Главная / Иностранные языки / планирование по казахскому языку "Біздің отбасымыз"

планирование по казахскому языку "Біздің отбасымыз"

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifСабақтың жоспары

1. Мерзімі:03.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз

4.Сабақтың міндеті: отбасы туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға отбасы туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Отбасыға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

Өтілген тілдік материалдарға қайталау жүргізу.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік.


туған жерздесь место рождения индустриялдық - индустрияльный

бірақ – но тату - дружный

орталығында – в центре қарындас – младшая сестра

орналасқан – расположен


1 – тапсырма.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңдар.


2 – тапсырма. Мәтінді оқып, өз отбасыларың туралы әңгімелеңдер.




Менің аты- жөнім Дәурен Омаров. Туған жерім – Қарағанды облысы, Теміртау қаласы. Менің әке – шешем бар. Олардың туған жері – Омбы, Ресей, бірақ қазір Теміртау қаласында тұрады. Біздің үйіміз қаланың орталығында орналасқан. Пәтеріміз кең, жарық.

Әкем – металлург, зауытта жұмыс істейді. Шешем – мұғалім, Қарағанды индустриялдық университетінде жұмыс істейді. Менің қарындасым бар, оның аты – Айгүл. Айгүл « Ақбота» балабақшасына барады. Ал, мен 6 – сынып оқушысымын. Менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.

3 – тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.


1. Ата мен әже қайда тұрады?

2. Оларға кімдер қонаққа келді?

3. Олар кімдер?

4. Ана не істеп отыр?

5. Әже мен ата не істеп отыр?

6. Олар қандай отбасы?

изобр




10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 2-тапсырма.





















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:04.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім

4.Сабақтың міндеті: ана тілі туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ана тілі туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Ана тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 2-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік

құрметтеу - ценить, уважать, почитать баға жетпес - бесценный (-ая,-ое)

мұра – наследие ұмытпау - не забывать

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Ана тілі

Кез келген адам ана тілін құрметтеуі тиіс. Тіл - атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі әр халықтың дүниеге келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты. Ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәрбие алмаған халықтың келешегі жоқ.

















2. Берілген шылау сөздерді қатыстырып «Менің ана тілім» тақырыбында 5-6 сөйлем құрап жазыңдар.



Басқа, бірге, және, егер,сондықтан, туралы, үшін, ма (ме, ба,бе,па,пе).

3. Сұрақтарды пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар

1.Сенің ана тілің қай тіл?

2. Сен қай тілде сөйлейсің?

3. Сен қай тілде білім алып жатырсың?

4. Ана тілін ұмытып қалмау үшін адам не істеу керек?

5. Өз ана тіліңнен басқа қай тілдерді білесің?



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 1-тапсырма.



















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:05.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- мемлекеттік тіл

4.Сабақтың міндеті: қазақ тілі туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Мемлекеттік тіл туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:



Сөздік

мемлекеттік - государственный

мәртебе - статус

парыз - долг, обязанность

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» делінген. Мемлекеттік тілді үйрену үшін Республикамыздың азаматтарына барлық жағдай жасалған. Елімізде бірнеше телебағдарламалар мен радиохабарлар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен қатар, мекемелердегі және ұйымдардағы ресми іс-қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді білу - әрбір азаматтың парызы.





Бір нәрсе жайлы сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем - сұраулы сөйлем

Сұрау есімдіктері (кім? не? қандай? қашан? т.б.) немесе сұраулық шылаулар (ма, ме, ба, бе, па, пе) арқылы жасалады.



Мысалы: «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды? Сен оны танисың ба?





2. Жоғарыдағы мәтінге 5 сұраулы сөйлем жазыңдар.

3. Сызба бойынша сөйлемдер құрастырыңдар. Ашық, қысаң дауыстыларды атап шығыңдар.

...

Қазақ тілі- ...

...



4. «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында эссе жазыңдар

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу.

















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:06.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасым қай тілде сөйлейді?

4.Сабақтың міндеті: ана тілі туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасындағы тіл туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Ана тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

мәнерлеп оқу



5) Жаңа сабақ:

Сөздік



жетік меңгеру - освоить хорошо

қарым-қатынас - общение, связь, взаимоотношение



1. Мәтінді негізге ала отырып, отбасыларың қай тілде сөйлейтіні туралы әңгімелеп беріңдер.

Тіл - қарым-қатынас құралы

Менің атым - Андрей. Біз қалада тұрамыз. Әкем - орыс, ал анамның ұлты - неміс. Қарындасым 5 жаста. Біз үйде бір-бірімізбен орыс тілінде сөйлесеміз. Басқа ұлт өкілдерімен орыс, қазақ тілдерінде қарым-қатынас жасаймыз. Анам неміс тілін жақсы біледі. Германиядағы туыстарымен хат алмасып тұрады. Ата-анам қазақ тілін жетік меңгерген. Ал қарындасым екеуіміз әлі үйреніп жүрміз. Мен мектепте ұлты қазақ достарыммен қазақша сөйлесуге тырысамын. Қарындасымды балабақшада үйретеді. Болашақта мен де қазақ тілінде жақсы сөйлеймін деп ойлаймын.

2. Мәтіннен еріндік дауысты дыбысқа басталатын 3 сөз, езулік дауысты дыбысқа басталатын 3 сөзді теріп жазып, орысшаға аударыңдар.

3. Тақырып бойынша ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық демеуліктерді пайдаланып диалог құрастырыңдар.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу.











































Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:07.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасымның дәстүрлері

4.Сабақтың міндеті: дәстүр туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасымның дәстүрлері туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Отбасының дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

мәтінді әңгімелеу

5) Жаңа сабақ:



Сөздік



дәстүр - традиция табиғат аясында - на лоне

природы

қарсы алу - встречать көмектесу - помогать

атап өту - отмечать, ознаменовать қамқор болу - заботиться



Туған күн

1. Жаңа сөздерді пайдаланып, суреттер бойынша «Отбасымның дәстүрлері» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.



hello_html_m648f1bb2.jpghello_html_72357277.jpghello_html_m244b5a22.png



Табиғат аясында

hello_html_1b8c3478.jpghello_html_1d4a2c53.jpg



2. Диалогты оқып, өзара жалғастырып сөйлесіңдер.

- Ержан, сен кеше сабаққа бардың ба?

- Иә, бардым.

- Үйге қандай тапсырма берді?

- Үйге қазақ отбасындағы дәстүрлер туралы жазып келу берілді.

- Сен қазақ отбасыңдағы дәстүрлерді білесің бе?

- Иә, қазақ отбасында дәстүрлер көп.

3. Диалогта шылау сөздердің қандай түрлері кездеседі? «Отбасы, дәстүр» сөздеріндегі дауысты дыбыстарға ауызша фонетикалық талдау жасаңдар.

4. Өз отбасыларыңдағы дәстүрлер туралы әңгімелеңдер.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 1-тапсырма.





Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:10.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасымның сүйікті телебағдарламасы

4.Сабақтың міндеті: отбасының сүйікті телебағдарламасы туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасының сүйікті телебағдарламасы туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Отбасының сүйікті телебағдарламасын білуге, сыйлауға тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік



бағдарлама - программа, передача жүргізуші - ведущий

ақпарат – информаци сайыс - соревнование, спартакиада



1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

«Толағай» отбасылар сайысы.

«Толағай» - өте қызық, әсерлі бағдарлама. Сайысқа қызғылт сары, көк және қызыл спорт киіміндегі 3 отбасы қатысады. Бір отбасында 4 адам болуы шарт - ата-анасы және 6 жастан асқан 2 бала. Егер отбасыңызда бір бала ғана болса, туыстарыңыз немесе көршіңіздің баласын қатыстыруға болады. Командалар 7 эстафетадан өту керек. Барлық командалар сыйлықтар, дипломдармен марапатталады, ал жыл соңында финал өтеді. Республикамыздың спорттық өмірінде де, отбасын біріктіруде де бағдарламаның алатын маңызы зор. Біз бұл сайысты отбасымызбен әр жексенбі сағат 1030 -да «Қазақстан» телеарнасынан көреміз. Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жүргізушілері - Роман Миронов пен Әлия Кемел.

толагайВедущие

Кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Мысалы: Қыс өтіп, көгілдір көктем келді.

1-жай сөйлем - Қыс өтіп, 2-жай сөйлем - Көгілдір көктем келді.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.









2. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.

3. Сызба бойынша отбасыларыңның сүйікті бағдарламасы туралы мәтін



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: . әңгімелеу, 2-тапсырма























Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:11.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасымның тыңдайтын радиохабары

4.Сабақтың міндеті: отбасының тыңдайтын радиохабары

туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасының тыңдайтын радиохабары туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Радиохабарларды білуге,уақытында тыңдауға тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 2-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:



Сөздік

радиохабар - радиопередача

толқын - волна

тыңдау - слушать

тыңдарман - слушатель

1. Мәтінді түсініп оқып, отбасыңмен тыңдайтын радиохабар туралы әңгімелеңдер.

Біз отбасымызбен Қазақ радиосын тыңдаймыз. Қазақ радиосы бүгінде хабарларын қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзірбайжан және татар тілдерінде 103,2 толқынында тәулік бойы таратады. Біздің сүйіп тыңдайтын радиохабарымыз - «Ақ тілек». Бағдарлама барысында редакцияға жолданған хаттар мен сайтқа түскен SMS-хаттар оқылып, қуаныш иелеріне арнап әсем әндер беріледі. Хабардың авторы-музыкалық жүргізушілер. Ұзақтығы 50 минут, уақыты-күнделікті сағат 1907. Хабар қазақ тілінде беріледі.



2. Мәтінге 4 сұраулы сөйлем жазыңдар.



3. Құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазып, оларға синтаксистік талдау жасап, жасалу жолдарына назар аударыңдар.

Бұл хабар халық әндерін тыңдармандарға ұсынып қана қоймай, әннің шығу тарихы жайлы мағлұматтар беріп отырады. Қазақ радиосының форматы қазақстандық музыкадан тұрады және бұл формат музыканың барлық бағыттарын сөз етеді. Редакцияға түскен хаттар оқылады да, қуаныш иелеріне әсем әндер жолданады. Сен ұзақ уақыт теледидар көріп, радио тыңдайсың ба?

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 5-тапсырма.



































Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:12.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасылық мерекелер

4.Сабақтың міндеті: : отбасылық мерекелер туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасылық мерекелер туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Отбасылық мерекелерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 5-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік

бас қосу - собираться

күту - ждать

әзірлеу - готовить

1. Сөз тіркестерін пайдаланып, суреттер бойынша құрмалас сөйлемдер құрап, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.



Отбасылық мереке, бас қосу, қонақ күту, дәмді тағамдар, ұлттық тағамдар, дастарқан жасау, сыйлық беру, тілек айту, ән айту, би билеу.



8 наурыз

новый год8 мартаhello_html_61aa7b9b.jpg

2. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.



-..., сен отбасыңмен қандай мерекелерді қарсы аласың?

-.............

- Мерекелік дастарқанға қандай тағамдар әзірлейсіңдер?

-..........

- Мереке күндері қонақтар келе ме?

-..........

- Сен ата-анаңа қандай сыйлықтар әзірлейсің.

-.............

- Мереке күндері туыстарыңа қонаққа барасың ба?

-........

3. Мақал-мәтелдерді түсініп, жаттап алыңдар.

Берекесіздің аулы мерекесіз.

  1. Өлең өмірді ұзартады.

  2. Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын.

  3. Гүлсіз болса - жер мұңды,

Күлкісіз болса - ел мұңды.

5. Күлкі - ашылған гүл,

Көңіл - шашылған нұр.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: тілек жазу.







Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:13.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің туған күнім

4.Сабақтың міндеті: туған күн туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Туған күн туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:.

тілек жазу.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік

тосын сый - сюрприз

әзірлену - готовиться

алдын-ала - заранее

1. Мәтінге сүйене отырып, өздеріңнің туған күндерің туралы әңгімелеңдер.

Менің туған күнім

Менің атым - Карина. Мен 1998 жылы 15 қарашада Қарағанды қаласында тудым. Туған жылым - Барыс, жұлдызым - сарышаян. Мен үшін туған күн - ерекше мереке. Мен туған күнімді жылда атап өтемін, алдын-ала әзірленемін. Мерекелік дастарқан жайылады. Ол күні біздің үйге туыстарым мен достарым келеді. Келген қонақтар, ата-анам маған әрдайым тосын сый жасайды, жақсы тілектер айтады. Барлығымыз естелік фотосуретке түсеміз.

2. «Туған күн» тақырыбында досыңмен сөйлес.

3. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.

Туған күн, қонақ, тосын сый, дастарқан әзірлеу, сыйлықтар.

4. Әнді жаттап алыңдар.

Туған күн кешінде

Сөзі мен әні Мұхтар Шахановтікі

Тойыңа гүл алып,

Келіп ем қуанып,

Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей.

Жүзіңе нұр толып,

Кетіпсің құлпырып,

Бір бақыт сәулесін сепкендей.

Қайырмасы:

Сен туған күн, мерекеміз,

Ән бастайық, кел екеуміз.

Ұмытпа сен, құрбым,

Есте қалсын мәңгі бұл күн.} 2 рет





10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма:. әңгімелеу, 1-тапсырма.

















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:14.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым

4.Сабақтың міндеті: туыстар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Өзінің туыстары туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Туыстарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік



нағашы - родственники по линии матери

жиен - племянник

жезде - зять

жеңге - невестка



  1. Сызба бойынша «Менің туыстарым» тақырыбында әңгіме құраңдар.





2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіріп, нағашы, жеңге сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.



3. Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап, тыныс белгісін қойыңдар.

1) Егер менің туыстарым қалада тұрса а) сондықтан ол атасы мен әжесіне

жазғы демалыста ғана барады.

2) Қанаттың атасы мен әжесі ауылда тұрады ә) әр ауылда бір туысың болсын.

3) Той өтсімен-ақ б) мен оларға жиі барып тұрар едім.

4) Бір ауылда мың туысың болғанша в) қонақтар тарқап кетті.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 4-тапсырма.



















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:17.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің нағашыларым

4.Сабақтың міндеті: нағашылар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Нағашы туыстары туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Нағашы туыстарына деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 4-тапсырма.

5) Жаңа сабақ:



Сөздік



жыл сайын - каждый год үш жұрт - три ветви родственных связей

алыста - далеко қайын жұрт - родственники по линии мужа (жены)

үйренемін - научусь өз жұрты - родственники по линии отца

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Нағашы жұрт

Қазақ халқының дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Нағашы - туған ананың әке-шешелері мен барлық ағайын-туыстары. Нағашы - үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы мүмкін.

2. Сызба бойынша өздеріңнің нағашыларың туралы әңгімелеңдер.











Құрмалас сөйлемнің түрлері



Сабақтас құрмалас Салалас құрмалас Аралас құрмалас

(сложноподчиненное (сложносочиненное (сложное предложение

предложение) предложение) смешанного типа)





жалғаулықты және жалғаулықсыз

(союзное и бессоюзное)















3 . Берілген сөйлемдерге назар аударыңдар.



3. Құрмалас сөйлемдерге талдау жасаңдар.



Балалығың ұстаса, нағашыңа бар. Өзі жаман туады, нағашысынан көреді. Жиен нағашыларынан нені қаласа да, үш рет алуға хақы бар.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 3-тапсырма.

Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:18.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым қай тілде сөйлейді?

4.Сабақтың міндеті: туыстардың тілі туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Өзінің туыстары тілі туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Туыстарға, олардың тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 3-тапсырма

5) Жаңа сабақ:

Сөздік

ұлтаралық - межнациональный

халықаралық - международный

еркін - свободно

1. Берілген сөйлемдерді түсініп оқыңдар.

Дүние жүзінде тілдер өте көп. Тілдер қызметіне қарай ұлттық, ұлтаралық және халықаралық тіл болып бөлінеді. Мысалы, қазақ тілі - қазақтардың ұлттық тілі, орыс тілі - орыстардың ұлттық тілі, неміс тілі - неміс халқының ұлттық тілі. Қазақстанда орыс тілі ұлтаралық тіл болып есептеледі. Ал ағылшын тілі - халықаралық тіл.

2. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Менің туыстарым қай тілде сөйлейді?» тақырыбына мәтін құраңдар.

Орыс тілі, мемлекеттік тіл, жетік меңгеру, үйрену, сөздіктерді пайдалану, араласу, еркін сөйлеу, білім алу, шет елде, хат алмасу, телебағдарлама көру, газет, журнал оқу.

3. Диалогты өзара жалғастырып, сөйлесіңдер.

-..., сен мемлекеттік тілді білесің бе?

- Әрине, мен мемлекеттік тілде еркін сөйлеймін. Ал сен ше,...?

- Мен жақсы түсінемін, ептеп сөйлей аламын, әлі үйреніп жүрмін.

-..., сен туыстарыңмен қай тілде сөйлесесің?

- Мен туыстарыммен қазақша сөйлесемін. Ал сенің туыстарың қазақша біле ме?

- Иә, менің туыстарым қазақ тілін де, ағылшын тілін де жақсы меңгерген.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 2-тапсырма



































Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:19.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: 22 қыркүйек – ҚР халықтарының тілдер күні

4.Сабақтың міндеті: тілдер туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

ҚР халықтарының тілдер туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Тілдерді білуге деген қызығушылығын арттыру.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 2-тапсырма.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік

ұлт өкілдері - представители национальностей

Жарлық - Указ

елестету - представить, воображать

мирас - наследие

1. Мәтінді оқып, әңгімелеңдер.

Тілге құрмет - елге құрмет

1989 жылы 22 қыркүйекте «Тіл туралы» Заң қабылданды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң екінші рет қабылданды. Ал Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді.

Қазақ халқында «Тілі бар халық - халық, тілі жоқ халық - өлі балық» деген даналық сөз бар. Расында да, тілсіз ұлт болмайды. Тілсіз халықты халық деп елестете алмаймыз. Тіл - халықтың ұлттық мақтанышы, атадан балаға мирас болып келе жатқан мұра. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Біздің елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың тілін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Тілдер күніне орай түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Оған Республикамыздағы ұлттық орталықтар мен диаспоралардың өкілдері де қатысады.

2. Мәтінге 5-6 сұраулы сөйлем жазыңдар.



3. Сызба бойынша сөйлем құраңдар.

.... .....

«Тіл туралы» Заң .... ..... қабылданды.

4. Өлеңді жаттап алыңдар.



Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырзалиев



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: өлең жаттау.



















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:20.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Отбасы, туысқандық туралы мақал-мәтелдер

4.Сабақтың міндеті: : Отбасы, туысқандық туралы мақал-мәтелдерден мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Отбасы, туысқандық туралы мақал-мәтелдер айтуға бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Мақал-мәтелдерге деген қызығушылығын арттыру.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

өлең жаттау.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік





қоныс - стойбище (с пастбищем) абысын - жены родных братьев

әулет - род (родня)

дәулет - богатство

уыс - кулак

өкпе - обида

ізет - уважение

құрмет - почет, почтение





1. Мақал-мәтелдерді түсініп оқыңдар.



1. Мал қонысын іздейді,

Ер туысын іздейді.

2. Ағайын тату болса - ат көп,

Абысын тату болса - ас көп.

3. Біреу әулетіне сенеді,

Біреу дәулетіне сенеді.

4. Қарындасы адал ер бақытты,

Келіні адал ел бақытты.

5. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.

6. Туысы бірдің уысы бір.

7. Туысқан өкпеге қиса да, өлімге қимайды.

8. Отбасының берекесі бірліктен басталады.

9. Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.

10. Баладан мін табылса, ата-анаға сын тағылар.



2. Берілген жай сөйлемдерді әрі, және жалғаулықтарын пайдаланып құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңдар, оларға талдау жасаңдар.



Туыстар жеті атаға дейін туыстықты үзбейді. Олар қыз алыспайды. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған. Бұл дәстүр жалғасып келеді. Халқымызда туыстық қатынастың көптеген атаулары кездеседі. Соған қатысты жол-жоралғы бар.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: мақал-мәтелдер жаттау









Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:21.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Диктант.

4.Сабақтың міндеті:оқушылардың сауаттылықтарын тексеру

5. Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға диктант жаздыру арқылы есту қабілетін,

қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгергенін, үндестік заңын білуін байқау.

Сауатты жазуға баулу.



6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4)Қазақ тілнің ережелерді қайталау :

5) Жаңа сабақ:

Біздің отбасымыз

Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Көпшілігіміз жұмыс істейміз. Кішкентайымыз биыл мектепке барады. Бұрын біраз уақыт әжесінде болған, әжесінен көп ертегі үйреніпті. Үйде әрқайсымыздың атқаратын жұмыстарымыз бар. Еңбек туралы әкемнің: «Оқыңдар, адам боласыңдар. Еңбек етіп үлкенді сыйлау керек. Біреуге жамандық ойламаңдар», - деген сөздерін өз балаларыма айтатын болдым. Әрқашан бір-бірімізге көмектесіп отырамыз.

Демалыс күндері отбасымызбен тауда шаңғы тебеміз. Бұл біздің денсаулығымызды күшейтеді, көңіліміздің көтерілуіне әсер етеді, потбасымыздағы татулықты нығайтады.

(66 сөз)

Тапсырма: «Отбасы» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: қайталау.

Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:24.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ.

4.Сабақтың міндеті: оқушылардың білімдерін тексеру.

5. Сабақтың мақсаты:

Модуль бойынша алған білімдерін қорытындылау.

Сөздік қорын байыту, сұхбат құру арқылы тілдерін дамыту.;

Дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға баулу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.

5) Жаңа сабақ:

Нәтиже сабақ

1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Шылау сөздер неше топқа бөлінеді?

а) 2; ә) 3; б) 4.

2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл?

а) қазақ тілі; ә) орыс тілі; б) қазақ, орыс тілдері.

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а) 1988ж.; ә) 1991ж; б) 1989ж.

4. Еріндік дауысты дыбыстарды белгіле.

а) а,ә,ү,е; ә) о,ө,ұ,у,ү; б) и,е,а,ы,і.

5. Кемінде екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

а) жай сөйлем; ә) сұраулы сөйлем; б) құрмалас сөйлем.

6. Сұраулы сөйлем қандай демеуліктер арқылы жасалады?

а) мен, бен, пен; ә) ма, ме, ба, бе, па, пе; б) түгіл, тұрсын.

7. Жалғасын тап. Жүзігің алтын болғанша,.......

а) сырғаң алтын болсын; ә) күнің жарқын болсын; б) жүзің жарқын болсын.

8. «Тіл туралы» Заң тұңғыш рет қашан қабылданды?

а) 1989ж. 22 қыркүйекте; ә) 1997ж. 11 шілдеде; б) 1998ж. 22 қыркүйекте.

9. Нағашы деп кімді айтамыз?

а) анаңның туыстарын; ә) өз туыстарыңды; б) әкеңнің туыстарын.

10. Сызбаны толтырыңдар.

Құрмалас сөйлем





2. Сөздерді аударыңдар.



маман

  1. өндіріс

  2. құрметтеу

  3. мұра

  4. мәртебе

  5. дәстүр

  6. бағдарлама

  7. жүргізуші

  8. ұлтаралық

  9. халықаралық


10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма:.деңгейлік тапсырмалар


Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:25.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі сыйлықтар

4.Сабақтың міндеті: дәстүрлі сыйлықтар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Дәстүрлі сыйлықтар туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Сыйлықты дұрыс таңдай білуге тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

деңгейлік тапсырмалар

5) Жаңа сабақ:

Сөздік

сыйлау - дарить, подарить

зер шапан - золототканый чапан

күмістелген ер-тоқым - седло инкустированный серебряными накладками

кісе белбеу - кожаный пояс

тарту-таралғы - дар, подарок, преподношение

жүйрік - скакун

жорға - иноходец (отн. лошадей)

нар - одногорбый крупный верблюд

  1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңдар.



Қазақ халқының дәстүрлі сыйлықтары

Қазақ халқында елдің құрметті адамдарына сый-сыяпат жасаудың бір жолы - оларға тарту-таралғы ұсыну. Бұл - қалыптасқан ел дәстүрі. Бұл біреуді байыту немесе біреуге жағыну емес, құрметтеу, сол адамның мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау. Батырды, ақынды, шешенді, шеберді халық осылай бағалап, осылай сыйлаған. Дәстүр бойынша жүйрік пен жорға, қара нар, қалы кілем, күмістелген ер-тоқым, құндыз бөрік, зер шапан, кісе белбеу сияқты қымбат бұйымдар сыйлайды. («Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» энциклопедиясынан)



hello_html_1b822f7e.jpgбелбеуhello_html_m277aa501.jpg

Күмістелген ер-тоқым Құндыз бөрік пен зер Кісе белбеу

Шапан

2.Мәтінге 5 сұраулы сөйлем жазыңдар.

3. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: 2-тапсырма.



















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:26.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Мерекелік сыйлықтар.

4.Сабақтың міндеті: мерекелік сыйлықтар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Мерекелік сыйлықтар туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Сыйлықтарды дұрыс таңдап, орнымен сыйлай білуге тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

2-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік

жәдігерлік - сувенир

ашық хат - открытка

гүл шоғы - букет

безендіру - украшать

для хобби - ермегіне арналған



1. Суреттер бойынша «Мерекелік сыйлықтар» тақырыбына мәтін жазыңдар.



Керекті сөздер мен сөз тіркестері: Жаңа Жыл, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, мерекелері, жәдігерлік, безендіру, сыйлау, ермегіне арналған сыйлық.





2. Тақырып бойынша диалогты өзара жалғастырыңдар.



- Сәлем, Айдос!

- Сәлем, Андрей?

- Айдос, Жаңа Жыл мерекесі жақындап келеді. Сен туыстарыңа не сыйлайсың?

- Мен ата-анама жәдігерлік сыйлаймын.

- Ініңе не сыйлайсың?

- Ал ініме коньки сыйлаймын, өйткені оның ермегі-спорт.

- Қарындасыңа не әпересің?

- Қарындасым 5 жаста, оған қуыршақ сыйлаймын. Андрей, өзің қандай сыйлықтар аласың?

3. Сыйлау, безендіру тұйық етістіктерін септеңдер.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: 4-тапсырма.













Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:27.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Кітап – асыл қазына

4.Сабақтың міндеті: кітап туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Кітап туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Кітапқа деген қызығушылығын арттыру .

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

4-тапсырма.

5) Жаңа сабақ:

Сөздік

асыл - драгоценный (-ая,-ое)

қазына - сокровище

байлық - богатство

жинақ - сборник

1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Кітап - асыл қазына

Кітап - асыл қазына. Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі. Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Қазіргі таңда сыйға беретін полиграфиялық туындыларды да таңдап алуға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар сыйлауға болады. Үйінде бай кітапханасы бар адамдардың коллекциясына әйгілі авторлардың шығармалар жинағын сыйға тартуға болады. Кітап қай заманда да болсын ең жақсы сыйлық болып қала бермек.

2. Сызба бойынша сөйлемдер жазыңдар.



....

Кітап ....



...

Кітапты ... сыйлауға болады.

...



...

Балаларға ... сыйлауға болады.

...

3. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.



  1. Кітап - білім бұлағы.

  2. Кітап - алтын қазына.

  3. Күш - білімде, білім - кітапта.

  4. Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

  5. Әліппенің ар жағы - білім бағы.



4. Тұйық етістікті септеңдер. Сыйға тарту

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: 1-тапсырма.











Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:28.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама.

4.Сабақтың міндеті: білімдерін тексеру

5. Сабақтың мақсаты:

Мәтін бойынша түсініктерін жазуға бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Тілге деген деген қызығушылығые арттыру.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: бақылау

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4)Қазақ тілінің ережесін қайталау:

5) Жаңа сабақ:

Достық

Екі адамның арасындағы достық өзіннен-өзі қалыптасады. Олар бір-біріне дос болу жайлы тілек білдірмейді. Шынайы достықтың арқауы олардың өмірге көзқарастарының, тұрмыс – салтының, моральдық бейнелерінің, рухани азығының, ақыл-ойларының, сезім дүниелерінің ұқсас келіп, бір арнаға құйылып жататындығы, бір-біріне деген қалтықсыз көңілдері мен жан сарайының тазалығы. Мұндай достық – мәңгілік. Шынайы достар қашанда бір-біріне қол ұшын беруге әзір. Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.



.

10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: қайталау.



















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:14.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым

4.Сабақтың міндеті: туыстар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Өзінің туыстары туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Туыстарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік



нағашы - родственники по линии матери

жиен - племянник

жезде - зять

жеңге - невестка



1. Сызба бойынша «Менің туыстарым» тақырыбында әңгіме құраңдар.







2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіріп, нағашы, жеңге сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.



3. Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап, тыныс белгісін қойыңдар.

1) Егер менің туыстарым қалада тұрса а) сондықтан ол атасы мен әжесіне

жазғы демалыста ғана барады.

2) Қанаттың атасы мен әжесі ауылда тұрады ә) әр ауылда бір туысың болсын.

3) Той өтсімен-ақ б) мен оларға жиі барып тұрар едім.

4) Бір ауылда мың туысың болғанша в) қонақтар тарқап кетті.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 4-тапсырма.





















Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:14.09 2. Сыныбы 7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым

4.Сабақтың міндеті: туыстар туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

Өзінің туыстары туралы кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Туыстарға деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

әңгімелеу, 1-тапсырма.



5) Жаңа сабақ:

Сөздік



нағашы - родственники по линии матери

жиен - племянник

жезде - зять

жеңге - невестка



1. Сызба бойынша «Менің туыстарым» тақырыбында әңгіме құраңдар.







2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіріп, нағашы, жеңге сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.



3. Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрап, тыныс белгісін қойыңдар.

1) Егер менің туыстарым қалада тұрса а) сондықтан ол атасы мен әжесіне

жазғы демалыста ғана барады.

2) Қанаттың атасы мен әжесі ауылда тұрады ә) әр ауылда бір туысың болсын.

3) Той өтсімен-ақ б) мен оларға жиі барып тұрар едім.

4) Бір ауылда мың туысың болғанша в) қонақтар тарқап кетті.



10. Сабақты қорыту:

11. Үйге тапсырма: әңгімелеу, 4-тапсырма.













планирование по казахскому языку "Біздің отбасымыз"
  • Иностранные языки
Описание:

                                                Сабақтың жоспары

1. Мерзімі:03.09           2. Сыныбы   7 а,б,в

3.Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз

4.Сабақтың міндеті: отбасы туралы мәлімет беру

5. Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға отбасы туралы  кеңінен әңгімелеуге бағыт беру.

Тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

Отбасыға  деген құрмет сезімін  тәрбиелеу.

6. Тәсілдері: ақпарат,әңгімелеу, сұрақ –жауап, салыстыру.

7. Жұмыс түрлері: жекеше, жұптық, топтық, жалпысыныптық

8. Көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, кесте, үлестірмелі материалдар

9.Сабақтың түрі: аралас сабақ,

10. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қатыспаған оқушыларды анықтап алу.

2) Оқушыларды жұмыстың жоспарымен таныстыру.

3) Тіл кеңістігін қалыптастыру үшін, сұрақ –жауап әдісін қолдану (ай, күн, жыл, апта, ауа райы, үйге берілген тапсырманы анықтау және т.б. тірек сөздер арқылы)

4) Үй тапсырмасын тексеру:

 Өтілген тілдік материалдарға қайталау жүргізу.

5)  Жаңа сабақ:

                                                     Сөздік.

 

туған жер – здесь место рождения         индустриялдық - индустрияльный

бірақ – но                                                   тату - дружный

орталығында – в центре                         қарындас – младшая сестра

орналасқан – расположен

 

1 – тапсырма.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастырыңдар.

 

2 – тапсырма. Мәтінді оқып,  өз отбасыларың туралы әңгімелеңдер.

 

 

 

     Менің аты- жөнім Дәурен Омаров. Туған жерім – Қарағанды облысы, Теміртау қаласы. Менің әке – шешем бар. Олардың туған жері – Омбы, Ресей, бірақ қазір Теміртау қаласында тұрады. Біздің үйіміз қаланың орталығында орналасқан. Пәтеріміз кең, жарық.

    Әкем – металлург, зауытта жұмыс істейді. Шешем – мұғалім, Қарағанды индустриялдық университетінде жұмыс істейді. Менің қарындасым бар, оның аты – Айгүл. Айгүл « Ақбота» балабақшасына барады. Ал, мен 6 – сынып оқушысымын. Менің отбасым тату. Мен отбасымды жақсы көремін.

 

 

Автор Байсалбаева Жазира Алгаевна
Дата добавления 30.12.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел
Просмотров 2576
Номер материала 17661
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓