Главная / Другое / Презентация по казахскому языку на тему "Устеу" (4 класс)

Презентация по казахскому языку на тему "Устеу" (4 класс)

Үстеу Амалсыздан Не себепті? Тез қалай? Жоғарыдан Қайдан? Келді Қайтті? Қасақ...
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-к...
1) -ша, -ше: адам-ша, бала-ша, көзін-ше 2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей...
 Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар: Барыс септ...
Күрделі үстеу Күрделі үстеулер-екі я одан да көп түбірдің немесе сөздердің бі...
Үстеудің мағыналық түрлері 1. Мезгіл үстеуі; 2. Мекен үстеуі; 3. Сын-қимыл (б...
1. Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білд...
2. Мекен үстеуі 	Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білд...
275-жаттығу (ауызша) А) Мәтінді оқып, мезгіл үстеулерін атаңдар, сұрақ қою ар...
275-жаттығу (жазбаша) Ә) Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеу...
278-жаттығу (жұппен жұмыс) Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сө...
279-жаттығу (топпен жұмыс) Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем ...
Үй жұмысы 		280-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. С...
1 из 13

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Үстеу Амалсыздан Не себепті? Тез қалай? Жоғарыдан Қайдан? Келді Қайтті? Қасақана
Описание слайда:

Үстеу Амалсыздан Не себепті? Тез қалай? Жоғарыдан Қайдан? Келді Қайтті? Қасақана(умышленно) не мақсатпен? Кеше Қашан?

№ слайда 2 Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйі
Описание слайда:

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды. Үстеудің құрамдық түрлері.  Негізгі үстеу. Негізгі үстеудің – қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.(жылдам, тез, ерте, кеш) . Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ, -рек, -ырақ, -ірек және –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам-ырақ, тез-ірек, кеш-теу

№ слайда 3 1) -ша, -ше: адам-ша, бала-ша, көзін-ше 2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: ш
Описание слайда:

1) -ша, -ше: адам-ша, бала-ша, көзін-ше 2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикі-лей, қыс-тай, ақша-лай 3) -дайын, -дейін, -тайын, -тейін: сұңқар-дайын, бұлақ-тайын 4) -шама, -шеме(-шалық, -шелік): осыншама, осыншалық 5) -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше,-пайынша, -пейінше: айтпайынша, оқымайынша.

№ слайда 4  Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар: Барыс септікт
Описание слайда:

 Түбірмен сіңісіп, көнелену арқылы үстеу жасаған септік жалғаулар: Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазірге, күнге. Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де. Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б. Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.

№ слайда 5 Күрделі үстеу Күрделі үстеулер-екі я одан да көп түбірдің немесе сөздердің біріг
Описание слайда:

Күрделі үстеу Күрделі үстеулер-екі я одан да көп түбірдің немесе сөздердің бірігіп тіркесіп немесе қосарланып тұрақтануынан жасалады: 1) Сөздердің бірігуі: жаздыгүні, таңертең, биыл 2) Сөздердің қосарлануы: жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол 3)  Сөздердің тіркесуі: күні бүгін, күн ілгері, ала жаздай.

№ слайда 6 Үстеудің мағыналық түрлері 1. Мезгіл үстеуі; 2. Мекен үстеуі; 3. Сын-қимыл (бейн
Описание слайда:

Үстеудің мағыналық түрлері 1. Мезгіл үстеуі; 2. Мекен үстеуі; 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі; 4. Мөлшер үстеуі; 5. Күшейту (күшейткіш) үстеуі; 6. Мақсат үстеуі; 7. Себеп-салдар үстеуі.

№ слайда 7 1. Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіре
Описание слайда:

1. Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді. Сұрақтары: қашан? қашаннан? Мысалы: бүгін барады, ертең келеді, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, жазғытұрым келеді. Мезгіл үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

№ слайда 8 2. Мекен үстеуі 	Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіре
Описание слайда:

2. Мекен үстеуі Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіреді. Сұрақтары: қайда? қайдан? Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артын орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті. Мекен үстеулері құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.

№ слайда 9 275-жаттығу (ауызша) А) Мәтінді оқып, мезгіл үстеулерін атаңдар, сұрақ қою арқыл
Описание слайда:

275-жаттығу (ауызша) А) Мәтінді оқып, мезгіл үстеулерін атаңдар, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер. Ж Ұ М Ы С Үлгі: енді: қашан тынығайық? – енді тынығайық.

№ слайда 10 275-жаттығу (жазбаша) Ә) Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулер
Описание слайда:

275-жаттығу (жазбаша) Ә) Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Мезгіл үстеулерінің қалай жасалғанын айтыңдар. Үлгі: аз-аздап – қосарлану арқылы жасалған.

№ слайда 11 278-жаттығу (жұппен жұмыс) Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбе
Описание слайда:

278-жаттығу (жұппен жұмыс) Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер. Үлгі: алыста: қайда шағылысады – алыста шағылысады.

№ слайда 12 279-жаттығу (топпен жұмыс) Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем құр
Описание слайда:

279-жаттығу (топпен жұмыс) Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем құраңдар. Кейін. Алда. Бері. Жоғары. Ілгері. Төмен.

№ слайда 13 Үй жұмысы 		280-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. Сұра
Описание слайда:

Үй жұмысы 280-жаттығу. Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. Сұрақ қою арқылы тіркесіп тұрған сөзін табыңдар.

Презентация по казахскому языку на тему "Устеу" (4 класс)
  • Другое
Описание:

Қазақ тілі

Сабақтың

тақырыбы: Үстеу.Үстеудің жасалу жолдары

Үстеудің құрамдық түрлері

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Білімділік: Үстеулердің мағына жағынан заттың қимылының, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы, үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы жайында өз бетінше білім алуына жағдай жасау, дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамын оқып-үйренудегі әрекетін ұйымдастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс жасау әрекетін арттыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Сөз қадірін ұғына білуге, қазақтың бай тілін орынды пайдалана білуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын құралдар: Оқулықтар,көрнекі құралдар, жаттығу жұмыстары. Электронды оқулықтар, интерактивті тақта.

Сабақтың кезеңдері

1Кіріспе бөлім

1.1Ұйымдастыру кезеңі

1.2. Өткенді қайталау. Тақтада етістіктің түрлерін қайталау мақсатында сөйлемдер жазылады. Үй тапсырмасын тексеру.

Алдағы іс әрекетті бақылау

Жаңа білімнің берілуін қадағалау.

1.3.Жаңа білімге өту кезеңі. Үстеудің жасалу жолдары мен құрамдық түрлері туралы түсінік. Слайд жұмыстары

Автор Каппасова Сандугаш Елтаевна
Дата добавления 05.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров 1091
Номер материала 58904
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓