Главная / Физика / Презентация по физике для 8 класса: «Физика сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету».

Презентация по физике для 8 класса: «Физика сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету».

А оқушы - Інжу В оқушы - Дамир С оқушы - Самат
Мектеп әкімшілігінің қолдауы Әріптестермен кеңесу Ынтымақтастық атмосферасын ...
1 из 5

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1
Описание слайда:

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 А оқушы - Інжу В оқушы - Дамир С оқушы - Самат
Описание слайда:

А оқушы - Інжу В оқушы - Дамир С оқушы - Самат

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Мектеп әкімшілігінің қолдауы Әріптестермен кеңесу Ынтымақтастық атмосферасын құр
Описание слайда:

Мектеп әкімшілігінің қолдауы Әріптестермен кеңесу Ынтымақтастық атмосферасын құру Жетістік Оқушыларды топтық жұмысқа жұмылдыру сыни тұрғыдан ойландыру оқытуды бағалаудың жаңа жолдарын меңгерттім; сабаққа тұжырым жасау(рефлексия) Жоспар Жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалану барысында сабақтар өткізу Сабақ барысында формативті және жиынтық бағаларды қолдану 7 модулді сабақ барысына енгізе отырып оқушыларға жеткізу Қалай атқарамын? Әріптестермен сұхбаттасу Деңгейлік тапсырма беру Ізденіс жұмыстарын көбейтемін

Презентация по физике для 8 класса: «Физика сабақтарында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету».
  • Физика
Описание:

Тақырыбы: «Физика сабақтарында оқушылардың қызығушылығын     арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйрету»

 

    Қазақстан педагогтарының алдында жан-жақты, алған білімдерін өмірде қолдана білетін, сын тұрғысынан ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, жеке және топта жұмыс істей білетін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндеттер мұғалімнен сабақ процессінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану және жаңа бағалау жүйесін енгізу арқылы оқытуды ұйымдастыруды талап етеді.

    Біз бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде білім беру процессіне жаңалықтар енгізуге ықпал ететін ҚР педагог қызметкерлерінің екінші деңгейлі біліктілігін көтеру курс бағдарламасының  маңызды идеяларымен таныстық. Бұл бағдарламаның негізін басты жеті модуль құрайды: «Оқытуды басқару және көшбасшылық», Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» , «Диалогтік оқыту», «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану».

Зерттелген оқушылардың іс-әрекеті туралы мәлімет:

 

1-оқушы (А)

 

2-оқушы (В)

3-оқушы (С)

Өзгерген сабаққа дейін

Басқаның көңілі өзіне аударғанын ұнатады,

Өз ойын ашық түрде айта алады,өзгенің пікіріне құлақ аспайды,

Сабаққа өте жақсы қатысады,белсенді,

Сыныптан тыс жұмыстарда белсенді.

Берілген тапсырманы уақытында орындайды.

Байсалды, берілген тапсырманы соңына дейін тыңдайды, өз бетінше сабақ айтпайды, сабақ үстінде бар назары мұғалімде болады, үнемі тыңдап отырады, сұраққа дұрыс жауап береді, сабаққа тыңғылықты дайындалады. Өзгені тыңдай біледі. Көзге түскенді ұнатпайды.

Тынымсыз, көп сөйлейді, тапсырманы аяғына дейін тыңдауға шыдамы жетпейтін шыдамсыз, жаңалыққа құмар, сабаққа белсене қатыспайды,  сабаққа қызығушылығы төмен болғанымен, оқушылармен тез тіл табыса алады.

1 сабақтан соң

Сабақта белсенді қатысады, көшбасшы болудан тартынбайды, топтың барлық оқушыларын

ат салысқанын қадағалайды,  топтық жұмысты ұйымдастыра алады,топтағы сыныптастарына әрдайым көмектесе отырады. Тапсырма орындауда топтың ішінде бірінші болып дайын болады.

Топта белсенді болуға тырысып, топтың ішінен көрінуге тырысты, топтың ішінде сұраққа жауап беруде өз мойнына алып ерлік көрсете білді, постерді қорғауда қайта-қайта тақтаға шығып тобын қорғай білді.

Топта белсенді болды, кейбір тапсырмаларда жауап бере алмай, қиындықтар тудырды. Топты кері тартпауға тырысып, шамасы келгенше көмектесіп отырды,сұраққа жауаптарда қиналып қалды.

2 сабақтан соң

Інжу топта жұмыс жасағанда ең үздік болып, топтары алға шығып, топтың ауыртпалығын өз мойнына алып шықты бір қиын болған ол бір баланың  кесірі топқа жаман болып келетінінен қиналды. Бір-бірін бағалауда топтың мүшелерін адал бағалап шықты. Өзінің топта жұмыс істегенде барлық оқушыларға көмектескенін айтты.

Екінші сабақта Дамир өзін топтың көшбасшысы ретінде ұстап тапсырмаларды орындағанда, басты рөльді өзі ұстап отырды, жауап берерде де топтың атынан өзі сөйлеп отырды.   Сұраққа жауап беруде тобымен ақылдасып, біріге отырып жұмыс істеді.өзге топтың қатесін жөндеп отырды.

Сабақтар өте келе Саматтың қызығушылық қасиеттері оянып, талпынысы пайда бола бастады. Сұраққа жауап бергенде көп кедергілер болды. Кей кездері тапсырмаға  толық  жауап бере алмады. Жеке тапсырма бергенімде орындай алмай қасындағы оқушыдан көмек сұрастыра отырып орташа деңгейге орындад.Топта оған басқа оқушылар көмектесе білді.

3 сабақтан соң

Інжу топта жұмыс жасағанда ең үздік болып, топтары алға шығып, топтың ауыртпалығын өз мойнына алып шықты Бір-бірін бағалауда топтың мүшелерін адал бағалап шықты. Өзінің топта жұмыс істегенде барлық оқушыларға көмектескенін айтты.

Дамир көшбасшысы болмаса да, басты рөльді өзі ұстап , жауап берерде де топтың атынан өзі сөйлеп ,өзге топтың қатесін жөндеп отырды.

Сабақтар өте келе Саматтың қасиеттері оянып, талпынысы пайда бола бастады. Жеке тапсырма бергенімде орындай алмай қасындағы оқушыдан көмек сұрастыра отырып орташа деңгейге орындады

4 сабақтан соң

Сабақтың барысында А оқушы өзінің  білікті қасиеттерін көрсете білді. Термин сөздерге байланысты тапсырма орындауда тақырыпта берілген тапсырмаларды  орындауда жақсы нәтиже көрсетті. Әр тапсырмалар балмен бағаланып отырды. Сұрақты ұсра стратегияға байланысты мәтінмен жұмыс орындауда ең жоғарғы балмен марапатталды. Мәтінді бес минут қайталап алып, тапсырма орындады.

В оқушы топтағы жұмысы өте жақсы деп бағалауға болады. Оқушы топқа сіңісіп, тапсырма орындауда әр оқушымен пікірлесіп, ақылдасып бірақ орындады «дұрыс немесе бұрыс» стратегиясына тапсырма орындағанда жоғарғы бал жинап қуана білді.

 С оқушы топта орташа байқалып отырды, тек жеке жұмыстарда өзінің тапсырмасын орындауда көмек қажет етті. Жаңа термин сөздерді тақырыпта пайдалана білді.Орындаған жұмыстарын постерде қорғауды жақсы көрсетті.

 

Зерттеуді талдау

      «+»  жетістіктер

       «-» кемшіліктер

Қолданылған материалдар «Кластер» «Конверт сұрақ», өзара бағалау,топқа бөлу, тапсырмаларын дайындау қызығырақ болды, кластер жасауда оқушылар өз ойларын жинақтап, біріге тапсырманы орындады.оқушылар бір-біріне көмегін аямай ықпал етті.

Сабақты бастамас бұрын топта жұмыс істеудің ережесімен танысты бірақ барлық оқушы ережеге бағынбады. Жұмыстарын тақтада қорғауы алдын-ала дайындалмаған, сұраққа жауаптары бір-біріне ұқсас келген 

Сабақты бастағанда топтастыру әдісі оқушыларға қызығырақ болды. Қолданған стратегиялар оқушыларға өте ұнады. Тапсырмалар орындау, топта жұмыс жасау оқушыларға оңайырақ болғандай, жеке жұмысқа қарағанда. Топтың бір-біріне жанашырлығын, көмектескіштігін байқадым.

Жаңа тақырыптық материалды меңгере отырып мәтінді қолдана отырып тапсырманы бастау қиынырақ болды. Кейбір сұрақтарға жауап беруде қиындықтар тудырады. Кейде топта балалардың даусы ,бір-бірін басып кетеді.

Сабақтың барлық деңгейі жақсы өтті десем, қателеспеспін, тапсырмаларды уақытында орындап, уақытты үнемдей білді, әр стратегияны жақсы меңгеріп, осыған сүйене отырып тапсырмалар орындай білді. Оқушыларға осы тақырып өте қызықты  болды.

Әлі де болса көп ізденуді талап етеді.

 

Бірінші сабақ орташа деңгейде өтті, АВС оқушылардың мақсаты көзделген, оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындап шықты, топта жұмыс істеу оқушыларды жандандыра бастады, бір-біріне деген көмек, Блум таксономиясының қолдану, синтез бен бағалау кезеңдерінде берілген тапсырмаларды орындауда оқушыларға қиындықтар туды. Уақыттың тапшылығыда кедергі болды.Сабағым толық ашылмады.

Екінші сабақтың мақсатын қойып , сыныпта жұмыс істеудің ережесін ескере отырып топта жұмыс жасауды бастадық. оқушылар ойдағыдай  сабақты алып шықты. АВС оқушылар ойдағыдай тапсырмаларын орындап, сұрақтарына жауап бере алды.Блум таксономиясының қолдану, синтез бен бағалау кезеңдерінде берілген тапсырмаларды үйде орындап келулеріне мүмкіндік бердім.

Үшінші сабақтың мақсатын қойып , сыныпта жұмыс істеудің ережесін ескере отырып топта жұмыс жасауды бастадық. оқушылар ойдағыдай  сабақты алып шықты. АВС оқушылар ойдағыдай тапсырмаларын орындап, сұрақтарына жауап бере алды.

Төртінші сабақ жоғарғы деңгейде өтті деп санаймын, Сабаққа қойған мақсатыма жете алдым. Мақсатыма жету үшін барлық қолдан келер тапсырманы қолдана білдім. Оқушылардың дайындығы да өте жақсы, алдын-ала мәтінді оқып меңгергені байқалды. Әр стратегияның өзіндік ерекшеліктерімен тапсырманы стратегияға сүйене отырып орындады.

 

Іс-әрекетті зерттеуде кездескен қиындықтар және оны жою жолдары:

Мұғалім кедергілері:

Ø Тәжірибеге дейін «Мен таспырманы орындай алмасам», «Менің тәжірибемді оқушыларым және ата-аналарым қабылдай ма?»

Ø Сабақты жоспарлағанда «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ø Топта жұмыс істеу үшін қанша материал жинақтау керек? Қандай диагностикалық материалдар қажет? Қалай талдаймын?

Кедергілерді жою жолдары:

Ø Мектеп әкімшілігінің, психологының, әріптестерінің психологиялық қолдауы.

Ø Ата-аналар мен оқушылар тарапынан түсіністік.

Ø Бағдарламаның материалдарын, қосымша әдебиеттерді және интернет ресурстарын тереңдетіп оқу.

Оқушы кедергілері:

Ø Фототүсірілімдер мен бейнетүсірілімдер өткізгендегі келеңсіздіктер.

Ø Сыныптастарының жұмыстарын бағалау немесе басқа топтарды бағалауға қатыспауы.

Ø Сыныптастардың пікірін тыңдай білмеуі.

Кедергіні жою жолдары:

Ø Топтық жұмыс ережесінің және бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

Болашаққа жоспарым:

Ø Зерттеу жұмыстарында нақты нәтижеге жету үшін диагностикалық әдістерді қолдануға мектеп психологін  қатыстыруым керек еді

Ø Сабақ жоспарлауда оқу уақытын тиімді қолдану үшін сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін мұқият таңдап алар едім.

Ø Оқушылардың Сыни тұрғыдан ойлауын  дамыту үшін қабілеттеріне қарай тапсырманы кезеңдеп күрделендірер едім.

Қoрыта келе айтарым: Алдағы уақытта осы бағдарлама модульдерін ұштастыра пайдаланатын боламын. Сабақтарда оқушылардың қызығушылығын арттыруда физиканы оқу үшін бұл бағдарламаның берері шексіз. Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын, сұрыптау, талдау жасай алатын, шығармашылықпен, өз алдына жұмыс жасау мен үшін алдымда тұрған міндет. Олай болса, тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып, өзімнің де өзгеруім шарт болары анық. Сонда ғана сыныптағы оқу үдерісін сапалық жағынан арттыруға болады.

 

 

Автор Бектасова Нургуль Тынымовна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров 1184
Номер материала 5598
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓