Инфоурок Информатика Рабочие программыПоурочный план на тему "Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар."

поурочный план на тему "Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар."

Скачать материал

Қысқа мерзімдік жоспары

 

20.01.2015

Информатика

6-сынып

Сабақ тақырыбы:

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Жалпы мақсат:

Мәтіндік редакторда  құжаттарды қарапайым тізім және маркерленген тізім түрінде жаза алады; құжаттарды бағандарға бөле алады; ақпараттық сауаттылықтары артады

Сілтеме:

· 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық

· 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.

· ЦБР материалдары

Оқу нәтижесі:

·         Мәтіндік редакторда  құжаттарды қарапайым тізім және маркерленген тізім түрінде жаза алады(кейбіреуі);

·         құжаттарды бағандарға бөле алады(барлығы);

·         ақпараттық сауаттылықтары артады(барлығы)

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер,тараптпа карточкалар.

Оқыту әдістері:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті зертханалық сабақ;

Дерек көздері:

· Информатикаға  арналған  жұмыс дәптері.

· Оқулық

· Сілтемелер

· Электронды оқулықтар

· ЦБР

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар.

 

                                    Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.  Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Сен қайдасың?»

·   Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·   Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·   Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·   Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Амандасады, тренингке қатысады.

· Сәлем достым (қол беріп амандасу)

· Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

· Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

· Жақсы болды (қол шапалақтайды)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (6 мин )

«Миға шабуыл»

Сұрақ-жауап:

1. Пішімдеу сызғышы не ушін керек?

2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып/өшіруге болады.?

3. Пішімдеу деген не?

4. Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?

5. Абзацтағы мәтінді түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

6. Абзацтың ішіндегі толтыру түсін қалай өзгертеді?

7. Ерекшеленген мәтінді қоршау сызықтарына қалай аламыз?

8. Жолдар арасындагы қашықтықты қалай өзгертеміз?

9. Алдындағы интервал және Соңындағы интервал өрістері не іциін керек?

10. Мәтіндегі немесе абзацтағы түсті өзгертудің барлық мүмкіндіктерін атаңдар.

Тақтаға кезекпен шығып, сұрақтарға ауызша жауап береді.

ІІІ. Жаңа тақырып 

(10 мин)

 

 

 

 

Таңбаланған тізім

    Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек ( 48-сурет ).

Егер сендерге ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады.

                                    138.jpg

          Мысалы, маркер ретінде skachannye_fayly_(1).jpg  белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.

                                                 Нөмірленген тізім

          Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең кең тараған үлгісі - нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1, 2, 3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Еnter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

          Кейде нөмір ретінде а, b, с әріптерін немесе I, II, III рим сандарын қойып шығу қажет болады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі бір параметрлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б.) баптау керек.

          Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда 140.jpg батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, одан тізімнің қажетті түрін таңдайды (49-сурет ).

                                        139.jpg

                                             142.jpg

           Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жаңшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттың терезесін шақырады (50-сурет).

                                        Қолмен баптау реті

1.            Нөмірлеу өрісінен нөмірлеудің түрін таңдаймыз: рим немесе араб сандары, әріптер және т.б.

2.          Формат Нөмірдің піиіімі өрісінде өте ұқыпты түрде (нөмірлеуді жойып алмай!) саннан немесе әріптен кейін шығарылатын символды тереміз. Әдетте бұл нүкте немесе жабық жаңша. Егер ешқандай символ шығарылмайтын болса, онда бұл терезеде тек нөмірлеуді қалдырамыз.

3.     Тіізеу өрісінде тізімнің бетте орналасуын баптаймыз.

4.          Қаріп батырмасы құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сырт пішімін реттейді.

5.     Баптаулар кезінде тізімнің жалпы түрін Үлгі (Образец) терезесінде бақылауға болады. Барлық баптаулардан кейін ОК басамыз.

Түйін!

·         Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.

·         Тізімнің келесі элементін алу - Еnter пернесі.

·         Тізімді аяқтау үшін Ваckspace пернесімен артық нөмірді жою жеткілікті.

·         Өзінің маркерленген тізімін құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдайды.

·         Өзінің нөмірленген тізімін құру үшін Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын таңдайды.

·         Тізімнің әртүрі үшін маркерді (нөмірді), нөмірдің пішімін, шегіністерді баптауға болады.

 

Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын  146.jpgпайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады (52-сурет ).

Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы машықтары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып, толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек:

1. Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді (53-сурет). Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қатты қадағалаңдар! Әйтпесе мәтіннің бөлігі «жоғалғандай», яғ- ни мәтін бағанның сыртында орналасқандай болады.  

144.jpg

2.  Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

3.  Мәтіннің бағандарға дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі, одан Тез қол жеткізу тақтасы => Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн. Түзетемін деп, құжатты мүлдем бұзып алуларың мүмкін.

4.  Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын оны әрқашан жақадан бастай алатындай етіп дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіздік жағдайында бұл құжатты түзету әрекетіне қарағанда жақсы нәтижеге алып келуі мүмкін.

5.  Әдетте бағандарға бөлерде беттің альбомдық теру бағытын таңдайды, себебі ондайда парақтың ендік мөлшерлері биіктігіне қарағанда артық болады және екі бағанға бөлінгенде де ені бойынша көбірек бөлінеді. Егер бағанның жолына бір-екі сөз ғана сиятын болса, ол өздеріңе де ұнай қоймас! Ал егер сендерге мәтінді үш немесе төрт бағанға сыйғызу керек болса ше? Сондықтан беттің альбомдық теруін пайдаланған ыңғайлы (беттің альбомдық теруі баптау жолағының Бетті белгілеу бөлімінда орналасқан).

Қарапайым құжаттан көпбағанды мәтін алу тәртібі:

•      Басқа бағандар бұйрығының сұхбаттың терезесіндегі батырмамен бағанның санын, мөлшерін және сыртқы пішінін баптайды (54-сурет );

•      Егер әр бағанның енін әртүрлі етіп таңдау керек болса, онда «Бір енді бағандар» белгісін өшіреді.

Аралық - бұл бағандар арасындағы арақашықтың. Оны әр баған үшін жеке өзгертуге болады.

Назар аударыңдар, бір бағанның енін немесе аралығын өзгерткенде, автоматты түрде басқа бағандардың мөлшерлерінің баптаулары да өзгереді. Бұлай болатын себебі, барлық мөлшерлердің қосындысы беттің енінен аспауы керек.

145.jpg

    Баптаулардың нәтижесін оң жақтағы терезеде орналасқан үлгіден көруге болады.

    «Бөлгіш» құсқанат белгісі бағандар арасында үзіксіз бөлгіш сызықтың жүргізілетінін білдіреді.       

   Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу => Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек.

Түйін!

·        Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды стильді қолданады.

·        Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын  пайдаланады.

·        Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.

·        Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

·        Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу => Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

(12 мин)

 

116-118 б.б. компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

¾    А деңгейін ғана орындағандарға – 3 деген баға;

¾    А және В деңгейлерін орындағандарға – 4 деген баға;

¾    А, В және С деңгейлерін орындағандарға – 5 деген баға қойылады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1. Тізімдердің мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінді үлгі бойынша теріңдер.

2. Мәтінді 1 санымен белгіленген бірінші тізімнен құжаттың аяғына ауыстырыңдар.

3. Құжаттьі дискіде сақтаңдар.

1.      Тілдегі барлық сөздер оның сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.

2.      Сөздердің басым бөлігінің лексикалық мағынасы бар, яғни сөзді айтқан кездегі бастапқы мағына.

3.      Сөздердің лексикалық мағынасын түсіндірудің бірнеше тәсілдері бар:

1)      сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіру түсіндірме сөздікте беріледі. Мысалы: жол - қатынас жасап әрі-бері жүріп-тұруға арналған үзын желілі сүрлеу. Ауыл арасындағы жол.

2)      Синонимдер арқылы түсіндіруге болады. Мысалы: жол - са- пар. Алысқа сапар шегу.

3)      Түбірлес сөздер арқылы түсіндіруге болады. Мысалы: жол - жолаушы - жолшыбай.

4)      Сурет арқылы түсіндіру. Бұл әдіс сирек қолданылатын сөздер мен кішкентай балаларға арналған кітаптарда пайдаланылады.

В деңгейі

1. Тізімдердің 3 түрін дайындаңдар: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.

2. Тізімнің көрсетілген элементтерін жеке абзацтар тцрінде енгізіңдер және оларды екі рет көшіріңдер.

3. Келесі параметрлерді орнатыңдар:

•        Маркердің символы: нүкте

•        Маркердің орналасуы: 0.6 см

•        Мәтіннің орналасуы: 1,1 см

4. Келесі параметрлерді орнатып, ішкі тізімніц безендіруін өзгертіңдер:

          • Маркердің символы: жұлдызша

          • Маркердің орналасуы: 1,0 см

          • Мәтіннің орналасуы: 1,8 см

Үлгі:

                          Таңбаланған тізім

•      Компьютерлік құралдар

•      Монитор

•      Пернетақта

•      Принтер

•      Программалық жабдықтама

•      Операциялық жүйелер

•      Қолданбалы программалар

•      Ақпараттық материалдар мен құжаттар

                      Нөмірленген тізім

1. Компьютерлік құралдар

2. Монитор

3. Пернетақта

4. Принтер

5. Программалық жабдықтама

6. Операциялық жүйелер

7. Қолданбалы программалар

8. Ақпараттық материалдар мен құжаттар

 

С деңгейі

      Үлгі бойынша мэтін құрыңдар.

    Заманауи компьютердің құрылғылары

1.  Процессор

2.  Жады

1) Жедел жады

2) Ұзақ уақыт сақтайтын жады

I. Қатты магниттік диск

II. Дискета

III. Флеш-жады

IV. Оптикалық дискілер

V.    СD

VI. DVD

3. Енгізу құрылғылары:

1)    Пернетақта

2)     Тінтуір

3)     Сканер

4)     Графикалық планшет

5)     Сандық камера

6)     Микрофон

4. Шығару құрылғылары

1)     Монитор

•       Сұйықкристалды монитор

•       Электронды-сәулелі түтікке негізделген монитор

2)     Принтер

•       Матриалық принтер

•       Бүріккіш принтер

•       Лазерлік принтер

V. Сергіту сәті.

(2 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

                     Алақанды уқалау.

                     Қолды қысу

                     Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

                     Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

                     Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

VІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(6 мин)

6-шы сыныпқа арналған электронды іске қосып, Мазмұны бөлімінен Бағандар тақырыбын таңдап кіреді, тақырыптың соңындағы тест тапсырмасын ДК-де орындайды.

Тест

1. Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады:

А) әңгіме

Ә) өлең *

Б) баяндама

В) шығарма

2. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?

А) Бетті белгілеу*

Ә) Кірістіру

Б) Басты

В) Терезе

3. Бағандарды құрудың алғашқы кезеңі:

А) мәтінді теру

Ә) бағанды құру бұйрығын таңдау

Б) бағандар арасындағы қашықтықты анықтау

В) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады*

4. Бос бетте бағандарға бөлуге болатынын қалай анықтауға болады?

А) Бағандар батырмасының қосулы тұрғанынан

Ә) пішімдеу сызғышы бойынша*

Б) беттің ені бойынша

В) қалып-күй жолы бойынша

5. Бағандарға бөлінгеннен кейінгі мәтіннің бастапқы қалпына қалай оралуға болады?

А) бір бағанды таңдау арқылы

Ә) Тез қол жеткізу тақтасындағы Бас тарту батырмасын басып*

Б) Бағандардан бас тарту арнайы бұйрығын таңдау арқылы

В) бағандарды пішімдеу сызғышында жою арқылы

6. Бағандардың анықтауға болатын ең үлкен мүмкін мәні:

А) 10

Ә) 3

Б) 12*

В) 5

VІI. Үйге тапсырмасын  беру 

(2 мин)

 §19-20 оқу, конспект. ЦБР №1924

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VIII. Бағалау  

(2 мин)

 

Әр оқушыға жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

Бір - біріне баға береді, ұнаған жерлерін айтып пікір таласады

IХ. Рефлексия  

(3 мин )

 

 

 

 

 

      Оқушылар алдарында жатқан түрлі-түсті смайликтарды акеліп, тақтаға жабыстырыды.

· Қызыл- Мен барлығын өте жақсы түсіндім, маған сабақ өте қызықты болды.

· Сары - Маған барлығын түсінікті, бірақ кейбір ақпараттар маған қызықсыз болды.

· Жасыл - Мен аздап түсінген жоқпын, бірақ мен үшін сабақ қызықты өтті

· Көк - Мен мүлдем түсінбедім, сабақ маған қызықсыз болды

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему "Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қысқа мерзімдік жоспары

 

20.01.2015

Информатика

6-сынып

Сабақ тақырыбы:

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

Жалпы мақсат:

Мәтіндік редакторда  құжаттарды қарапайым тізім және маркерленген тізім түрінде жаза алады; құжаттарды бағандарға бөле алады; ақпараттық сауаттылықтары артады

Сілтеме:

· 6-шы сыныпқа арнлған электронды оқулық

· 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.

· ЦБР материалдары

Оқу нәтижесі:

·         Мәтіндік редакторда  құжаттарды қарапайым тізім және маркерленген тізім түрінде жаза алады(кейбіреуі);

·         құжаттарды бағандарға бөле алады(барлығы);

·         ақпараттық сауаттылықтары артады(барлығы)

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер,тараптпа карточкалар.

Оқыту әдістері:

Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті зертханалық сабақ;

Дерек көздері:

· Информатикаға  арналған  жұмыс дәптері.

· Оқулық

· Сілтемелер

· Электронды оқулықтар

· ЦБР

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, интернетпен жұмыс, тест тапсырмасы, деңгейлік тапсырмалар.

 

                                    Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.  Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Қызығушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Сен қайдасың?»

·   Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·   Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·   Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·   Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Амандасады, тренингке қатысады.

· Сәлем достым (қол беріп амандасу)

· Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

· Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

· Жақсы болды (қол шапалақтайды)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (6 мин )

«Миға шабуыл»

Сұрақ-жауап:

1. Пішімдеу сызғышы не ушін керек?

2. Мәтіндік процессордың терезесіндегі пішімдеу сызғышын қалай қосып/өшіруге болады.?

3. Пішімдеу деген не?

4. Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?

5. Абзацтағы мәтінді түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?

6. Абзацтың ішіндегі толтыру түсін қалай өзгертеді?

7. Ерекшеленген мәтінді қоршау сызықтарына қалай аламыз?

8. Жолдар арасындагы қашықтықты қалай өзгертеміз?

9. Алдындағы интервал және Соңындағы интервал өрістері не іциін керек?

10. Мәтіндегі немесе абзацтағы түсті өзгертудің барлық мүмкіндіктерін атаңдар.

Тақтаға кезекпен шығып, сұрақтарға ауызша жауап береді.

ІІІ. Жаңа тақырып 

(10 мин)

 

 

 

 

Таңбаланған тізім

    Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек ( 48-сурет ).

Егер сендерге ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін Символ немесе Сурет батырмасын басуға болады.

                                   

          Мысалы, маркер ретінде   белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.

                                                 Нөмірленген тізім

          Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең кең тараған үлгісі - нөмірленген тізімдер. Бұл тізімде жолдар реттік 1, 2, 3 және т.с.с. сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Еnter пернесін басу тізімнің келесі нөмірін шақырады. Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

          Кейде нөмір ретінде а, b, с әріптерін немесе I, II, III рим сандарын қойып шығу қажет болады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі бір параметрлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б.) баптау керек.

          Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда  батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, одан тізімнің қажетті түрін таңдайды (49-сурет ).

                                       

                                             

           Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жаңшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктерің де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттың терезесін шақырады (50-сурет).

                                        Қолмен баптау реті

1.            Нөмірлеу өрісінен нөмірлеудің түрін таңдаймыз: рим немесе араб сандары, әріптер және т.б.

2.          Формат Нөмірдің піиіімі өрісінде өте ұқыпты түрде (нөмірлеуді жойып алмай!) саннан немесе әріптен кейін шығарылатын символды тереміз. Әдетте бұл нүкте немесе жабық жаңша. Егер ешқандай символ шығарылмайтын болса, онда бұл терезеде тек нөмірлеуді қалдырамыз.

3.     Тіізеу өрісінде тізімнің бетте орналасуын баптаймыз.

4.          Қаріп батырмасы құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сырт пішімін реттейді.

5.     Баптаулар кезінде тізімнің жалпы түрін Үлгі (Образец) терезесінде бақылауға болады. Барлық баптаулардан кейін ОК басамыз.

Түйін!

·         Мәтіндік процессорда тізімдердің үш түріне қол жеткізуге болады: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.

·         Тізімнің келесі элементін алу - Еnter пернесі.

·         Тізімді аяқтау үшін Ваckspace пернесімен артық нөмірді жою жеткілікті.

·         Өзінің маркерленген тізімін құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдайды.

·         Өзінің нөмірленген тізімін құру үшін Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын таңдайды.

·         Тізімнің әртүрі үшін маркерді (нөмірді), нөмірдің пішімін, шегіністерді баптауға болады.

 

Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын  пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады (52-сурет ).

Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы машықтары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып, толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек:

1. Бағандарға бөліну пішімдеу сызғышында жеке ақ жолақтармен көрінеді (53-сурет). Қай бағанда жұмыс істеп жатсаңдар, сызғыштың сол бөлігінде азат жол мен абзац шекараларының маркерлері көрсетіледі. Осы маркерлердің бағанның шетінен шығып кетпеуін қатты қадағалаңдар! Әйтпесе мәтіннің бөлігі «жоғалғандай», яғ- ни мәтін бағанның сыртында орналасқандай болады.  

2.  Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

3.  Мәтіннің бағандарға дұрыс бөлінбеуіне әкелетін кез келген әрекетті түзетуге тырысқаннан гөрі, одан Тез қол жеткізу тақтасы => Бас тарту бұйрығы көмегімен бас тартқан жөн. Түзетемін деп, құжатты мүлдем бұзып алуларың мүмкін.

4.  Мәтінді бағандарға бөлмес бұрын оны әрқашан жақадан бастай алатындай етіп дискіге сақтап қойған дұрыс. Сәтсіздік жағдайында бұл құжатты түзету әрекетіне қарағанда жақсы нәтижеге алып келуі мүмкін.

5.  Әдетте бағандарға бөлерде беттің альбомдық теру бағытын таңдайды, себебі ондайда парақтың ендік мөлшерлері биіктігіне қарағанда артық болады және екі бағанға бөлінгенде де ені бойынша көбірек бөлінеді. Егер бағанның жолына бір-екі сөз ғана сиятын болса, ол өздеріңе де ұнай қоймас! Ал егер сендерге мәтінді үш немесе төрт бағанға сыйғызу керек болса ше? Сондықтан беттің альбомдық теруін пайдаланған ыңғайлы (беттің альбомдық теруі баптау жолағының Бетті белгілеу бөлімінда орналасқан).

Қарапайым құжаттан көпбағанды мәтін алу тәртібі:

•      Басқа бағандар бұйрығының сұхбаттың терезесіндегі батырмамен бағанның санын, мөлшерін және сыртқы пішінін баптайды (54-сурет );

•      Егер әр бағанның енін әртүрлі етіп таңдау керек болса, онда «Бір енді бағандар» белгісін өшіреді.

Аралық - бұл бағандар арасындағы арақашықтың. Оны әр баған үшін жеке өзгертуге болады.

Назар аударыңдар, бір бағанның енін немесе аралығын өзгерткенде, автоматты түрде басқа бағандардың мөлшерлерінің баптаулары да өзгереді. Бұлай болатын себебі, барлық мөлшерлердің қосындысы беттің енінен аспауы керек.

    Баптаулардың нәтижесін оң жақтағы терезеде орналасқан үлгіден көруге болады.

    «Бөлгіш» құсқанат белгісі бағандар арасында үзіксіз бөлгіш сызықтың жүргізілетінін білдіреді.       

   Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу => Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек.

Түйін!

·        Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды стильді қолданады.

·        Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу => Бағандар батырмасын  пайдаланады.

·        Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтіннің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады.

·        Бағандардың мөлшерін бір-бірінен тәуелсіз Бетті белгілеу => Бағандар => Басқа бағандар бұйрығымен баптай аласыңдар.

·        Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу => Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

(12 мин)

 

116-118 б.б. компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.

¾    А деңгейін ғана орындағандарға – 3 деген баға;

¾    А және В деңгейлерін орындағандарға – 4 деген баға;

¾    А, В және С деңгейлерін орындағандарға – 5 деген баға қойылады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1. Тізімдердің мүмкіндіктерін пайдаланып, мәтінді үлгі бойынша теріңдер.

2. Мәтінді 1 санымен белгіленген бірінші тізімнен құжаттың аяғына ауыстырыңдар.

3. Құжаттьі дискіде сақтаңдар.

1.      Тілдегі барлық сөздер оның сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды.

2.      Сөздердің басым бөлігінің лексикалық мағынасы бар, яғни сөзді айтқан кездегі бастапқы мағына.

3.      Сөздердің лексикалық мағынасын түсіндірудің бірнеше тәсілдері бар:

1)      сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіру түсіндірме сөздікте беріледі. Мысалы: жол - қатынас жасап әрі-бері жүріп-тұруға арналған үзын желілі сүрлеу. Ауыл арасындағы жол.

2)      Синонимдер арқылы түсіндіруге болады. Мысалы: жол - са- пар. Алысқа сапар шегу.

3)      Түбірлес сөздер арқылы түсіндіруге болады. Мысалы: жол - жолаушы - жолшыбай.

4)      Сурет арқылы түсіндіру. Бұл әдіс сирек қолданылатын сөздер мен кішкентай балаларға арналған кітаптарда пайдаланылады.

В деңгейі

1. Тізімдердің 3 түрін дайындаңдар: маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі.

2. Тізімнің көрсетілген элементтерін жеке абзацтар тцрінде енгізіңдер және оларды екі рет көшіріңдер.

3. Келесі параметрлерді орнатыңдар:

•        Маркердің символы: нүкте

•        Маркердің орналасуы: 0.6 см

•        Мәтіннің орналасуы: 1,1 см

4. Келесі параметрлерді орнатып, ішкі тізімніц безендіруін өзгертіңдер:

          • Маркердің символы: жұлдызша

          • Маркердің орналасуы: 1,0 см

          • Мәтіннің орналасуы: 1,8 см

Үлгі:

                          Таңбаланған тізім

•      Компьютерлік құралдар

•      Монитор

•      Пернетақта

•      Принтер

•      Программалық жабдықтама

•      Операциялық жүйелер

•      Қолданбалы программалар

•      Ақпараттық материалдар мен құжаттар

                      Нөмірленген тізім

1. Компьютерлік құралдар

2. Монитор

3. Пернетақта

4. Принтер

5. Программалық жабдықтама

6. Операциялық жүйелер

7. Қолданбалы программалар

8. Ақпараттық материалдар мен құжаттар

 

С деңгейі

      Үлгі бойынша мэтін құрыңдар.

    Заманауи компьютердің құрылғылары

1.  Процессор

2.  Жады

1) Жедел жады

2) Ұзақ уақыт сақтайтын жады

I. Қатты магниттік диск

II. Дискета

III. Флеш-жады

IV. Оптикалық дискілер

V.    СD

VI. DVD

3. Енгізу құрылғылары:

1)    Пернетақта

2)     Тінтуір

3)     Сканер

4)     Графикалық планшет

5)     Сандық камера

6)     Микрофон

4. Шығару құрылғылары

1)     Монитор

•       Сұйықкристалды монитор

•       Электронды-сәулелі түтікке негізделген монитор

2)     Принтер

•       Матриалық принтер

•       Бүріккіш принтер

•       Лазерлік принтер

V. Сергіту сәті.

(2 мин)

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

                     Алақанды уқалау.

                     Қолды қысу

                     Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

                     Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

                     Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

VІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(6 мин)

6-шы сыныпқа арналған электронды іске қосып, Мазмұны бөлімінен Бағандар тақырыбын таңдап кіреді, тақырыптың соңындағы тест тапсырмасын ДК-де орындайды.

Тест

1. Мыналардың қайсысын бірнеше бағанға орналастыруға болады:

А) әңгіме

Ә) өлең *

Б) баяндама

В) шығарма

2. Бағандарды құру бұйрығы жолақтың қай тіркеме парағында орналасқан?

А) Бетті белгілеу*

Ә) Кірістіру

Б) Басты

В) Терезе

3. Бағандарды құрудың алғашқы кезеңі:

А) мәтінді теру

Ә) бағанды құру бұйрығын таңдау

Б) бағандар арасындағы қашықтықты анықтау

В) алдымен мәтінді теруге де, бағандарға бөлу бұйрығын да беруге болады*

4. Бос бетте бағандарға бөлуге болатынын қалай анықтауға болады?

А) Бағандар батырмасының қосулы тұрғанынан

Ә) пішімдеу сызғышы бойынша*

Б) беттің ені бойынша

В) қалып-күй жолы бойынша

5. Бағандарға бөлінгеннен кейінгі мәтіннің бастапқы қалпына қалай оралуға болады?

А) бір бағанды таңдау арқылы

Ә) Тез қол жеткізу тақтасындағы Бас тарту батырмасын басып*

Б) Бағандардан бас тарту арнайы бұйрығын таңдау арқылы

В) бағандарды пішімдеу сызғышында жою арқылы

6. Бағандардың анықтауға болатын ең үлкен мүмкін мәні:

А) 10

Ә) 3

Б) 12*

В) 5

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 982 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по информатике "Перевод десятичных чисел в другие СС" (10 класс)
  • Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
  • Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
  • 01.10.2020
  • 1535
  • 66
«Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2015 665
    • DOCX 272.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Гульмира Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 71091
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе