Главная / Классному руководителю / Планирование на тему "Уа дариға"

Планирование на тему "Уа дариға"


«Тайынша агробизнес колледжі»КММ















Байқауға жазылған эссе тақырыбы:


«Мәңгілік Ел-біздің лайықты болашағымыз!»












2 курс 21 топ оқушысы:

Мамай Сақыпжамал

СҚО, Тайынша қ.

Қазақстан Конституциясы көшесі, 261

Телефон: 24-0-19


Оқытушы: Жүнісова Қ.Х.







Тайынша қ.

Уа дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді білмей келсем, кеше гөр!

Жата алмас ел топрағыңа тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам мен егер,- деп


ақын Қасым Аманжолов жыр жолдарын арнаған атамекеніміз -Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан.

Атамекен деп кеудемді кере демалғанда жүрегім мақтаныш сезіміне толады. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала, бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке еш жарде де жоқ шығар. Еліміздің байлығы өте көп және қазынаға бай. Табиғаты сұлу, биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдері, неше түрлі өсімдіктері бар, жері шұрайлы, шөбі шүйгін елімнің.

Осы еліміз, атамекеніміз-Қазақстан жылдан жылға өсіп-өркендеп келеді. Бұл жерді сақтап қалуда қаншама зиялы қауымдар, батырлар мен билеріміз, намысшыл азаматтарымыз терін төгіп, жанын қиды. Тарихта қалған белгілі оқиғалар жоңғар, қалмақ шапқыншылықтарынан, Ұлы Отан соғысында жаудан қорғаған батырларымыз, айтулы желтоқсан оқиғасында мемлекетіміздің намысы үшін жанын қиған патриоттарымызды халқымыз ән-жырына қосып, аяулы аттарын ардақтайды.

Мейлі қанша қан кешсін, мейлі азап шексін, әйтеуір, ер қазақ халқым біздерге өзінің жас ұрпақтарына егемендік сыйлады. Егемендікке қол жетіп, Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреді. Бүгін біз егеменді, тәуелсіз ел деп-отанымыздың иелі, ана тіліміздің киелі болып, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз.

Осы уақыт ішінде біздің ел қайта өрледі, шарықтады, жұлдыздай жарқырап көптеген жетістіктерге жетті. Біздің елде басқа да өркениетті елдерде сияқты кейінгі ұрпақтың мағыналы өмір сүруіне үлкен мүмкіндік бар. Еліміздің бүгінгі тамаша өмірін мақтан ете отырып, сан-саналы өміріміздің нәрі халқымыздың ынтымағында, бірлігінде , бейбіт өмірінде деп ойлаймын.

Мұның бәрі-Елбасының елеулі еңбегі. Елбасының арқасында бүгінгі Қазақстан –еңселі Қазақстан, мәртебесі биік шоқтығы да биік ел! Өйткені оның Елбасы-рухы биік, жасампаз, кімді болса да өз ісіне сендіре алатын, кімді болса да ізгі істерге жігерлендіре алатын тарихи тұлға, халықтың қалаулы перзенті. Бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету бағытындағы тарихи аса құнды идеясын жария етіп, ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманын іске асырудың маңыздылығын ашып көрсетті. Өткен тарихымыздың көзімен қарасақ, біздің жыл санауымыздан бұрын Күлтегін заманында Ғұн билеушісі Мөде патша «Енді біз төрткүл дүние танитын Мәңгілік Ел болдық» деген екен. Кейін Ұлытауда осы ұран тағы қайталанды. Үш жүздің көсемдері, билері бас қосқанда ұлы жиында «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп тасқа қашап жазған сөздер бар. Олай болса, осы мақсатты Елбасы қайта тірілтті. «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- Мәңгілік Ел идеясы»-деп атап көрсетті. Мәңгілік ел болуды ата-бабаларымыз сонау Орхон-Енисей жазулары пайда болған кезден бастап аңсаған. Бәріміз білетін Білге Қағанның кеңесшісі Тоны Көк 680-745 жылдар шамасында Түрік елін Мәңгілік Ел ету үшін өлместей бағдарлама жасаған. Бұл тарихымызда бар шындық. Алдымен елідің шекарасын бекіт, көршілермен тату бол дегенді де сонда жазып кеткен...

«Мәңгілк Ел» мұратына жету жас ұрпақтардың, біздің бірлігіміз бен сабақтастығымыздың көрінісі арқылы жүзеге асады. Қазақ елі талай замандарды бастан өткерді, сүрінді, бірақ белді бекем буып, қайтадан бой тікті, осы қайсар мінезіміздің арқасында іргесі бекем, бірлігі жарасқан, халқы тату-тәтті өмір сүріп жатқан әрі келешегі кемел мемлекетке айналдық. Қаншама ғасыр өтсе де ата-бабаларымыздың басты арманы орындалды. Олардың ұрпақтары біз Тәуелсіздіктің көк туы астында аңсаған егемендік, тәуелсіздік, тұтастық, бірлік, азаматтық құндылықтар «байлығымыз да бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек»- деп ойлаймын.

Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі- ана тіліміз. Олай болса, Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Халықтың жаны да ана тілінде. Ана тіліміз- рухани тірегіміз де.

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында Елбасының айналасына бірігу «Мәңгілі ел» мұратымызға жетудің берік негізі болып табылады деймін.

Планирование на тему "Уа дариға"
  • Классному руководителю
Описание:

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жүйелі білім беру сабағы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: дамыта оқыту.

  • 1.Түсіндірмелі иллюстративті оқу.
  • 2.Талдау
  • 3.Пікір алмасу
  • 4.Ой қорыту
  • 5.Топпен жұмыс (2 топ)

Көрнекі құралдар: Б.Майлиннің портреті, өмірі мен шығармашылығы туралы суреттер, Уфадағы «Ғалия»медресесінің суреті,Интерактивті тақта.

Сабақтың эпиграфы: «Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді,биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті» Ғ.Мүсірепов.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі :
  • а)сәлемдесу
  • ә)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  • б)оқушыларды түгендеу
  • 1 топ /4 оқушы/жинаған мәліметтерінің нәтижелерін оқиды.
  • 1.Б.Майлин деген кім?
  • 2.Ол туралы не білеміз?
  • 3.Оның қандай шығармашылығын білесіңдер?
  • 4. «Шұғаның белгісі» повесті туралы не білеміз?
Автор Жунусова Карлыгаш Хамитовна
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Планирования
Просмотров 396
Номер материала 58154
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓