Главная / Физика / Презентация по физике на тему "Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі"

Презентация по физике на тему "Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі"

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі Физика 8 сынып 1...
Сабақтың мақсаты БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға электр өрісі,өрістің күштік сипаттама...
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық, жеке – дара Сабақтың тү...
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест арқыл...
Электрон сөзі қандай сөзден , қай жерден, қай жылы шықты? Электр зарядының не...
б.з.д. 600 жылдары Грецияда, “янтарь” – электрон – электр сөзі шыққан. 2 тегі...
Кез келген зарядталған дененің айналасында ерекшеленетін электр өрісі деп ата...
Электр өрісі ұғымын енгізу. М.Фарадей, Дж Максвелл Электр өрісінің кернеулігі...
Электр өрісін графикте кескіндеу
Максвелл Джеймс Клерк 1831 - 1879 Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық ...
Майкл Фарадей 1791 ж. Лондонда дүниеге келген. Ол бала кезiнде тек бастауыш б...
Нейтрон № 3. 59 Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі эле...
Протон Бер: Е = q = 4*10 -6 Кл F = 0.02 H т/к Е Нейтрон Бер: Е = 200 B/ м q =...
Екінші шардың заряды оң болатын жағдай
Электроскоп сөзінен сөз құрау
§ 32 тақырып, 15 жаттығу № 2,3 Сөзжұмбақтар дайындап келу
1 из 17

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі Физика 8 сынып 12.1
Описание слайда:

Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі Физика 8 сынып 12.12. 2013ж Пән мұғалімі: Шукурова Қ.О.

№ слайда 2 Сабақтың мақсаты БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға электр өрісі,өрістің күштік сипаттамасы
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға электр өрісі,өрістің күштік сипаттамасы кернеулік ұғымын қалыптастыру. Электр өрісінің кернеулігі туралы ғылыми түсінік беру. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Әр оқушының білімділік, ұжымшылдық қабілетін ояту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту . ТӘРБИЕЛІК: Өзін-өзі басқаруға жетелеу және көпшіл, ұйымшыл болуға баулу. .

№ слайда 3 Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық, жеке – дара Сабақтың түрі:
Описание слайда:

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық, жеке – дара Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Өткен тақырыпты қайталай отырып, жаңа сабақты өз бетімен меңгеру. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест тапсырмалары, есептер, таратпа материалдары, физиктер туралы мәлімет және т.б.

№ слайда 4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест арқылы)
Описание слайда:

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест арқылы) ІІІ. Жаңа сабақ ІV. Сабақты бекіту V. Үйге тапсырма

№ слайда 5 Электрон сөзі қандай сөзден , қай жерден, қай жылы шықты? Электр зарядының неше
Описание слайда:

Электрон сөзі қандай сөзден , қай жерден, қай жылы шықты? Электр зарядының неше тегі бар? Аттас және әр аттас зарядтар дегеніміз қандай зарядтар? Олардың арасындағы күштер? Электрленуді байқауға арналған құрал? Электр зарядын өткізу қабілетіне қарай неше түрге бөлінеді? Электронның электр заряды қалай аталады? Оның сан мәні қаншаға тең? Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым және оны қай жылы ашты? Атомның құрылысы қандай? Кулон заңы математикалық өрнегі k – пропорционалдық коэффициентінің сандық мәні қаншаға тең?

№ слайда 6 б.з.д. 600 жылдары Грецияда, “янтарь” – электрон – электр сөзі шыққан. 2 тегібар
Описание слайда:

б.з.д. 600 жылдары Грецияда, “янтарь” – электрон – электр сөзі шыққан. 2 тегібар: оң (+) және теріс (-) Аттас екеуі де оң немесе теріс, бірін –бірі тебеді; әр аттас бір оң және бір теріс , бірін – бірі тартады Электроскоп Электр тогын өткізу қабілетіне қарай 2 түрге бөлінеді: өткізгіштер және өткізбейтіндер (диэлектриктер) е - элементар заряд, е = 1,6 * 10-19 Кл 1911 жылы , ағылшын физигі Эрнест Резерфорд Электрон және ядро, ядро – протон мен нейтроннан к = 1,6 *10 – 19 н*м2/ Кл2

№ слайда 7 Кез келген зарядталған дененің айналасында ерекшеленетін электр өрісі деп аталат
Описание слайда:

Кез келген зарядталған дененің айналасында ерекшеленетін электр өрісі деп аталатын кеңістік бар. Электр өрісі материяның айрықша бір түрі. Зарядталған денелердің айналасында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын өріс әлсірейді.  Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолданылады және оның өрісі еленбейді. Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.  Электр өрісінің күш сызықтары деп өрістегі оң зарядталған бөлшекке әрекет ететін күштің бағытын көрсететін сызықтарды айтады. Күш сызықтарының міндетті түрде басы мен аяғы болады немесе шексіздікке кетеді. Электр өрісінің күш сызықтары оң зарядтан теріс зарядқа бағытталған.

№ слайда 8 Электр өрісі ұғымын енгізу. М.Фарадей, Дж Максвелл Электр өрісінің кернеулігі: S
Описание слайда:

Электр өрісі ұғымын енгізу. М.Фарадей, Дж Максвелл Электр өрісінің кернеулігі: SI жүйесіндегі өлшем бірлігі – Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі: Электр өрісін графикте кескіндеу

№ слайда 9 Электр өрісін графикте кескіндеу
Описание слайда:

Электр өрісін графикте кескіндеу

№ слайда 10 Максвелл Джеймс Клерк 1831 - 1879 Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық қоғ
Описание слайда:

Максвелл Джеймс Клерк 1831 - 1879 Ағылшын физигi Эдинбург және Лондон хандық қоғамының мүшесi Дж.Максвелл 1831 ж. Эдинбургте дүниеге келген. Эдинбург және Кембридж университеттерiнде оқыған. 1856-1860 ж.ж. Абердин университетiнiң профессоры, 1860-1865 ж.ж. Лондон хандық колледжiнiң профессоры, ал 1871 ж. бастап Кембриджтегi эксперименталды физиканың бiрiншi профессоры болып қызмет етедi. Максвелдiң басқаруымен Кембриджтегi әйгiлi Кавендиш лабораториясы құрылады, ол өзiнiң өмiрiнiң соңына дейiн сонда жұмыс iстейдi. Максвелдiң жұмыстары электродинамикаға, молекулалық физикаға, жалпы статистикаға, оптикаға, механикаға, серпiмдiлiк теориясына арналған. 1859 ж. газ молекулаларының жылдамдық бойынша таралуын сипаттайтын статистикалық заңды орнатты. 1866 ж. тура және керi соқтығысуға негiзделген молекулалардың жылдамдық бойынша таралу функциясының жаңа қорытындысын шығарды, тасымалдау теориясын диффузия, жылуөткiзгiштiк және iшкi үйкелiс процестерiне қолданып жалпы түрде дамытты. 1867 ж. термодинамиканың екiншi бастамасының статистикалық табиғатын бiрiншi болып көрсетiп, 1878 ж. “статистикалық механика" терминiн енгiздi. Максвелдiң ең үлкен ғылыми жетiстiгi болып 1860-1865 ж.ж. құрылған электромагниттiк өрiс теориясы табылады. 1873 ж. жарық қысымын теориялық түрде есептедi. Сонымен қатар серпiмдiлiк теориясының теоремасын берiп, жылулық физиканың негiзгi параметрлерiнiң арасындағы қатынасты орнатты.

№ слайда 11 Майкл Фарадей 1791 ж. Лондонда дүниеге келген. Ол бала кезiнде тек бастауыш бiлi
Описание слайда:

Майкл Фарадей 1791 ж. Лондонда дүниеге келген. Ол бала кезiнде тек бастауыш бiлiм ғана алған. 12 жасынан бастап газет таратушы болып, кейiннен түптеу шеберханасында шебер болып iстеген. Фарадей бiлiмiн өз бетiмен оқу арқылы толықтырған. Кездейсоқта атақты химия ғалымы Г.Дэвидiң көзiне түседi. 1813 ж. ол Фарадейдi хандық институтына қызметке орналастырады. М.Фарадейдi электрлiк және магниттiк құбылыстар арасындағы өзара байланыс қатты қызықтырды. Осы құбылысты зерттей келе, Фарадей егер сымнан жасалған катушка арқылы ток жiберсе, оған көршi орналасқан катушкада да ток пайда болатынын байқаған. Ол екiншi катушкадағы ток бiрiншi катушкадағы магнит өрiсiнiң әсерiнен пайда болатыны жөнiнде болжам жасады. Ал егер катушкадағы ток магнит өрiсiн тудыратын болса, онда оған керiсiнше магнит өрiсi де электр өрiсiн тудырады. Бұған көз жеткiзу үшiн Фарадей магниттi катушкаға жақындатады, сол кезде катушкада электр тогы пайда болады, яғни магниттер электр тогын тудыра алады. 1833-1834 ж.ж. Фарадей тәжiрибе жүзiнде, кейiн өзiнiң атымен аталған, электролиз заңдарын ашты. 1837-1839 ж.ж. Фарадей диэлектриктердiң қасиетiн зерттедi. Соның нәтижесiнде «диэлектрик», «диэлектриктiк өтiмдiлiк» деген терминдер пайда болды, диэлектриктiк өтiмдiлiктi өлшеу тәсiлдерiн ойлап тапты, диэлектриктердiң поляризациясын ашты. 1843 ж. электр зарядының сақталу заңын тәжiрибе жүзiнде дәлелдеп бердi. 1845 ж. диамагнетизмдi, ал 1847 ж. парамагнетизмдi ашты.

№ слайда 12 Нейтрон № 3. 59 Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электр
Описание слайда:

Нейтрон № 3. 59 Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әсер ететін күшті табыңдар. Протон № 3. 58 Электр өрісіндегі 4*10 - 6 зарядқа 0, 02 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар Нейтрон № 3. 59 Кернеулігі 200 В/м біртекті электр өрісінде орналасқан, 2·10-5 Кл нүктелік зарядқа әсер ететін күш

№ слайда 13 Протон Бер: Е = q = 4*10 -6 Кл F = 0.02 H т/к Е Нейтрон Бер: Е = 200 B/ м q = 2*
Описание слайда:

Протон Бер: Е = q = 4*10 -6 Кл F = 0.02 H т/к Е Нейтрон Бер: Е = 200 B/ м q = 2*10 -5 Кл т/ к Ғ

№ слайда 14 Екінші шардың заряды оң болатын жағдай
Описание слайда:

Екінші шардың заряды оң болатын жағдай

№ слайда 15 Электроскоп сөзінен сөз құрау
Описание слайда:

Электроскоп сөзінен сөз құрау

№ слайда 16 § 32 тақырып, 15 жаттығу № 2,3 Сөзжұмбақтар дайындап келу
Описание слайда:

§ 32 тақырып, 15 жаттығу № 2,3 Сөзжұмбақтар дайындап келу

№ слайда 17
Описание слайда:

Презентация по физике на тему "Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі"
  • Физика
Описание:

Кез келген зарядталған дененің айналасында ерекшеленетін электр өрісі деп аталатын кеңістік бар. Электр өрісі материяның айрықша бір түрі.

Зарядталған денелердің айналасында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын өріс әлсірейді. Сынақ заряд деп аталатын оң бірлік заряд қолданылады және оның өрісі еленбейді.

Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады.

Автор Шукурова Каламкас Орынгалиевна
Дата добавления 16.05.2016
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров 428
Номер материала MA-066938
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓