Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: қанатты достар

Сабақтың  мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Қазақстанда мекендейтін құстары туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру. тақырыбында білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін  кеңейту.  Танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:  елімізге, оның табиғатына, құстарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, мемлектіміздің табиғатын, құстарын қадірлеуге баулу;

Көрнекілік  материал:  суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың   типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу

Сабақтың  әдісі:   көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, география             

                                    Сабақтың      барысы:

Ұйымдастыру.

Оқушылармен танысу тренингін өткізу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.

Бағалау парақтарын тарату.

Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап.

- Өткен сабақтың тақырыбы қандай болды?

-Табиғат деген не?

- Табиғатты қорғау қажет пе? Сен табиғатты қалай қорғайсың?

І.Тыңдалым. мәтін түсініп тыңдау

Құстар мекені.   

     Ырғыз, Торғай көлдері – су құстарының тұрақты мекені. Мұнда аққудың негізінен 2 түрі кездеседі. Ал жабайы қаздар мен үйректер өте көп. Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.

Бұл мәтінде не  туралы айтылған? Олар қандай құстар деп ойлайсыңдар?

ІІ. Жаңа  тақырыпқа  шығу. Қызығушылығын  ояту. (3 минут)  Балалар, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

 

 1.Суықтан да тоңбайды,

    Құрт-құмырсқа шіркейден,

    Бау-бақшаны қорғайды.   (торғай)

 2. Жем көрсе, шықылықтап қалтаңдайды,

    Сескенсе, жыпылықтап жалтаңдайды.   (сауысқан)

3.Екі айыр құйрығы,

    Қияқ мұрт қанаты.

    Ұшқырлардың жүйрігі.  (қарлығаш)

4.Тоқылдатып, мазаны ап,

    Ағаштарды тазалап,

    Орманды емдейді,

    Зиянкесті жазалап.   (тоқылдақ)

5.Айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.  (аққу)

Интерактивті тақтада шторка құралымен сурет көрсетіледі. Оқушылар жұмбақтарына жауап алады. Осы көрсетілген сурет туралы пікір алысады.

воробей сорока ласточка5

дятел2 лебеди соловей4

 

Негізгі кезең.

1. Жаңа сөздермен танысу:

 

Ғажайып құс - удивительная птица

Ерлі-зайыптылар – муж и жена

Жұптарын жазбайды – не расстаются друг с другом

Келін түсіреді – приводит невесту

Әке-шешесінің рұқсатымен – с разрешения родителей

Еншісін алып, бөлек ұя салады – выделяется в отдельную семью

Топ бойынша жұмыс.

2. Оқылым.                            Гоацин деген бір құс бар.

    Гайанада гоацин деген бір ғажайып құс тіршілік етеді.

    Ол тек қана жапырақ жейді.Оның тауыққа да, көкекке де ұқсайтын жерлері бар.

    Гоациндер ұясын үлкен ағаштың ең биік басына салады. Жанұялары берік. «Ерлі-зайыптылары» өмір бойы жұптарын жазбайды.Балапандары үш жасқа дейін ұясынан кетпейді. «Іні-қарындастарын» тәрбиелеуге көмектеседі. Үш жылдан кейін гоацин балапаны басқа ұядан «келін» түсіреді. Содан кейін ғана әкшешесінің рұқсатымен еншісін алып, бөлек ұя салады.

Мәтінді іштей оқу,  дауыстап мәнерлеп оқу.

1-тапсырма:  Кестені толтыру

 

Берілген сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

    Гайанада гоацин деген бір ғажайып құс тіршілік етеді.

 

*

 

2

Олар тек қана жапырақ жемейді.

 

*

3

Гоациндер ұясын үлкен ағаштың ең биік басына салмайды.

 

*

4

Балапандары үш жасқа дейін ұясынан кетпейді.

 

*

 

5

 Үш жылдан кейін гоацин балапаны басқа ұядан «келін» түсіреді.

*

 

6

Содан кейін ғана әке-шешесінің рұқсатымен еншісін алып, бөлек ұя салады.

 

*

 

Жалпы ұпай саны:

 

 

 

ОҚУШЫНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ

 

 

Тапсырмалар

Тапсырмаға берілетін ұпай

Оқушының жинаған ұпайы

1-тапсырма: Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.

 

5 ұпай

/1сөйлем - 1 ұпай/

 

2-тапсырма:  Берілген етістікті нақ осы шақта жіктеу: «тазалап жатыр »

 

5 ұпай

 

 

3-тапсырма:   Берілген етістікті үш шақта жазыңдар: «қорғау»

6 ұпай

/1 сөз- 2ұпай/

 

4-тапсырма:  Көп нүктенің орнына баяндауышты қойып жазыңдар.

Біз табиғатқа зиян .....    .

( бермейміз, келтірмейміз, қорғаймыз)

 

5 ұпай

 

5-тапсырма: Диалог құрастыру

10 ұпай

/1сұрақ-жауап-2ұпай/

 

6-тапсырма: Сөйлеу

10 ұпай

/1 сөйлем – 2ұпай/

 

Жалпы ұпай саны:

 

 

 

«5» - 90-100 %  46-50 ұпай

«4» - 75-89 %    39-45 ұпай

«3» - 50-74 %    26-38 ұпай

«2» - 50 % төмен   0-25 ұпай

-Тексеру

III.Жазылым –дәптермен жұмыс

1-тапсырма: Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.

2-тапсырма: Берілген етістікті  нақ осы шақта  жіктеу:    тазалап жатыр

3-тапсырма: Берілген етістікті үш шақта жазыңдар: «қорғау»

4-тапсырма: Көп нүктенің орнына баяндауышты қойып жазыңдар.

Біз табиғатқа зиян .....    .

( бермейміз, келтірмейміз, қорғаймыз)

IV. Тілдесім

5- тапсырма:

1топ. Табиғат тазалығын сақтайтындар – біздер.

Диалаог немесе монолог арқылы дәлелдеу.

2топ. Ағын су-өмір, тоқтау су-өлім. 3топ. Қорытындылау.

                                         Сөздікпен жұмыс

                                             

         «Табиғатты
   қорғауға   болады»
  (түсінгенін дәлелдеу)
 

 


     

сөйлесу                                                                               түсіну

 

 


                                                      

                                                  жазу

Бейнефильм тамашалау 3мин 50 сек   

ІІІ. Рефлексия Қорытынды. Салыстыру әдісі. (5 минут)

Контейнер: Су құстарын және қанатты құстарын ажырата білу.

Көріністі сөйлету

6-тапсырма:  берілген тірек сөздер арқылы көріністі сөйлету: аялау, күту, тазалау, егу, ластамау, лақтырмау, бұзбау, келтірмеу, бүлдірмеу...

-         Табиғатты қорғау үшін қандай үлес қосар едің?

Бағалау. Өз-өзін бағалау, бір-бірін бағалау.Парақтарын тапсыру.

Үй тапсырмасы: 1) Құстар – біздің достарымыз.

                                     2) Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау

                                     3) Жаңа сөздер жаттау, олармен 5  сөйлем құру.

 Сабақтың тақырыбы: Ақша. Тауар.

Сабақтың мақсаты:  Б: әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрете отырып, жаңа сөздерді меңгерту, сөйлесім әрекеттерін әрі жандандыруға арналған тапсырмалар орындау, мәтіннен  сурет бойынша оқушылардың өз өйын айта білетін дәрежеге жеткізу,

Қазақ тілінде сөйлеудегі танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

                                    1)- Оқушылармен сәлемдесу.

2)- Кезекшімен сұхбаттасу.

3)-Үй жұмысын тексеру.

II.Мотивация кезеңі:

4.Көңіл-күйлерін қалай?

Сабаққа қызығушылық ояту.

Сөздер, сөз тіркестерімен жұмыс.

5. Тренинг«Бинго» ойынын ұйымдастыру.Сөздерді қайталау.Мұғалім орыс тілінде береді, оқушылар аудармасын тауып, ар, зарплатбелгілейді.Бір оқушы тақтаға жазады.

Орыс тілінде: товар, магазин, деньги, рыба, сок, продавец, мясо, рис, нац.валюта, саха,  масло, мера стоимости, напиток,

Қазақ тілінде:Тауар, ет, балық, дүкен, ақша,күріш, сусын, шырын, май, қант, құн өлшеуіш, ұлттық валюта, сатушы,

III. «Бинго» ойынын ойнату.Сөздер орыс тілінде оқылады, оқушылар сөздерді аударып, белгілейді. Бірінші толтырған оқушы жеңімпаз болады.

 

 

Рыба

балық

 

 

   Молоко

     сүт

 

 

       Товар

       тауар

 

 

 Зарплата еңбекақы

 

 

 

Рис

күріш

 

 

  Деньги

    ақша

 

 

     Продавец

        сатушы

 

 

 

 Нац.валюта  ұлттық валюта

 

 

Напиток

сусын

 

  Магазин

    дүкен

 

    Масло

     май

 

Мера стоимости

кұн өлшеуіш

    

 

 

4.Тыңдалым (Мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді тыңдату)

 Мәтінді түсініп  тыңдау

        Ақша 6000 жыл бұрын өмірге келген еді. Көбіне түсті металл немесе қағаздан жасалған ақшалар қолданылады.

         Он сегіз  жыл бұрын ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Төрт алып «Ил-76» жүк ұшағы Алматыдан Лонданға ұшып шығып, Англиядан Қазақстанның ондаған тонна валютасын әкелді. Бұл құпия операция еді.

 

- Бұл мәтінде не туралы айтылған? Негізгі ойын дәптерге жазыңдар.

 

5. Оқылым (мәтінмен жұмыс)

Ақшаның шығу тарихынан.

«Ақша-халық байлығы». Ақша пайда болмаған кезде адамдар бір-бірімен зат айырбастау арқылы сауда жасасты. Жібек жолы заманында темір және ыстан жасалған ақшалар болған, оларды шелекпен тасып үрген. Олардың даңғырынан «даңғыр» деп аталып, «даңға» немесе түркі тіліндегі «таңға» сөзі шыққан. Ақша құнын, оның толығу жолдарын жақсы білген.

Соған орай мынадай мақалдар қалыптасқан. «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер», «Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады».

 

1. Іштей оқу   2. Дауыстап оқу  3. Мәнерлеп оқу                   

- Балалар, мәтінде не туралы айтылған?

- Кім мазмұнын айтып бере алады?

6. Жазылым. Дәптермен жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

1- тапсырма. Сөздерді жұптастырыңыз және сөйлем құраңыз.

1

2

3

4

5

жарты

Қап

Дана

Литр

Метр

Қорап

Килограмм

Қаймақ

Жіп

Анар

Картоп

Сіріңке

Сәбіз

 

 

 

 

2. Септік жалғауларын сәйкестіріңдер.

 

Теңге(Т.с), дүкен(Ж.с), еңбекақы(Б.с), тауар(І.с), ақша(К.с), байлық(Ш.с), азық-түлік(А.с)

3. Мына сөйлемге сатылай комплексті талдау жасаңдар.

 

Біз тауарды ақшаға сатып аламыз.

 

7. Сергіту сәті.

8. Тілдесім. Сөйлесу.

 I - топ  «Киім дүкенінде»

 II - топ «Азық-түлік дүкенінде»      

 III -топ « Асханада»

9. Айтылым.

 

 


Ой толғаныс кезеңі: 

Мына мақалдың  «Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер» мазмұнын дәлелдеу.Өз ойларыңды айту.

Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтып беру.

10. Тілдесім. Мына көріністі кім сөйлетеді?

Көрнекілік топамасын көрсету.

III. Үй жұмысын беру кезеңі:

1. Жаңа сөздерді жаттау.

2. Мәтінді оқып,әңгімелеу.

3. Шағын шығармаға дайындалу « Егер менде бір миллион ақша болса...»

IV. Бағалау кезеңі: Оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Елнұрдың туған күні

Сабақтың мақсаты:  Б: әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрете отырып, жаңа сөздерді меңгерту, сөйлесім әрекеттерін әрі жандандыруға арналған тапсырмалар орындау, мәтіннен  сурет бойынша оқушылардың өз өйын айта білетін дәрежеге жеткізу,

Қазақ тілінде сөйлеудегі танымдық белсенділігін арттыру.

Сабақтың барысы:

 

I. Ұйымдастыру кезеңі:

                                   1. - Оқушылармен сәлемдесу.

-         Кезекшімен сұхбаттасу.

-         Бүгін аптаның қай күні?                                                                           

-         Жылдың қай мезгілі?

-         Күздің нешінші айы?

-         Күзгі табиғатты сипаттау.

-         Сендерге күз жыл мезгілі ұнайды ма?

II.Мотивация кезеңі:

1.     Көңіл-күйлерін көтеру тренингі «Кел танысайық!»

2.     Басымызды сипаймыз жақсы ойлау үшін, құлағымызды сипаймыз жақсы есту үшін, көзімізді сипаймыз жақсы көру үшін, алақанымызды сипаймыз жақсы баға алу үшін. Ал, балалар сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

III.Сабаққа қызығушылық ояту - ән тыңдату.

- Бүгін қандай күн?

- Ерекше күн.

- Неге ерекше күн?

- Себебі тақырып ерекше. Бүгін туған күн туралы әңгімелейміз.

 

 

VI.Тыңдалым (Мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді тыңдату)

 Мәтінді түсініп  тыңдау.

     Оның достары өте ақылды, адал және мейірімді. Себебі ол өзі де оқу озаты, білімді, әдемі қыз. Біз оны қатты сыйлаймыз. Оған үлкен жұмсақ қоян сыйладық.

- Туған күнің құтты болсын! – деп бәріміз құттықтадық.

- Ол кімнің туған күні деп ойлайсыңдар?

        

- Бұл мәтін кім туралы?

- Ол қандай дос?

V.Оқылым.  Мәтінмен жұмыс. Іштей және дауыстап, түсініп оқу. Тілдесу.

     

          Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және түрлі гүлдермен безендіреді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киеді. Ол туған күніне кірпіні, түлкіні, қасқырды шақырады.

- Туған күнің құтты болсын, Ақ Қоян!- деп, бірінші Кірпі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді.

- Бауырым, Қоян, туған күнің құтты болсын! –деп Қасқыр шоқ қалампыр гүлін ұсынды.

-Аю неге кешікті? - деп төртеуі бір-біріне қарады.

Біраздан соң есік артынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.

- Туған күнің құтты болсын! – деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай сорайып, ұзарып кетті. Содан бері қоянның құлағы ұзын екен.

- Бұл мәтіннің мазмұны кімге таныс болды?

- Бұл ертегі қалай аталады, кім біледі?

                 

- Балалар, мәтінде не туралы айтылған?

- Кім мазмұнын айтып бере алады?

 

 

Р\с

 

Берілген сөйлемдер

 

Дұрыс

 

Бұрыс

 

1.

 

Қоянның достары кірпі, түлкі, қасқыр.

 

 

 

 

 

2.

 

 

Кірпі, қасқыр, аю қоянға ақша, құлақшын, ойыншық сыйлады.

 

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

Аю кешігіп, қоянға бал әкелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

 

Қоянның құлағы ұзын емес.

 

 

 

 

 

- Балалар, қоянның құлағы ұзын ба? Не себептен ұзын?

 

Сонымен, топтау әдісі бойынша толықтыру.

 

 Туған күн

 

                                              

 

 

 

 

VI. Жазылым. Дәптермен жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

1- тапсырма.

 

2.Септік жалғауларын сәйкестіріңдер.

 

Гүл(Т.с), аю(Ж.с), қасқырға(Б.с), кірпі (І.с), достар(К.с), байлық(Ш.с), түлкі(А.с)

3.Мына сөйлемге сатылай комплексті талдау жасаңдар.

Катя кешігіп келді, ол кешірім сұрады.

VII.Сергіту сәті.

VIII.Тілдесім. Сөйлесу.

 «Менің туған күнім»

 

IX.Айтылым.

Ой толғаныс кезеңі: 

Мына мақалдың  «» мазмұнын дәлелдеу.Өз ойларыңды айту.

X.Тілдесім. Мына көріністі кім сөйлетеді?

Көрнекілік топамасын көрсету.                                                   

XI.Үй жұмысын беру кезеңі:

1. Жаңа сөздерді жаттау.

2. Мәтінді оқып,әңгімелеу.

3. Шағын шығармаға дайындалу «Ең қымбат сыйлық...»

XII.Бағалау кезеңі: Оқушылардың білім деңгейлерін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Менің бөлмем

С\мақсаты:

Б.Тақырып  бойынша бөлменің заттарымен таныстыру, сөздерді меңгерту.Айтылым,жазылым,оқылым,тыңдалым, тілдесім әрекеттерін іске асыру.

Д.Бөлменің тазалығы туралы мәтін бойынша әңгімелеу, сөздік қорын байыту арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.

Т.Білімденуге, еңбектенуге, денсаулықты нығайтуға тәрбиелеу.

С\міндеттері:

1. Бөлменің заттар атауларын меңгереді;

2. Фонетика саласын қолданады;

3.Оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін белсендіретін тапсырмаларды орындайды.

С\типі: жаңа сабағы.

С\әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,сөйлету, көрсету,үйрете-бекіту

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа ынталандыру.

Тапсырмалрды деңгейлетіп орындату және ұпайларын шығарып отыру.

Оқушылардан мақсаттарын сұрау

I. Дәптермен жұмыс. Жазылым.

3-деңгей

1)  Бөлменің заттар атауларын жазу:

Үстел, төбе, қабырға, еден, есік, орындық, диван, екі кресло, төсек орын, шам, төсеніш, айна, кілем.                                         ауызша  тексеру      2ұпай                                      

3-деңгей

2) Сөздерді аудару-  

1. үстел-

2. орынды-

3. кілем-

4. еден-

5 төсеніш-                                                                                                  2 ұпай

II.  Жұмбақ шешу:  

                                                                                  

Арқасында азығы,
Бауырында қазығы.
 

 

 

 

 

 


                         

                                                                                   \ үстел \                    2 ұпай

III. Жазылым.      Деңгейлік тапсырмалар орындау.

2 деңгей.

3) Ашық буыны бар үш мысал келтір.   

4) Қазақ тіліне тән дыбыстары бар мысалдарды теріп жаз.

( үстел, үйде, терезе, әйнек, қабырға, еден, сурет, бөлме, мысық)                                                                           

5) «Пәтер» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

6) Менің үлкен ағам Астана қаласында тұрады. Оның екі баласы бар. Олар мектеп оқушылары. Мен қысқы демалысымда ағама қонаққа бардым. 

Бұл сөйлемдерді орыс тіліне аударыңдар.                                             8 ұпай

IV. Тыңдалым(мұғалімнің дауысымен жазылған – түсініп тыңдау)    

 

         Менің әкем үлкен ағаш үй салды. Мен атаммен айналасына қайыңдар отырғыздым. Аула таза, кең, гүлдер өте көп. Үйде бес бөлме. Менің бөлмем сол жақта. Бөлмем жарық және өте әдемі. Мен бөлмемді таза ұстаймын№

-         Бұл қала үйі ме? -Үй неден салынған?

-         Мәтіннен ашық буынды сөздерді теріп жазыңдар.

 

V.  Жағдаят-ситуация   Сөйлесу

 

1-топ.

- Сәлеметсіз бе? Мен сізді көптен көрген жоқпын.

- Сәлеметсіз бе? Иә, үйім осы жақта болғанда жиі кездесуші едік.

- Қай жерге көштіңіз, үйіңіз жұмыстан алыс па?

- Үйім қаланың ортасында, жұмысқа жаяу барамын.

- Жаңа үйіңіз қайырлы болсын.

- Рақмет, қонаққа келіңіз, мекен жайымды жазып алыңыз: Естай көшесі, 110- үй 15-пәтер. Әзірше телефоным жоқ.

-Сау болыңыз!

-Сау болыңыз!

2-топ.

......

-         Пәтеріңіз қыста жылы ма?

-         Биыл бірінші рет қыстаймыз.

Мына жағдаятты сұрақ-жауап арқылы  жалғастыр.

VI. Сергіту сәті.

 

 VII.  Оқылым.      

 Негізгі кезең.

1.Жаңа сөздермен танысу(2-3мин):

Шешен – оратор, умелец                                   Белгілі - известный

Сағыну – скучать                                               Аңсау - тосковать

Жақтамау – не поддерживать                            Рахаттану - наслаждаться

Жамау - дыра

VIII. Мәтінмен жұмыс.

       Алыста, жол-сапарда жүріп, үйін сағынып, аңсап келген кісі кейде осылай дейді.

        Жұртқа белгілі Жиренше шешен туралы әңгіме: Хан оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ Жиренше ханның сөзін жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ханның алтындай сарайынан, өзінің үйін сағынып келеді. Өз үйіне келгенде, ол рахаттанып, бой жазып қалады екен. Үйі өте кішкентай: киізі қырық жамау екен. Сонда ол былай деген: «Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім.»

  Мәтінді іштей оқу,  дауыстап, мәнерлеп оқу. Мәтіннің мазмұнын ауызша айтып беріңдер.

 

IX. Айтылым.

 

Тақырыбы: « Қонақ келсе құт келер»(5-6 сөйлем)

 

X Тілдесім.

 «Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттеге көріністі сөйлету.

 

XI. Қорытындылау.Бағалау.

Бүгін сабақта алған білімдеріңіз қажет пе? Сіздер оны қолдана аласыңдар ма? Қашан? Қалай?

XII. Үй жұмысы: Өз бөлмең туралы әңгімеле.

                        Жаңа  сөздерді жаттау, 5 сөйлем құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Данный урок позволил активизировать внимание учащихся и способствовал развитию творческого мышления. На уроке школьники чувствовали свою успешность, свою интеллектуальность. Урок был организован таким образом,что практически все учащиеся были вовлечены в процесс познания, они имели возможность сами рассказать, что они знают о глобусах. Совместная деятельность учащихся помогла каждому внести свой особый индивидуальный вклад, обменяться знаниями.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.08.2020 141
    • DOCX 3.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Виниченко Наталья Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Виниченко Наталья Васильевна
    Виниченко Наталья Васильевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 78907
    • Всего материалов: 229

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе