Главная / Иностранные языки / презентация на тему" Абаидың қара сөздері. 38 сөз"

презентация на тему" Абаидың қара сөздері. 38 сөз"

Тақырыбы: “Отыз сегізінші сөз”
Білуі керек: Абай өмірінен қысқаша мағлұмат, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелей...
Игеруі керек: Сұраққа жауап беру; Өз ойын жеткізе білу; Қара сөздің мазмұнын ...
Парасатты болып туған Шыңғыстаудың Абайы Ән мен жырын мұра қылған Сарыарқаның...
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Абайдың азан шақырып қойған аты – ... Әжесі Зере сүйікті немересін ... еркеле...
Абайдың әкесі - .... Ол халық арасында ... болған.
Абайдың әжесі - Зере Абайға ... ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан – ... к...
Абай ... ісіне араласты.
Абай он екі жасында ... Медресеге түседі. Онда ... оқиды. Медреседе оқып жүр...
Ұлы Абай күллі адамзат қоғамына ортақ ... көз жібереді.
Абай орыс әдебиеттерімен ... шығармала-рымен танысады. Абай Құнабаев Н. Долго...
Пушкиннің ...қазақ тіліне аударады, әрі өзі ... атты ән шығарады.
... өнерін ерекше бағалаған. ... жаны құмар болған. ...: “Торы жорға”, “Май ...
Абай ... өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері: ... т.б
Білетін өлеңдерім: “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”
Білімді тексеру тесті. Абайдың азан шақырып қойған аты – ... 1.Ибраһим 2.Абай...
« Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса ж...
Қара сөз-өсиет, даналық сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиял...
Білетін қара сөздерім: “Он жетінші сөз” “Отыз сегізінші сөз” “Он тоғызыншы сөз”
“Отыз сегізінші сөз”
“Отыз сегізінші сөз” “... Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан ...
Адам баласын қор қылатын нәрсе не? Надандық деген не? Өнердің дұшпаны не? Ері...
38-інші сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды? Отыз сегізінші сөз
Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор - дос - артық - дұшпан - кеде...
Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар. Адам баласын қор қылатын -...,...,... Білім, ...
“Он жетінші сөз”
Қайрат айтыпты: Ғылымды білуге, ерінбей, жалықпай орнына келтіру-менің ісім....
Қайраттың ісі неде? Ақылдың пайдасы неде? Жүректен не шығады? Ғылым қайратқа ...
Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор пайда таза жамандық мол қасие...
“Он тоғызыншы сөз” “Адам ата-анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұс...
Мәтінге тақырып қой. Мәтіннен өздеріңе ұнаған ой-тұжырымдарды жазып ал. Бұл с...
Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? Абайдың қарасөздері кімнің ойын білдіред...
Мақалмен жұмыс. Досы көпті жау алмайды. Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады. М...
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Үй жұмысы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «он...
1 из 37

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тақырыбы: “Отыз сегізінші сөз”
Описание слайда:

Тақырыбы: “Отыз сегізінші сөз”

№ слайда 2 Білуі керек: Абай өмірінен қысқаша мағлұмат, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін
Описание слайда:

Білуі керек: Абай өмірінен қысқаша мағлұмат, білімге, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін өлеңдерін жатқа айта білу. сөздің лексикалық мағынасын, мақал-мәтелдерді. Қара сөздің мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

№ слайда 3 Игеруі керек: Сұраққа жауап беру; Өз ойын жеткізе білу; Қара сөздің мазмұнын тал
Описание слайда:

Игеруі керек: Сұраққа жауап беру; Өз ойын жеткізе білу; Қара сөздің мазмұнын талдау; Қара сөздің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Парасатты болып туған Шыңғыстаудың Абайы Ән мен жырын мұра қылған Сарыарқаның Аб
Описание слайда:

Парасатты болып туған Шыңғыстаудың Абайы Ән мен жырын мұра қылған Сарыарқаның Абайы Нақылменен сана құйған Қазағымның Абайы Ақылменен дана болған Бүкіл әлем Абайы Жұмағазы Алмабаев

№ слайда 6 «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Описание слайда:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»

№ слайда 7 Абайдың азан шақырып қойған аты – ... Әжесі Зере сүйікті немересін ... еркелетке
Описание слайда:

Абайдың азан шақырып қойған аты – ... Әжесі Зере сүйікті немересін ... еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында ... атанып кетеді.

№ слайда 8 Абайдың әкесі - .... Ол халық арасында ... болған.
Описание слайда:

Абайдың әкесі - .... Ол халық арасында ... болған.

№ слайда 9 Абайдың әжесі - Зере Абайға ... ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан – ... кісі
Описание слайда:

Абайдың әжесі - Зере Абайға ... ұлы ұстаз, тәлімгер, ана. Анасы Ұлжан – ... кісі болған.

№ слайда 10 Абай ... ісіне араласты.
Описание слайда:

Абай ... ісіне араласты.

№ слайда 11 Абай он екі жасында ... Медресеге түседі. Онда ... оқиды. Медреседе оқып жүріп
Описание слайда:

Абай он екі жасында ... Медресеге түседі. Онда ... оқиды. Медреседе оқып жүріп ... дәріс алады. Абай ... тілдерін үйренеді.

№ слайда 12 Ұлы Абай күллі адамзат қоғамына ортақ ... көз жібереді.
Описание слайда:

Ұлы Абай күллі адамзат қоғамына ортақ ... көз жібереді.

№ слайда 13 Абай орыс әдебиеттерімен ... шығармала-рымен танысады. Абай Құнабаев Н. Долгопол
Описание слайда:

Абай орыс әдебиеттерімен ... шығармала-рымен танысады. Абай Құнабаев Н. Долгополов досымен бірге.

№ слайда 14 Пушкиннің ...қазақ тіліне аударады, әрі өзі ... атты ән шығарады.
Описание слайда:

Пушкиннің ...қазақ тіліне аударады, әрі өзі ... атты ән шығарады.

№ слайда 15 ... өнерін ерекше бағалаған. ... жаны құмар болған. ...: “Торы жорға”, “Май түн
Описание слайда:

... өнерін ерекше бағалаған. ... жаны құмар болған. ...: “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”. Абай әндері: ...

№ слайда 16 Абай ... өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері: ... т.б
Описание слайда:

Абай ... өлең шығарған. Балаларға арналған өлеңдері: ... т.б

№ слайда 17 Білетін өлеңдерім: “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”
Описание слайда:

Білетін өлеңдерім: “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”

№ слайда 18 Білімді тексеру тесті. Абайдың азан шақырып қойған аты – ... 1.Ибраһим 2.Абай 3.
Описание слайда:

Білімді тексеру тесті. Абайдың азан шақырып қойған аты – ... 1.Ибраһим 2.Абай 3.Құнанбай 4.Ақан 5.Аблай 1.Толқын 2.Зере 3.Ұлжан 4.Зейнеп 5.Балжан “Домбыра” 2. “Көзімнің қарасы” 3. “Жыл мезгілдері” 4. “Әсемпаз болма әрнеге” 5. “Евгений Онегин” “Татьянаның хаты” 2. “Көзімнің қарасы” 3. “Сегіз аяқ” 4. “Әсемпаз болма әрнеге” 5. “Евгений Онегин” 1.ақын 2.саудагер 3.би 4.күйші 5.ұстаз Абайдың әжесінің аты - ... Құнанбай ел арасында… болған Абай әні: ... Пушкиннің шығармасына жазған әні. Жауабы: 1,2,3,2,1

№ слайда 19 « Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазы
Описание слайда:

« Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын»

№ слайда 20 Қара сөз-өсиет, даналық сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиялық
Описание слайда:

Қара сөз-өсиет, даналық сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алады. - Абайдың неше қара сөздері бар?

№ слайда 21 Білетін қара сөздерім: “Он жетінші сөз” “Отыз сегізінші сөз” “Он тоғызыншы сөз”
Описание слайда:

Білетін қара сөздерім: “Он жетінші сөз” “Отыз сегізінші сөз” “Он тоғызыншы сөз”

№ слайда 22 “Отыз сегізінші сөз”
Описание слайда:

“Отыз сегізінші сөз”

№ слайда 23 “Отыз сегізінші сөз” “... Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қаш
Описание слайда:

“Отыз сегізінші сөз” “... Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші залымдық деп білесің. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы. Дүние еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады...”

№ слайда 24 Адам баласын қор қылатын нәрсе не? Надандық деген не? Өнердің дұшпаны не? Ерінше
Описание слайда:

Адам баласын қор қылатын нәрсе не? Надандық деген не? Өнердің дұшпаны не? Еріншектен не шығады? Адамды хайуанға айналдыратын не?

№ слайда 25 38-інші сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды? Отыз сегізінші сөз
Описание слайда:

38-інші сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды? Отыз сегізінші сөз

№ слайда 26 Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор - дос - артық - дұшпан - кедейлі
Описание слайда:

Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор - дос - артық - дұшпан - кедейлік - надан -

№ слайда 27 Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар. Адам баласын қор қылатын -...,...,... Білім, ғыл
Описание слайда:

Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар. Адам баласын қор қылатын -...,...,... Білім, ғылымның жоқтығы - .. Өнердің дұшпаны - ... Адам баласының дұшпаны - ... Мен одан көп...

№ слайда 28 “Он жетінші сөз”
Описание слайда:

“Он жетінші сөз”

№ слайда 29 Қайрат айтыпты: Ғылымды білуге, ерінбей, жалықпай орнына келтіру-менің ісім. Ақ
Описание слайда:

Қайрат айтыпты: Ғылымды білуге, ерінбей, жалықпай орнына келтіру-менің ісім. Ақыл айтыпты: не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын-мен. Менсіз пайданы іздей алмайды, ғылымды үйрене алмайды. Жүрек айтыпты. Мен-адамның денесінің патшасымын. Менсіз тіршілік жоқ. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын-мен. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын. Әділет, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады. Сонда Ғылым айтыпты: -Қайрат, сенің қаруына қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол. -Ақыл, сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны рас. Бірақ амал да, айла да шығады. Жақсының, жаманның сүйенгені-сен. -Сен үшеуіңнің басынды қоспақ-менің ісім, бірақ билеуші жүрек болса жарайды. Жүрек жақсылық айтқаныңа құмар болсын. Жаманшылық айтқаныңа ермесін. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісіде табылсаңдар, қасиетті адам сол.

№ слайда 30 Қайраттың ісі неде? Ақылдың пайдасы неде? Жүректен не шығады? Ғылым қайратқа қан
Описание слайда:

Қайраттың ісі неде? Ақылдың пайдасы неде? Жүректен не шығады? Ғылым қайратқа қандай мінездеме берді? Ғылым ақылдың қандай жаман жақтарын көрсетті? Ғылымның шешімі қандай?

№ слайда 31 Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор пайда таза жамандық мол қасиетті
Описание слайда:

Берілген сөздердің антонимін жазыңдар. еңбекқор пайда таза жамандық мол қасиетті -

№ слайда 32 “Он тоғызыншы сөз” “Адам ата-анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап
Описание слайда:

“Он тоғызыншы сөз” “Адам ата-анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады. Естілердің айтқанын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады.

№ слайда 33 Мәтінге тақырып қой. Мәтіннен өздеріңе ұнаған ой-тұжырымдарды жазып ал. Бұл сөз
Описание слайда:

Мәтінге тақырып қой. Мәтіннен өздеріңе ұнаған ой-тұжырымдарды жазып ал. Бұл сөз кімге арнап және не үшін жазған деп ойлайсыңдар?

№ слайда 34 Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? Абайдың қарасөздері кімнің ойын білдіреді?
Описание слайда:

Бұл шығарманың бас кейіпкері бар ма? Абайдың қарасөздері кімнің ойын білдіреді? Абай бұл асыл ойын кімге арнады? Бұл қарасөздің идеясы қандай? Тәрбиелік түйіні қандай?

№ слайда 35 Мақалмен жұмыс. Досы көпті жау алмайды. Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады. Мақт
Описание слайда:

Мақалмен жұмыс. Досы көпті жау алмайды. Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады. Мақтаншақтық өтірік айтқызады. Талап-талмас қанат. Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі. Өзін-өзі мақтаған өліммен тең. Еріншектің ісі-екі. Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттер

№ слайда 36 «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен
Описание слайда:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен

№ слайда 37 Үй жұмысы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «он то
Описание слайда:

Үй жұмысы: «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «он тоғызыншы» қара сөзін жаттау.

презентация на тему" Абаидың қара сөздері. 38 сөз"
  • Иностранные языки
Описание:

Cабақтың тақырыбы:   Отыз сегізінші сөз.

 

Сабақтың мақсаты: Абайдың өмір жолынан қысқаша мағлұмат беру. Қара сөздің мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын таныту.

Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Сөздік қорын молайту. Оқушыларды жаман мінез-құлықтардан, іс-әрекеттерден сақтандырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

     Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, баяндау, әңгімелеу.

     Сабақтың көрнекілігі: ақынның өмірі туралы слаидтар, мақал мәтелдер,  сызба

                                                         Сабақтың барысы:

     1.Ұйымдастыру кезеңі:

            Оқушылармен сәлемдесу.

            Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

  Мұғалім: 

2.Ой шақыру: Суретте берілген нәрселер қандай ой туғызады?(кітаптар, ашық дәптер, қылқалам, шам)

     «Асыл сөзді іздесең,

    Абайды оқы ерінбе»  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

           Парасатты болып туған

                    Шыңғыстаудың Абайы

                    Ән мен жырын мұра қылған

                    Сарыарқаның Абайы

                    Нақылменен сана құйған       

                    Қазағымның Абайы

                    Ақылменен дана болған

                    Бүкіл әлем Абайы- деп жазушы Жұмағазы Алмабаев жырлағандай Абайды біз кім деп танимыз?

3.Біз ақын туралы не білеміз бүгін ортаға салайық.

§  Абайдың азан шақырып қойған аты – Ибраһим.

     Әжесі Зере сүйікті немересін Абай, яғни сүйкімді деп еркелеткен. Осыдан   кейін ел арасында шын аты аталмай, Абай атанып кетеді.

§  Абайдың әкесі -  Құнанбай. Ол халық арасында өте беделді, абыройлы,     әділ би болған.

§  Абайдың әжесі-Зере Абайға халық қазынасынан нәр беріп, білімге итермелеген ұлы ұстаз, тәлімгер, ана.

          Анасы Ұлжан – ұстамды,  мейірімі мен ақылы мол дана кісі болған.

§  Абай қоғам өміріне, ел басқару ісіне араласты.

§  Абай он екі жасында Семей қаласындағы  медресеге түседі. Медреседе оқып жүріп 3 айдай орыс мектебінен дәріс алады. Абай араб, түрік, парсы тілдерінде үйренеді.

§  Ұлы Абай адамзат қоғамына ортақ рухани заңдылықтарға көз жібереді.

§   Абай орыс әдебиеттерімен  Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Белинский, Добролюбов шығармаларымен танысады.

§  Пушкиннің“ЕвгенийОнегин”қазақ тіліне аударады, әрі өзі “Татьянаның хаты” атты ән шығарды.

§   Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет сияқты сазгерлердің  өнерін ерекше бағалаған. Әнге, өнерге жаны құмар болған.

Абай күйлері:  “Торы жорға”, “Май түні”, “Абай желдірмесі”.

Абай әндері:  “Көзімнің қарасы”, “Айттым, сәлем, Қаламқас”, “Сегіз аяқ”.

§  Абай тоғыз жасынан бастап өлең шығарған.
Балаларға арналған өлеңдері “Адам болам десеңіз”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жыл мезгілдері”,  « Ғылым таппай мақтанба» т.б

 

  4.Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады.

-Кім Абай өлеңін жатқа айтып береді?

 

Абай- сазгер, ағартушы, бірлік пен қамқорлық иесі, лирик, кемеңгер ойшыл,  ұлы философ, ақын, ғылым, эколог.

 

    -Өлең сөздің пайғамбары Абай неге қарасөз жазды?

« Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса жазып алсын, я оқысын» деген. Халықты жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

Ендеше біз қазір Абайдың қара сөзіне кезек берейік.

5.-Қара сөз деген не?

Қара сөз-өсиет, даналық  сөздер. Ол көркем әңгіме емес, онда ғылыми-философиялық толғаныстар кең орын алады.

Абайдың қара сөздері неше тараудан тұрады?

 

1 «Отыз сегізінші сөзді» мәнерлеп оқу.

2. Сөздікпен жұмыс

3. Аудармасымен танысу.

4. Сұрақтарға жауап беру

         Құдайтағала нені жаратқан?

         Адамның ізденісінің алды не?

         Достықты не шақырады?

         Адам баласын қор қылатын нәрсе не?

         Надандық деген не?

         Өнердің дұшпаны не?

         Еріншектен не шығады?

         Адамды хайуанға айналдыратын не?

5 Мазмұнына сай тақырып қою.

6.Мәтіннен өздеріңе ерекше ұнаған ой-тұжырымдарды жазып алыңдар.

7. Бұл сөз кімге арнап және не үшін жазған деп ойлайсыңдар?

8. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар.

Алды-, дос-, артық-,

тыныштық-, дұшпан-,

 кедейлік-, жыртқыш-.

19. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.

ü  Адамның қарызды ісінің алды - ...

ü  Кімге достығың болса -...

ü  Адам баласын қор қылатын -...,...,...

ü  Білім, ғылымның жоқтығы - ..

ü  Өнердің дұшпаны - ...

ü  Адам баласының дұшпаны - ...

ü  Мен одан көп...

6        Мақалмен жұмыс.

Жақсы қасиеттер туралы:

Жаман қасиеттер туралы:

         Досы көпті жау алмайды.

          Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.

         Мақтаншақтық өтірік айтқызады.

         Талап-талмас қанат.

         Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.

         Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.

         Еріншектің ісі-екі.

 

7. Қорытынды: - Сөзде адамның қандай қасиеттері қозғалды?

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім: «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп Абай атамыз өзіне, халқына биік мақсат қойған, әр адам алдағы өміріне адам деген атына лайық өмір сүруі үшін жасынан білім алып, жаманнан қашық болып, жақсылықты өн бойына жинауға тиіс.

Біз бүгін Абайдың біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық, өмірімен таныстық. Оның жазған өлеңдері, қара сөздерінің берері мол тағылым.

 

Абайдың осы сөзінен қандай тұжырым жасадыңдар? –Жақсы қасиеттерге үйрен, жаманнан жирен.Сондықтан, балалар, «Асыл сөзді іздесең,

                             Абайды оқы ерінбе» деген эпиграфпен сабағымызды  аяқтағым келіп тұр.

8.Үй жұмысы: 1 деңгей: 4 тапсырма

                       9 тапсыр,    2 деңгей -7 тапсырма

9. бағалау:

 

 

 

 

 

 

Автор Бимагамбетова Гульмира Сабитбековна
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 917
Номер материала 23429
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓