Главная / Информатика / Поурочное планирование для 2-го класса (на казахском языке)

Поурочное планирование для 2-го класса (на казахском языке)

24

Ақпараттық мәдениет негiздерi. 2 сынып.

hello_html_m3f1bcb4a.gif

2 сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау

Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныпта тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Көз жаттығулары. Қайталау.

1

3

«Терiстеу» ұғымы

1

4

Ақиқат және жалған.

1

5-6

Тұжырымдар

2

7

1 бақылау жұмысы

1

8

Қайталау

1

9

Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары.

1

10

Компьютердегі ақпараттар ағыны

1

11-12

Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

2

13-14

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

2

15-16

«Сызық», «Доға» құралдары.

2

17

2 бақылау жұмысы

1

18-19

«Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары.

2

20

«Шашыратқыш» құралы.

1

21-22

Нысандар симметриясы

2

23

Ақпарат

1

24-25

Ақпараттарды кодтау

2

26

3 бақылау жұмысы

1

27

Ақпаратты бейнелеу

1

28

Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы.

1

29-30

Ақпарат алмасу

2

31

Ақпараттарды алу арналары.

1

32

Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi

1

33

4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34

1-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - компьютермен тереңiрек таныстыру.

- ақпарат туралы бiлiмдерiн кеңейту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушылар демалыстан кейiн компьютерлiк сыныпқа келедi. Техника қауiпсiздiгi ережелерi мен компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерiн қайталау арқылы оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдысы жетiлдiрiледi. Әңгiмелесу барысында мұғалiм оқушыларға “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн одан әрi жалғастырады. Оқушылармен тапсырмаларды орындау барысында мұғалiм компьютер құрылғысы, меңзер, меню ұғымдарын қайталайды.


ЖАТТЫҒУ. Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.

Компьютер сыныбында:

1.Жүгіруге болады – ЖОҚ

2.Компьютерде жұмыс жасауға болады – ИӘ

3.Ылғал киіммен жұмыс жасауға болады – ЖОҚ

4.Ылғал қолмен жұмыс жасауға болмайды – ИӘ

5.Сым мен токқа тиісуге болмайды – ИӘ

6.Тышқанмен ойнауға болады – ЖОҚ

7.Жүйелік блоктың жанына сөмке қоюға болады – ЖОҚ

8.Пернетақтаға кітап қоюға болмайды - ИӘ

9.Монитор экранына жақын отыруға болмайды - ИӘ

ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Не артық? Кiтап.

  2. Сөздерді сәйкес нысандармен сызықтар арқылы қос.

  3. Берiлген әрiптерден басталатын сөздердi ойлап тап.

  4. Әрiптердiң орнын алмастырып, сөздер құра. Меню, меңзер, экран, тышқан

  5. Моншақтарды әр түрлi сандармен белгіле. Моншақтар тізбегін соларға сәйкес сандар арқылы жазып шық.

  6. Сөздердегi әрiптердi алфавиттiк ретпен орналастыр.

БЛОК

ТЫШҚАН

КОМПЬЮТЕР

  1. Суреттердi боя және ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет және т.б.

Сергiту сәтi 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көз жаттығулары. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға көздiң қызметi жөнiнде мағлұмат беру;

- шығармашылық жұмыстарға бейiмдеу.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақтың басында оқушылармен жұмыс дәптерi бойынша әңгiме өткiзiп, көз жаттығуларын қайталау ұсынылады. «Батырмалар», «Перне сатылары» сияқты шынығу жаттығуларын қайталау ұсынылады, себебi әрбiр сабақта бұл әрекеттер қайталанып отыруы тиіс.

Тапсырмалар.

  1. Жаттығуларды қайтала.

  2. Түсіп қалған сөздерді қойып, жаз.

Оңға қара, ............................. қара.

Жоғары қара, ........................ қара.

........................... ұшына қара.

Басыңды солға бұр, .......................... оңға бұр.

Басыңды оңға айналдыр, ................... солға айналдыр.

  1. Әріптерді ретімен жазып шық. Шыққан сөздерді оқы. Мақалды түсіндір.

Денсаулық – зор байлық.

  1. Буындарды жинап, сөз құра. БАТЫРМА, ИНФОРМАТИКА, АНЫҚТАМА, ЖАТТЫҒУЛАР.

  2. «Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін келесі қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмада қандай сан көрсетілсе, саусағыңмен сонша рет бас.

  3. «Перне сатылары» ойыны. Саусақтарыңды сатылармен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, саусақтарыңмен сонша рет бас.

Сергiту сәтi


3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Терiстеу» ұғымы

Сабақтың мақсаты:

1. “Терiстеу” ұғымын беру.

  1. Нысанның қарама-қасиеттерiн қайталау.

  2. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  3. Оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

“Терiстеу” ұғымы - алгебралық логика немесе Буль алгебрасының негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. “Емес” жұрнағының көмегiмен заттардың кейбiр қасиеттерiн үйретiп, осы ұғымды түсiндiру үшiн ойын ұйымдастырылады.

«Керiсінше айт» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бiр сөздi айтады. Оны оқушылар “емес” сөзінің көмегiмен терiс мағынада айтуды шығарып, керi мәндерiн атайды. Мысалы:

Үлкен – үлкен емес – кiшi.

Тiк – тiк емес – қисық.

Тәттi – тәттi емес – ащы және т.б.

«Керiсінше жаса» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бір әрекеттi көрсетiп, оның атын атайды. Ал оқушы соған олардың керi әрекетiн көрсетiп, оның мәнін айтады, мысалы: оқу – оқымау, қарау – қарамау, отыру – тұру, оңға қарау– солға қарау, қолды көтеру – қолды түсіру және т.б.

Оқушылармен бiрлесiп, мына мақалдарды талқылаңдар:

Бiлiм – жарық сәуле, бiлiмсiз – қараңғылық.

Бiлсең – айт, бiлмесең – үндеме.

Тапсырмалар.

  1. Әрiптердi қорша. Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Әрiптер емес.

  2. Артық затты тауып, терістеуді құрастыр. Кiтап. Дөңгелек емес, қызыл емес.

  3. Кiм қайда тұрады? Мұғалiм оқушыларға әрбiр үйдiң жанында белгi тұрғанын былай түсiндiредi: мұнда дөңгелек емес, яғни үшбұрыш немесе шаршы және т.б. тұрады.

  4. Нысанды салыстыр. Емес” сөзінің көмегiмен оның қарсы мағынадағы мәнін жаз. БИІК – АЛАСА, ҚЫЗЫЛ – ҚЫЗЫЛ ЕМЕС, ЫСТЫҚ – СУЫҚ, ТЕЗ - БАЯУ, ТҮЗУ – ҚИСЫҚ, ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ – ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ

  5. Жұмбақтарды шеш:

Түнде ұйықтамай тышқан күзетедi. (Мысық).

Қанша ақса да бiтпейдi,

Арнасынан асып кетпейдi. (Өзен)

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін.

(Кiрпi)

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

(Балық)

Ыстық құйсаң суымайды,

Суық құйса ысымайды.


Ақ түсті, қар емес,

Дәмі тәтті, бал емес. (Қант)


Сергiту сәтi

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақиқат және жалған.

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақиқат” және “жалған” түсiнiктерiн беру.

  2. Терiстеу” тақырыбын қайталау және бекiту.

  3. Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен шығармашылық бейнесiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi – “ақиқат” және “жалған” ұғымдары.

«ИӘЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм оқушылардан сұрайды: «Ит жол бойымен жүгiре ме?»,

Оқушылар жауабы: «ИӘ».

Мұғалiм ол сөздiң “ақиқат” екенiн түсiндiредi.

Мұғалiм: «Ит аспанда ұша ма?».

Оқушылар жауабы: «ЖОҚ».

Мұғалiм оның “жалған” екендiгiн түсiндiредi.

Үлгi сұрақтары:

КУ-КА-РЕ-КУ деп әтеш айғайлайды? ИӘ. Ақиқат.

Тышқан мысықты аулай ма? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көре ме? ИӘ. Ақиқат.

Ит қасықпен жей ме? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады. Балаларға ағылшынның халық әнiн оқып беріңдер және олар өлеңнiң мазмұны бойынша «ЖОҚ» деп жауап беруге болатын суреттер салсын.

Мен құйрығы жалындаған тауысты көрдiм,

Мен бетi жаңбыр кометаны көрдiм,

Мен жерде өсіп тұрған бұлтты көрдiм,

Мен толқыны бұрқыраған өзендi көрдiм,

Мен жайын жұтқан ұлуды көрдiм,

Мен сүт сияқты қайнаған өзендi көрдiм,

Мен оттық басындай ғана бөшкені көрдiм,

Мен қуыршақтың бетiндегi көз жасын көрдiм,

Мен жер астында, биікте үйлер көрдiм,

Мен тереңнен от шашқан көзді көрдiм,

Мен түнгi он екiде күндi көрдiм,

Мен осының барлығын өз көзiмен көрген жанды көрдiм!


Тапсырмалар.

  1. Аттары ақиқат (шын) көрсетілген суреттердi боя, ал аттары ЖАЛҒАН (өтiрiк) бейнеленген суреттердi сызып таста.

  2. Жазулары ақиқат болатындай етiп, суреттерге өзгертулер енгіз.

Екi қызыл жалаушаға толықтырып сал.

Екi жасыл шарға толықтырып сал.

Үшбұрышты шаршы етiп толықтырып сал.

Үшбұрыштың жоғарғы бұрышынан табанына дейiн сызықтар жүргiз. (СимметрИӘның вертикальды өсi).

  1. Өрнектердің ақиқат немесе жалған екенін анықта.

5>3 - ақиқат 4 = 2+2 - ақиқат

2+3 = 7 – жалған 3+1 = 2 + 2 - ақиқат

8<7 - ақиқат 5+2 < 1+3 - жалған

  1. Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр.

Кітап – ертегілер Алма – алмұрт

Парақ – конверт Қолшатыр – саңырауқұлақ

Сағат – будильник тышқан – тышқан құрылғысы

  1. Жазулар ақиқат болатындай етiп, суреттерін сал.


Сергiту сәтi

5-6-сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Тұжырымдар

Сабақтың мақсаты:

  1. Тұжырымдар туралы мағлұмат беру.

  2. Ақиқат” және “жалған” түсiнiктерiн қайталау және бекiту.

  3. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тұжырым (айтылым) – бұл қандай-да бiр ойды тұжырымдайтын немесе терiстейтін хабарлы сөйлем. Тұжырым туралы ұғымдарды қалыптастыру барлық тақырыптарға қойылатын ортақ сұрақтар арқылы жүргiзiледi: мына берiлген сөйлем ақиқат па немесе жалған ба? Егер тұжырымның ақиқат немесе жалған екенiн анықтай алмасақ, онда мұндай тұжырым анықталмаған немесе жай пікір деп аталады. Мысалы,

Назар аударыңдар! Оң жаққа қараңдар.

Қыс аяздан да қатты.

Бауыржан кiтаптан да жылдам.

Оқушылармен бiрлесiп, ақиқат немесе жалған тұжырымдарды анықтайтын ауызша ойындар өткiзуге болады. Тұжырым мысалдары:

Итпен дос бола алатын мысықтар бар.

Барлық адамдар сурет сала алады.

Кейбiр адамдар сурет салғанды жақсы көредi.

Барлық көбелектер сары бола бермейдi.

Құстардың бәрі ұша алмайды.

Кейбiр дәрiлер тәттi болады.

Кез келген адам қолымен жүре алады.

Ай әрқашан да дөңгелек.

Оқушылардың өздеріне жалған немесе ақиқат тұжырымдарды ойлатып, мысал айтқызуға болады.


5-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, жалған немесе белгісіз екенiн анықта.

1.Аруна доп ойнап жүр.

2.Әлім кітап оқып отыр.

3.Әлім үй салып отыр.

4.Бүгін Арунаның туған күні

5.Әлімнің қалтасында кәмпит бар.

  1. Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жаз.

Түн жарымда күн шығады – жалған

2+2 = 4 – ақиқат

Аптада 6 күн бар – жалған

Біздің мектеп 4 қабатты – жалған

Ертең дене шынықтыру сабағы болады – ақиқат

Астана – Қазақстанның бас қаласы – ақиқат

Қысқа қарағанда жазда күн қысқа болады – жалған

Менің сөмкемде алма бар – ақиқат

Алматы – Қазақстанның астанасы емес – ақиқат

Мұғалімнің үстелінде журнал жатыр – ақиқат

Компьютерден тышқан қашып кетті – жалған

Қыста сұр, жазда ақ – жалған

6-сабаққа арналған тапсырмалар

1. Суреттердің астына олардың ақиқат атауларын жаз.

1) сағат; 2) шамшырақ; 3) парта; 4) компьютер

2.Жалған жазуларды сызып таста. Жауабы: Алма, кiрпi.

3.Жазулар ақиқат болатындай етiп, суреттi толықтырып сал. 3 жалау, 4 шар.

4.Жазулар жалған болатындай етiп, суреттерді толықтырып сал.

а) Шарларды түрлi бояулармен боя.

б) Үйдiң төбесiн үшбұрыш түрiнде сал.

5. Аруна саңырауқұлақтарды, ал Әлім алмаларды жинады. Себеттердің төмен жағындағы жазулар жалған болған жағдайда балаларға өз себеттерiн табуға көмектес. Әлімнің себеті – сол жақта, ал Арунаның себеті – оң жақта.


7-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы .

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1-тапсырма

1-нұсқа

Сандар жиынын жасыл қарындашпен қорша: 0, 1, 4, 5, 7.

Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес.

2-нұсқа

Сандар жиынын қызыл қарындашпен қорша: 0, 1, 10, 25, 40.

Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес


2-тапсырма.

Емес” сөзінің көмегiмен қарама-қарсы қасиеттерді жазып шық:

1-нұсқа

Тәттi – тәттi емес.

Үздік – үздік емес.

Сүйкiмдi – сүйкiмдi емес.

Тереңтерең емес.

Ақылдыақылды емес.

Орнықтыорнықты емес.

2-нұсқа

Ащыащы емес.

Орташаорташа емес.

Ынталыынталы емес.

Кеңкең емес.

Ақымақақымақ емес.

Көңiлдiкөңiлдi емес.

3-тапсырма.

Төмендегі жазуды ақиқатқа айналдыр:

1-нұсқа

Екi қызыл шарға толықтырып сал.

2-нұсқа

Үш жасыл жалаушаға толықтырып сал..

4-тапсырма.

Өрнектердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?

1-нұсқа

4<5 – ақиқат 2+3=5-1 - жалған

3+5=8 – ақиқат 4+3>6 - ақиқат

2-нұсқа

3<5 - ақиқат 4+4=7-2 - жалған

4+3=7 – ақиқат 7-2=8 - жалған

5-тапсырма.

Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жаз:

1-нұсқа

Компьютер сыныбында:

Жүгiруге боладыжалған.

Тышқанмен ойнауға болады - ақиқат

Компьютерде жұмыс жасауға болады - ақиқат.

Сымды ұстауға болмайды - ақиқат.

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болмайды - жалған.

Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болады - ақиқат.

Аптада 7 күн бар - ақиқат.

Сейсенбiден соң бейсенбi - жалған.

Алматы Қазақстанның астанасы емес - ақиқат.

Астана – Қазақстанның бас қаласы - ақиқат.

2-нұсқа

Компьютер сыныбында:

Секiруге болады – жалған.

Компьютерде сурет салуға болады - ақиқат.

Су қолмен жұмыс жасауға болады - жалған

Монитор экранына жақын отыруға болмайды - ақиқат.

Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда,

жолдан өтуге болады - жалған.

Бағдаршамның қызыл көзi жанғанда,

жолдан өтуге болмайды - ақиқат.

Бiр жылда 12 ай бар - ақиқат.

Наурыздан соңақпан - жалған.

Алматы – Қазақстанның астанасы - жалған.

Астана – Қазақстанның бас қаласы емес - жалған

6-тапсырма.

Берілген жазуды жалғанға айналдыр:

1-нұсқа

Жалаушаларды түрлi қарындаштармен боя.

2-нұсқа

Шарларды түрлi қарындаштармен боя.

Сергiту сәтi


8-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Өткен материалды қайталату және бекiту.

  2. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  3. Оқушылардың шығармашылық икемдiлiгi мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмыстарын орындау кезінде жіберілген қателерге тоқталу. Өткен материалдарды бекiту үшін оқушылар жұмыс дәптерi бойынша берiлген тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар.

  1. Тұжырым жалған айтылған жағдайда ойыншықты кiм тыққанын тап. Әлім.

  2. Тұжырымдардың ақиқат және жалған екендiгiн анықта:

Кейбiр адамдар көзiлдiрiк тақпайды. Ақиқат.

Барлық адамдар көзiлдiрiк тағады. Жалған.

Кейде жазда жаңбыр жауады. Ақиқат.

Жазда ешқашан жаңбыр жаумайды. Жалған.

  1. Балалардың аттарын жаз:

Математиканы немесе сурет салуды жақсы көредiБарлық аттар.

Математиканы және сурет салуды жақсы көредi – Дина, Дана.

  1. Мына жиындарды жаз:

Жыртқыш емес, ала емесқоян.

Жыртқыш және алажолбарыс, мысық.

Жыртқыш, ала емесқасқыр.

Жыртқыш емес, ала – зебра.

Жыртқыш немесе ала – зебра, қасқыр, жолбарыс, мысық.

  1. Әрбiр бөлікке екi заттан сал.

  2. Сөзтiзбектi шеш: АРЫСТАН

  1. Қорбаңбай (аю)

  2. Еңбекқор балшы (ара).

  3. Ұры шақылдақ ауысқан).

  4. Сұр-сері (қасқыр).

  5. Ұйқыбұзар Қиқарбек (әтеш).

  6. Қансорғыш (маса)

  7. Қорқақ . . . (қоян).


Сергiту сәтi


9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютер құрамы туралы оқушылардың мағлұматын кеңейту.

  2. Енгiзу және шығару құрылғыларымен жұмыс жасауға үйрету.

  3. Тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. Компьютерде жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерi бойынша әңгiме өткiзiледі. Енгiзу және шығару құрылғыларының атқаратын қызметі түсiндiріледі.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бiз бiрiншi сыныпта компьютердiң құрылғыларын қарастырғанбыз, егер естерiңде болса, компьютер жүйелiк блоктан, пернетақтадан, монитордан және тышқаннан құралған. Екiншi сыныпта енгiзу және шығару құрылғыларын нақтырақ қарастырамыз. Кәне балалар есiмiзге түсiрейiк, адамдар ақпаратты айналамыздағы қоршаған ортадан қалай алушы едi? Сезiм мүшелерiмен алады. Дұрыс айтасыңдар. Компьютерде де сезiм мүшесi бар, ол – құрылғы деп аталады, сол құрылғының көмегiмен ол әр түрлі ақпарат алады. Ақпараттарды енгiзетiн құрылғыларға мыналар жатады, олар: пернетақта, микрофон, дискiжетек. Ал ақпараттарды шығаратын құрылғыларға мыналар жатады: монитор, баспа құрылғысы, мультимедиа дыбыс бағандары және дискiжетек.

Тапсырмалар.

  1. Компьютер құрамы.

  2. Енгiзу құрылғылары - Фотоаппарат, бейнекамера, джойстик, тышқан, сканер, пернетақта

  3. Шығару құрылғылары - Мониторлар, түрлі-түсті, сұйық кристалды, монохромды

Баспа құрылғылары – бір түсті лазерлі, бүріккіш

  1. Ақпаратты тасылмалдаушылар – 3,5дискеті, ZIP діскеті, CD дискілері, FLASH картасы

  2. Аңдарға арналған меню құрастыр. ҚОЯН – сәбіз; КІРПІ – саңырауқұлақ

ТЫШҚАН - нан

  1. Тiзбектi жалғастыр.

  2. Буындардан сөз құрастыр КОЛОНКА, МИКРОФОН.


Сергiту сәтi

10-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Компьютердегі ақпараттар ағыны

Сабақтың мақсаты:

  1. Компьютердегі ақпараттар ағынын қарастыру.

  2. оқушылардың ақпараттық ойлау қабiлетiн дамыту.

  3. Компьютер құрылғыларының атауы мен атқаратын қызметтерiн қайталау.

  4. оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерлерi бойынша әңгiме өткiзу. Компьютердегi ақпараттар ағынын бейнелеу. Келесi ұғымдарды түсiндiру.

Пернетақтабұл ақпараттарды енгiзуге арналған құрылғы. Пернелердi басу арқылы, сендер компьютер жадына сигналды жiбере аласыңдар.

Жадбұл ақпараттарды сақтауға арналған құрылғы. Ол компьютердiң жүйелiк блогында орналасқан.

Процессор ақпараттарды өңдеуге арналған құрылғы. Ол жүйелiк блокта орналасқан.

Монитор компьютер жадынан түрлi ақпараттарды (мәтiндiк, графикалық) экранға шығаруға арналған құрылғы.

Баспа құрылғысы түрлi ақпараттарды (мәтiндiк, графикалық, т.б) қағаз бетiне басып шығаруға арналған құрылғы.

Тышқан – компьютер жұмысын басқаруға арналған қолтетік.

Компьютердiң құрылғыларының атаулары мен атқаратын қызметтерiн есте сақтау үшiн, әрбiр сабақта тікелей және кері сұрақтар қою ұсынылады. Мысалы, пернетақта не үшiн керек деген сұраққа, оқушылар ақпараттарды енгiзу үшiн деп жауап бередi. Сұрақ: қандай құрылғы ақпараттарды енгiзедi деген сұраққа, оқушылар пернетақта деп жауап бередi.



Тапсырмалар.

  1. Әрiптердi ретiмен орналастырсаң, ақпаратты өңдеу құрылғысының атауын аласың. Процессор.

  2. Ақпаратты енгiзуге арналған құрылғының атын шығар. Пернетақта.

  3. Таныс емес (ағылшын) әрiптердi сызып тастасаң, ақпаратты сақтау құрылғысынның атауы шығады. SЖWАGNQQДSR. /ЖАД/

  4. Тілсызық бойынша әрiптердi жинақтап, ақпарат шығару құрылғысының атын тауып жаз. Монитор.

  5. Тілсызық арқылы қос.

Енгiзу – пернетақта.

Шығару – монитор.

Сақтаужады.

Өңдеу - процессор.


11-12абақтар

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

Сабақтың мақсаты:

  1. Графикалық редактормен таныстыру.

  2. «Бүрiккiш» құралын пайдалана бiлуді үйрету.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  4. Графикалық ақпараттарды өңдеу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрiн қарастыру. Программаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып, “Заливка” құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн бiз өте қызықты программамен танысамыз, сол программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тышқанмен оны шертеміз, ашылған МЕНЮ бойынша КУРСОРДЫ ПРОГРАММА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТНЫЕ, одан кейiн PAINT жолын тауып, оны тышқанмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық редактордың жалпы түрi шығады. Осы программада қандай құралдар және бояулар бар екендiгiн қараңыздар.

Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «Заливка» аспабымен жұмыс жасап үйренемiз. «Заливка» аспабына тышқанмен басыңдар, сол жақ палитраға қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тышқанмен қызыл бояуға басақ онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.

Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тышқанмен “Файл”-ды шертеміз де, “Открыть” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.

11-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Нысандарды боя.

  2. Кемпiрқосақты боя.

  3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен (қызанақ). Түс таңдауда Жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып келедi.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Суретті бояп, атауын бер.

  2. «Сиқырлы сарайды» боя.

  3. Қатарды жалғастыр.

  4. Сары, жасыл қарындаштарды алып, түрлi тәсiлдерді қолданып, төмендегі қуыршақтарды боя.

  5. Қызыл және көк қарындашпен түрлі тәсiлдерді қолданып шарларды боя.

Сергiту сәтi


13-14 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

  2. графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениетi мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя.

  2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.

14-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Артық нысанды сыз.

2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:

Қысы, жазы бір түсті.

/Шырша/

Өзі қызыл, өзі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Құлпынай/

Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/

Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.

Суық – Ыстық

Ауру – Сау

Көңiлсiз – Көңiлдi

Кiшкентай – Үлкен

Мейiрiмдi – Қатыгез

Жарық – Қараңғы

Қатты – Жұмсақ

Тәттi – Ащы

Сергiту сәтi


15-16 -сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Сызық», «Доға» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларға «Сызық» құралымен жұмыс істеуді үйрету.

  2. оқушылардың графикалық редакторде жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз – “Сызық” құралы. Ал ендi осы құралды тышқанмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық. Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер сендер сызықтарың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап көрiңдер.

15- сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Сызықтар арқылы нүктелерді бір-бірімен қос.

  2. Кім қандай үн шығарады? Сызықтар арқылы қос.

16-сабаққа арналған тапсырмалар

  1. Бұл буындар қай суретке сәйкес келедi? Оларды сызықтар арқылы қос.

  2. Үлгіге қарап, цифрлар сал.

  3. Суреттердi боя.

Сергiту сәтi


17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1 - тапсырма.

1-нұсқа

Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша. Монитор, баспа құрылғысы,

дыбыс бағандары, дискеттер.

2-нұсқа

Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша. Пернетақта, микрофон, дискеттер.

2-тапсырма.

1-нұсқа

Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз:

жады.

2-нұсқа

Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: баспа

құрылғысы.

3-тапсырма.

1-нұсқа

Ақпаратты енгiзу құрылғысын жаз: пернетақта.

2-нұсқа

Ақпаратты өңдеу құрылғысының атын жаз: процессор.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте: 6.

2-нұсқа

Суретте қанша үшбұрыш барын есепте: 6.

5-тапсырма.

Нүктелердi сызықтар арқылы қос.

Сөйлемдердiң ақиқат немесе жалған екенiн анықта:

1-нұсқа

Бiрiншi дене – шаршы. Ақиқат.

Екiншi дене – үшбұрыш емес. Жалған.

Сызық – үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы денеБесбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек бар. Жалған.

2-нұсқа

Бiрiншi денеүшбұрыш. Ақиқат.

Екiншi денесызық емес. Жалған.

Шаршыүшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы денеалтыбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек жоқ. Ақиқат.

6-тапсырма.

Сызықтардан құралған нысанды үлгiге қарап сал және оны боя.

Сергiту сәтi

18-19 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: «Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. «Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдарымен жұмыс iстеуге үйрету.

  2. Графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптерi бойынша құралдарды оқушылармен бiрiге отырып қарастыру және талдау. Төмендегi тапсырмаларды оқушылар орындай отырып өткен тақырыпты қайталайды және «Эллипс» пен «Тiктөртбұрыш» құралдары арқылы сурет салып үйренедi.


18-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Сәйкес келмейтін сөзді қорша.

2.Мына жиындардағы ноталарды жаз

- жасыл жиын: до, ре, ми.

- қызыл жиын: ми, фа, соль.

- көк жиын: ми, фа, соль, ля, си.

- тек жасыл жиын: до, ре.

  • тек көк жиын: ля, си.

Тек жасыл және қызыл жиындарға қандай ноталар жатады? ми

Тек қызыл және көк жиындарға қандай ноталар жатады? фа, соль

19-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте.

3, 5, 7.

2.Мұнда қандай нысандар жасырынған?

3.Үлгiге қарап, суретiн сал, боя.

4.Сөйлемдердi оқи отырып, қайсысы Ақиқат, қайсысы Жалған екенiн анықта:

Бiрiншi суретте пирамида – Ақиқат.

Екiншi суретте шарлар – Жалған.

Үшiншi суретте тек қызыл түстi шарлар – Жалған.

Бiрiншi және екiншi суретте әр түрлi фигуралар – Ақиқат.


Сергiту сәтi


20-сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Шашыратқыш» құралы.


Сабақтың мақсаты:

  1. «Шашыратқыш» құралының атқаратын қызметiмен танысу.

  2. графикалық редакторда жұмыс iстеу икемдiлiктерiн қайталау.

  3. Ақиқат және Жалған тұжырымдарды қайталау.

  4. Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

«Шашыратқыш» құралына назар аударайық, оның әр түрлi көлемдерi бар. Бұл құралмен кернейден түтiннiң шығуын, қар мен жаңбырдың қалай жауып тұрғанын т.б. салуға болады. Өздерiң осы құралды пайдаланып, жұмыс iстеп көрiңдер.


Тапсырмалар.

  1. Шешуiн тап: Үшбұрыш емес, қызыл емес, шаршы емес. Бұл не? Дөңгелек.

  2. Жазулар ақиқатқа айналатындай етiп, суреттердi толықтыр.

  • балық көпiршiктер шығарады;

  • астауда құм бар;

  • түнгi аспан;

  • түтiн шығып жатыр;

  • қар жауып тұр;

  • жаңбыр жауып тұр.

  1. Ақиқат және жалған тұжырымдарды анықта:

- Суреттегi барлық заттар тiктөртбұрышты – ақиқат.

- Барлық заттар – оқу құралдары – ақиқат.

- Суреттегi барлық заттар оқу құрал-жабдықтары емес - жалған

- Кейбiр заттар – дөңгелек – Жалған.

- Дәптердiң оң жағында - сызғыш – Ақиқат.

- Суретте барлығы - 6 зат – Жалған.

  1. Бір қорапта қызыл, ал екiншiсiнде жасыл қарындаштар бар. Төмендегi жазулар ақиқат болған жағдайда, қораптарды сәйкес түспен боя.

  2. Егер шырындардың атаулары жалған жазылған болса, ақиқат атауларын тауып жаз.

Сол жақта – өрiк, ортасында апельсин, оң жақта - алма шырыны.

  1. Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

Суреттегi кейбiр денелер – шаршы – Ақиқат.

Суретте үшбұрыштар бейнеленген – Жалған.

Суреттегi барлық денелер төртбұрыш емес – Ақиқат.

Шаршының сол жағында – дөңгелек –ақиқат.

Сергiту сәтi

21-22 сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Нысандар симметриясы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Симметриялы денелер ұғымын беру.

  2. Тiк және жатық симметрия өстерiнiң ұғымын беру.

  3. СимметрИә осiн табу мен симметриялық денелердiң суретiн салуды үйрету

  4. Кеңістікте елестету қабілетін қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға симметрияны түсiндiру үшiн, «Айна» ойынын ұсынуға болады. Сiз оң қолыңызды көтерсеңiз, балалар да оң қолдарын көтередi. Сiз басыңызды сол жаққа бұрсаңыз, балаларда сiзбен бiрге қайталауы керек. Кiм қателессе, сол орнына отырады, соңғы қалған адам – жеңiмпаз. Симметрия – бұл заттың тiк немесе көлденең өсiне байланысты екіге тең бөлінiп орналасуы екенiн түсiндiру керек. Өс ролiн тiк немесе көлденең тұрған айна атқара алады. Симметрияны қағазда екi бүктеп, кейiннен жазылған суреттермен көрнекi түрде түсiндiруге болады.

21-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Суреттердi қарап шық.

  2. Симметриялы заттарды боя..

  3. Симметриялы денелердi сал.

  4. Симметрия өсiн жүргiз.

22-сабаққа арналған тапсырмалар:

1.Бейнелердi толықтырып сал.

2.Нысандардың көл бетiндегi бейнесiн сал.

3.Симметрия өсiн жүргiз.

4. Алфавиттегi әрiптердiң қайсысының айнадағы бейнесi өзгермейдi?


Сергiту сәтi

23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат.

Сабақтың мақсаты:

  1. ақпарат түрлерiн қайталау.

  2. оқушылардың ақпарат түрлерi туралы мағлұматын кеңейту.

  3. ақпарат түрлерiн қарастырып, оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Ақпарат түрлерiн қайталау.

Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Бұл тапсырманы 1 сыныпта орындағанбыз. Бүгін оны тағы қайталайтын боламыз. Сонымен, ақпаратты адамдар сезім мүшелері (сипап сезу, иіскеу, есту, көру, дәмін тату) арқылы қоршаған ортадан алады. Адамның әрбiр сезiмi бiр мүшемен байланысты – көз, құлақ, мұрын, терi, тiл. Ақпарат жағымды, яғни көңiлдi, қуанышты немесе жағымсыз, яғни жаман хабарлар – қайғы, ауру, т.с.с. болуы мүмкін. Сол сияқты ақпарат жазбаша - әрiп, таңба, нота арқылы немесе ауызша – дыбыс, сөз арқылы берiлуi мүмкін.


Тапсырмалар.

  1. Нүктелердiң орнына тиiстi әріптерді қойып, сөз құра. Дыбыс, сурет, иіс, дәм, тері. Бұл сөздер қандай ақпарат бередi: дыбыс, көру, есту, сипап сезу, т.б..

  2. «+» таңбасымен жағымды хабарды, «-» - таңбасымен жағымсыз хабарды белгіле.

СЫЙЛЫҚ + ЦИРК +

ЕКIЛIК – ДЕМАЛЫС +

БЕСТIК + КОМПЬЮТЕР +

ЕСКЕРТУ - ЖАҢБЫР -

  1. Сызықтар арқылы қос:

Иіс – қош иісті.

Түс – қызыл

Дәм – тәтті.

Дыбыс – қатты.

Сәуле – жарық.

  1. Нұсқама дұрыс көрсеп тұр ма? Дұрыс.

  2. Мына сөздер қандай ақпаратты білдіреді?

КҮННIҢ КҮРКIРЕУI– дыбыс

Найзағайдың ойнауы – көру.

Желдiң соғуы – дыбыс.

Аяздың күшеюi – сезу.

Түтіннiң шығуы – көру, иiс сезу.

Тұманның түсуi – көру.

  1. Кестені толтыр

Жағымды хабар

Жағымсыз хабар

Жарық

Қайғы

Жақсылық

Жаңбыр

Мереке

Екілік

Бестік

Өрт

Туған күн

Су тасқыны

Аяз ата

Жер сілкіну


Сергiту сәтi

24-25 - сабақтар


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды кодтау.


Сабақтың мақсаты:

  1. Кодтау түсінігін қалыптастыру.

  2. Шифрлардың кейбiр түрлерімен танысу.

  3. Оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн, көңіл бөлуін, есте сақтауы мен түсініктiлiгін қалыптастыру.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Кодтау – бұл ақпараттарды сақтау және толымдауға ыңғайлы етiп оны түрлендiру.

Шындығына келгенде адамдар ойланбастан көптеген кодтарды қолданады.

Бiздiң күнделiктi сөйлейтiн тiлiмiз де код болып табылады. Үйдiң, телефонның, пәтердiң нөмiрлерi – бұлар сан түрiндегi кодтар. Апта, ай атауларын да код деп атауға болады. Музыка дыбыстары ноталық таңбалармен кодталған. Барлық заттарда штрих-коды немесе жолақ коды бар. Радиомен байланысқанда Морзе әлiппесi қолданылады, ондағы әрiптер нүктелермен және сызықшалармен алмастырылады.

Кейде шифрланған мәлiметтер бойынша қандай шифр коды қолданғанын анықтап, шифрланған мәтiндi табуға болады.

Балалар, сендердiң әрқайсыларың өз кодтарыңды ойлап тауып, оларды пайдаланып кез келген бiр мәлiметтi кодтаңдар. Ал компьютердегi барлық ақпарат 0 және 1 сандарымен кодталады. Бұл жөнiнде кейiнiрек айтылатын болады.


24-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Мұнда кiмнiң аттары жасырылған? АРУНА, ӘЛIМ.

  2. Шатасып жатқан әрбiр жiптiң соңын тауып, басындағы әрiптердi қайталап жазып шық. Қандай сөз алынды? КҮНДЕЛIК.

  3. Әрiптерден сөздер құрап жаз. Перне, алма, монитор.

  4. Қандай сөздер құрастыруға болады? Кiтап, тиiн, ит, зымыран, қоян, сөмке, раушан. Келесi сұрақтарды қоюға болады, мысалы, кiм жаңғақты шаққанды жақсы көредi?

  5. Сандардың өсу ретiне қарай әрiптердi орналастыр. КОД, ЖҮЙЕЛIК БЛОК

  6. Торкөздердi тiлсызық арқылы толтыр.

→↑→↓→→→↑→→↓↓↓←↑←←←←←↑


hello_html_548c0bc.gif


КIЛТ бейнесi пайда болды.

  1. Сөздi құра. ҚҰПИә

25-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Сөздердi ажыратуға көмектес. Қанша сөз (ат) алынса, сонша дөңгелек сал: АРУНА, ӘЛIМ, САРА, МАРАТ, АЙНҰР.

Жауабы: 6

  1. Әрбiр сөздегi Ғ әрпiн сызып тастап, жасырылған сөздердi оқы:

ӨҒНҒҒЕҒРҒЛҒIҒ ӨҒРҒГҒЕҒ ЖҒҮҒЗҒЕҒДҒIҒ

Өнерлi өрге жүзедi.

  1. Заңдылықтарды тауып, қатарды жалғастыр.

  2. Жұмбақтарды шеш:

Күндi бағып тұрады,

Күнге басын бұрады.

(Күнбағыс)

Айдалада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа).


Күндiз жоқ болады,

Түнде тап болады.... (Ай)


Ит сИәқты пiшiнi,

Ұнатпайды ол кiсiнi. (қасқыр)


Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (Тасбақа).


  1. Тиiстi әрiптердi қойып, сөз құрастыр. М... .... Ю, К........................ Р

(МЕНЮ; КОМПЬЮТЕР)

  1. Түстердi нөмiрлеп, суреттердi боя.

  2. Мақалды шеш:

Кiтап – жақын досың.

Жаман жолдастан таяғым артық.

8. Заңдылықтарды тауып, жасырылған сөздердi тап.


Сергiту сәтi


26-сабақ


Сабақтың тақырыбы: № 3 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.


1-тапсырма.

Не жасырылған?

1-нұсқа

дөңгелек емес, шаршы емес, қызыл емес. Бұл не? Көк түстi үшбұрыш.

2-нұсқа

Дөңгелек емес, шаршы емес, көк емес. Бұл не? Қызыл шаршы.


1-тапсырма.

Симметриялы нысандарды толықтырып сал.


3-тапсырма.

Симметриялық өстi жүргіз.

4-тапсырма.

Қатарды жалғастыр.

5-тапсырма.

Суреттегi заттардың атауын тап. Олардың бастапқы әріптерi арқылы мақал құрастыр:

1-нұсқа

Ердiң атын еңбек шығарады..

2-нұсқа

Ерiншектiң ертеңi таусылмас.

6-тапсырма.

Жұмбақтарды шеш:

1-нұсқа

Қар, мұз ерiп,

Су көбейiп,

Сай-салаға қашады.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Көктемде)


Өрiк, алма,

Шие, алша,

Жидек-жүзiм пiседi,

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Жазда)

2-нұсқа

Орақ түсiп,

Егiн пiсiп,

Қырман дәнге толады.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезенi торлайды.

Бiлсеңдер, айт, балалар,

Бұл қай кезде болады? (Қыста)

7-тапсырма.

1-нұсқа

Сөздегi С әріптер алып тастап, ақпарат енгiзу құрылғысының атауын оқы. СПСЕСРСНСЕСТСАСҚСТСАС - ПЕРНЕТАҚТА.

2-нұсқа

Сөздегi С әріптер алып тастап, ақпарат шығару құрылғысының атауын оқы.

СМСОСНСИСТСОСРС - МОНИТОР

27 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты бейнелеу


Сабақтың мақсаты:

  1. ақпараттарды бейнелеудiң түрлi тәсiлдерiн қарастыру.

  2. ақпаратты пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпараттарды түрлi таңбалар көмегiмен бейнелеуге болады. Олар цифр, әрiп, сан, сөз болуы мүмкiн. Ақпараттарды пиктограмма түрiнде бейнелеуге болады. Өте ерте заманда адамдардың қалай тұрғаны жөнiнде ақпарат сақталған. Бұл ақпарат бiзге жарға салынған суреттер арқылы жеттi. Адамдар дыбыстық ақпараттарды ноталар түрiнде түрлендiрудi үйрендi. Жүргiзушiлер мен жолаушылар жолдағы қозғалыс ережелерi туралы ақпаратты жол белгiлерi арқылы алады. Ал сұрақ және леп белгiлерi таң қалудың және масаттану арқылы өрнектеледi. Таң қалу мен масаттану сұрақ және леп белгiлерi арқылы өрнектеледi. Қандай белгiлер көмегiмен ақпараттарды түрлендiруге болатыны жайлы мысал келтiрiңдер? Теледидар арқылы ауа райы қалай хабарланатынын еске түсiрейiк. Қандай таңбалар көмегiмен күн, жаңбыр, қар белгiленедi?


Тапсырмалар.

  1. Қажетті түспен қоршап сыз.

  2. Пиктограмма ненi бiлдiредi? Қуаныш, қайғы, тыныштық.

  3. Кестені толтыр:

Таңба

Нені білдіреді?

+

Жедел жәрдем


Өтектеуге болмайды


Жаяу өтетін жол.


Тұрақ


Балалар


Нота

+ - : х

Математикалық амал таңбалары

Үшбұрыш


  1. Кестені толтыр:


Сигнал

Нені білдіреді

Желдiң соғуы

Жаңбыр болады

Әйнектің дыбысы шықса

Ыдыс сынады

Қардың шықырлауы

Аяз

Сабақ қоңырауы

Сабақтың аяқталуы

Түтiн иiсi

Өрттiң болуы

Автомобиль сигналы

Сақтандыру

Бағдаршамның қызылы

Көшеден өтуге болмайды.


  1. Атауларына сәйкес таңбаларды тiлсызықтар арқылы қос:


Қазақ әріптерi

Ә, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө

Орыс әріптерi

А, Б, В, Г, Д, Е

Латын әріптері

A, B , C, D, E, F, G

Арифметикалық амалдар таңбалары

+ - : ·

Арнайы белгілер

. , ! ? ; * / \ % $ # @


  1. Кестені толтыр:

БАҚБАҚ

Дыбыстық ақпарат

Тыңда !

Мәтіндік ақпарат

123

Сандық ақпарат

Графикалық ақпарат

Найзағай

Көру ақпараты

5

Сандық ақпарат

Кiтап

Мәтіндік ақпарат

  1. Арунаны Әлiмге жеткiзетiн жолды таңда. Жауабы: Үшінші жол.


Сергiту сәтi


28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат “көзі” мен оны “қабылдаушы” түсiнiктерiн қарастыру.

  2. Ақпарат көзі мен қабылдаушысын ажырата бiлудi үйрету.

  3. ақпаратпен жұмыс iстеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптері бойынша әңгiме өткiзiледi. Теледидардың антеннасы ақпарат көзі болып табылады. Біздің теледидар – ақпарат қабылдаушы. Осы бағытта балалармен әңгіме өткiізуге болады. Сабақ кезiндегi ақпарат көзi - мұғалiм, ал оқушылар – оны қабылдаушы болып табылады. Оқыған кезде кiтап ақпарат көзi болады, ал оқушы оны қабылдаушы едi. соңынан жазған кезде, оқушы ақпарат көзi, дәптер – оны қабылдаушы. Сонымен, ақпарат көзі күн, термометр, сағат, сигнал, бағдаршам, телефон, теледидар, Интернет, т.б. болуы мүмкін.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Ақпарат бізді қоршап қана тұрған жоқ. Онымен адам тікелей жұмыс істейді. Мысалы, оқушы кап оқыды, ол жөнінде дәптерге жазды. Мұндай жағдайда қандай әрекет жүзеге асырылды. Бұл кезде де ақпаратты қабылдау және беру iсi атқарылады. Кітап ақпарат көзі ал оқушы оны қабылдаушы, дәптер ақпарат қабылдаушы. Бiр ақпарат түрi ақпараттың көзі де және оны қабылдаушы да бола алады. Ал қабылдаушылар көп болуы мүмкін.


Тапсырмалар.

  1. Ақпарат көзі мен қабылдаушысын анықта.

Ақпарат көзі - қалтқы, ал Әлiм – оны қабылдаушы.


  1. Бағдаршамды дұрыс боя. Сигналдарын жаз:

Бірінші - қызыл.

Екінші - сары.

Үшінші жасыл.

  1. Төмендегi берiлген оқиғалар мен құбылыстардың қайсысын ақпараттарды таратуда немесе қабылдауда қолдануға болады? ИӘ немесе ЖОҚ жауаптарын жаз.

Жағдай

Алу үшiн

Беру үшiн

Жарықтың түсуi

Иә

Иә

Мектеп қоңырауы

Иә

Иә

Күннiң шығуы

Иә

жоқ

Ұшақтың гуiлi

Иә

жоқ

Көктемгi тамшы

Иә

жоқ

Газдың иiсi

Иә

жоқ

Бағдаршамның жұмысы

Иә

Иә

Граниттiк тастарды таяқпен соғу

Иә

Иә

Әйнектi доппен соғу

Иә

жоқ


  1. Қайсысы - ақпарат көзі, қайсысы – оны қабылдаушы.

Телефон – ақпарат көзі.

Теледидар – ақпарат көзі, қабылдаушы.

Радио - ақпарат көзі, қабылдаушы

Күн – ақпарат көзi

Шам – ақпарат көзі.

Градусник – ақпарат көзі.

Аруна, Әлiм – ақпарат көздері және оны қабылдаушылар.


Сергiту сәтi


29-30-сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат алмасу

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат алмасу ұғымымен оқушыларды таныстыру.

  2. ақпаратпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам өмiрi әрқашанда ақпарат алмасу арқылы өтiп жатады.. Сөйлесу арқылы бiз бiр-бiрiмiзбен ақпарат алмасамыз. Ерте заманда африкада бiр тайпа екiншi тайпаға маңызды ақпараттарды барабан соғу, от жағып түтiндету арқылы берiп отырған. Кей кездерде ақпаратты жеткiзу үшiн шабарман немесе арнайы үйретiлген кептерлер пайдаланылған.

Қазiргi заманда адамдар ақпарат алмасуға арналған көптеген құралдар ойлап шығарған: телефон, радио, теледидар, компьютер, интернет. Ақпарат алмасу әрқашанда байланыс арналары арқылы жүргiзiледi.

Ақпаратты беру үшiн арнайы сигнал беру керек. Сигналдар әртүрлi болуы мүмкiн, мысалы, бiздiң көзiмiздiң көретiнi - жарық; құлағымыз еститiн дыбыс немесе радиоқабылдағыштар мен теледидарлар қабылдайтын электромагниттiк толқындар. Телефон сымдары бойымен берiлетiн немесе компьютер iшiндегi қолданылатын электр токтары да сигналдар. Ең бастысы, ақпараттарды қабылдауыштар берiлген сигналдарды қабылдап, оны түсiнiп және оны оқи алатындай болуы керек. Мысалы, көктемгi тамшы бiзге қыстың кеткенiн, көктемнiң келгенiн хабарлайды, бiрақ оның көмегiмен бiз ақпарат бере алмаймыз.

Сигнал қандай да бiр ақпаратты беруi үшiн ол өзгерiп ауысып тұруы керек. Сол сигналдардың өзгеруi арқылы бiз ақпараттарды берiп, қабылдай аламыз.


29-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Ақпарат көзi мен қабылдаушысын көрсет:


Оқиға

Көзi

Қабылдаушы

Бала хат оқып отыр

Хат

Бала

Сағат шырылдады

Сағат

Бала

Мұғалiм тақтаға жазды

Мұғалiм

Тақта


  1. Ақпарат көзiн және қабылдауышын сызықтар арқылы қос.

30-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Шарлардан қандай сөздер құрастыруға болады? Ақпарат көзi. Қабылдаушы.

  2. Көп нүктенiң орнына қажеттi әрiптердi қойып, сөздi тап. АҚПАРАТ.

  3. Сигналдар қандай ақпарат бередi? Сызықтармен қос.


Сигналдар

Ақпараттар

Есiктегi қоңырау шырылдады

Досым келдi

Бағдаршамның жасыл сигналы

Жүруге рұқсат

Мектеп қоңырауы

Сабақтың басталуы

SOS (Бiздi құтақарыңдар)

Көмекке шақыру сигналы

КУ-КА-РЕ-КУ

Таң атты


  1. Кiм - кiммен сөйлесiп отыр

Аруна мен Әлiм.

Сара мен Дина.

Әсем мен Самат


Сергiту сәтi


31-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттарды алу арналары.


Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды ақпараттарды алу арналарымен таныстыру.

  2. ақпарат түрлерiн қайталау және оны бекiту.

  3. ақпаратпен жұмыс iстеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, жұмыс дәптерлерiндегi ақпарат түрлерiнiң бiр–бiрiмен байланысын көрсететiн кестенi қарастырайық.


Ақпараттарды алу арналары

Ақпарат түрлерi

Сезiм мүшелерi

Көру

Көру

Көз

Есту

Дыбыстық (есту)

Құлақ

Сипап сезу

Тактильдi (сезу)

Терi

Иiс

Иiс

Мұрын

Дәм

Дәм

Тiл


Компьютерде де ақпарат алу арналары бар ол ақпарат енгiзу құрылғысы:

- пернетақта, цифрлық және әрiптiк мәлiметтердi енгiзедi,

- микрофон, дыбыстық ақпараттарды енгiзедi,

- сканер, графикалық (сурет, фотосурет) ақпараттарды енгiзедi.

Ақпаратты шығару құрылғысыбұл ақпаратты беру, шығару арналары:

- монитор мен баспа құрылғысына компьютерден мәтiндердi немесе суреттердi беруге болады,

- динамик пен құлаққалқан көмегiмен дыбыстық ақпараттарды тыңдауға болады.


Тапсырмалар.

  1. Арунаның қандай сезiм мүшелерi арқылы ақпарат алатынын көрсет:

Көз.

Құлақ.

Тiл.

Терi.

Мұрын.

  1. Кестенi толтыр:


Сезiм мүшелерi

Радио

Машина

Алмұрт

Алау

Гүл

Көз

+

+

+

+

+

Құлақ

+

+




Мұрын



+

+

+

Тiл



+



Терi




+



  1. Кестенi толтыр:


Нысан

Ақпарат түрлерi

Сезiм мүшелерi

Досыма хат

Көру

Көз

Математика мысалдары

Көру

Көз

Тосап

Дәм

Тiл

Сурет

Көру

Көз

Телехабар

Көру, дыбыстық

Көз, құлақ

Радиохабар

Есту

Құлақ

Торт

Дәм

Тiл

Фотосурет

Көру

Көз

Сарқырама

Дыбыс

Құлақ


  1. Бiр қарандаштың көмегiмен доптар әр түрлi болатындай етiп, бояп шық.

  2. Тiзбектегi сезiм мүшелерiн бiлдiретiн сөздердi тап. Көз, мұрын, құлақ, терi, тiл.

Сергiту сәтi


32-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi.


Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi туралы түсiнiк беру.

  2. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерiн анықтай бiлудi үйрету.

  3. Ақпаратпен жұмыс жасату арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.


Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, тағы бiр мысал қарастырайық: оқушы кiтапты оқып шығып, кiтап туралы өзiнiң ойын жазды. Осы жағдайда қандай ақпараттық процесс жүргiзiлдi? Бұл тек қана ақпараттарды алу және беру ғана емес қой. Бұл – ақпаратты сақтау, өңдеу, алу, беру.

Ақпарат кiтапта сақталады. Ақпаратты тасушы қағаз болып табылады. Бұл процесс ақпаратты сақтау деп аталады.

Оқушы кiтапты оқыды. Кiтаптағы мәлiмет оқушыға берiледi.Бұл процесс ақпарат беру деп аталады. Кiтап – ақпарат көзi, оқушы – ақпарат қабылдаушы.

Оқушыға ақпарат алу үшiн оның көздерi көмектестi. Сол арқылы ол кiтаптағы ақпаратты көрдi.

Кiтапты оқып, оқушы кiтаптың мазмұны туралы ойланды, яғни ол ақпаратты оңдедi.

Кiтап туралы алған әсерiн дәптерге жаза отырып, оқушы ақпаратты беру процесiн жүзеге асырады. Бiрақ бұл жерде ақпарат көзi – оқушы, ал қабылдаушы – дәптер. Мiне ақпараттармен осындай әрекеттер орындалуы мүмкiн.


Тапсырмалар.

  1. Кестенi толтыр:


Нысан

Нысан әрекетi

Телефон

Алу, беру

Кiтап

Сақтау

Фотоальбом

Сақтау

Компьютер

Алу, сақтау, өңдеу, беру

Магнитофон

Беру

Адам

Алу, сақтау, беру

Жел

Беру


  1. Ақпарат бере алмайтын нысандарды сызып таста. Кесе, кемпiрқосақ.

  2. Қандай әрекеттердi орындау арқылы ақпарат аласың? Мұғалiм ақпарат бередi. Оқушы оны қабылдап алып дәптерге жазып сақтайды.

4. Мына жағдайларда ақпарат алудың қандай әрекеттерi орындалады?

Теледидар қарап отырсың. Ақпаратты қабылдаймыз.

Телефонмен сөйлесiп отырсың. Ақпаратты беремiз және қабылдаймыз.

Компьютерде жұмыс жасап отырсың. Ақпаратты беремiз және қабылдаймыз.

Кiтап оқып отырсың. Ақпаратты қабылдаймыз.

5. Ненiң көмегiмен ауа райы туралы ақпаратты алуға болады? Термометр, радио, жауын.

6. Әлiм оқулықтан есептiң шартын оқып, дәптерiне жазды. Оны шығарып, жауабын тапты. Сызбаны толықтыр:

Оқулық– сақтау

Көз– қабылдау

Қолберу

Дәптерсақтау

Миөңдеу

  1. Ақпарат алу барысында қандай әрекеттер орындалады? Қабылдау, өңдеу, беру.


Сергiту сәтi


33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 4 бақылау жұмысы.


Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.


Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1-тапсырма.

Әрiптер жиыны мен сандар жиынының арасын сызық арқылы ажырат.


2-тапсырма.

Ақпарат мысалдарын жалғастыр

Дыбыстық

Көру

Сандық

3-тапсырма.

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

1-нұсқа

Кiтапақпарат көзi – ақиқат.

Бағдаршамақпарат көзi емес – жалған.

Адамақпарат қабылдаушы – ақиқат.

Көзкөру ақпаратын алу арнасы –ақиқат.

Дәм сезу ақпаратын мұрын арқылы алуға болады –жалған.

2-нұсқа

Радио – ақпарат көзi – ақиқат.

Кiтап ақпарат көзi емес – жалған.

Оқушыақпарат қабылдаушы – ақиқат.

Құлақесту ақпаратын алу арнасы –ақиқат.

Дәм сезу ақпаратын құлақ арқылы алуға болады –жалған.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Аруна қандай ақпарат қабылдады?

Гүлиiс.

Алмұрт дәм.

Радио – дыбыстық.

Картина – көру.

2-нұсқа

Әлiм қандай ақпарат алды?

Гүлиiс.

Банан –дәм.

Теледидардыбыстық, көру.

Алау сезу (терi арқылы).


5-тапсырма.

Ақпарат алу барысындағы орындалатын әрекеттердi атап шығыңдар:

алу, сақтау, өңдеу, жiберу.


6-тапсырма.

Әр түрлi болатындай етiп, жалаушаларды бiр қарындаштың көмегiмен бояп шығыңдар.


7-тапсырма.

Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендiгiн анықта:

1-нұсқа

Радио ақпарат таратады - ақиқат.

Дәптер ақпаратты сақтамайды – жалған.

Оқушы ақпарат алады – ақиқат.

Процессор ақпаратты өңдемейдi - жалған.

Жады ақпаратты сақтайды – ақиқат.

2-нұсқа

Мұғалiм ақпарат бередi - ақиқат.

Кiтап ақпарат сақтамайды – жалған.

Оқушы ақпарат алады – ақиқат.

Процессор ақпараттарды өңдейдi - ақиқат.

Компьютер жады ақпаратты сақтамайды – жалған.


34-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын талдау.

  2. Бақылау жұмысында жiберiлген қателердi қарап, талқылау.

  3. Өткен материалдарды қайталату арқылы оқушылардың бiлiмiн бекiту.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Өткен материалдарды қайталау. Жұмбақтар, ребустар және сөзтiзбектердi шешуге болады.

Тапсырмалар.

1. Жұмбақтарды шеш:

Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым. Сәбiз.

Терезесiз, есiксiз, тұрғындары есепсiз. Қияр

Қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейдi. Орамжапырақ.

Үй күзетедi, үрмейдi. Құлып.

Кебiссiз бiр аяқ. Саңырауқұлақ.

Көше жақта тұрды ұзын етiкте,

Бiр аяқта ұш көздi тұлып. Бағдаршам.

Жасыл аяқта ақ ұсақ бұршақтар. Iнжугүлдер.

Айдалада, ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. Жұмыртқа.


Қыста көп оның керегi,

Даярлап отын бередi. Балта.

Ұшы үшкiр, абай бол!

Жүрiп өтсе, қалар жол. Ине.

Доп емес, допқа ұқсайды,

Үрлемесең, ұшпайды. Шар.

Алтын жұмыртқа еменге жасырынды. Емен жаңғағы.

2-3. Логикалық есептер:

2. Екi ат 40 км жүгiрдi. Әрқайсысы қанша км жүгiрдi? 40 км.

3. Аруна мен Сара – апалы-сiңлiлер. Аруна үш ағасы бар. Ал Сараның да үш ағасы бар. Отбасында қанша бала бар? 5.


Сергiту сәтi




















СЕРГIТУ СӘТТЕРI


1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.


2. Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.


3. Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

/Б.Бөрiбаев/

3. Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты сөз, жасқанба.

/Б.Бөрiбаев/


4. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

/Б.Бөрiбаев/


5. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


6. Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.


7. Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.


8. Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

/Б.Бөрiбаев/


9. Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

/Б.Бөрiбаев/


10. Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/


11. Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек - мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.



12. Айнадағы бейнедей,

Қимылдарды қайтала.

Бiр сөз айтсаң сен оған

О-дан жауап қайта ма?

/Б.Бөрiбаев/


13. Айнаға қараймын

Шашымды тараймын.

Бақытты боламын,

Сымбатты боламын.

Әрқаша тазамын,

Бәрiнен озамын.



14. Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

/ Б.Бөрiбаев/


15. Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.


16. Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз.

Аяғымыз қайда екен,

Тез қозғалсақ пайда екен.

Бiзден биiк секiрер

Мықты жандар бар ма екен?


17. Оңға бір,

Солға бір,

Бұрылып жолдары,

Жолаушы жүредi.

Соңынан жүгiрiп,

Бұтаға үңiлiп,

Сүрiнiп, тығылып

Күшiгi үредi.

/Б.Бөрiбаев/

18. Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

/ Б.Бөрiбаев/


19. Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


20. Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

/ Б.Бөрiбаев/


21. Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып,


Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.


Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.


Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

/Б.Бөрiбаев/






Поурочное планирование для 2-го класса (на казахском языке)
  • Информатика
Описание:
1-сабақ

 Сабақтың тақырыбы:    Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - компьютермен тереңiрек таныстыру.

 

                                      - ақпарат туралы бiлiмдерiн кеңейту.

 2-сабақ 

Сабақтың тақырыбы:    Көз жаттығулары. Қайталау.

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға көздiң қызметi жөнiнде мағлұмат беру;

 

                                      - шығармашылық жұмыстарға бейiмдеу.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы:  «Терiстеу» ұғымы

Сабақтың мақсаты:

       1. “Терiстеу” ұғымын беру.

 

  1. Нысанның қарама-қасиеттерiн қайталау.
  2. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.
  3. Оқушылардың өзiндiк танымдық iс-әрекетi мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.
Автор Ниеткалиева Аксамал Суингалиевна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 675
Номер материала 47621
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓