Главная / Другое / план урока на тему Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым"

план урока на тему Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым"

hello_html_25340a72.jpgҚостанай қаласы №10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна


Сабақтың тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым"

Мақсаты:ақын шығармаларының тақырыбын,идеясын ашу,поэзиясының өміршендігін таныту,өлеңнің тақырыбы мен идеясын,көркемдік тілін жете ұғыну.


Міндеттері:

1)мазмұнға байланысты-ақын шығармасын оқи отырып,композициялық құрылысымен танысады,ой тереңдігін,тіл шеберлігін сипаттай алады;

2)СТО-ға байланысты-тақырыпты меңгеру барысында СТО әдістері арқылы білімдерін ортаға сала отырып,өз ой -пікірлерін қорытындылайды.

3)топтық жұмысқа байланысты-топтағы жұмысты ұйымдастырады,жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Типі:жаңа ұғымды меңгерту.

Әдіс-тәсілі:СТО әдістері,сұрақ-жауап,талдау,баяндау,блум таксономиясы

Жабдықтары:ақын портреті,теңге суреті,кесте.

hello_html_599197e1.jpghello_html_m470fca73.jpghello_html_5e37db70.jpghello_html_m714e04da.jpg


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:гүлдің жапырақтары арқылы оқушыларды топқа бөліп аламын.

hello_html_m555e431d.jpghello_html_b594975.jpghello_html_5f8ca3d1.jpg

Кіріспе:"Жылы лебіз" стратегиясы

Әдеп сақтап үнемі

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа.

Ар-мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

-Қазір оқушылар,бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуенмен ішімізден жақындарымызға,достарымызға,жанымыздағы жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.Енді көзімізді ашамыз.Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз.Бұл тілектің орындалуын тілейміз.

-Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып.мақтау айтып,жақсы тілек жолдаймыз.

Мысалы мен: "Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз.Жүзіңнен күлкі кетпесін.Достарын көп болсын..."

hello_html_52ff8451.jpghello_html_m59fa59e0.jpghello_html_m315566ab.jpg

Оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтып гүл сыйлайды.Мысалы: "Мейірімді Аидаға", "Аңқылдақ Нұржанға", "Елгезек Темірланға"

Үй тапсырмасын сұрау:

Арғымақтан туған қазанат,

Шабуыл салса нанғысыз.

Қазанаттан туған қаз мойын,

Күніне көз көрінім жер шалғысыз.

Айырдан туған жампоз бар,

Нарға жүгін салғысыз,-деп Махамбет Өтемісұлының "Тайманның ұлы Исатай" өлеңінен үзінді жатқа айту.Сұраққа жауап кесте толтыру.


Қай жылы Орынборда Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды.Осы кезде сауат ашып,орыс тілін үйренеді?

1824-1828 жылдары

Қай жылы Ішкі ордадағы Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып,2 жыл абақтыға қамалады.

1829 жылы

Қай жылы Исатаймен бірігіп,9 маусымда Жәңгір хан Махамбетті өз жанына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынады.

1834 жылы

Қай жылдары Исатай бастаған көтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды.

1836-1838 жылдары

Қай жылы Ақбұлақтағы шайқаста Исатай қазаға ұшырып,Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.

1838 жылыы,12 шілді

Қай жылы Тілекеев дегеннің үйінде қолға түседі.

1841 жылы,

4 наурызда

Қай жылдары Баймағамбет сұлтанның қол астындағы жерлерді паналады.

1840-1846 ж


Үй тапсырмасын мынау бағалау өлшемдері бойынша бағалайсыздар:

Оқушының аты -жөні

Өлеңді жатқа айтқандағы дауыс ырғағы

Ешкімнің көмегін қажет еткен жоқ

Мұғалімнің немесе оқушылардың көмегі қажет болды

Хронологиялық кестеге толық жауап берді

Кестені толтыру барысында жылдарды шатастырды

1







2







3








Жаңа сабақ:Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.

Төрт топқа тапсырма беріледі.Блум таксономиясын қолдану.

І.Білу.

І-топ:Ақынның өмір жолы.

ІІ-топ:Сүйінбайдың ақындығы.

ІІІ-топ:Бала Жамбылға бата

ІҮ-топ.Ақын мұрасы

ІІ.Түсіну.С.Аронұлының "Бөрілі менің байрағым" өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқытқызып,тақырыбы мен идеясын ашамыз.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс:

Бөрілі байрақ-Шапырашты руының ертедегі туы. (топтастыру жұмыстары)

hello_html_405050b.jpg

Түркілер мәдениетінің рухын, тарихын, тілін,этногенезін, географиясын, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін, дүниетанымын айшықтайтын осы көне петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің( жалпы түрік халықтарының жиынтық атауы) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол -«Бөрілі байрақ» деп аталады. Байрақ бүкіл әскердің, мемлекеттің қасиетті рәмізі саналған. Сыртқы пішімінде, мәнінде ұқсастық болғандықтан, қазіргі түркі тектес халықтар тілінде байрақ, ту, жалау атаулары бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді.

ІІІ.Топтау. "Екі жақты күнделік" әдісін бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып,неге алғанын түсіндіру.

Мәтіннен үзінді

Не себептен таңдадыңыз?







ІҮ.Талдау.Өлеңді құрлысына қарай талдау.І-топ:бірінші шумақ,ІІ-топ-екінші шумақ,ІІІ-топ:үшінші шумақ,ІҮ-топ:төртінші шумақ.

Ү.Қолдану.Мақал-мәтелдерді оқып,екінші сыңарларын орындарына қойып жазыңдар.

1.Бозбала бастаған ел оңбас,

Құралай бастаған киік оңбас.

2.Ел ағасыз болмас,тон жағасыз болмас,

Басшысыз елде береке болмас.

3.Айырылма,жұртым,үйііңнен,

Айырылсаң үйіріңнен,қолын кетпес бүйіріңнен.

4.Елдің ерлігі ерінен танылар,

Елдің байлығы жерінен танылар.

Қорытынды:

Мен үшін жаңалық

Мені таңғалдырды







Бағалау:Топ мүшелері бір-бірлерін бағалап шығады.





Оқушының аты-жөні







1

Ақынның өмір жолы.







2

Сүйінбайдың ақындығы.







3

Бала Жамбылға бата







4

Өлеңді мәнерлеп оқыды ма?







5

"Байрақ" сөзінің мағынасын ашты ма?







6

Екі жақты күнделік







7

Өлең құрлысына талдау







8

Мақал-мәтелдердің сыңарларын орындарына қою







Үйге тапсырма:Сүйінбай Аронұлының "Бөрілі менің байрағым" өлеңін жатқа жаттап келу.

план урока на тему Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым"
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы:Сүйінбай Аронұлы "Бөрілі менің байрағым"

Мақсаты:ақын шығармаларының тақырыбын,идеясын ашу,поэзиясының өміршендігін таныту,өлеңнің тақырыбы мен идеясын,көркемдік тілін жете ұғыну.

 

Міндеттері:

1)мазмұнға байланысты-ақын шығармасын оқи отырып,композициялық құрылысымен танысады,ой тереңдігін,тіл шеберлігін сипаттай алады;

2)СТО-ға байланысты-тақырыпты меңгеру барысында СТО әдістері арқылы білімдерін ортаға сала отырып,өз ой -пікірлерін қорытындылайды.

3)топтық жұмысқа байланысты-топтағы жұмысты ұйымдастырады,жұмыс нәтижелерін көрсете біледі.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Типі:жаңа ұғымды меңгерту.

Әдіс-тәсілі:СТО әдістері,сұрақ-жауап,талдау,баяндау,блум таксономиясы

Жабдықтары:ақын портреті,теңге суреті,кесте.

      

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:гүлдің жапырақтары арқылы оқушыларды топқа бөліп аламын.

                 

Кіріспе:"Жылы лебіз" стратегиясы

Әдеп сақтап үнемі

Әрбір адал адамға.

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа.

Ар-мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.

 

-Қазір оқушылар,бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуенмен ішімізден жақындарымызға,достарымызға,жанымыздағы жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.Енді көзімізді ашамыз.Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз.Бұл тілектің орындалуын тілейміз.

Автор Ахметгалиева Айгуль Кужамуратовна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1421
Номер материала 47828
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓