Инфоурок Физика КонспектыПәнаралық байланыс элементтері бар сабақтардың жоспарлары. Cабақтың тақырыбы: “Электромагниттік толқындарды экспериментте бақылау ”

Пәнаралық байланыс элементтері бар сабақтардың жоспарлары. Cабақтың тақырыбы: “Электромагниттік толқындарды экспериментте бақылау ”

Скачать материал

2.4 Пәнаралық байланыс элементтері бар сабақтардың жоспарлары Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты сабақ сапасын көтеру. Ол үшін сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру керек. Сондықтан қазіргі заманғы талаптарға сай, сабақтың құрылымдық схемасы бойынша ең бірінші қойылатын талап – жаңа өтілетін тақырыптың  өзектілігін түсіндіріп, оқушыларды қызықтыру.

Әр сабақта жаңа тақырыпты түсіндіру үшін бір ғана әдіспен шектелмей, сабақты түрлендіріп өткізуге тырысу керек. Жаңа сабаққа оқушыларды қызықтыра алсақ, олардың үлгерімі жақсарып, білімі кеңейеді.

      Осындай пәнаралық сипаттағы сабақтарға мысал келтіре кетейін.

Cабақтың тақырыбы: “Электромагниттік толқындарды экспериментте бақылау ”

 Сабақтың мақсаты:

1.         Электромагнитті толқындарды кім, қандай эксперимент жасап ашқанын білу.

2.         Оқушының ойын дамыта отырып, есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру. Тәжірибені түсіндіріп, қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру.

3.         Ғылыми көзқарасқа, ғылымға, білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Г.Герцтің суреті, схемалар, қосымша әдебиет.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы:

1.           Ұйымдастыру кезеңі

2.           Үй тапсырмасын сұрау

3.           Өткен тақырыпты пысықтау

а) Толқын дегеніміз не ?            

     ә) Толқынның қандай түрлерін білеміз ?

     б) Көлденен, құма толқын дегеніміз не ?

     в) Толқындардың ең негізгі қасиеті не ?

     г) Толқын ұзындығы дегеніміз не ?

     д) Толқын жылдамдығы толқын ұзындығымен қалай байланысады ?

     е) Көлденең және құма толқындарға мысал келтіріңдер.

5. Жаңа сабақ

     Механикалық толқындардың зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесудің арқасында пайда болатынын қайталап, жаңа материалдарды оқулықта берілген мәтін бойынша әңгімелеп түсіндіру. Оған қосымша Г.Герцтің өмірбаянына толығырақ тоқталу.

    Ұлы Абай 1886 жылы “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жазғанда Генрих Герц (1857-1894)  өзінің өлмес мұрасын мәңгілікке қалдырды.

Герц жақсы оқып,ұғымды саралау мен тапқырлыққа келгенде алдына жан салмайтын маңдай алды болған.

Әкесі сенатор, шешесі үй шаруасында болған. 1864 ж. болашақ атақты ғалым шолақ шалбарымен гимназияның 1- ші сыныбына барған еді.

Максвелл электромагниттік толқын теориясын жасағанда оның мұғалімі еске алғандай, Герцтің ерекшелігі – барлық пәнді бірін қалдырмастан – мысалы, физика мен араб тілін қатар қадірлеген. Ол өлен шығарып, токарь станогында әлдебір нәрсені жонғанды ұнатқан.

Он сегіз жасында Г.Герц техникалық мектепте оқыды. Генрих жалпы мазмұндағы әр түрлі пәнді, мысалы физика мен математиканы оқып-үйренгенше барлығы да көңілдей жүріп жатты. Ал, іс-кәсіби бағдарға жеткенде, яғни Герцтің өміріне сай қызметтің бағытын анықтайтын нақты техникалық курсын тандағанда, ол өз шешімін кенеттен өзгертеді. Герц Мюнхен жоғары техникалық мектебін тастап, Берлин университетіне түседі, ол кездегі әйгілі неміс физигі Герман Гельмгольц оның жетекшісі болып белгіленеді. Оқушылар қатарында да Кирхгоф сияқылды атақты адамдар болған. Берлин университетіне түсісімен Герц физика лабораториясында ғылыми жұмыспен айналыса бастауға бірден шешім қабылдайды.

Максвелл болжаған Герц ашқан электромагниттік толқын (1886) арқасында Максвелл теориясы, міне жүз жылдан аса, тіпті салыстырмалы теория да шайқалта алмаған қалпында – физиканың негізгі теориясы қатарында қалды. 1886 жылы жазда жиырма тоғыз жасар Герц үйленеді. Осы оқиға оған төтенше жемістілігімен әсер етеді. Сонымен, ұлы Абай күзде:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым ойлап қой.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

“Ондай болмақ қайда” деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз –

деп екі ұлы мен бір қызын Семейге оқуға жіберерде бата берсе, сол жылдың 4-ші қазанында Генрих Герц өз күнделігіне ескі зерттеу аппараты – Лейден банкасымен зарядтау кезінде индукциясы өлшенетін бірнеше сериялы тәжірибенің алғашқысын жазып шығады. Герцтің өзі мұндай жетістікті бақыт,олжа санағанымен, бұл тек бір ғана бөлігі еді. Соңынан айқындалғанындай, Герц тәжірибесіне ұқсас, әңгіме болғалы отырған және электромагниттік толқынның ашылуына алып келген тәжірибе, оған дейін шамамен он жыл бұрын жасалған болатын. Алайда ешбір зерттеуші Герцтей бірегей эксперименттік талантты, математика мен электродинамика саласында терең білімді меңгерген. Оның бір өзі ғана байқаған құбылыс – Максвелл тұжырымдаған электромагниттік толқынның өмір сүру салдары екенін табандылықпен аяқтап шықты. Герц жасаған қондырғы соншалықты қарапайым, кейде тіпті күдік тұғызады: осы бір орам өткізгіш және шарлар көмегімен болашақ радио және теледидар сияқылды күрделі заттарға өмір беретін толқын шығаруға бола ма? Қондырғы былайша жұмыс жасайды: ең әуелі шарлар арасында ұшқын пайда болады. Ұшқын, шын мәнісінде, секундтің жүздеген, миллиондаған үлесіндей үздіктелетін қысқа электр тогы еді. Герц ұшқынға таяу жерге өткізгішпен тұйықталған контур орналастырады. Бұл тізбектегі жалғыз аралық  - шағын шарлар арасындағы аралық болды. Герц тіпті ұшқын мен контур арсындағы бір жарым метрлік қашықтықта  екінші ұшқындық аралыққа дейін майда ұшқынның жалтылдағанын байқады. Ұшқын бірінші тізбекте пайда болған. Бұл ұшқындардың әлсіздігі сонша, оны байқап қалу үшін қараңғы бөлмеде ұзақ отырып, көздің майын тауысуға тура кеді. Ол қанша рет сынып жөнделді дейсіз. Герц өзінің жанкешті жұмысына өмірін арнағанын білеміз. Электромагниттік толқынның ашылуы кезіндегі жан күйзелісі Герц үшін оңайға соқпады. Алғашында көзінен айрылды, ол қараңғы бөлмеде ұстатуы қиын, материалды емес, дерліктей ұшқын аралығын ұзақ қарау салдары екені сөзсіз. Әйеліне қосымша қызмет – Генрих үшін оқып және жазу жүктелді. Сонан соң тісі сырқырады. Артынша құлағы мен мурыны мазасын кетірді. Ақыры ақ қаны көбейіп, 1894 жылы 37 жасар дарынды Герц дүние салды.

Өз жаңалығының жұлдызы жанғанын білмей кеткен оған, мейірбан мұрагерлері тағы бір ескерткіш тұрғызды: тербеліс жиілігінің бірлігі Герц есімімен аталды.

Біз әрдайым радиодан не теледидардан кезекті ғарыш жетістіктері тұралы естігенде ұлы Герцті еріксіз  құттықтағандай сезінеміз. Мегагерц – бұл миллион гнрц. Ал, герц – бұл Генрих Герц !

Оқулықтағы берілгенм тәжірибелерді түсіндіріп беру. Графопроектор арқылы көрсету.

Сабақты бекіту:

1.     Электромагнитті толқындарды кім тәжірибе жүзінде ашқан ?

2.     Қай елдің ғалымы ?

3.     Қандай қиыншылықтарды басынан өткізді ?

4.     Қандай тәжірибелер нәтижесінде алды ?

5.     Бізге қандай өсиет қалдырды ?

6.     Электромагнитті толқын жылдамдығы қандай ?

7.     Ашық тербелмелі контур дегеніміз не ?

8.     Электромагнитті толқындары қазіргі өмірде не үшін пайдаланады ?

Жаңа сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: § 30.  Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақтың тақырыбы: “Электр зарядының бірлігі”

Сабақтың эпиграфы: Сөйлемеген бала ойлай да алмайды

Сабақтың оқыту әдісі: Ұжымдық оқыту технологиясы

Сабақтың түрі: Семинар сабағы.

Бұл сабақта: “Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін” ұстанымы алға қойылады. Бұл әдістің артықшылығы – оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Осының ішінде толық баяндалатын(ҰОТ-мен өтілген)- жинақтап қорыту семинар сабағы.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік  мақсаты: Электр зарядының сақталу заңы, электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы туралы алған білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру, оны өзіне бағалату,ойлау қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

ә)Дамытушылық мақсаты: оқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту; әр оқушының білімдік, ұжымдық қабілетін ояту; есте сақтауын, ой-өрісін дамыту; сөзжұмбақ,ребус, “үйлестірме кесте” жасай білуге баули отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, танымдық белсенділігін арттыру.

б)Тәрбиелік мақсаты: көпшіл,ұйымшыл болуға баулу; ынтымақтастыққа,өзін-өзі басқаруға,бақылауға,байқағыштыққа жетелеу; білім деңгейіне қарамай серігін, кқршісін қадірлей білуге; эстетикалыққа,патриоттыққа, әр оқушының қабілетін дамытып, еңбек етуге баулу; кәсіптік бағдар беру.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: Баяндау,дәріс,кітап,қосымша оқулықпен жұмыс талдау, шешу (есептерді,сөзжұмбақ,ребус, жұмбақтар), сөйлеу, бағалау,көрнекілік, шығармашылық, тексеру.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, сызбанұсқа, электрометр, “мақтау парағы”, “озат” медалі, кеңесші лентасы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

       1.  Оқулық: “Физика” 10 сынып. Г.Я.Мякишев, Б.Б.Буховцев.

       2.Зейнолла Кариев Физика әлеміне саяхат.

       3. Р.Башаров, А.Б.Мәженов, С.Ш.Қабақанова, т.б. Физикада жазбаша жұмыстар және оларды тексеру әдістері Алматы. Рауан. 1996 ж.

       4. Г.Я.Мякишев , Б.Б.Буховцев Решение и ответы Минск. 1997 г.

       5. ИФМ. 2000 ж.№ 3.

       6. Химия мектепте” 2003 ж. № 5

Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия, технология, математика, қазақ   тілі, информатика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Жаңа материалды оқып үйрену

3. Бекіту жұмыстары

4.Үй тапсырмасын тексеру

5.Қорытынды

6.Бағалау

7. Үйге тапсырма

I Ұйымдастыру бөлімі (ой-маржан)

1.Электр термині қалай пайда болды? Янтарь таяқшасы жүнге, жібекке үйкегенде қағаз қиқымдарын тартады.

2.Электр зарядының екі таңбасы (оң,теріс)

3.Электр зарядының сақталу заңы.

Мұғалім- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ұжымдық оқыту технологиясы бойынша семинар сабақ түрінде өткізіледі. Әр топқа кеңесші, ассистенттер сайланады.Мысалы, сыныпта – 12 оқушы бар. Әр кеңесші 3оқушыдан.

Кеңесшілер: Осы пәнге икемі бар, жақсы оқитын оқушылар. Бұл – мұғалім тарапынан оқушыға көрсетілген үлкен сенім.

I топ: Электрон

II топ: Протон

III топ: Нейтрон

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады: “Электр зарядының бірлігі”

II Жаңа материалды түсіндіру

 Электр заряды физикалық шама екенін өткен сабақтардан білдік. Басқа физикалық шамалар, мысалы: Ток күші: I=U/R; ампер; Амперметр; Кернеу: U=IR; вольт; Вольтметр; Кедергі: R=U/I Ом;

Осылай электр зарядының бірлігін де тағайындауымыз қажет. Заряд бірлігі – кулон. Халық аралық бірліктер жүйесінде SI заряд бірлігі негізгі емес туынды бірлік. Сондықтан ол үшін эталон енгізілмейді. SI жүйесінде метр, секунд және килограммен қатар, электрлік шамаларды өлшеу үшін тағы бір негізгі бірлік – ток күшінің бірлігі ампер енгізілген. Ампердің эталондық мәні токтардың магниттік өзара әсері арқылы тағайындалады. 1 кулон(Кл) – бұл ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденен қимасынан 1 секундта өтетін заряд.

                               (q1)·(q2)

Кулон заңы: F=k

                                     R2

        k- коэффициент; k=F·R2/ (q1)·(q2)

k=Н·м2/ Кл2

k=9·109 Н·м2/ Кл2

    1 Кл заряд - өте үлкен шама. 1 Кл-ға тең зарядты қозғалысқа келтіру ешқандай қиындыққа соқпайды. Өйткені қуаты 100 Вт  кәдімгі электршам арқылы кернеу U=127 В болған кезде, 1 А- ден сәл аз ток өтетіні белгілі. Сонда 1 секундта өткізгіштің көлденен қимасы арқылы 1 Кл-ға жуық заряд өтеді. Элементар бөлшектер заряды SI жүйесінде е=1,6·10-19 Кл

Электр тұрақтысы – Ɛ= грек әрпі “эпсилон”

k=1/4πε0 ;   ε =1/4πh = 8,85·10-12 Кл2/Н·м2;

SI жүйесінде заряд бірлігі – кулон, ток күші бірлігі – ампер арқылы тағайындалады. Элементар электр заряды: e=1,6·10-19 Кл.

Есеп: Әрқайсысының заряды 3·10-6 Кл, екі нүктелік дене бір-бірінен 3 см ара қашықтықта тұр. Олар қандай күшпен әсерлеседі ?

III Бекіту сұрақтары:

1. Ассоциациялық аймақ(шығармашылық жұмыс).

2. Физикалық лото ойыны.

3. Фронталды тексеру (есеп).

1. Ассоциациялық аймақ

 

 

2. Физикалық лото ойыны.

3. Фронталды тексеру (есеп).

“Электрон” №1 есеп:

Бір-бірінен 40 см қашықтықта бірдей екі шар орналасқан: олардың біреуіндегі заряд 9·10-9 Кл., ал екіншісіндегі - 2·10-9 Кл. Шарларды бір-біріне тиістіріп, қайтадан сол қашықтыққа орналастырады. Тиістіргенге дейінгі және тиістіргеннен кейінгі олардың өзара әсер күшін табу керек.

“Протон ”  № 2 есеп:

Сутегі атомындағы электрон мен ядроның ара қашықтығы 0,5·10-8 см болса, олардың өзара әсерлесу күшін анықтаңдар.

“Нейтрон” № 3 есеп:

Әрқайсысының заряды 3·10-6 Кл екі нүктелік дене бір-бірінен 3 см ара қашықтықта тұр. Олар қандай күшпен әсерлеседі ?

IV. Үй тапсырмасын тексеру

а) Психологиялық дайындық. “Өткенге үңілсек ...” Әңгіме арқылы баяндау.

б) “Алтын сандықты ақтарсақ ...” Оқушылар семинар сабақ өткізеді.

в) Суреттер сыр шертеді ... Оқулықпен жұмыс.

V. Қорытынды. (Ой толғау).

“Құпия сөздің кілтін аш ...” Сергіту сәті.

1. Сөзжұмбақ “Электр”

2. Физикалық жұмбақтар.

3. Оқушы шығармашылығы.

Оқушылар өз ойлары мен сабақтан алған әсерлерін сурет,әңгіме,өлең жолдары арқылы жеткізеді. “Электр,ток,заряд”, тағы басқа сөздерден өлең шұмақтарын құрау, қағаз қиқымдарынан тәжірибе көрсету, гильзаның тартылуы, тағы басқа.

4. Рефлексия. Оқушылар алған әсерін,пікірлерін айтады.

VI. Бағалау (Марапаттау)

1.     Үш кеңесші “Озық кеңесші” лентасымен марапатталады.

9-оқушы.1. “Озық асссистент”. 2. “Үлгілі оқушы”. 3. “Білгір оқушы”. 4.“Жаңашыл”. 5. “Зерделі оқушы”. 6. “Ойшыл”. 7. “Озат оқушы” медалімен марапатталады.

VII. Үйге тапсырма

§36. 7-жаттығу. “Электрдің қасиеті” әңгіме жазу. Электродинамикаға ребус жасау.

        Осындай сабақтын біріне “Миллион кімге бұйырады?” интеллектуалдық-шоу бағдарламасының негізінде ұйымдастыруға болады. Сабақты информатика кабинетінде өткізген жөн.

Сабақтын тақырыбы: “Электр” тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Тарау бойынша алған білімін бекіту, практикада қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше іздене білуге үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: әр оқушының ұжымдық қабілетін ояту, өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Танымдық ойын сабағы.

Оқыту технологиясы: Ұжымдық оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс: Информатика.

Көрнекілігі: Кодоскоп, ДЭЕМ, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а/ Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді, топ жетекшісі сайланады. Топ жетекшісі ұтыс пакеттерін алу үшін “Миллионнан үміткер” сайысына қатысады. Сайыс сұрақтары компьютердің WORD редакторында жазылған. Пакетті ұтып алу үшін сұраққа жауапты оқушы жылдам, қатесіз WORD редакторында жазып шығуы керек. Осы шартты орындаған топ жетекшісі өз тобымен үміткер аталады. Үміткерге арналған бірінші сұрақ: Мына физикалық шаманы өсу ретімен жаз: мкА, А, кА, мА (дұрысжауабы: мкА, мА, А, кА). Үміткерге табыс пакетін таңдау ұсынылады. (Пакетте деңгейлік сұрақтар жазылған). Пакеттегі сұрақтарды мұғалім дауыстап оқиды және кодоскоп арқылы көрсетіледі. Әр сұраққа 1 минут уақыт беріледі. Жылдам жауап беру арқылы уақытын үнемдеуге болады. Жауабы компьютерде тұрады. Жауаптарды реттеп отыру үшін компьютерде оқушы-оператор пакетті ұтып алған топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардан сұраққа кім жауап беретінін шеше алады. Егер сұрақтарға жауап бере алмаса оқушыға үш мүмкіндік ұсынылады:

1.         50x50 мүмкіндігін таңдаса: Компьютер экранынан дұрыс емес екі сұрақ өшіріледі. Компьютер экранында сұрақтың жауабы мына түрде көрсетіледі. Осы төрт жауаптың дұрыс емес екі сұрағы алынып тасталынады.

 

                   

 

2. Досынан көмек: Жауап беретін оқушыны үміткер өз тобынан таңдай алады.

3.  Көрермендер көмегі: Дұрысдеп ойлаған әр жауабы үшін оқушылар қол көтереді. Сынып оқушыларының берген жауаптарының үлес салмағы бойынша үміткер дұрыс жауабын өзі таңдайды.

Қорытындылау: Белгілінген уақыт бойынша ойын нәтижесінде ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылар толық бағаланады.

“Білімді мыңды жығады” пакетіндегі деңгейлік сұрақтар:

1.Металдардағы электр тогын қандай тасымалдаушылар тудырады?

А) оң иондар  В) нейтрондар С) протондар Д) электрондар

2. Электронның заряды қаншаға тең ?

А)1,6*10-19 Кл В   В) 2,5*1012 Кл   С) 4,5*10-2 A   Д) 7*10-15  Дж

3.Үтік токтың қандай әсеріне негізделіп жасалған ? (Бірінші күймейтін сұрақ)

А) жылулық     В) магниттік     С) температуралық    Д) механикалық

4. “Электр тогы” ұғымын физикаға енгізген ғалым ?

А) Вольт    В) Кулон     С) Ампер     Д) Джоуль

5.Тотияйын ерітіндісіне батырылған металл өткізгіштің бойына ток жүргенде ерітіндіде мысты бөліп алуға болады. Бұл токтың қандай әсерінің нәтижесі ?

А) механикалық      В) электрлік     С) химиялық    Д) магниттік

6. Егер 20 Кл заряд өткізгіштің 20*10-2 м2 қимасы арқылы 10с ішінде өтетін болса, ток күші неге тең ? (Екіншші күймейтін сұрақ)

А) 4 А       В) 10 А       С) 2 А        Д) 40 А

7. АВ учаскесінің кедергісін есепте.

        АВ                                                                                                                                            

R

 

 
  

А) R       В) 3 Ом     С) 3 R     Д) ½ R

8. Күйіп кеткен электроплитаның спиралінің ұштарын қосқан кезде оның ұзындығы бұрынғысынан қысқарақ болады. Плитаның белгілі уақыт аралығында  шығаратын жылу мөлшері қалай өзгереді ?

А) кедергі азаяды, яғни жылу мөлшері артады

В) кедергі артады, яғни жылу мөлшері артады

С) жылу мөлшері өзгермейді

Д) кедергі азаяды, яғни жылу мөлшері азаяды.

9. Ара қашықтығын 2 есе азайтқанда екі нүктелік зарядтың Кулондық өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді ?

А) 2 есе артады    В) 4 есе артады    С) 4 есе кемиді   Д) 2 есе кемиді

 

Cабақтың тақырыбы: “Механикалық қозғалыс және қозғалыс                        теңдеуіне есептер шығару”

 Сабақтың мақсаты:

а) Механикалық қозғалыс пен оның түрлеріне анықтама бере отырып, ережелерді әр түрлі есептерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды бекіту;

ә) Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

б) Оқушыларды алғырлыққа, дәлдікке, зеректілікке, шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, сызбалар, плакатта жазылған сипаттамалар, карточкалар, өзін-өзі бағалау парағы.

 Сабақтың типі: қайталау, есеп шығару.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика, қазақ тілі, биология.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

а) ауызша сұрақтар беру  ә) сипаттамалар жаздыру  б) есептерді тексеру

3. Оқушыларға өз бақылау парақтарын тарату

4. Деңгейлік тапсырмалар беру

а) орнында отырып шығарту   ә) тақтада орындату

5. Карточкамен жұмыс

6. Графикті оқыту

а) есеп шығарту

7. Есеп шығарудың дұрыс жазылуын, өлшем бірліктердің бір жүйеге келтірілуіне, талдау жасалуына, формулаға дұрыс қойылуына, есептеулер мен түрлендірулерге, графиктің дұрыс сызылуына назар аудару.

I деңгей: 1. Велосипедші 1800 с ішінде 900 м жол жүрді. Велосипедшінің жылдамдығын анықта.

2. Ұшақ 208 м/с жылдамдықпен ұшып барады. Ол 216 000 с ішінде қанша жол жүреді ?

II – деңгей: 1. Ағысының жылдамдығы 0,5 м/с өзенмен жүзіп келе жатқан сал 15 км қашықтықты қанша уақытта жүзіп өтеді ?

2. Қоянның жылдамдығы 15 м/с, ал дельфиннің жылдамдығы 72 км/сағ. Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен ?

3. Велосипедші 5 сағат 30 минут ішінде 90 км. жол жүрді. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай ?

III – деңгей:        1. Велосипедшінің біреуі 12 с бойы 6 м/с жылдамдықпен, ал екіншісі ол жолдын бөлігін 9 с ішінде жүріп өтті. Жолдың осы бөлігіндегі екінші велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай ?

2. Автобус жолдың алғашқы 4 км бөлігін 18 минутта жүріп өтті. Барлық жолдағы және жолдың әр бөлігіндегі орташа жылдамдықты анықта.

3. Екі велосипедшінің  қозғалыс теңдеуі берілген x1= 5t,  x2= 150 – 10t, x(t) тәуелділігінің графигін, кездесетін жері мен уақытын табыңдар ?

Ауызша есептер:

1. 36 км/сағ; 108 км/сағ; 158,4 км/сағ; 45 км/сағ-ты м/с-пен өрнектеңдер.

2. Сүт қоректі жануарлардың ішіндегі ең шапшаң жүгіретін – гепард. Оның жылдамдығы 112 км/сағ. Гепардтың жылдамдығын автомобильдың 30 м/с жылдамдығымен салыстырыңдар.

3. 1-ші ғарыштық жылдамдық 8 км/сағ, осындай жылдамдықпен ұшқан тікұшақ  1 минутта қандай қашықтыққа жетеді ?

Графопроектордағы сызба бойынша сұрау.

4. Автомобиль АВ,ВС,СД  жол бөліктерінің әр қайсысын 1 минут ішінде жүріп өтеді. Ең үлкен жылдамдық жолдың қай бөлігінде ? Ең азы ше ?

 5.Жердің жасанды серігінің қозғалыс жылдамдығы берілген. Траекторияның АВ және ВГ бөлігін жасанды серік бірдей уақытта өтеді. Олардың қайсысында жасанды серіктің орташа жылдамдығы көп болады?

Сабақты қорытындылау: 1.Оқушылардың өзін-өзі бағалау парақтарын жинап, бағаларын журналға қою.

Үйге тапсырма:  №11,12 (А тобы); №6 (Б тобы); №7 (С тобы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Пәнаралық байланыс элементтері бар сабақтардың жоспарлары. Cабақтың тақырыбы: “Электромагниттік толқындарды экспериментте бақылау ”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру. Ол үшін сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру керек. Сондықтан қазіргі заманғы талаптарға сай, сабақтың құрылымдық схемасы бойынша ең бірінші қойылатын талап – жаңа өтілетін тақырыптың өзектілігін түсіндіріп, оқушыларды қызықтыру.Әр сабақта жаңа тақырыпты түсіндіру үшін бір ғана әдіспен шектелмей, сабақты түрлендіріп өткізуге тырысу керек. Жаңа сабаққа оқушыларды қызықтыра алсақ, олардың үлгерімі жақсарып, білімі кеңейеді. Осындай пәнаралық сипаттағы сабақтарға мысал келтіре кетейін.Cабақтың тақырыбы: “Электромагниттік толқындарды экспериментте бақылау ” Сабақтың мақсаты: 1.Электромагнитті толқындарды кім, қандай эксперимент жасап ашқанын білу.2.Оқушының ойын дамыта отырып, есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру. Тәжірибені түсіндіріп, қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру.3.Ғылыми көзқарасқа, ғылымға, білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Г.Герцтің суреті, схемалар, қосымша әдебиет.Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.08.2020 350
    • DOCX 139.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умерова Юнна Вадимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умерова Юнна Вадимовна
    Умерова Юнна Вадимовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68733
    • Всего материалов: 208

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 568 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 658 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек