Главная / Химия / План урока по химии на тему "Күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері." (9 класс)

План урока по химии на тему "Күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері." (9 класс)

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы №10орта

мектеп – гимназияның химия пәнінің

мұғалімі Жаманбалинова К.С.


Сабақтың тақырыбы: Күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: 1. Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттерін дәлелдеп, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттеріне реакция теңдеулерімен анықтау.

2. Ізденіс жұмыстары арқылы күкірттің ерекшелігімен қолданылуы туралы білімді дамыту

3. Қоршаған ортаны қорғау,химия өндірісіне бағыт- бағдар беру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Қажетті құрал- жабдықтар: Интерактивті тақта, күкірт, спирт шамы, қасық, ұстағыш.

Сабақтың жоспары: 1. Сергіту тапсырмалары- 5 минут

2. Жаңа сабақтың мазмұны -20 минут.

3. Күкірттің шығу тарихы.

4. Көршілес бейметалдардың тарихы.

5. Күкірттің аллотропиясы.

6. Химиялық қасиеттері.

7. Қолданылуы.

8. Қорытынды- 3 минут

9. Бекіту тапсырмалары – 5 минут

10. Деңгейлік тапсырмалар-10 минут.

11. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сергіту тапсырмалары: «Өткенді ұмытпа, ол болашақтың ұстазы»

а/ БейМе ПЖО нын көрсетіп, атын атаңдар.

ә/ Не себепті период бойынша бейметалдардың бейметалдық қасиеттері артады? Атом құрылысы негізінде түсіндір.

б/ Екі атомды жай затқа жататын бейметалдарды атаңдар?Қандай байланыспен байланысқан?

в/ Неге инертті газдар екі атомды молекула түзбейді?

г/ ЭТ дегеніміз не?

3. «Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз» Жаңа сабақтың барысы:

А) Халькогендер – оттек, күкірт, селен, теллур, полоний.

Күкірт ҮІ А топша , реттік нөмірі 16 атомдық массасы 32 Атом құрамында 16 протон, 16 нейтрон, 16 электрон бар.Атом құрылысы: 2е, 8е, 6е болады. Тотығу дәрежелері -2, 0, +4, +6.

Ә) Күкірт- кәдімгі температурада ромбты күкірт тұрақты болғандықтан табиғатта осы түрі кездеседі. Ол иіссіз, суда ерімейтін сары түсті, жылу мен ток өткізбейтін, морт сынатын кристалл. Балқу температурасы 119С. Күкірт атомының сыртқы валентті екі дара электрондары болғандықтан, олар өзара байланыса алады. Сондықтан аллотропиялық үш түрлі өзгерістері бар. Ромбалық S8 , моноклинді бұрышы 108 және пластикалық. Соңғы екеуі тұрақсыз.

Б) Күкірттің шығу тарихы – оқушының жұмысы.

Көршілес бейметалдардың тарихы – фосфор, оттек, хлор, селен туралы – оқушылардың жұмысы.

4. Химиялық қасиеттері :

* тотықтырғыш қасиеті – сутек және металдармен әрекеттесуі.


S + H2 ---- H2S

S + Cu ---- CuS

S + Fe ----- FeS

* Тотықсыздандырғыш қасиеті – ауада, таза оттекте көгілдір жалын түзе жанып, күкірт диоксидін / күкірт ( ІҮ) оксиді / SO2 / түзеді.

S + O2 --- SO2

Күрделі заттармен әрекеттеседі:

2 S +2 H2 SO4 ----- 3 SO2 + 2H2 O

3S + 6 NaOH ---- 2Na2S + Na2SO3 + 3H2O


5. Қолданылуы: Күкірт көп жерлерде қолданылады. Аңшы мылтығының оқ- дәрісін жасауда, көксағызды вулканизациялауда, резеңке, сіріңке, бояу өндірісінде, ауылшаруашылық зиянкестермен күресуде қолданады. Медицинада тері ауруларын емдеу үшін қолданады. Өнеркәсіпте өндірілетін күкірттің жартысы күкірт қышқылын алуға жұмсалады. Сары күкірт ұнтағы өсімдік зиянкестерімен күресу үшін пайдаланылады.

6. «Тоқсан сөздің - тобықтай түйіні» Сабақтың бекіту кезеңі:

- Күкірт бос және қосылыстар ( сульфидтер, сульфаттар) күйінде кездеседі.

- Күкірт қосылыстарында -2, 0 , +4, +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

- Күкірт үш түрлі модификациялық түрде бола алады: ромбалық, пластикалық, моноклинді; ең тұрақты түрі – ромбалық.

7. Бекіту тапсырмалары: Мына айналымды реакция т еңдеулері көмегімен жүзеге асырыңдар:

S SO2 SO3 H2SO4 BaSO4

8. Бі лім алар баланың , оқу болар ермегі - Өздік жұмысты орындау.


І – деңгей

1. Күкірт қай қосылыстарда -2, +4 +6 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Формуласын жазыңдар.

2. Күкірттің қандай аллотропиялық түр өзгерісін білесіңдер?

3. а) 2, 8, 2 ; ә) 2, 8, 5 ; б) 2 , 8 , 4 ; қайсысы күкірт атомына сәйкес келеді?


ІІ – деңгей.

  1. SO2 – дегі күкірттің массалық үлесін есептеңдер?

  2. Күкірт жанғанда 630 кдж қ.ж күкірт диоксидін түзеді. Реакцияға кіріскен күкірттің массасын тап?

  3. Массаы 96 г күкіртте қанша моль болады?

ІІІ – деңгей.

  1. Мына реакция теңдеуі бойынша S + O2 --- SO2 + 332,8 кдж; 1000 кдж жылу бөліну үшін қанша г күкірт қажет?

  2. Мына қосылыстың қайсысында H2S ; FeS күкірт көп.

  3. Құрамында 40% қоспасы бар 40 г күкірттен қанша г күкіртсутек алуға болады?


Үйге тапсырма: 10 параграф 6,7,8 жаттығу. 41 бет. 9- сынып.



План урока по химии на тему "Күкірт, оның физикалық және химиялық қасиеттері." (9 класс)
  • Химия
Описание:

Бұл сабақ жоспарында күкіртің физикалық және химикалық қасиеттері сипатталады. Күкірттің жай зат ретінде физикалық қасиеті ал химия элемент ретінде бұл элементтің Дмитрий Иванович .Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орны бойынша , атом құрылысы мен  құрамы және аллотропиялық өзгерістері көрсетіледі. Күкірт бейметалл болғандықтан оның химиялық қасиетінде тотықтырғыш жане тотықсыздандырғыш қасиеттерін реакция теңдеулерімен дәлелденеді.  күкірт су текпен және металдармен әрекетескенде тотықтығыш болады. Нәтижесінде сульфидтер журеді. Ал электртерістілігі жоғары элементтермен, мысалы оттекпен немесе хлормен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болады. Осы сабақ жоспары мұғалімдерге бір көмегін тигізер деп ойлаймын

Автор Жабанбалинова Кусункан Сыдыковна
Дата добавления 24.11.2014
Раздел Химия
Подраздел Планирования
Просмотров 751
Номер материала 5156
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓