Главная / Музыка / поурочный план на 3 класс

поурочный план на 3 класс

Музыка 3 сынып
Тақырыбы: Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?

Мақсаты:
а) білімділігі: ән, күй, би, марш жанрларының күрделі музыкаға ұласуын түсіндіру, опера ұғымы туралы түсінік беру, музыкалық ертегі операмен таныстыру, әнді динамикасымен айтып үйрету.
б) дамытушылық: ойын технологиясын пайдалана отырып, балалардың шығармашылығын дамыту, ойлау қабілетін дамыту
в) тәрбиелігі: бірлікке, достыққа, тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ - жауап, ребус шешу.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: тсо, магнитофон, баян, домбыра, тірек сызбалары

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық
«Мы разные ребята» муз: Д. Кабалевского орындау.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Музыка нені бейнелейді?
б)«Біз бақытты балдырғандар»әнін жаттап келу.
в) жеке дауыста орындату.
г) хормен орындату

Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ: Әуенді тап ойыны арқылы музыка жанрларына ажырату.
- Балалар, музыканың қандай жанрларын білесіңдер?
- ән, би, күй, марш жанрлары
- «Әуенді тап» ойыны арқылы музыка жанрларын ажыратыңдар
1 «Ағаш әскерлер маршы» П. И. Чайковский тыңдау
2 «Полька» М. Глинка тыңдау
3 «Қосалқа» халық күйі тыңдау
4 «К нам приходит новый год»муз: В. Герчик. сл: З. Петровой
- Жарайсыңдар, музыкаға байланысты суреттер тақтаға ілінеді.
( МАРШ ӘН БИ КҮЙ)

- Бүгінгі, сабағымыздың тақырыбы:
Ән, би, күй марш қайда жетелейді?- деп аталады.
ОПЕРА БАЛЕТ СИМФОНИЯ
сияқты күрделі музыкаға жетелейді. Бүгінгі сабағымызда ән жанрына ерекше тоқталамыз.
Музыкалық сауат: Ән - операға жетелейді. Опера күрделі музыкалық жанр.
ОПЕРА
КІРІСПЕ БӨЛІМ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ФИНАЛ (соңғы бөлім).

Үш бөлімнен тұрады. Операда ән айтылады, би биленеді, дуэтпен, жеке дауыста ән айтылады, хормен ән айтылады. Барлық музыка сахнада орындалады. Осыған орай «Қасқыр мен жеті лақ» музыкалық ертегі операмен танысамыз. Бәріміз теледидарға көңіл аударайық. Ертегіден үзінді көреміз.
Музыканы тыңдағанда қасқырдың дауысына, ешкінің дауысын және лақтардың дауыстарын бақылап отырамыз.
Музыка тыңдау:

1. Кіріспе «Сказка к нам пришла» тыңдау
2Негізгі бөлім «Ярмарка» тыңдау
3.«Песня козлят и волка» тыңдау
әні: М. Коваль.

4. Финал «Мама»әні орындау
Қасқырдың дауысы қалай орындалып тұр?
Ешкінің дауысы қалай орындалып тұр?
Лақтардың дауысы қалай орындалып тұр?

Дауыс жаттығуы «Өз орныңды тап» ойыны арқылы до мажор гаммасын құрастырып, әуенімен орындау.
Ойынның шарты:
Әр сатыда адасқан ноталар орналасқан, соны тауып ретімен орналастыру қажет.
- Жарайсыңдар, әнімен айтып жіберейік, стаккатомен орындайық.

Жаңа ән үйренейік: Бүгінгі сабағымыз ән жанрына арналғандықтан қазір
композитор К. Қуатбаевтың «Ән сабағы» әнін үйренейік.
1Хормен оқу
2Әуенімен таныстыру
3 Динамикасымен орындау

Бекіту: Ребус шешейік.
1 Марш, күй бізді қайда жетелейді?
2 Операның бірінші бөлімін ата.
3 Жеті лақтың анасын ата.
4 Музыка жанры.
5 Ән бізді қайда жетелейді?

Қорытынды: Музыканы қайта тыңдай отырып, импровизация
Үйге тапсырма: Ән жаттап келу

поурочный план на 3 класс
  • Музыка
Описание:

Ән, күй, би, марш қайда жетелейді? поурочный план на 3 класс по музыке Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ: Әуенді тап ойыны арқылы музыка жанрларына ажырату.
- Балалар, музыканың қандай жанрларын білесіңдер?
- ән, би, күй, марш жанрлары
- «Әуенді тап» ойыны арқылы музыка жанрларын ажыратыңдар
1 «Ағаш әскерлер маршы» П. И. Чайковский тыңдау
2 «Полька» М. Глинка тыңдау
3 «Қосалқа» халық күйі тыңдау
4 «К нам приходит новый год»муз: В. Герчик. сл: З. Петровой
- Жарайсыңдар, музыкаға байланысты суреттер тақтаға ілінеді.
( МАРШ ӘН БИ КҮЙ)

- Бүгінгі, сабағымыздың тақырыбы:
Ән, би, күй марш қайда жетелейді?- деп аталады.
ОПЕРА БАЛЕТ СИМФОНИЯ
сияқты күрделі музыкаға жетелейді. Бүгінгі сабағымызда ән жанрына ерекше тоқталамыз.
Музыкалық сауат: Ән - операға жетелейді. Опера күрделі музыкалық жанр.
ОПЕРА
КІРІСПЕ БӨЛІМ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ФИНАЛ (соңғы бөлім).

Автор Халимова Гульзипа Абдугалиевна
Дата добавления 24.04.2015
Раздел Музыка
Подраздел Планирования
Просмотров 888
Номер материала 58216
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓