Главная / Биология / Планирование по биологии на тему "Минералды тыңайтқыштар"

Планирование по биологии на тему "Минералды тыңайтқыштар"

Бекітемін:

Күні:

Пәні: Химия

Сыныбы: 9 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар, олардың Қазақстанда өндірілуі және оларды тиімді қолдану.

Жалпы мақсаты

Оқушылар минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп-дамуына тигізетін әсерімен танысады. Топтық, жұптық жұмыс жасайды. Реакция жазу, есеп шығару іс-әрекеті қалыптасады.

Бағалау

Бармақ арқылы бағалау, суммативті бағалау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар минералды тыңайтқыштардың түрімен танысып, олардың құрамын біледі.Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті топырақты қосымша тыңайтқыштармен құнарландыру қажеттігін түсінеді. Реакция жазу, есеп шығару іс-әрекетін қалыптастырып, өз ойын ашық айта алады. Сыни тұрғыдан ойлай алады.

Негізгі идея

Өсімдіктер тіршілігін қолдайтын элементтері бар суда еритін қосылыстар тыңайтқыштардың түрлерімен таныстыру.

Тапсырмалар

  1. Бағдаршам ойыны арқылы топқа бөлу

  2. Химиялық викторина (сұрақ-жауап )

  3. Мәтінмен жұмыс. Тақырыпты оқып, талдау.

  4. Ойланудың алты қалпағы

  5. Есептер шығару



Мұғалім жазбасы

Ұйымдастыру кезеңі

3-мин

Оқушылардың көңіл-күйін сұрау, (бармақпен көрсету).

Сабаққа дайындығымыз қалай (3-рет шапалақ)

Бүгін біз химия оқу пәнін өтеміз, бүгінгі күнге барлығыңызға сәттілік тілеймін.

Сыныпты топқа бөлу « Бағдаршам» ойыны арқылы топқа бөлу.

Әр баланың алдарындағы түстерден таңдауы бойынша, жасыл түсті таңдағандар бір топқа, сары түстер екінші, қызыл түстер үшінші топқа бөлініп отырады.

Үй жұмысын тексеру. Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Әр топқа үй жұмысы бойынша тапсырма беремін.

7-мин.

Ой шақыру:

Химиялық викторина (сұрақ-жауап ойыны)

  1. 1669 ж. Неміс алхимигі Х.Бранда ашқан элемент?

2. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері қанша, қандай?
3. Фосфор тотықсыздандырғыш ретінде қандай заттармен реакцияға түседі?

4. Фосфор металдармен әрекеттесіп қандай заттар түзеді?

5. Фосфор (V) оксиді қандай зат?
6. Ортофосфор қышқылының формуласы?
7. Фосфор қышқылының судағы ерітіндісі негіздермен әрекеттескенде қандай заттар түзеді?
8.Қызыл фосфор қайда қолданылады?
9.Фосфор шикізатының қоры Қазақстанның қай облыстарында бар?
10. Фосфордың периодтық жүйедегі орны?

Енді осы тапсырмаларды орындауда кім қаншалықты дайындықпен келгенін бағалау.

Топ жетекшілері арқылы.

Күннің реті, тақырыбы жазылады.

Тыңайтқыштардың өсімдіктер тіршілігі үшін маңызы зор екендігін айту.

Ұғыну:

Мәтінмен жұмыс.

Тыңайтқыштар жайлы мәліметтер

Оқушылар мәтінді оқып шығып, әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша топта талқылап, араларынан бір оқушы шығып тақырып бойынша өз ойларын қорытындылап айту.


Мағынаны тану:

Ойланудың алты қалпағы.

Әр топқа 2 қалпақ сеніп тапсырылады. Минералды тыңайтқыштар тақырыбы бойынша қалпақтың түсінен өз ойы мен әсерін , өз тәжірибесін көрсете отырып қорытынды жасайды.

Ақ қалпақ: тек сандардан, фактілерден тұрады.

Сары қалпақ: позитивті ойлау.

Қара қалпақ: сары қалпаққа қарама қайшы. Негативті ойлау.

Қызыл қалпақ: бұл сеімталдық қалпағы. Өзгеріс көңіл күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Жасыл қалпақ: бұл шығармашылық ойлау қалпағы.

Көк қалпақ: философиялық, пысықтау қалпағы.

Білімді тиянақтау:

Үш топқа үш есеп беріледі. Топта шығарып, бір оқушы тақтаға жазады.

I топ.

Шырша сүрегінің күлінде 18 процентке жуық калий оксиді болады. Мұны калий карбонатына шағып есептегенде қанша болады?

II топ.

10т фосфор қышқылы аммиакпен өзара әркеттескеде қанша диаммофос алуға болады? Бұл үшін неше тонна аммиак қажет? (9.39)

ІІІ топ.

Құрамында 58% кальций ортофосфаты бар 50 кг сүйекте неше килограм фосфор болады?


Түйсіну:

  1. Тест тапсырмасы

Әрбір топқа 10 сұрағы бар тест беріледі.

1. қай жерде азот көп мөлшерде болады?

А) жер қыртысында;

Ә) ауада;

Б) суда;

2.Ауадағы азоттың массалық үлесі

А) 21%

Ә) 1%

Б)78%

В) 70%

3. Адам үшін ауадағы азоттың атқаратын рөлі?

А) дем алу үшін

Ә) маңызды биологиялық заттардың құрамына кіреді;

Б) ағза үшін инертті орта бола алады

4. Сильвиниттің формуласын тап:

А) NaCl*Kl

Ә) NaNO3

Б) NH4NO3

5. Аммиактың формуласын тап:

А) N2

Ә) NO

Б) NH3

В) HNO3

6. Азот жетіспеген жағдайда өсімдіктің:

А) жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болады,

Ә) жапырағы бозғылт жасыл болып, бойы өспей, гүлі майда болады,

Б) жапырағы қызарып, гүлдері түсіп қалады.

7. Зертханада аммиакты қалай жинайды?

А) аузы төмен қараған төңкерілген ыдыста;

Ә) аузы жоғары қараған ыдыста;

Б) суда ығыстыру арқылы;

8. Оқ- дәрінің құрамына қандай қосылыс кіреді?

А) KNO3

Ә) NH3

Б) HNO3

Б) NO2

B) N2

9. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NH3 құрамындағы азоттың мөлшері?

А) 80%

Ә) 70%

Б) 90%

10. Өсімдікте калий жетіспесе:

А) сабағы қурап, жапырағы түседі.

Ә) жапырағы қарайып, гүлдері майда болады.

Б) фотосинтез процесінің қарқыны төмендейді



Әр топ жетекшісі тексеріп, бағалайды.




Кері байланыс. Бағдаршам арқылы бағалау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сендерге қаншалықты сабақтың ұнағанын білгім келіп тұр.

Жасыл түс-өте жақсы

Қызыл түс-мүлде түсінбедім

Сары түс- әлде де білімімді толықтыру қажет.

Қорытындылау: Минералды тыңайтқыштар – өзіне сақтықты қажет ететін химиялық заттар.   Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланса ғана, жоғары өнім алуға болады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: §21 минералды тыңайтқыштар.

Тапсырма 1

Өзгерісті жүзеге асыр: P→Mg3P2→PH3→P2O5→K3PO4→Ca3(PO4)2

Есеп:

  1. неге калий нитратын теңгерімсіз тыңайтқыш деп аталатынын түсіндіріңдер. Ондағы қоректік элементтердің мөлшерін есептеп табыңдар.

  2. Құрамында 98% аммоний нит раты бар 1т стандартты аммиак селитрасын алу үшін неше тонна 55 проценттік азот қышқылы қажет.



Үй тапсырмасын бағалаудың критерилері

1-ші (5-тік баға тақырып бойынша түсінік айту, реакция теңдеулерін жазып, берілген 2 есепті шығарып келу.

4-тік баға. Түсінік айту, реакция теңдеулерін жазу, берілген 1 есепті шығарып келу.

3-тік баға. Түсінік айту, реакция теңдеуін жазу.

2-лік баға алмайды деп ойлаймын.

Осы критерилермен дайындықпен келген оқушы өзіне тиісті бағасын алады деп ойлаймын.

Осымен сабақ аяқталды. Сендерге сәттілік тілеймін.



Планирование по биологии на тему "Минералды тыңайтқыштар"
  • Биология
Описание:

сатвмитвамимовамивартмьт ьтмь томт от льсм ьсм ьм ьл ьдль дмь дмь лдажвьмьлбмьлоло лмь ьмт льтаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Автор Тәукеева Іңкәр Зейнуллақызы
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Биология
Подраздел Планирования
Просмотров 824
Номер материала 59304
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы