Главная / Другое / Поурочный план по казахскому языку на тему: "Әл- Фараби туралы аңыз"

Поурочный план по казахскому языку на тему: "Әл- Фараби туралы аңыз"

Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби туралы аңыз.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға аңыздағы кейіпкердің тарихи тұлға екендігін түсіндіру.
Мәтін мазмұнын айтып, кейіпкерге мінездеме беруге үйрету.
Адамгершілік тәрбие беру.
Еріктілік, қабілеттілік, белсенділік, танымдықты дамыту.
Сабақтың типі: сұхбат
Сабақтың түрі: топпен, жеке жұмыс
Сабақтың әдісі:
интерактивті-модульдік, проблемалық, ойын.
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, тарих, музыка, сурет.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Сабақтың мақсатын айту.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІY.Теориялық білім.
Сөздік:
өнерпаз- умелый
тарту- играть
мәз- довольный
қайғы - печаль

Әл-Фараби туралы аңыздың да танымдық,тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың естіп білгені жөнінде әңгімелей отырып, тірек сызбамен көрсетеміз.











Әбу Нәсір Әл-Фараби












Ұлы ғалым,энциклопедияшы, философ

870 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар маңында туған (қазіргі Шымкент обл.)

Бағдад,Алеппо,Дамаск қаласында болды.

Отырар медресесінде оқыды.

Аристотель,Евклид,Промитей еңбектерімен таныс.

150-ден астам ғылыми еңбектері бар.

«Музыканың ұлы кітабы », «Ғалымдар тізбегі» «Оргон» «Ізгі қаласының тұрғындарының көзқарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Бақытқа жету»т.б.

Математика,астрономия,архитектура, медицина ғылымдарын жетік меңгерген

Жақсы музыкант болған. Ол домбыра, қобыз секілді аспап түрлерін жасаған.

Түрік,парсы,араб,грек,латын,тілдерінде еркін сөйлеп, жаза білген.

Бізге 50-ден астам еңбектері жеткен.

950 жылы 80 жасында Шам қаласында қайтыс болған.

Оқулықтағы мәтінді оқып,Әл-Фрабиді де «Аңыз - әңгіме кейіпкері»кестесіне жазамыз.

  1. Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы еңбексүйгіш,білімді,өнерлі,қарапайым адам болуға тәрбиелейді.

«Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны.

Мұғалім мәтінді оқуды тапсырады.Шеңбер бойымен отырамыз.Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып,кез келген ойыншыға нұсқайды.Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

  1. Тағы да оқимыз. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз, әңгімені толықтырамыз. Сағат тілінің бағытымен қайта бастаймыз.

  2. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз,жеңімпазды құттықтаймыз.

V. Үй тапсырмасы: Әл-Фараби туралы реферат жазу.





Поурочный план по казахскому языку на тему: "Әл- Фараби туралы аңыз"
  • Другое
Описание:

Данный урок позволил активизировать внимание учащихся и способствовал развитию творческого мышления. На уроке школьники чувствовали свою успешность, свою интеллектуальность. Урок был организован таким образом,что практически все учащиеся были вовлечены в процесс познания, они имели возможность сами рассказать, что они знают о глобусах. Совместная деятельность учащихся помогла каждому внести свой особый индивидуальный вклад, обменяться знаниями. Причем происходило все это в атмосфере доброжелательности и взаимной поддержки, что позволило развить познавательную деятельность в форме сотрудничества. Учащиеся учились взвешивать альтернативные мнения, и принимать продуманные решения, общаться с другими детьми.

Автор Омарова Салтанат Токтарбаевна
Дата добавления 11.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 177
Номер материала MA-066828
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓