Главная / Химия / Презентация по химии на тему "Тұздар гидролизі" (9 класс)

Презентация по химии на тему "Тұздар гидролизі" (9 класс)

Тұздар гидролизі Орындаған: Абиров Сұлтанғазы
Тақырып: Тұздар гидролизі 	 	Сабақтың мақсаты: 	а) оқушыларға гидролиз туралы...
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, реакци...
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу 2.Оқушыл...
Жаңа сабақ Cl2 + H2O → HCl + HClO 	Бұл теңдеулерден оқушылар хлор молекуласы...
Кейбір тұздардың суда диссоциацияланғанда түзілген гидраттанған катиондары н...
Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар ...
Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі гидролиздену реакциясы болады: 	1. ...
Тұз ерітінділеріндегі индикатор бояулары: алюминий хлориді AlCl3 натрий карб...
Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі H2O 	 H+ + OH- AlCl3 	 Al3+ + 3Cl- Al...
Алюминий хлоридінің гидролиз сызбасы AlCl3 Al(OH)3 HCl әлсіз негіз күшті қышқ...
2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CH3C...
Натрий карбонатының гидролиз механизмі H2O 	H+ + OH- Na2CO3 	 2Na+ + CO32-	 2...
Натрий карбонатының гидролиз сызбасы Na2CO3 NaOH H2CO3 күшті негіз әлсіз қышқ...
Натрий хлоридінің гидролиз механизмі H2O 	H+ + OH- NaСl 	 Na+ + Cl-	 Na+ +Cl-...
Натрий хлоридінің гидролиз сызбасы NaCl NaOH HCl күшті негіз күшті қышқыл [OH...
3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да гидролизге ұшырайды. Б...
Гидролиздену дәрежесі αг 	Гидролиздену дәрежесі αг дегеніміз – бұл ерітіндіде...
Гидролиздену константасы 	Гидролиздену константасы: 	CH3COO- + H2O ⇄ CH3COOH ...
Бұл қатынастан, Кг гидролиздену константасы гидролиз реакциясына түскен элем...
Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздың гидролиздену ...
Тақтаға жазылған теңдеулерді талдау кезінде оқушыларға мынадай жетекші сұрақ...
Енді күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар гидролизін қарастырамыз...
Тапсырмалар оқушылардың біліміне қарай үш деңгейде берілді. Сары түсті карто...
Қорытындылау 	Оқушыдардың білімдерін жүйелеп, тұздар гидролизін естерінде бер...
Гидролиздің қоғамдық өмірдегі мәні Шикі бағалы өнімдерді даярлау (қағаз, сабы...
Гидролиздің күнделікті адам өміріндегі рөлі Кір жуу Ыдыс-аяқ жуу Сабынмен жуы...
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
1 из 28

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Тұздар гидролизі Орындаған: Абиров Сұлтанғазы
Описание слайда:

Тұздар гидролизі Орындаған: Абиров Сұлтанғазы

№ слайда 2 Тақырып: Тұздар гидролизі 	 	Сабақтың мақсаты: 	а) оқушыларға гидролиз туралы тү
Описание слайда:

Тақырып: Тұздар гидролизі Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға гидролиз туралы түсінік беру; ә) гидролиз реакция теңдеулерін құра білуге, тұздардың ортасын анықтауға уйрету; б) оқушылардың теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, жауапкершілікке баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

№ слайда 3 Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, реакция т
Описание слайда:

Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, реакция теңдеулері, сызба нұсқалар Сабақтың технологиясы: Білім беруді ізгілендіру, коперативті оқыту технлогогиясы, топпен жұмыс

№ слайда 4 Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу 2.Оқушылар
Описание слайда:

Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу 2.Оқушылар назарын сабаққа аудару 3.Сыныпты 3 топқа бөлу 4. Әр топқа тапсырма беру 5. Берілген тапсырма бойынша қорытынды жасау 6. Бағалау

№ слайда 5 Жаңа сабақ Cl2 + H2O → HCl + HClO 	Бұл теңдеулерден оқушылар хлор молекуласының
Описание слайда:

Жаңа сабақ Cl2 + H2O → HCl + HClO Бұл теңдеулерден оқушылар хлор молекуласының су молекуласымен алмасып, айырылуынан екі жаңа зат түзілетінін біледі.

№ слайда 6 Кейбір тұздардың суда диссоциацияланғанда түзілген гидраттанған катиондары неме
Описание слайда:

Кейбір тұздардың суда диссоциацияланғанда түзілген гидраттанған катиондары немесе аниондарының су молекуласымен сәйкесінше қышқылды немесе сілтілі орта түзе әрекеттесуі тұздардың гидролизі деп аталады.

№ слайда 7 Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар тұз
Описание слайда:

Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар тұздар ғана түседі. Ал күшті қышқылдар мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздар (NaCl, KNO3, BaCl2 және т.б.) гидролизденбейді. Себебі, олардың гидраттанған иондары су молекуласымен әрекеттеспейді және нәтижесінде әлсіз электролит түзілмейді.

№ слайда 8 Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі гидролиздену реакциясы болады: 	1. Күш
Описание слайда:

Тұздардың табиғатына байланысты үш түрлі гидролиздену реакциясы болады: 1. Күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына, яғни тұздың құрамындағы гидраттанған катион мен су молекуласы әрекеттеседі де, нәтижесінде түзілген оксоний ионына байланысты ерітінді қышқылды (рН < 7) болады. Мысалы AlCl3 тұзы суда ерігенде диссоциацияланып, иондарға толық ыдырайды: Диссоциациялану теңдеуі: AlCl3 → Al3+ + 3Cl- HOH → H+ + OH Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl- Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі: Al3+ + 3Cl- + HOH → Al(OH)2+ + H+ + 3Cl- Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі: AlCl3 + H2O → Al(OH)Cl2 + HCl Ерітіндіде Al3+ ионы су молекуласынан гидроксид-ионды OH- оңай қосып алып, өте нашар диссоциацияланатын (Al(OH)3-ке қарағанда) Al(OH)2+ ионына ауысады. Мұның нәтижесінде судың келесі молекуласы диссоциацияланады. Сонымен, ерітіндіде сутегі иондарының көбеюіне әсер етеді.

№ слайда 9 Тұз ерітінділеріндегі индикатор бояулары: алюминий хлориді AlCl3 натрий карбона
Описание слайда:

Тұз ерітінділеріндегі индикатор бояулары: алюминий хлориді AlCl3 натрий карбонаты Na2CO3 натрий хлориді NaCl

№ слайда 10 Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі H2O 	 H+ + OH- AlCl3 	 Al3+ + 3Cl- Al3+
Описание слайда:

Алюминий хлоридінің гидролиз механизмі H2O H+ + OH- AlCl3 Al3+ + 3Cl- Al3+ +3Cl- +HOH Al OH2- +H+ + 3Cl-

№ слайда 11 Алюминий хлоридінің гидролиз сызбасы AlCl3 Al(OH)3 HCl әлсіз негіз күшті қышқыл
Описание слайда:

Алюминий хлоридінің гидролиз сызбасы AlCl3 Al(OH)3 HCl әлсіз негіз күшті қышқыл [OH]- < [H]+ ҚЫШҚЫЛДЫ ОРТА

№ слайда 12 2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CH3COON
Описание слайда:

2. Әлсіз қышқыл мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздардың CH3COONa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2 және т.б. гидролизі. Бұл жағдайда гидролиз реакциясына тұздың құрамындағы әлсіз қышқылдың қалдығы болып саналатын гидраттанған анион түседі де, нәтижесінде ерітінді сілтілі (рН > 7) болады. Диссоциациялану теңдеуі: Na2CO3 ⇄ 2Na+ + CO32- H2O ⇄ H+ + OH- 2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH- Гидролиз реакциясының иондық теңдеуі: 2Na+ + CO32- + HOH ⇄ 2Na+ + HCO3- + OH- Гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуі: Na2CO3 + H2O ⇄ NaOH + NaHCO3

№ слайда 13 Натрий карбонатының гидролиз механизмі H2O 	H+ + OH- Na2CO3 	 2Na+ + CO32-	 2Na+
Описание слайда:

Натрий карбонатының гидролиз механизмі H2O H+ + OH- Na2CO3 2Na+ + CO32- 2Na+ +CO32- +HOH HCO3- +2Na+ +OH-

№ слайда 14 Натрий карбонатының гидролиз сызбасы Na2CO3 NaOH H2CO3 күшті негіз әлсіз қышқыл
Описание слайда:

Натрий карбонатының гидролиз сызбасы Na2CO3 NaOH H2CO3 күшті негіз әлсіз қышқыл [OH]- > [H]+ СІЛТІЛІ ОРТА

№ слайда 15 Натрий хлоридінің гидролиз механизмі H2O 	H+ + OH- NaСl 	 Na+ + Cl-	 Na+ +Cl- +H
Описание слайда:

Натрий хлоридінің гидролиз механизмі H2O H+ + OH- NaСl Na+ + Cl- Na+ +Cl- +HOH Cl- + Na+ + HOH Бұл тұздың түрі гидролизға ұшырамайды.

№ слайда 16 Натрий хлоридінің гидролиз сызбасы NaCl NaOH HCl күшті негіз күшті қышқыл [OH]-
Описание слайда:

Натрий хлоридінің гидролиз сызбасы NaCl NaOH HCl күшті негіз күшті қышқыл [OH]- = [H]+ БЕЙТАРАП ОРТА

№ слайда 17 3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да гидролизге ұшырайды. Бұл
Описание слайда:

3. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да гидролизге ұшырайды. Бұл жағдайда гидролиздену процесі соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Мысалы, алюминий сульфиді Al2S3 сумен әрекеттескенде алюминий гидроксиді Al(OH)3 мен күкіртсутек H2S түзіліп, гидролиздену реакциясы қайтымсыз болады:   Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑ Олай болса, тұздардың гидролизге ұшырауы, олардың иондарының құрамы мен мен қаисетіне байланысты.

№ слайда 18 Гидролиздену дәрежесі αг 	Гидролиздену дәрежесі αг дегеніміз – бұл ерітіндідегі
Описание слайда:

Гидролиздену дәрежесі αг Гидролиздену дәрежесі αг дегеніміз – бұл ерітіндідегі гидролизденген молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасына тең шама. αг – гидролизденген молекулалардың жалпы саны. Бұл санның мөлшері көбінесе оң болады. Мысалы, соданың Na2CO3 0,1 моль ерітіндісінде 25оС кезінде оның гидролиздену дәрежесі αг = 2,9% болады. Гидролиздену дәрежесі температураны өсіріп, ерітіндінің концентрациясын кеміткен сайын арта түседі.

№ слайда 19 Гидролиздену константасы 	Гидролиздену константасы: 	CH3COO- + H2O ⇄ CH3COOH + O
Описание слайда:

Гидролиздену константасы Гидролиздену константасы: CH3COO- + H2O ⇄ CH3COOH + OH-; [CH3COOH] [OH-] Кд = [CH3COO-][H2O] Мұндағы судың концентрациясы тұрақты, олай болса Кд · [H2O] көбейтіндісі де тұрақты болады. Осы тұрақты шама гидролиздену константасы деп аталады. Бұл жағдайда жоғарыдағы қатынасты төмендегідей күйде жазуға болады:   [CH3COOH] [OH-] Кг = [CH3COO-]

№ слайда 20 Бұл қатынастан, Кг гидролиздену константасы гидролиз реакциясына түскен элемент
Описание слайда:

Бұл қатынастан, Кг гидролиздену константасы гидролиз реакциясына түскен элементтердің молярлық концентрациялары көбейтіндісінің гидролизденген ионның молярлық концентрациясына қатынасына тең шама екенін анықтаймыз. Осы қатынастың алымын да, бөлімін де [H+] шамаға көбейтсек, онда [H+]·[OH-] = Kw, ал [CH3COOH] / [CH3COO-]· [H+] = 1/ Кд қатынастарына тең болатындықтан, бастапқы қатынас төмендегідей күйге ауысады:   Kw Кг = Кд қыш. Егер тұз күшті қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген болса, онда ол тұздың гидролиздену константасы былай жазылады:  Kw Кг = Кд негіз

№ слайда 21 Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздың гидролиздену кон
Описание слайда:

Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің әрекеттесуінен түзілген тұздың гидролиздену константасы: Kw Кг = Кд негіз · Кд қыш. Осы қатынастарға көңіл бөле отырып, тұздың құрамындағы қышқыл немесе негіз неғұрлым әлсіз болса, яғни Кд мәндері неғұрлым аз болса, соғұрлым бұл тұздардың Кг гидролиздену константаларының мәндері жоғары болады, яғни гидролиздену реакциясы терең жүреді.

№ слайда 22 Тақтаға жазылған теңдеулерді талдау кезінде оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар
Описание слайда:

Тақтаға жазылған теңдеулерді талдау кезінде оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар берілді: Гидролиз кезінде судың диссоциациялану тепе-теңдігі қалай өзгереді? Неліктен соданың судағы ерітіндісі сілтілік қасиет көрсетеді? Оқушылардың жауабы тыңдала келе толықтырылып, қорытынды жасалады. Ерітіндіде карбонат ионы (CO22-) су молекуласынан сутегі (H+) ионын қосып алып, нәтижесінде қиын диссоциацияланатын (H2CO3 -ке қарағанда) гидрокарбонат ионы (HCO3-) түзіледі де, гидроксид ионы (OH-) босап шығады. Мұның өзі судың келесі молекуласының диссоциациялануына әсер етеді, сөйтіп тепе-теңдік H+ + OH- иондарының түзілуіне қарай ауысады. Мұндай ерітінді бос OH- есебінен сілтілік орта көрсетеді. Соңынан гидролиз реакциясының молекулалық теңдеуін талдай келе реакция нәтижесінде екі жаңа зат – NaOH және NaHCO3 түзілетінін, ал натрий гидросиді NaOH оңай диссоциацияланатын күшті электролит екенін түсінеді. Әлсіз қышқылдар мен күшті негіздерден түзілген тұздар гидролизі кезінде қышқыл қалдығының иондары су молекуласынан сутегі H+ иондарын өзіне қосып алады, ал гидроксид ионы OH- ерітіндіге босап шығады. Мұндай ерітінді сілтілік орта көрсетеді деген жалпы қорытынды жасалады.

№ слайда 23 Енді күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар гидролизін қарастырамыз. М
Описание слайда:

Енді күшті қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар гидролизін қарастырамыз. Мысалы, алюминий хлориді (AlCl3) күшті қышқыл HCl мен әлсіз негіз Al(OH3) -тен түзілген. Алдымен тұз ерітіндісінің индикаторға әсерін демонстрациялық тәжірибемен көрсетеміз. Оқушыларды қатынастыра тақтаға иондық, молекулалық теңдеулерін жазамыз.   Әлсіз негіздер мен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде металл иондары су молекуласынан гидроксид-ионды (OH-) өзіне қосып алады, ал сутегі иондары (H+) ерітіндіде бос күйінде қалады да, қышқылдық ортаның реакциясын көрсетеді. Суда еритін тұзлар ғана гидролизденеді. Бұл кезде: а) металдың әрбір ионымен (әлсіз негіздер тұзы болса) немесе қышқыл қалдығы ионымен (әлсіз қышқылдар тұзы болса) судың бір молекуласы ғана әрекеттеседі; ә) гидролиз реакциясы – қайтымды реакция екені туралы қорытынды жасалады. Жаңа білім тұздар гидролизі бойынша тапсырмалар беру арқылы бекітілді.

№ слайда 24 Тапсырмалар оқушылардың біліміне қарай үш деңгейде берілді. Сары түсті карточка
Описание слайда:

Тапсырмалар оқушылардың біліміне қарай үш деңгейде берілді. Сары түсті карточка білімі орташа оқушыларға; жасыл түсті білімі жақсы оқушыларға; қызыл түсті білімі өте жоғары оқушыларға үлестірілді. І топ (сары түс). Мына тұздарды түзетін негіздер мен қышқылдардың формулаларын жазып, тұздарды алу реакцияларының теңдеулерін құрыңыздар. а) мыс сульфаты (ІІ); ә) калий сульфиді; б) литий фосфаты; в) темір хлориді (ІІ); г) аммоний сульфаты. ІІ топ (жасыл түс). Fe(NO3)3, (NH4)2SO4, Al(NO3)3, K2CO3 тұздарының гидролиз реакцияларын иондық және молекулалық түрінде жазыңыздар. Тәжірибе жүзінде реакцияның дұрыстығын анықтаңыздар. ІІІ топ (қызыл түс). Алюминий сульфатының ерітіндісіне калий карбонатының ерітіндісін қосқанда қандай заттар түзіледі? Реакцияның қандай белгілері байқалады?

№ слайда 25 Қорытындылау 	Оқушыдардың білімдерін жүйелеп, тұздар гидролизін естерінде берік
Описание слайда:

Қорытындылау Оқушыдардың білімдерін жүйелеп, тұздар гидролизін естерінде берік сақтау үшін жаттығу орындалады. Жаттығу. Алюминий нитратының ерітіндісіне натрий силикатының ерітіндісін қосқанда қандай заттар түзіледі? Реакцияның белгілері қандай? 1) Al(NO3)3 ⇄ Al3+ + 3NO3- HOH ⇄ H+ + OH- Al3+ + 3NO3- + HOH ⇄ Al(OH)2+ + H+ + 3NO3- Al3+ + HOH ⇄ Al(OH)2+ + H+ Al(NO3)3 + HOH = Al(OH)(NO3)2 + HNO3 2) Na2SiO3 ⇄ 2Na+ + SiO32- HOH ⇄ H+ + OH- 2Na+ + SiO32- + HOH ⇄ HSiO3- + 2Na+ + OH- SiO32- + HOH ⇄ HSiO3- + OH- Na2SiO3 + HOH = NaHSiO3 + NaOH 3) Ерітінділерді бір-біріне қосқанда жүретін реакция теңдеуі: 2Al(NO3)3 + 3Na2SiO3 + 6H2O = 6NaNO3 + 2Al(OH)3 + 2H2SiO3 Мұнда Al(OH)2+ ионы гидроксид ионы OH--ты өзіне қосып алып, алюминий гидроксидін Al(OH)3 түзеді, ал HSiO3- ионы сутегі ионын H+ қосып алып, кремний қышқылын түзеді. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын мұндай жаттығулар оқушылардың тиянақты білім алуына, үй тапсырмаларын толық түсініп орындауына мүмкіндік береді. Осындай әдістемелік талаптар деңгейінде жүйелі өткізілген сабақтар тиімді нәтижесін береді. Күрделі тақырыпты терең меңгертіп, гидролиздің негізгі мәнін есте сақтауға мүмкіндік жасайды.

№ слайда 26 Гидролиздің қоғамдық өмірдегі мәні Шикі бағалы өнімдерді даярлау (қағаз, сабын,
Описание слайда:

Гидролиздің қоғамдық өмірдегі мәні Шикі бағалы өнімдерді даярлау (қағаз, сабын, спирт, глюкоза, ақуыздық ашытқылар) Өндірістік ағыс және ішімдік суларды тазалау (алюминий сульфаты + алюминий гидроксиді) Маталарды бояуға даярлау

№ слайда 27 Гидролиздің күнделікті адам өміріндегі рөлі Кір жуу Ыдыс-аяқ жуу Сабынмен жуыну
Описание слайда:

Гидролиздің күнделікті адам өміріндегі рөлі Кір жуу Ыдыс-аяқ жуу Сабынмен жуыну Ас қорыту процессі

№ слайда 28 Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!

Презентация по химии на тему "Тұздар гидролизі" (9 класс)
  • Химия
Описание:

Тақырып: Тұздар гидролизі

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға гидролиз туралы түсінік беру;

ә) гидролиз реакция теңдеулерін құра білуге, тұздардың ортасын анықтауға уйрету;

б) оқушылардың теориялық алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, жауапкершілікке баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.


ØСабақтың түрі: аралас сабақ

ØСабақтың көрнекілігі: интерактивтітақта, реакция теңдеулері, сызба нұсқалар

ØСабақтың технологиясы: Білім беруді ізгілендіру, коперативті оқыту технлогогиясы,топпен жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу

2.Оқушылар назарын сабаққа аудару

3.Сыныпты 3 топқа бөлу

4. Әр топқа тапсырма беру

5. Берілген тапсырма бойынша қорытынды жасау

6. Бағалау

Жаңа сабақ

Cl2+H2O → HCl+HClO

Бұл теңдеулерден оқушылар хлор молекуласының су молекуласымен алмасып, айырылуынан екі жаңа зат түзілетінін біледі.Гидролиз процесіне құрамында әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіздің иондары бар тұздар ғана түседі. Ал күшті қышқылдар мен күшті негіздердің әрекеттесуінен түзілген тұздар (NaCl, KNO3, BaCl2 және т.б.) гидролизденбейді. Себебі, олардың гидраттанған иондары су молекуласымен әрекеттеспейді және нәтижесінде әлсіз электролит түзілмейді.


Кейбір тұздардың суда диссоциацияланғанда түзілген гидраттанған катиондары немесе аниондарының су молекуласымен сәйкесінше қышқылды немесе сілтілі орта түзе әрекеттесуі тұздардың гидролизі деп аталады.
Автор Абиров Султангазы Жолдасович
Дата добавления 29.04.2015
Раздел Химия
Подраздел Презентации
Просмотров 3270
Номер материала 58562
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓