Главная / Информатика / Поурочный план на тему "WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi" (6 класс)

Поурочный план на тему "WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi" (6 класс)



Пән: Информатика Сынып: 6 Күні:

Тақырып: WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi.

Мақсат: Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды WORD мәтіндік редакторымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;

ә)кабинет жағдайы;

б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?

  2. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?

  3. Растрлық және векторлық графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

  4. Paint құрал-саймандарын атап шығыңыз?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие.

  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;

  • кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;

  • емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;

  • іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді және Шаблонды пайдалану;

мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  • математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • растрлық графикаларға арналмаған.

Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен қосуға болады. Ол үшін келесі команданы орындаймыз:

Пуск – Программы - Microsoft Office - MS Word.

Мәтіндік процессорды іске қосқаннан кейін экранда қосымша терезе бейнеленеді. MS Word терезесінің негізгі элементтері барлық Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Әдеттегі редактор терезесінің жоғары бөлігіне негізгі меню бар: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама.

MS Word-пен жұмыс істей отырып, негізінде, екі құрал-саймандар тақтасын пайдаланасыз: суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақтасы мен Форматтау тақтасы. Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмалардың көбісі менюге кіруге оңай, жиі қолданылатын командаларды қайталайды. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау шығады.


Сергіту жаттығулары (2 мин)


5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. MS Word процессорын қалай іске қосуға болады?

  2. Стандартты тақтасына қандай операциялар жатады?

  3. Форматтау тақтасына қандай операциялар жатады?

  4. Жаңа MS Word құжатты қалай ашады:

  5. MS Word құжатын қалай сақтауға болады?

Тапсырма.

MS Word – пен танысу.

1. MS Word мәтіндік процессорды таныс әдістердің бірін пайдаланып ашыңыз.

2.Құрал-саймандар тақтасындағы Стандартты, Форматтау белгілерін қараңыз, ол үшін оларға тышқан сілтемесін әкелсе жеткілікті.

Анықтама менюінен Стандартты құрал-саймандар тақтасының әрбір пункті бойынша ақпаратты табыңыз.


6)Сабақты қорытындылау және бағалау.

Оқушыларға WORD мәтіндік редакторымен жұмыс жасау туралы жалпы мағлұмат беру.


7) Үйге тапсырма § 7.1, бет. 63-66

WORD – пен танысу.



Поурочный план на тему "WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi" (6 класс)
  • Информатика
Описание:

Пән: Информатика Сынып: 6 Күні:

Тақырып: WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi (меню), құрал тақтасы мен кезеңдерi.

Мақсат: Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды WORD мәтіндік редакторымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Автор Қуат Айнұр Серікжанқызы
Дата добавления 28.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров 363
Номер материала 58476
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓