Главная / Биология / Презентация по биологии (7 класс)

Презентация по биологии (7 класс)

Үй тапсырмасын тексеру 1.Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай бел...
Тест жауабы: 1-А 2-С 3-Д 4-С 5-В 6-Д 7-В 8-А 9-А 10-С
Жаңа сабақтың тақырыбы Сорғыш құрттар, даму циклы және иелерін алмастыру
Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы жаңа терминдерді меңгереді, сорғыш құрт...
Терминдермен жұмыс Сорғыш құрт Бауырсорғыш Гермафродит Сірқабық
Сорғыш құрт-сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының ...
Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау менің басым, Б...
Топтық жұмыс 1 - топқа: Сорғыш құрттардың құрылысы мен тіршілігі. 2 – топқа: ...
Сорғыш құрттар класы Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүр...
Бауырсорғыш құрттардың даму циклі: Жұмыртқа Кірпікшелі дернәсіл Спора жасуша ...
 «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
«Жазуды жалғастыр» 1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер................. ...
1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер-сорғыш құрттар 2. Екі сорғышы болад...
Үйге тапсырма § 42; Сорғыш құрттар тақырыбына хабарлама жазып келу
 Назарларыңызға рахмет!!!
1 из 18

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Үй тапсырмасын тексеру 1.Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгіл
Описание слайда:

Үй тапсырмасын тексеру 1.Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән? А. Екі жақты симметриялы     В. Радиальды симметриялы С. Екі қабатты жануар         Д. Целомды жануар 2.  Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан ерекшелігі неде? А. Көп жасушалы жануарлар;           В. Жасушалары жіктелген; С. Үш қабатты;            Д. Екі қабатты. 3. Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі? А. Кірпікшелі, буылтық;                   В. Сорғыштар, жұмыр, буылтық; С. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер; Д. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа; 4. Ақ сұламаның дернәсілі қалай аталады? А. Сірқабық;      В. Итшабақ;      С.Піллә;           Д.Имаго. 5. Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қантарату, тынысалу жүйесі болама?         А. Болады;        В. Болмайды;      С. Дұрыс жауап жоқ;               Д. Бәріде. 6. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс алады? А. Өкпесімен;       В. Тыныс алу жүйесімен;      С. Желбезекпен;     Д. Бүкіл денесімен. 7. Кірпікшелі құрттар класының өкілі? А. Бауырсорғыш;          В. Ақ сұлама;       С. Сиыр цепені;       Д. Сүлік. 8.  Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған  жүйе? А) Ас қорыту      В) Қан тарату     С) Тыныс алу     Д) Зәр шығару 9. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы аралық жасушалық қабат? А. Мезодерма;        В. Сірқабық;         С. Піллә,       Д. Эктодерма. 10. Паразит құрттарды зерттейтін сала? А) Палеонтология    В) Протозоология    С) Гельминтология Д) Микология

№ слайда 2 Тест жауабы: 1-А 2-С 3-Д 4-С 5-В 6-Д 7-В 8-А 9-А 10-С
Описание слайда:

Тест жауабы: 1-А 2-С 3-Д 4-С 5-В 6-Д 7-В 8-А 9-А 10-С

№ слайда 3
Описание слайда:

№ слайда 4
Описание слайда:

№ слайда 5 Жаңа сабақтың тақырыбы Сорғыш құрттар, даму циклы және иелерін алмастыру
Описание слайда:

Жаңа сабақтың тақырыбы Сорғыш құрттар, даму циклы және иелерін алмастыру

№ слайда 6 Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы жаңа терминдерді меңгереді, сорғыш құрттар
Описание слайда:

Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс арқылы жаңа терминдерді меңгереді, сорғыш құрттардығ құрылысы, ерекшеліктері, даму циклы және иелерін алмастыру туралы мәліметті түсіну, сипаттау, салыстыру арқылы бірлесіп жұмыстануға үйрету.

№ слайда 7 Терминдермен жұмыс Сорғыш құрт Бауырсорғыш Гермафродит Сірқабық
Описание слайда:

Терминдермен жұмыс Сорғыш құрт Бауырсорғыш Гермафродит Сірқабық

№ слайда 8 Сорғыш құрт-сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сор
Описание слайда:

Сорғыш құрт-сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы сорады. Бауырсорғыш –негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Гермафродит – қосжынысты. Сірқабық – қабат, қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

№ слайда 9 Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау менің басым, Бәрі
Описание слайда:

Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау менің басым, Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Бәрін осы атқарған.

№ слайда 10 Топтық жұмыс 1 - топқа: Сорғыш құрттардың құрылысы мен тіршілігі. 2 – топқа: Бау
Описание слайда:

Топтық жұмыс 1 - топқа: Сорғыш құрттардың құрылысы мен тіршілігі. 2 – топқа: Бауырсорғыш құрттардың даму айналымы.

№ слайда 11 Сорғыш құрттар класы Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді
Описание слайда:

Сорғыш құрттар класы Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі – аузында, екіншісі – бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі. Бауырсорғыш – гермафродит жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай дернәсілдер аралық иесі – кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі ұрпақ үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал су ішкенде немесе су тартылған жердегі циста жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас бауырсорғыш жетіледі. Ол қантамырлар арқылы – бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі – мал, үй хайуанаттары, т.б., кейде адам да, аралық иесі – кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Бауырсорғыш құрттардың даму циклі: Жұмыртқа Кірпікшелі дернәсіл Спора жасуша Дам
Описание слайда:

Бауырсорғыш құрттардың даму циклі: Жұмыртқа Кірпікшелі дернәсіл Спора жасуша Дамып келе жатқан дернәсілдер Құйрықты дернәсіл Циста Ересек бауырсорғыш

№ слайда 14  «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Описание слайда:

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

№ слайда 15 «Жазуды жалғастыр» 1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер................. 2.
Описание слайда:

«Жазуды жалғастыр» 1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер................. 2. Екі сорғышы болады: біреуі-........,екіншісі-.................. 3. Сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан.................................. 4. ......................-гермафродит жәндік. 5. Жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы.............созылады. 6. Бауырсорғыш көбею барысында ................ өмір сүреді.

№ слайда 16 1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер-сорғыш құрттар 2. Екі сорғышы болады:
Описание слайда:

1. Паразит жолмен өмір сүретін жәндіктер-сорғыш құрттар 2. Екі сорғышы болады: біреуі-аузында,екіншісі-бауырында 3. Сорғыштарымен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрттар деп аталады 4. Бауырсорғыш -гермафродит жәндік. 5. Жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2,5-3 созылады. 6. Бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді.

№ слайда 17 Үйге тапсырма § 42; Сорғыш құрттар тақырыбына хабарлама жазып келу
Описание слайда:

Үйге тапсырма § 42; Сорғыш құрттар тақырыбына хабарлама жазып келу

№ слайда 18  Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!

Презентация по биологии (7 класс)
  • Биология
Описание:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні

Биология

Сынып

7

20.10.2015

Тақырыбы

Сорғыш құрттар, даму циклы және иелерін алмастыру

Мақсаты

Топтық жұмыс арқылы жаңа терминдерді меңгереді, сорғыш құрттардың құрылысы, ерекшеліктері, даму циклы және иелерін алмастыру туралы мәліметті түсіну, сипаттау, салыстыру арқылы бірлесіп жұмыстануға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Сорғыш құрттардың құрылысын,ерекшелігін , даму циклы және иелерін алмастыруды меңгереді (барлығы), жаңа терминдерді қолданып сипаттай алады (кейбіреуі), кірпікшелі құрттармен салыстырады (кейбіреуі), топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді.(барлығы)

Сабақтың өту барысы

Сабақ кезеңдері, уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

  • 10ми
  • нут

1.Оқушылармен амандасады.

2.Психологиялық ахуал орнату.

Тренинг. «Тілек айту» (табиғатқа байланысты тілек айту)

Суреттерді таңдау арқылы 2 топқа бөлу(«Ақсұлама », «Кірпікшелілер»)

3.Үй тапсырмасын тексеру

Тест орындау(10 сұрақ)

Мұғаліммен амандасады

Тренингке қатынасады,

Оқушылар отбасына байланысты тілектерін айтады

Әр топ ақылдаса отырып көшбасшылар тағайындайды.

Бағалау критерийімен танысады, топ басшысы бағалайды.

Оқушылар тест орындайды бірін-бірі өзара бағалайды

(критериалды бағалау)

І. Тұсаукесер

5 минут

«Ой қозғау» Интербелсенді тақтадан «Құрт түрлері» бейнеленген слайд-шоу көрсету

  • -Суреттерде не бейнеленген?
  • -Құрт атауларын атайық.
  • -Барлық құрттарды білеміз бе?
  • -Қай құрт түрі сендерге таныс емес?

Оқушыларға түрткі болу сұрағын беру.

-Балалар, бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыздар балалар!

Бүгінгі сабағымыз сорғыш құрттар туралы болмақ.

Сабақтың тақырыбым, мақсатымен таныстыру.

  • -

Акт мүмкіндігін пайдалана отырып слайд-шоу көреді.

Оқушылар суреттерді қарап, құрт түрлерін анықтайды.

Бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады.

«Сорғыш құрттар» атты жаңа сабақтың тақырыбымен танысады

ІІ. Негізгі бөлім 20 минут

  • 1."Қара-жап-айт-жаз-тексер" әдісі – 5 мин

3.Топпен жұмыс – 10 мин

  • 4.Қорғау – 5 мин

Қорытындылау – 5 мин

Оқулықпен жұмыс:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында "Қара-жап-айт-жаз-тексер" әдісін қолдану арқылы термин сөздермен сөздермен жұмыс өткізу

  • Сергіту сәті

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сергіту сәтін орындату.

Топтық жұмыс:

Тапсырма

  • 1-топқа Сорғыш құрттардың құрылысы мен тіршілігі
  • 2-топқа Бауырсорғыш құрттардың даму айналымы

Қорытындылау: «Жазуды жалғастыр» әдісі арқылы

Оқушылар жеке жұмыстанады. Жаңа сөздерді және анықтамасын кітаптан қарап, еске сақтайды, кітапты жауып, дауыстап айтады, сөздікке жазады, кітапты ашып тексереді.

(Бағалау шапалақтау және критериалды бағалау)

Оқушылардың барлығы бірдей қимылдар жасау арқылы сергіту сәтін орындайды.

  • -Мынау менің жүрегім,
  • -Бәрі осыдан басталған.
  • -Мынау менің басым,
  • -Бәрін осы басқарған.
  • -Мынау менің оң қолым,
  • -Мынау менің сол қолым,
  • -Бәрін осы атқарған.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы ақылдаса, бірлесе отырып орындайды.

Дайын жұмыстарды әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Бағалау «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Оқушылар аталған әдіс арқылы тапсырма орындап, дайын жауап арқылы тексереді.

(Критериалды бағалау)

ІV. Сабақты бағалау

4 минут

Рефлексия

Кері байланыс-1мин

Оқушылардың формативті бағалауларын ескере отырып, сумативті бағалау.

-Бүгінгі сабақта сендер үшін не қиын болды, не оңай болды? Не ұнады,не ұнамады?

«Чемодан. Еттартқыш. Қоқыс шелек.»

Топ басшылары бағалау парақтары арқылы бағалайды

Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Автор Муканова Эльмира Зейнуллиевна
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров 465
Номер материала MA-063932
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓