Главная / Музыка / Презентация "Ақтан жырау-он жаман"

Презентация "Ақтан жырау-он жаман"

Сабақтың жоспары

«Бекітемін» ______________


Пән: Музыка

Сынып: 5

Күні:____ // ____ // _________

Сағат саны: 1

Сабақтың тақырыбы: Ақтан жырау – «Не жаман?»


Сабақтың мақсаты: Ақтан жыраудың өсиет сөздерінің мазмұнын терең талдау.

Білімділік: Өсиет сөздің мазмұнына сай мақал-мәтелмен салыстырмалы түрде талдау, ұйқасына сай 2-4 қатар өлең құрау.

Дамытушылық: музыкалық білімін, ноталық сауатын арттыру, шығармашылық және орындаушылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Өсиет сөзде кездесетін үлгі-өнегелі сөздерге аса мән беру оны насихаттау, халық өнерінің бай музыкалық мұрасы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: Әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сурет, домбыра,баян аспаптары

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,тарих


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу /музыка арқылы/

ә) Оқушылар тізімін,дайындығын тексеру

б) Үй тапсырмасын тексеру: Базар жырау мұрасы және өтілген тақырыптарды қайталау

Нұртуғанның «Қанекей тілім, сөйлеші» термесінінен үзінді орындау;

1). Ноталарды бес сызыққа орналастыру (сұрақ-жауап)


http://music-education.ru/wp-content/uploads/2012/09/not1oct.jpg

До- жыр дегеніміз не?

Ре – жыршы және жырау

Ми – қандай жырауларды білесің?

Фа – айтыс деген не? Өзің білетін қазіргі айтыскер ақындарды ата.

Соль – мына өсиет сөздер қай жыраудың шығармасынан алынғанын тап:

- Биік тауға жарасар,

Ығынан тиген панасы

Терең сайға жарасар,

Тобылғылы саласы

Ля – «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдарында дүниеге келген ән қалай аталады?

Си – Ел арасында таралған аңызға сүйенсек, Базар жырауға ақындық қасиет қалай қонады?

2). Дауысқа жаттығу жасау (гамма, арпеджио дыбыстары арқылы)

«Қанекей тілім, сөйлеші» (хор айту)

в) Сабақтың мақсатын нұсқау


2. Жаңа тақырыптың меңгеру: Ақтан жырау «Не жаман» термесі.

Әңгіме арқылы: XIX ғасырда өмір сүрген ірі жыраулардың бірі-Ақтан жырау. Ақтан Керейұлы 1850-1912 жылдар аралығында Ақтөбе өңірінде өмір сүрген ақын, шоқтығы биік берен сөз иесі екендігін, қазіргі Байғанин ауданы территориясында ғұмыр кешіп, сол өлкеде, Сағыз бойындағы Шибұлақ деген жерде дүние салған. Атасы Абдолла айтулы сыншы болған. Абыл мен Нұрым жырауды үлгі тұтқан.Күн көріс үшін бір ноғай саудагеріне жұмысқа жалданады.Ақтан жырау «Не жаман» өсиет сөзінде былай деген:

Біріншіден не жаман-

Білімсіз болған ұл жаман,

Екіншіден не жаман-

Ананың тілін алмаған

Қасарысқан қыз жаман....

Шығармалары: «Не жаман?», «Жайық деген жанды су», «Қалағандарың сөз болса», «Той бастар», «Замана жайында», «Қайыспас бұлан нар едім»,т.б.


Музыка тыңдау: «Не жаман?»

«Қалағандарың сөз болса» Ақтан жырау

1). Сөздікпен жұмыс, талдау жасау (Қасарысқан, парақор)

2). Венн диаграмма

«Қалағандарың сөз болса..»

«Не жаман?»









Шығармашылық жұмыс: «Не жаман?» термесінің ізімен өлең өрбіту және әуенге салып айту;


Сергіту сәті: «Жұмыр, Қылыш» күйінің ырғағымен қимылдар жасау;


Ән үйренейік: «Біздің Отан» И.Нүсіпбаев


Отан – таңның арайы,

Күн нұрынан тараған.

Отан – бақыт сарайы,

Ел қызығып қараған.

қ/сы:

Ән сыйлаған жыр көктен,

Отан – біздің жыр-көктем.

Отан бізді тербеткен,

Отанымда ер жеткен.


Жаңа сабақты қорыту: (сұрақ-жауап, ой қозғау)

-Балалар бүгінгі сабақта қандай жыраумен таныстық?

-Ақтан жыраудың қандай шығармалары бар?

-Адам бойындағы ең жаман қасиет не деп ойлайсың?

- сен өз бойыңда жаман қасиет бар деп ойлайсың ба?

Бағалау:

Үй тапсырмасы: Ақтан жырау – оқу, әнді жаттау;





Презентация "Ақтан жырау-он жаман"
  • Музыка
Описание:

Әңгіме арқылы: XIX ғасырда өмір сүрген ірі жыраулардың бірі-Ақтан жырау. Ақтан Керейұлы 1850-1912 жылдар аралығында Ақтөбе өңірінде өмір сүрген ақын, шоқтығы биік берен сөз иесі екендігін, қазіргі Байғанин ауданы территориясында ғұмыр кешіп, сол өлкеде, Сағыз бойындағы Шибұлақ деген жерде дүние салған. Атасы Абдолла айтулы сыншы болған. Абыл мен Нұрым жырауды үлгі тұтқан.Күн көріс үшін бір ноғай саудагеріне жұмысқа жалданады.Ақтан жырау «Не жаман» өсиет сөзінде былай деген:

Біріншіден не жаман-

Білімсіз болған ұл жаман,

Екіншіден не жаман-

Ананың тілін алмаған

Қасарысқан қыз жаман....

Шығармалары: «Не жаман?», «Жайық деген жанды су», «Қалағандарың сөз болса», «Той бастар», «Замана жайында», «Қайыспас бұлан нар едім»,т.б.

Музыка тыңдау: «Не жаман?»

«Қалағандарың сөз болса» Ақтан жырау

1). Сөздікпен жұмыс, талдау жасау (Қасарысқан, парақор)

Автор Сағынов Дидарбек Орынбасарұлы
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Музыка
Подраздел Презентации
Просмотров 1055
Номер материала MA-062490
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓