Главная / Начальные классы / Презентация "Жақсылық - жан жадыратады"

Презентация "Жақсылық - жан жадыратады"







Сабақтың тақырыбы:

«Өнеге отбасынан»

7 сынып










Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»

Құндылық: Сыйластық Қасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

Мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратын туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.

Міндеттері:

  • отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.

  • отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

  • отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Мұғалім:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – дей келе, барлығымыз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Біз бір – бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын сезіне отырып, амандасайық. Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айтайық.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым Өзіңе арнаған.


Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?

-Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?

-Отау дегеніміз не?

-Отағасы деген кім?

-Отанасы деген кім?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

ІІ. Ой қозғау. «Ассоциация» жазу. «Өнеге отбасынан» дегенді қалай түсінесіз?»

hello_html_781855f6.gifhello_html_1bd876f3.gif

hello_html_7a24d2de.gifhello_html_59877d8a.gif

hello_html_m2e03db1c.gif

hello_html_f5eebd8.gifhello_html_m78002eda.gif


(Адамгершілік, әдепті, тату, жауапкершілік, сыйластық, еңбексүйгіштік, ынтымақтастық, қамқор, мейірімді, қолдау, бауырмал,)

Сонымен, Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Отбасында әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.

Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.

Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешнәрсе жоқ, сондықтан да бала отбасының байлығы. Әр ата- ана баласының әдепті, білімді, мейірімді, қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды.

Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»

Мұғалім: Мына сөйлемдерді аяқтаңдар:

Менің ойымша, мен....

Өзгелер мені....

Мен келекшекте....

«Ыстық орындық» жаттығуы

Оқушылар кезекпен шеңбер ортасындағы орындыққа отырады, ал қалған ойыншылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін жоғарыдағы сөздер тізбегінен сәйкес келетін сөздердің ішінен таңдап немесе өзі ойынан айтуларына болады.

Ойын. «Айналайын, толғанайын!»

Мұғалім оқушылдардың ортаға кезекпен шығып, үлкен адамдардың өздерін еркелетіп, жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айтуды ұйымдастырады. Мысалы: «Жарайсың! Ақылдым менің! Қолғанатым менің, қадамыңнан айналдым. Күлімдеген бота көзіңнен айналдым! Айналайын, құлыным!».

Бұл ойын балалардың өздеріне арналып айтылған жылы сөздерді естеріне түсіріп қана қоймай, сол сөздердің жылылығын сезіне отырып, соған лайықты болуға ықпал етуге бағытталады.

«Біз бақытты жанұямыз!»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау: 1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

Жауаптарын сурет түрінде береді.

Бейнесюжет көру «Өзін-өзі тану әлемі және ата-аналар»

Жүректен жүрекке

«Жылы жүрек» деп аталады. Оқушыларға кішкене бір – бір жүрекше таратылады. Сол жүрекшелерге өздерінің отбасына деген тілектерін жазып, тақтаға орналастырады.

Осы сабақтан алған нәтиже:

- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады

- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді

- Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан ұғымдарының мәнін меңгерді.

- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсіндірді.

Дәптермен жұмыс.

«Мен өзіме сенемін» атты эссе жазу үйге тапсырылады

hello_html_4d673d25.jpghello_html_10095037.jpghello_html_m73b8527.jpg

hello_html_m6f96ea90.jpghello_html_m9180dd7.jpghello_html_160d2bf1.jpghello_html_m1629afc4.jpg




6


Презентация "Жақсылық - жан жадыратады"
  • Начальные классы
Описание:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Сынып: 5а

Оқушылар саны: 8

Сабақ №6

Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Құндылық:Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жауапкершілік, кешірімділік,

Сабақтың мақсаты: Адамның ішкі жан дүниесі сұлулығының көңіл күйіне әсер ететін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

а) адамның ішкі жан дүниесі сұлулығының көңіл күйге әсерін түсіндіру;

ә) оқушылардың өз көңіл күйлерін, эмоцияларын және сезімдерін басқара алуларын дамыту;

б) өзіне, айналасындағы адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:слайд, үнтаспа, оқулық

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 5Т қайталау

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 24-бетіндегі 6-сабақта берілген Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқып келу берілген.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Жолаушылар тастағы жазуды қалай түсінді?

2. Үш жігіттің айтқандарынан олардың бойындағы қандай қасиеттерін білдіңдер?

3. Адам көңілін, бойын бұлақтай таза ұстау үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы қажет деп ойлайсыңдар?

4.Сендерге айналадағы адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді? Әңгімелеп беріңдер?

Сабақ барысын талқылау:

Автор Сапарова Арайлым Кайратовна
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 703
Номер материала MA-064191
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓