Инфоурок Информатика Рабочие программыПланирование по информатике на тему "Графикалық ақпараттар туралы ұғым"

Планирование по информатике на тему "Графикалық ақпараттар туралы ұғым"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Күні

       Топ

03.02.15ж

В 41б

Пән: Есептеу кешендерінің операциялық жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз ету

Сабақ тақырыбы: Графикалық ақпараттар туралы ұғым

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Ағылшын, тарих, физика, сызу

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,баяндау,түсіндіру

 

Сабақтың

мақсаты

Білімділік: Графикалық ақпарат туралы жалпы түсінік беру. Олардың түрлерімен таныстыру, жұмыс жасау тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық Графикалық ақпараттар туралы оқушыларға жалпы түсінік беру арқылы білімдерін дамыту. Олардың түрлерімен таныстыру арқылы дағдыларын қалыптастыру, Жұмыс жасау тәсілдерін үйрете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру .

Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

          А. Көрнекті құралдар: компьютер,арнайы сұрақтар және тапсырмалар т.б

          Б. Негізгі әдебиет: 

                                  Балапанов Е.Қ, «Информатикадан 30 сабақ», Олифер В.Г, «Сетевые операционные системы»,

    Байжұманов М.Қ, «Информатика» Фигурнов, В.Э. «ІВМ РС для пользователя »,  

    Гордеев А.В «Операционные системы», Иртегов Д. Введение в операционные системы» т.б

 

Сабақты жүргізу кезеңдері

І.   Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, тізім бойынша түгендеу, техника қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып, жаңа тақырыпен таныстыру, олардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Өткен тақырыпты  қайталау  (сұрақ-жауап арқылы- ауызша )

Ø  Мәтіндік редактордың сипаттамасы?

Ø  Макростың құрылу жолдары?

Ø  Макростардың түсінігі?

Ø  Мәтінді редакциялау бойынша жұмыс тәсілін меңгеру?

Ø  Кестелерді құру жолдары?

Ø  Кестелерде формулалар қолдану?

III. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірмелі-илюстративті)

Графикалық ақпараттар туралы ұғым

                Компьютерлік графика деп программалық-ақпараттық есептеу компоненттерінің көмегімен бейнелерді өңдеу, құру құралдары мен әдістерін оқып үйренетін информатиканың арнайы облысын айтады.

                  ЭЕМ-дегі кез келген басқа ақпарат сияқты графикалық бейнелер де кодталған түрде,  яғни нөл және бір – биттік сандары түрінде байланыс сызықтары бойынша өңделінеді және беріледі. Графикалық бейнелермен жұмыс жасайтын әр алуан программалардың саны бар. Оларда әртүрлі графикалық форматтар, яғни, графикалық ақпараттарды кодтау тәсілдері қолданылады. Бейнені қамтитын файлдар атауларының кеңейтпесі онда қандай формат пайдаланғандығын, демек қандай программалармен оны қарауға, өзгертуге, баспаға беруге  болатындығын  көрсетеді.

Осындай әр түрлілікке қарамастан нөлдер мен бірліктер түріндегі  бейнені  қандай түрде беруге болатынын білдіретін тек қана үш  тәсіл бар.

Растрлы графиканы қолдануда бейненің әрбір кішкене элементі болып табылатын  пиксель  түсі биттердің анықталған санымен кодталады. Бейне -пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің үлкен саны түрінде беріледі.  Олардың әр қайсысының түсі болады, нәтижесінде үлкен сандардан тұратын тас немесе шыныдан мозайка немесе витраж құрылатыны сияқты бейне құрастырылады.  ЭЕМ-де расторлы тәсілді пайдалануда әрбір пиксельге биттік тереңдік деп аталатын биттердің анықталған саны бөлінеді. Әрбір түске анықталған екілік код сәйкес келеді (яғни нөлдер және бірліктерден тұратын код). Мысалы, егер биттік тереңдік 1-ге тең болса, яғни әрбір пиксельге 1 бит бөлінсе, онда 0 қара түске, 1- ақ түске сәйкес келеді, ал бейне тек ақ-қара болуы мүмкін. Егер биттік тереңдік 2-ге тең болса, яғни әрбір пиксельге 2 бит бөлінеді, 00- қара түске, 01- қызыл, 10- көк, 11 -қара түске сәйкес келеді, яғни суретте төрт түс қолданылуы мүмкін.  Әрі  қарай, 3 биттік тереңдікте 8 түсті, 4–те 16 және т.б.  пайдалануға болады. Сондықтан, графикалық программалар 2,4,8,16, 32,64, ..., 256 және т.б. түстердегі бейнелер құруға мүмкіндік береді. Түстердің мүмкін болатын сандары екі есе өскен сайын бейнелерді сақтау үшін қажетті болып табылатын жадының көлемі ұлғаятыны түсінікт.

Растрлы графиканың негізгі кемшілігі бейнелерді сақтауға қажетті жадының үлкен көлемі болып табылады. Бұл жалпы саны өте үлкен болып табылатын әрбір пиксельдің түсін сақтау қажеттілігімен түсіндіріледі. Мысалы, орта өлшемдегі бір сурет компьютер жадында бірнеше мегабайт орын алады, яғни мәтіннің бірнеше жүз беті қанша орын алса, сонша.

ЭЕМ жадында векторлы графиканы пайдалануда әрбір графикалық примитивтің – геометриялық объектінің математикалық сипаттамасы сақталады, олардан бейне құрастырылады. Дербес жағдайда, шеңберді  суреттеуде оның центрінің орналасуын, радиусын, сызықтардың қалыңдығы мен түсін сақтау жеткілікті. Осы берілгендер бойынша сәйкес программалар дисплей экранында қажетті фигураны салады. Бейнелерді осылай сипаттау растрлы графикаға қарағанда біршама аз жадыны қажет ететіні түсінікті, себебі ол суреттің әрбір нүктесінің түсін сақтамайды. 

Векторлы графиканың негізгі кемшілігі жоғары сапалы көркем бейнелер, суреттер және фильмдермен  жұмыс жасау мүмкіндігінің жоқтығы. болып табылады.

Векторлы графиканы пайдаланудың негізгі сферасы сызба, нобай (схема) диаграмма және т.б. болып табылады.

 

Растрлық графикамен жұмыс жасау құралдары

Растрлык (немесе биттік) графика файлдары бейненің әрбір нүктссін белгілі бір жиынның қатарласа орналасқан тізбегі ретінде қарайды. Әр нүкте өзінің түсі туралы ақпараттармен жабдықталған. Раіnt программасы - осы биттік графика бейнелерін өндеуге арналған. Раіntbroch ортасыньң қарапайым nиптегі программасы. Міне осындай .ВМР форматындағы файлдармен бірге биттік графика тобына жататын .РСХ  форматындағы файлдар да болады. Осы биттік графика тобына жататын файлдардың негізгі кемшілігіне, сурет масштабын өзгерту барысында, олардың сапасының күрт төмендеуі жатады. Енді мысал ретінде .ВМР форматындағы суретті Кірістіру=>Сурет (Вставка=>Рисунок) меню командасының көмегімен мәтін ішіне орналастырайық. Сосын масштабты өзгерту жактауы пайда болу үшін суретті тышқанмен шертейік те, суретгі тігінен және көлденеңінен ұлғайтайық. Бұдан кейін қарасақ, бейненің бұрынғыдан біршама өзгергенін байқалады. Растрлық   графикада   бейне   көптеген   нүктелердің жиынтығы түрінде көрсетіледі.

Компьютерлік графикада екі өлшемді майлыбояулы суреттерді құрастыруға арналған программалардың ішінен ең құндылары Adobe компониясының Photoshop, Мaсromedіa компониясының Fractal Desіgn, FreeHand программалары болып есептеледі. Растрлы графиканы өңдеу үшін қолданылатын көптеген программалардың ішінен  Adobe компониясының Photoshop программасы ерекше орынды алады. Жасалатын жұмыстың маңыздылығы бойынша ол бүгінгі күні компьютерлік графиканың стандарты болып табылады және басқа да қолданылатын барлық программалар тек сонымен ғана салыстырылады.

                Adobe Photoshop программасын басқарудың негізгі элементтері меню қатарына, құрал-саймандар және қасиеттер панелдеріне бағытталған. Негізгі топты аспаптық палитралар диалогтық терезесі құрайды.

 

Векторлық графикамен жұмыс жасау құралдары

Corel канадалық Corporatіon фирмасының Corel Draw векторлық редакторы құрамындағы қуатты оқыту жүйесі дайын бейнелердің аса зор кітапханаларының бар болуы сияқты кең мүмкіндіктерімен әйгілі болды.

     Программа терезесі: жұмыс аймағы, тақырып жолы, меню жолы, қалып-күй жолы, саймандар панелі және. құрамын қолданушы анықтай алатын басқа панельдер, жылжыту жолағы және сол сияқты стандартты элементтерге ие.

     Векторлық графикада суреттің әрбір жеке элементі вектор түрінде немесе параметрлер массиві түрінде, дәлірек айтсақ, осы фигура жайлы ақпараттар - оның мөлшері, центрінің координаталары және түсі туралы ақпаратты құрайтын қарапайым геометриялық фигуралардың (сызықтар, тіктөртбүрыштар, дөңгелектер және т.с.с.)
математикалық сипаттамасы түрінде жазылады және сақталады. Мысалға, дөңгелекті сақтау үшін оның центр координаталары (х=10, у=5), радиусы (34), түсі (көк) туралы ақпараттар керек. Сондықтан, бейне масштабының өзгеруі (өсуі немесе кемуі) оның сапасына әсерін тигізбейді.  RTF форматыбұл күрделі векторлық графика форматы, сондықтан ол WORD -та оның құрамында бірге орнатылған графикалық сүзгі арқылы іске асырылады.

Paint графикалық  редакторы Windows  жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редактордан  біршама төмендеу болғанымен  ол  едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі -түсті және ақ- қара сүйреттерді схемаларды сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қыйын емес. Оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар. Дайындалған бейнелер файлдарды кең тараған графикалық форматында сақталады.

Терезенің сол жак шеткі кабырғасында аспалтар тактасы орналаскан. Одан сіздер Paint -та кездесетін барлык сурет салу аспаптарын көре аласыздар (8.1-сурет). Кез келген апаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышкан курсорын еткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін тандап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшсленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint -та бір уақытта екі түспен сурет салуға блады: қалам түсімен (мүнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны иондық деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі

Үшіншісінің ішіне орналаскан кішкене екі тіктөртбүрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы – фондык үстерді  көрсетеді.  Кез  келген  сәтте  түстерді  өзгерту, мүкіндігі   бар.   Ол  үшін   курсорды  палитрадағы  жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын  шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу аркылы

фондық түсті өзгертуге болады.

Құрал –жабдықтар

Аспаптар тактасының төменгі жағында сызықтар калыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар калыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызыкты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызыктың калыңдығы сондай-ак мыналарға да әсер етеді:

-    аэрозоль балонының сыясының ені;

-    өшіргіш (ластик) ені;

-    бояуыш немесе кылқалам (кисть) ені.

Жұмыс аумағы - салынатын графикалык бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егерде мөлшсрі жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терсзе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бстінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терсзенің жоғарғы сол жак бұрышында кара жақтаулармен коршалып көрсетілстін болады.

Қолданылатын аспаптар

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бүрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар (бүл әрекет барлық программаларда кездеседі). Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету=>Өзгерту {Сігі+2} (Редактирование - Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы карапайым суретшінің аспаптарының жиынына үқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапка Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жүмысын аткарады. Мұндай аспапты таңдаған сол, "тышқанның" стандартты курсоры Қылкаламға айналады.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту /сұрақ-жауап әдісі/

Ø  Компьютерлік графика дегеніміз не?

Ø  Растрлы графика деген не?

Ø  Растрлық графикамен жұмыс жасау құралдары?

Ø  Векторлық графикамен жұмыс жасау құралдары?

Ø  Құрал –жабдықтар?

Ø  Қолданылатын аспаптар?

Ø  Векторлық графика дегеніміз не?

V. Үйтапсырмасы

Арнайы сұрақтар әзірлеу

               VІ. Сабақты қорытындылау

(Бағақою, оларға комментарий беру, сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование по информатике на тему "Графикалық ақпараттар туралы ұғым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Графикалық ақпарат туралы жалпы түсінік беру. Олардың түрлерімен таныстыру, жұмыс жасау тәсілдерін үйрету. Графикалық ақпараттар туралы оқушыларға жалпы түсінік беру арқылы білімдерін дамыту. Олардың түрлерімен таныстыру арқылы дағдыларын қалыптастыру. Жұмыс жасау тәсілдерін үйрете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру . Компьютермен жұмыс істеуде ұқыптылыққа, техника қауіпсіздігін дұрыс сақтай білуге үйрету, адамгершілікке, тазалыққа, жауапкершілікке, жан-жақтылыққа, шыншылдыққа, тәрбиелеу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 971 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по информатике "Перевод десятичных чисел в другие СС" (10 класс)
  • Учебник: «Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.
  • Тема: 1.3.2. Перевод десятичных чисел в другие системы счисления
  • 01.10.2020
  • 1535
  • 66
«Информатика (углублённый уровень) (в 2 частях)», Семакин И.Г., Шеина Т.Ю., Шестакова Л.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2015 475
    • DOCX 26 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маметова Назым Кадыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маметова Назым Кадыржановна
    Маметова Назым Кадыржановна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4093
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 688 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 798 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе