Главная / История / Презентация на тему "Саки"

Презентация на тему "Саки"

Т С Г
Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды...
Мүлік теңсіздігі орнықты, әскери демократия пайда бола бастаған кезең. Тайпа...
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1)Кир әскерінің басып кіруі. 2)Шырақтың ер...
Тапсырма № 1 Төмендегі темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың өмір сүру айм...
САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді м...
Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазанд...
Дарийге қарсы күрескен сақ батыры Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайды Сақ ...
Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары
Тест тапсырмалары	 Оқиғаларды ретімен орналастыр 1.Македонский шапқыншылығы 2...
Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмы...
1 из 14

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Т С Г
Описание слайда:

Т С Г

№ слайда 2 Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, О
Описание слайда:

Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген.Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4 Мүлік теңсіздігі орнықты, әскери демократия пайда бола бастаған кезең. Тайпа кө
Описание слайда:

Мүлік теңсіздігі орнықты, әскери демократия пайда бола бастаған кезең. Тайпа көсемдері бас қолбасшы болды.

№ слайда 5 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1)Кир әскерінің басып кіруі. 2)Шырақтың ерліг
Описание слайда:

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1)Кир әскерінің басып кіруі. 2)Шырақтың ерлігі. 3)Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы. 1 - Б.з.б. 530ж. Парсы патшасы Кир сақ жеріне басып кіреді, бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Томирис жайында Рим тарихшысы Помпей Трог былай дейді: «Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ». Ұсынылған келіссөзден бас тартқан Томириске Кир соғыс ашады. Осы соғыста Кирдің алдауына түскен ханзада Спаргапис қаза болады. Ұлы үшін кек алуды көздеген Томирис, Кирді осы соғыста жеңеді. Кирдің басын шапқызып, қан толы торсыққа салады. 2 - Кирдің қазасынан 11 жылдан соң б.з.б. 519ж. Дарий І бастаған парсылар қайта сақ жеріне шабуыл жасайды. Бұл соғыста сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Бірақ, ол бұл соғыста жеңіліс табады. Бұл соғысқа сақтардың дайындығы жоқ еді, олар өздерінің күнделікті бейбіт шаруашылықтарымен айналысып жатқан кез болатын. Осы соғыстың таңғажайып бір оқиғасын грек тарихшысы Полиэн тамаша суреттейді. Мысалы, Шырақ есімді жауынгердің ерлігі жайлы. Ол өзін елі үшін құрбандыққа шалып, парсыларды алдап сусыз шөлге апарып қырады. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар тәуелсіздіктерін сақтап қалады. 3 - Б.з.б. 4 ғасырдың 30-шы жылдары сақ жеріне македондық Александр Македонский (қазақша аты Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері қауіп төндіреді. Грек-македон әскерлеріне қарсы 3 жыл бойы партизан соғысын Спитамен жүргізді. Күннің ыстығы мен сақтардың жиілей түскен шабуылдары гректерді әбден әлсіретеді. Мұны пайдаланған сақтар гректердің әскерін талқандайды. Осы сақтардың гректермен соғысы жайлы дерек, грек тарихшысы Аррианның жазбаларында кездеседі. Осылайша А. Македонскийдің сақтарға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.

№ слайда 6 Тапсырма № 1 Төмендегі темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың өмір сүру аймақт
Описание слайда:

Тапсырма № 1 Төмендегі темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың өмір сүру аймақтарына қарай орналастырыңдар : Сарматтар Ғұндар Үйсіндер Массагеттер Тиграхауда сақтары Хаомаварга сақтары Исседондар Аргиппейлер Аримаспылар Қаңлылар

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді меке
Описание слайда:

САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан. Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды. Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан. Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады.

№ слайда 9 Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар
Описание слайда:

Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар. Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар. С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе, К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды. Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 Дарийге қарсы күрескен сақ батыры Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайды Сақ бат
Описание слайда:

Дарийге қарсы күрескен сақ батыры Сақ әйелдерінің ержүректігін баяндайды Сақ батыры Шырақтың ерлігін суреттейтін грек тарихшысы Томирис пен Кирдің шайқасы туралы баяндаған Рим тарихшысы Сақтар туралы жазған грек географы Македонскийге қарсы күрескен сақ батыры Томирис патшайымның ұлы Александр Македонский-дің тарихшысы Сақтар туралы жазған грек тарихшысы Страбон Скунха Ктесий Спаргапис Спитамен Арриан Помпей Трог Геродот Полиэн

№ слайда 12 Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары
Описание слайда:

Сақтардың Берел, Есік қорғандарынан табылған мәдени мұралары

№ слайда 13 Тест тапсырмалары	 Оқиғаларды ретімен орналастыр 1.Македонский шапқыншылығы 2. К
Описание слайда:

Тест тапсырмалары Оқиғаларды ретімен орналастыр 1.Македонский шапқыншылығы 2. Кирдің шабулы 3. Дарий шапқыншылығы 2. Сәйкестендір : Спаргапис Шырақ Спитамен А. Тапқыр сақ батыры В. Македонскиймен соғысты С. Томиристің ұлы 3.Дұрыс жауабын табыңдар Сақтарды “азиялық скифтер” деп атады? А.Гректер В. Парсылар С.Римдіктер Геродоттың өмір сүрген уақыты “Аң стилі” таралған уақыт Бесшатыр қорымы өмір сүрген мерзімі Жауынгерлер Абыздар Малшылар мен егіншілер А. Ақ киімді В. Қызыл киімді С. Сары, көк киімді 6. Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шаньда, Жетісуда тұрды А. Тиграхауда В. Хаомаварга С. Парадарайа 7.Сақ жазуы болғанын дәлелдейді А.Күміс табақша В. Қола тегене С. Алтын ыдыс 8.Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы жорығын басқарған : А. Спаргапис В.Спитамен С.Скунха 9.Сақтар өмірінде маңызды орыналған түлік А. Ірі қара В. Ешкі С. Жылқы 10.“Алтын адам” А. Әйел адам В. Жауынгер С. Абыз “Аң стилін” ғалымдар неше кезеңге бөледі? А. 2 В.3 С.4 12. Берел, Шілікті қорымдарының орналасқан аймағы А. Шығыс Қазақстан В. Орталық Қазақстан С. Жетісу

№ слайда 14 Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыста
Описание слайда:

Археологтар Қызыл-ордадан 300 шақырым жерде Шірік – Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадель) салынған. Археологтар цитадель орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырма-лар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4 – 2 ғасырларға жатады. Шірік – Рабат қаласының орнынан табылған сақ жауынгерінің темір қару – жарағы мен сауыт – сайманы болды. Ал мұндай қарулар Еуропада тек орта ғасырларда ғана пайда болған. Алматының күн-шығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40 – тан астам оба бар. Солардың көрнектісі “Есік обасы”. Қабір қарағайдан қиып, қиюластырып салынған төртбұрышты кішкене үй сияқты. Еденіне бір – бірімен қиюластырылған 10 тақтай төселген.Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, еденге әр жеріне уақ алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйіт жатқызылған. Жерленген адамға салтанатты киім кигізілген. Мәйіт қаруымен жерленген. Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар – ақинақ ілінген. Белдік аң, жануар бейнелері салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген. Мәйіттің сол жағында алтын ұшты жебе, одан жоғарырақ сабы жалпақ алтын таспамен бунақтала оралған қамшы, шағын жібек қоржын жатыр. Қабір ішінен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000 – нан астам. Ерекше заттардың бірі 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша. Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам 17-18 жастағы жауынгер. Есік қорғанынан таблған алтын бұйымдардың молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам” аталды. Бесшатыр қорымы Шірік – Рабат қаласы Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Қорым үлкен, орташа және шагын 31 обадан тұрады. Бесшатыр обалары солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км, ал шығыстан батысқа қарай 1 км аймақты алып жатыр. Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды. Бесшатырда үш үлкен оба бар. Олар Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр обалары. Бесшатыр сағанасы бірнеше бөліктен тұрады : дәліз(дромос), қабір алдына кірер ауыз және жерлеу бөлмесі. Бесшатыр обасынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған. Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. 5-4 ғасырға жатады деп айтуға болады. “Алтын адам”

Презентация на тему "Саки"
  • История
Описание:

Түсінік хат

 

Жұмағалиева А. А.

Қаратөбе мектеп - гимназиясы

Қаратөбе ауданы

Батыс Қазақстан облысы

 

«Сақтар» атты электронды курспен жұмыс жүргізу әдісі

 

Төмендегі кестеде презентацияны қолдану үшін нұсқау мен түсінік көрсетілген

 

Диск  ашылғаннан кейін  презентация  ашылады. Стрелка басыңыз,әрі қарай сілтеме жасау арқылы ашыла береді.Әрбір бөлімдегі «кейін», «оңға» белгілері бастапқы слайдқа алып келеді.

Бастапқы слайд

«Сақтар»

Бұл беттегі әрбір компонент сабақты игеру үшін ұсынылған. Әрбір элемент басу арқылы теориялық  материалды қарауға практикалық және тексеру тапсырмаларын орындауға арналған.

«Мекендеген жері, қоғамы» бөлімі

 Бұл бөлімді басқанда мәтін бет ашылып, Сақтардың қоныстанған жерлері, қоғамдық құрылысы , топтары туралы ақпарат алуға болады.

«Тәуелсіздік жолында» бөлімі

Бұл бөлімді басқанда сақтарды жүргізген тәуелсіздік үшін күрестері туралы ақпарат алады.

«Мәдениеті» бөлімі

Сақтардың мәдени мұралары, олардың иллюстративті бейнелері, «Аң стилі» туралы мағлұмат берілген.

Әрбір слайдта оңға, солға , келесі сияқты белгілері берілген.

 

 

 

Тапсырма. Мұнда сақтардың орналасқан жерлерін кестеге белгілеу тапсырмасы берілген. Кейіннен өз жауабын тексеру үшін қосымша берілген.

 

 

Сұрақтар. Бұл жерде 12 тест сұрақтары берілген.

 

 

Глоссарий. Сақтар тақырыбына қатысты адам аттары олар туралы нақты қысқа дерек берілген

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ежелгі Қазақстан тарихы 6 - сынып 2006 жыл Т. Садықов, Ә. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев
  2. Ежелгі Қазақстан тарихы «Аруна» баспасы
  3. Интернет ресурстары Wikipedia
Автор Жумагалиева Алмажан Жасуланқызы
Дата добавления 07.01.2015
Раздел История
Подраздел
Просмотров 1760
Номер материала 40580
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓