшем бірлігімен есептейді?
  • 8.      Атмосфера қабаттары?
  • 9.      Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ?
  • 10 .  Пішініне қарай бұлттын қанша түрі ажыратылады?

 

Автор Райханова Динара Серикболқызы
Дата добавления 02.02.2015
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров 1835
Номер материала 55463
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓