Главная / Другое / план урока на тему " Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау"

план урока на тему " Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау"

hello_html_25340a72.jpg

Қостанай қаласы №10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна


Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау

Сабақтың тақырыбы:білімділік-сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін пысықтау;дамытушылық-теориялық алған білімін практикалық жұмыстармен одан әрі кеңейту,білімдерін жинақтау,сауаттылығын,тілін дамыту;тәрбиелік-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру,талдау,семантикалық карта,тест.

Түрі:өтілген тақырыпты пысықтау.

Көрнекілік:таратпалар,тірек-сызбалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:оқушылармен амандасып,сыныпты кезекші арқылы түгендеп,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Бүгінгі сабақтың шарттарымен таныстыру.Топқа бөлу және жетекшісін сайлау.

-Оқушы,ойыңды жинақы,тиянақты жеткіз,уақытты үнемді әрі пікірің дәлелді болсын.

1-топ.Шартты бағыныңқы,қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2-топ.Мезгіл,себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

3-топ.Қимыл-сын,мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

1 тапсырма.Әр топ сабақтастың түрлерінің ережесін,байланысын,тыныс белгілерін мысалдармен плакатқа сызба арқылы белгілеп,өздері таңдап алған сабақтастың түрлерін қорғап шығады.

2 тапсырма.Әр топ қарсылас топтарына талдау сөйлемдерін ұсынады.

1-топ,3-топқа береді.Сөйлем мүшелеріне талдау.

Абай үлкен үйге түсті де,шешелерімен амандасып болған соң, көші-қон жайын айтты.Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай:көктемгі қоныстарға барушы еді.Ұлжан солай көшерміз деп,қыстауда қалдыратын жүктерін,қоймаларын сайламаған екен.Шыңғыстағы ел бауырға көшпей,жайлауға асығып отыр.

3-топ,2-топқа береді.Сөз құрамына талдау.

Көңіл қаншалық қиял құшып,аласұрса да,Абай амалсыз көнді.Бірақ осы аз күннің ішінде Құнанбайдың Жігітек жерінен Бөкеншіге қоныс әперіп отырғанын айтып,Байдалы ұрық бермеді.Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң,Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас.Белге шығып алып,шауып келе жатып қарағанда,бала көрінбейді.

2-топ,1-топқа береді.2 сөзге лексикалық,2 сөзге фонетикалық талдау жасау керек.

Әдейі танытпайын деп,бет-аузын танып алыпты.Қаратаймен қырбай болғандықтан,Құнанбай Көкшенің жайлауына ортақ болғысы келгендей.Мұсақұлға келсе,Базаралы да сонда екен.Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай.

3 деңгейлік тапсырма.1-топқа.


1-деңгей.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы мен басыңқы сыңарларын біріктіріп,сөйлем құра.Жасалу жолдарын түсіндір.

1.Дәл кетер кезде,жеңгем шапан жамылып,.......................................................... ,.............................................

2.Бие байлап болғаннан кейін, ..............................................................................................................................

3.Ауыл қыстауға қонғаннан бері,..........................................................................................................................

4.Құнанбай, ............................................................................,былтыр өзі Қаршоқыдан көшірген Бөкенші ,

.........................................................................................

5.Абай ауылымен иін сүйеністіре кеп,...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Қажетті басыңқы сыңарлар: есік ашып,алдынан шыға беріп еді.түске жақын ауыл қымызға жиылды.Абай өзі Некрасовты ерекше бейіл бере оқыды.ел жайлауға шығардан бұрын,Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын.Әуездің де Ботақан ошағына жайғасқанына бір жұмаға толған жоқ.

2-деңгей.Берілген жай сөйлемдерден мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар.

1.Қыздар көзден әбден таса болғанға шейін,

2.Сол топты жылқы ішінен шығарып салысымен,

3.Айболдар келгенше,

4.Қыз-келіншектер тербетіп тұрғанда,

3-деңгей. "Еңбек адамды көрікті етпек" деген тақырып бойынша шағын шығарма жазу.


Деңгейлік тапсырма 2-топқа

1-деңгей.

Сөйлемді оқып,шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.

1.Бір елді бір ел жақсы біледі,жақсы өнегесін алар еді.

2.Аңшылар қостарына келсе,Абайдың қасында қонақ бар екен.

3.Құрмаш пен әжесі шақырса-келеді.

4.Осы интернаттар ашылмағанда,консерваторияға скрипкашы,пианист қазақ балаларын даярлап бері мәселесі шешілмек емес.

5.Ширақ аяндап құдықтан қайтқан аттардың терезе алдынан өткендігі тықырын естігенде,Байжекең Омбыда Ушаков жектіріп берген қара аттың енді өз малы болып кеткенін есіне алды.

2-деңгей.Сөйлемдерді оқып,берілген сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағынасына қарай топтастырыңдар.

Мысалы

шартты

қарсылықты

мезгіл

Қимыл-сын

Себеп

мақсат

1

Қасқыр енді мұның айқасын елемейтін болған соң,Иса басқа бір тәсілге көшті.





+


2

Құс жоғары-төмен ұшып,бір қанатын сабалап қаша берді.




+



3

Абайлар ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,аттарын шоқыта,сар желіске сала жөнелді.






+

4

Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде,ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.



+




5

Жүре берсең,көре бересің.

+






3-деңгей. "Тек адамдығыңмен таныл" тақырыбына ойтолғау жазыңдар.


Деңгейлік тапсырмалар 3-топқа

1-дейгей

-ғанда,-са тұлғаларын пайалана отырып,мезгіл және шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем құраңдар.

2-деңгей.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастардың жасалу жолдарын түсіңдіріңіз,сөз құрамына талдаңдар.

Құр әдеппен жымиған болмаса,Абай оның сөзін аңғарған жоқ.Шешелері бұған біресе қымыз,біресе тоңазыған ет,біресе шай ұсынып тықпалай берсе де,баланың бойына ас батпады.Туысқан бола тұрып,екеуі жат адамдар сияқты.

3-деңгей.

"Өтірік сөз жарақат сияқты:жазылса да орыны қалады", "Адамды екі нәрсе қартайтпайды:бірі-жақсы мінез,екіншісі-жақсы сөз" деге тақырыптардың бірін таңдап,өз пікіріңді жаз.

"Жұлдызды жауын" ойыны.Өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау үшін,тақырыптық тест алынады.


1-топ

  1. Сабақтас құрмалас сөйлемдер неше түрге бөлінеді?

  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 6

  5. 7

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады?

  1. Салаласа

  2. Сабақтаса

  3. Кезектесе

  4. Матаса

  5. Қабыса

  1. Қайсысы қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолына жатпайды?

  1. Бұйрық райдағы етістік пен «деп» етістігінің тіркесуі

  2. Шартты райдың болымсыз түрі

  3. Есімшеге көмектес септігі жалғануы

  4. Есімшеге «-ша, -ше» жұрнағы жалғануы

  5. Шартты райдағы етістік пен «да, та» шылауының тіркесуі

  1. Екпей, егін бітпес.

Сабақтастың қай түрі?

  1. Қарсылықты

  2. Себеп

  3. Мезгіл

  4. Мақсат

  5. Шартты

  1. Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісінде айтылған істің уақытын білдіретін құрмаластың түрін қалай атаймыз?

  1. Себеп

  2. Мезгіл

  3. Қарсылықты

  4. Қимыл-сын

  5. Мақсат

  1. Мезгіл бағыныңқы құрмаластың сұрақтары қандай?

  1. Қашан? Қашанға дейін?

  2. Неге? Не дегенмен?

  3. Әтсе де, қайткенмен?

  4. Не еткенмен?

  5. Қайтсе де

  1. Берілген сөйлем қай сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі?

Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.

  1. Мезгіл

  2. Себеп

  3. Қарсылықты

  4. Шартты

  5. Сын-қимыл

  1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының жасалу жолын табыңыз.

  1. Ашық райлы етістіктен

  2. Шартты райлы етістіктен

  3. Есімшемен «-ша, -ше» жұрнағы арқылы

  4. «-а, -е, -й» көсемше жұрнағы арқылы

  5. Шартты райдың болымсыз түрі


2-топ

1.Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  1. Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді

  2. Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың себебін білдіреді

  3. Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың мезгілін білдіреді

  4. Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың жүзеге асу, аспауын білдіреді

  5. Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың мақсатын білдіреді

2.Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп? сұраулары қай сабақтастың сұрақтары?

  1. Қимыл-сын

  2. Шартты

  3. Қарсылықты

  4. Себеп

  5. Мезгіл

3.Берілген сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қандай түрі?

Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.

  1. Қарсылықты

  2. Шартты

  3. Себеп

  4. Мезгіл

  5. Мақсат

4.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  1. Құрамындағы жай сөйлемдері кезектесіп келеді

  2. Құрамындағы жай сөйлемдері тең дәрежеде байланысады

  3. Айтылған ойдың себебін білдіреді

  4. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне бағына байланысады

  5. Істің мақсатын білдіреді

5. Шартты рай арқылы жасалған сызбаны табыңыз.

  1. /.../ барса, /.../

  2. /.../ келе, /.../

  3. /.../ ойлап, /.../

  4. /.../ көргенше, /.../

  5. /.../ естіген кезде, /.../

6.Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы бірінші жай сөйлем қалай аталады?

  1. Басыңқы

  2. Тиянақты

  3. Бағыныңқы

  4. Тиянақсыз

  5. Шартты

7. Берілген сөйлем қандай сөйлем?

Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.

  1. Салалас

  2. Аралас

  3. Жай

  4. Сабақтас

  5. Атаулы

8.Сабақтас құрмалас сөйлемнің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

  1. Ештеңе қойылмайды

  2. Нүкте

  3. Үтір

  4. Нүктелі үтір

  5. Сызықша


3-топ

1.Сөйлемде қандай тыныс белгілері қойылмаған?

Малшы сырын білгенім үшін оның қасында болдым

  1. Үтір, леп белгісі

  2. Нүктелі үтір, нүкте

  3. Үтір, нүкте

  4. Тырнақша, сызықша

  5. Үтір, үтір

2. Берілген қандай сөйлем?

Жаңа талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

  1. Шартты

  2. Қимыл-сын

  3. Мезгіл

  4. Мақсат

  5. Кезектес

3. Шартты райдың жұрнағы қай сөйлемнің жасалу жолына қатыспайды?

  1. Шартты

  2. Қарсылықты

  3. Мақсат

  4. Себеп

  5. Мезгіл

4.Олар келсе, сабақ аяқталыпты.

Қандай сөйлем?

  1. Шартты

  2. Қарсылықты

  3. Себеп

  4. Мезгіл

  5. Қимыл-сын

5. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

  1. Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жасатуға келе жатыр еді.

  2. Біз үйден шыққанда, күн де сәскелікке жақындап еді.

  3. Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың.

  4. Олардың сөзін тыңдағандай болып, мен үндемей отыра бердім.

  5. Олар үйден шыққанда, жаңбыр да жауды.

6.Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

  1. Ысқақа жақсы білім алсын деп, оның жанұясы қалаға көшіп келді.

  2. Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.

  3. Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, талассыз ілгері жылжи береді.

  4. Өткенге топырақ шашасаң, болашақ саған тас атады.

  5. Ол арбадан түскенше, Санат күтіп қалды.

7.Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ол кітапханағабара жатса, алдынан Серік шықты.

  2. Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.

  3. Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегі жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып тұрды.

  4. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасады.

  5. Мен шаңғы теуіп жүремін.

8. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

  1. Ол ертерек келсе екен.

  2. Ал ол болса қалаға кетті.

  3. Ерте келсең, маған айт.

  4. Қайта-қайта оқыса да, түсінбеді.

  5. Кино басталса, ол ұйқыға кетеді.


Жауаптары

1-топ

2-топ

3-топ

1

Д

1

А

1

С

2

В

2

Д

2

В

3

А

3

Е

3

Д

4

Е

4

Д

4

Д

5

В

5

А

5

Д

6

А

6

С

6

А

7

В

7

Д

7

А

8

А

8

С

8

С

1-2-"2"

3-4-"3"

5-6-"4"

7-8-"5"

Көру диктанты.Диктант мәтінін еске сақтап,1 минуттан соң жатқа қатесіз жазуға дағдыландырады.

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз,сірә,мен мүлде

Аппақтың нарқын сезбеспін.

(М.Мақатаев)

Қорытынды: "Сабақтас" сөзі шығатындай етіп сөзжұмбақ құрастырыңдар.

Үйге тапсырма:Көркем шығармалардан сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне байланысты 10 сөйлем теріп көшіріңіз,жасалу жолдары түрліше болсын.

Бағалау:оқушылар өздерін үміт ағашы арқылы бағалап шығады.


план урока на тему " Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау"
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы:Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау

Сабақтың тақырыбы:білімділік-сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін пысықтау;дамытушылық-теориялық алған білімін практикалық жұмыстармен одан әрі кеңейту,білімдерін жинақтау,сауаттылығын,тілін дамыту;тәрбиелік-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру,талдау,семантикалық карта,тест.

Түрі:өтілген тақырыпты пысықтау.

Көрнекілік:таратпалар,тірек-сызбалар.

Пәнаралық байланыс:әдебиет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:оқушылармен амандасып,сыныпты кезекші арқылы түгендеп,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Бүгінгі сабақтың шарттарымен таныстыру.Топқа бөлу және жетекшісін сайлау.

-Оқушы,ойыңды жинақы,тиянақты жеткіз,уақытты үнемді әрі пікірің дәлелді болсын.

1-топ.Шартты бағыныңқы,қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2-топ.Мезгіл,себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

3-топ.Қимыл-сын,мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

№1 тапсырма.Әр топ сабақтастың түрлерінің ережесін,байланысын,тыныс белгілерін мысалдармен плакатқа сызба арқылы белгілеп,өздері таңдап алған сабақтастың түрлерін қорғап шығады.

№2 тапсырма.Әр топ қарсылас топтарына  талдау сөйлемдерін ұсынады.

1-топ,3-топқа береді.Сөйлем мүшелеріне талдау.

 

Абай үлкен үйге түсті де,шешелерімен амандасып болған соң, көші-қон жайын айтты.Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай:көктемгі қоныстарға барушы еді.Ұлжан солай көшерміз деп,қыстауда қалдыратын жүктерін,қоймаларын сайламаған екен.Шыңғыстағы ел бауырға көшпей,жайлауға асығып отыр.

Автор Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1695
Номер материала 47813
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓