Инфоурок Математика Другие методич. материалыPISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

Скачать материал

PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары  TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.

TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектепоқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.   TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8– сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады.

PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы Апробациялық зерттеуді, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі.  

PISA (Programme for International Student Assessment) – халықаралық зерттеудің мақсаты 15жастағы оқушылардың  математикалық, жаратылыстану мен оқудағы сауаттылығын  бағалау болып табылады. Зерттеудің негізі мектептің бағдарламасын меңгеру ғана емес, жеке тұлғаның дамуындағы білімін, дүниетанымын шыңдау, әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алатын қабілеттерін дамытуға бағыттау. Біз жобамызда осы қағидаларға, зертеудің мақсатына сүйене отырып тақырып бойынша есеп шығару жолдарын қарастырамыз   PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардыңматематикадан сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу.   Оқушылардың білімжетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.Тыңдаушы елдердің білім беру және өз оқушыларының қабілеттері мен өздерінің білім беру жүйесінің тиімділігі жөніндегі тұрақты және анық хабардар болу қажеттіліктеріне қарай, Экономиялық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. PISA өзінің ресми қызметін 1997 жылы бастады, бірінші зерттеулер 2000 жылы, екінішісі 2003 жылы, үшіншісі 2006 жылы, төртіншісі 2009 жылы, бесіншісі 2012 жылы өткізілді. Келешекте зерттеулерді 2015 жылы, 2018 жылы және т.с.с. өткізу жоспарланған.

Бұл зерттеулер кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай  жасауға кешенді баға беріледі.

Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген:

1.     Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі;

2.     Оқушылардың математикалық құзіреттілігін  сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі;

3.     Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану – ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері:

1.    оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке

тұлғаға бағытталған жұмыстардың  кемшіліктері;

2.    мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу іс-әрекетін, жеке білім беру

бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы.

Қазақстандағы функционалдық сауаттылық сапасын жақсарту үшін стратегияларды анықтау мақсатымен кейінгі екі жыл ішінде үш жеке іс-шара өткізілетін болады.

1. Мәтіндерді оқу және түсіну сапасының негізгі деңгейлерін анықтау. Бұл бүкіл ел бойынша PISA басып шығарған материалдардың көмегімен бірқатар студенттер мен мектеп оқушыларына тестілеуді өткізу жолымен орындалатын болады. Бұл шара 2014 жылдың қараша айында өткізілді.

2. Бірінші емтихан нәтижелерінің негізінде мәтіндерді оқу және түсіну сапасын тексеру бағдарламасы үшін кәсіби әзірлеу дайындалатын болады, ол 2015 жылдың наурыз айында жүзеге асырылады.

3. Соңында 2016 жылдың ақпан айында кәсіби түрде әзірленген іс-шаралардың әсерін зерттеу үшін кейінгі бағалау болады.

Бағалау және жоғарыда сипатталған кәсіби түрде әзірленген іс-шаралар өзінің сипаты бойынша жоғары шаралар болып табылмайды, бірақ олар бүкіл ел бойынша кәсіби сауаттылықты арттыру үшін жүзеге асырылатын болады. 

PISA оқушылардың математика, оқу әдебиеті және ғылыми әдебиет бойынша үлгерімдерін бағалайды. Үш жылда бір рет өткізіледі. PISA-ң әрбір циклында  негізгі назар үш негізгі саланың біреуіне аударылады (негізгі сала болып саналады),  бірақ барлық үш өзекті салалар әрбір циклда бағаланады, қалған екі қызмет саласы екінші дәрежелі болып саналады. Үш жылда бір рет барлық үш пәнді бағалау елдерге үш саланың әрқайсысы бойынша жетістіктері туралы тұрақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

                                    Математикалық сауаттылық

РISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған  тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады.

15 –жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адам өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделі, саналы азамат жасайтын қажеттілігін қанағаттандыру үшін  математиканы қолданып білу» деген түсінікті береді.

     Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:

Ø қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын;

Ø мәселелерді тани білу;

Ø бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

Ø бұл мәселелерді математикалық айғақтар  мен әдістерді қолдана отырып шешу;

Ø шешімдерде қолданылған әдістерді талдау;

Ø қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

Ø шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу.

PISA зерттеуінде оқушыларға қазақстандық мониторингтік зерттеулерге тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдау талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт  және т.б. туралы мәліметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:

-         сандар;

-         кеңістік және форма;

-         өзгерістер мен қатынастар;

-         белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттіліктің»  даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзіреттілігі зерттеуде «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзіреттіліктің деңгейлері қарастырылады: елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі.  

 

Міне осы тәріздес тапсырмаларды тақырыптар бойынша құрастыруға болады. «PISA» халықаралық зерттеуі 1997 жылдан бері 5 рет өткізілді. Ал 6- шы рет 2015 жылы қараша айында басталды.

Қарғалы№3 орта мектебінде 2014 жылдың 18 қарашада «PISA» халықаралық апробациясы өткізілді. «PISA» халықаралық апробациясын ұйымдастыру және өткізу  туралы мектепке дейінгі және орта білім , ақпараттық технологиялар департаментінің 10.10.2014ж№02-4/2050В,  Жамбыл ауданының білім бөлімінің 13.11.2014ж №201  бұйрығын алған күннен бастап,  іс-шаралар  жоспары бекітіліп, нұсқаулық  бойынша  жұмыстар жүргізілді. Бұл халықаралық зерттеуге 7-сыныптан 1 оқушы, 8- сыныптан 18 оқушы,9-сыныптан 49 оқушы , 10-сыныптан 6 оқушы қатысты (барлығы 74 оқушы)

Осы зерттеу аясында  алдын-ала  біраз жұмыстар жүргізілді. Алынған материалдар  мен мәліметтер  бойынша қажетті іс- шаралар жүргізілді.

Мектебіміздің осы жобаға қатысуы  стратегиялық жоспарымызды  дамытуға  негіз  болды  деп  айта аламын.  Себебі оқулықтан  алынған  білім  мен қоршаған  орта заңдылықтарымен  негізделген  тапсырмаларды талдаған  кезде айырмашылықтарға  көз  жеткіздік  Зерттеу нәтижесінде алған мәліметтер еліміздің білім сапасы мен әлемдік білім беру жүйесіндегі орны жөнінде мәліметтер алдық. Сонымен қоса, мектебіміздің зерттеуге қатысуы әлем елдеріндегі оқушылардың оқу жетістіктеріне қойылатын талаптар жайлы және оқулықтар, бағдарламалар бойынша күрделі аналитикалық мәліметтер алуда, ойлануға  мүмкіндік   берді.

«PISA» халықаралық апробациялық зерттеуде берілген тапсырмалар 2 бөлімнен тұрады:

1.     Сауалнама

бұл бөлімде сіз мыналарға қатысты сұрақтарды таба аласыздар:

§ Сіздің оқумен айналысуыңыз

§ Оқу уақыты

§ Тілдік сабақтар

§ Кітапханалар

§ Сіздің мәтіндерді оқу және түсіну стратегияларыңыз

Кейбір сұрақтар оқуға қатысты болады. Ең алдымен, оқу деп біз жазбаша мәтіндерді

түсіну және пайдалану, сондай-ақ олар туралы ойлау дағдысын айтамыз. Бұл дағды

мақсаттарға жету, білімдер мен әлеуетті дамыту, сондай-ақ қоғам өміріне қатысу үшін

талап етіледі.

 

 

   Оқуға қатысты осы пайымдаулармен сіз қаншалықты келісесіз                                                                   

   немесе келіспейсіз?

 

 

 

 

 

 

 

a)

Мен мұны істеуім керек кезде ғана оқимын

 

b)

Кітап оқу – менің сүйікті істерімнің бірі

 

c)

Мен басқа адамдармен кітаптар туралы әңгімелескенді жақсы көремін

 

d)

Мен үшін кітапты соңына дейін оқу қиынға соғады

 

e)

Егер сыйлық ретінде кітап алсам, мен өзімді бақытты сезінемін

 

f)

Мен үшін кітап оқу – уақытты босқа өткізу

 

g)

Маған кітап дүкенінен немесекітапханаға бару ұнайды

 

h)

Мен тек өзімен қажетті ақпаратты алу үшін ғана оқимын

 

i)

Мен тыныш отырып бірнеше минуттан артық оқи алмаймын

 

j)

Мен оқыған кітаптарыма қатысты өз пікірімді айтуды жақсы көремін

 

k)

Мен достарыммен кітаптар алмастырғанды жақсы көремін

 

 

 

 

2.     Оқу бойынша тестік тапсырмалар

Келесі беттерде сіздер бірқатар сұрақтарға жауап беру үшін оқу және түсіндіруге арналған ақпаратты таба аласыздар. Ақпарат әңгімелерден бастап кестелер мен графиктерге дейінгі түрлі пішіндерде берілген. Әр бөлімін оқып шығыңыз және содан кейін көрсетілген 2-6 сұраққа жауап беріңіз. Кейбір сұрақтар үшін сізге бірнеше нұсқадан жауап таңдау керек. Таңдалған нұсқаның жанында орналасқан әріпті айналдыра сызып, сұраққа ең дұрыс жауап беретін немесе пайымдауды толықтыратын өз жауабыңызды белгілеңіз. Басқа сұрақтар үшін сіз жауапты көрсетілген жерге немесе сұраққа жауап беру үшін басқа нұсқаулардан кейін жазуыңыз керек.

Оқуға арналған тапсырмалар тобы 11: Кроссовкілер. Соққылар, құлау, тозу …

18% спортшылар 8 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта өкшесінің жарақатталады. Футболшы тобығының сіңірі футбол добының соққысына әлсіз, кәсіпқойлардың футболшылардың 25%-ынан осы  тобықтың  әлсіз екендігін анықталды. Тізе буыны сезімтал, 10-12 жастан бастап тізе буынын  жаттықтырмаса остеоартрит ауруына шалдығуы мүмкін. Футболшылардың қақтығысуы мен құлауының әсерінен жамбас та жарақатқа ұшырайды. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, он жылдан астам футбол ойнап жүрген футболшылардың жіліншігі мен өкшесіне сүйек шорлары бітеді.

Бұл шорлар «футболшы аяғы» деп аталады, оның себебі қолайсыз аяқ киім киюдің салдарынан болады.

Қорғау, қолдау, тұрақтандыру, сіңіру

Егер аяқ киім тым қатты болса, ол қозғалуды шектейді. Егер ол тыс жұмсақ болса, ол жарақат алу және сіңірлердің созылу қатерін ұлғайтады. Жақсы спорттық аяқ киім төрт талапқа сай болуы тиіс:

Біріншіден, ол сыртқы қорғанысты қамтамасыз етуі тиіс: доп немесе басқа ойыншының соққыларын шектеуі, топырақ бетіндегі кедір-бұдырларға төтеп беруі, және аяқты жылы және құрғақ күйінде, тіпті аяз немесе жаңбыр кезінде сақтауы тиіс.

Ол аяқты ұстап тұруы тиіс, атап айтқанда, сіңірлердің созылуы, ісіну сияқты және тізеге әсер етуі мүмкін болатын басқа да проблемаларды болдырмау үшін тобықтың буынын ұстап тұруы тиіс.

Өзіңізді кроссовкілеріңізбен жақсы сезініңіз

Ол сондай-ақ ойыншы үшін ылғал топырақтың бетімен немесе тым құрғақ беттіктен сырғанамауы ҥшін жақсы тұрақтылықты қамтамасыз етуі тиіс.

Ақыр аяғында, ол сондай-ақ соққыларды, әсіресе, үнемі секіретін ойыншылар волейбол немесе баскетбол ойнаған кезінде алынған соққыларды сіңіруі тиіс.

Құрғақ аяқ

Сүйелдер немесе тіпті жарықтар немесе «атлет аяғы» (зең инфекциясы) сияқты болмашы, бірақ ауырсынатын күйлерді болдырмау үшін аяқ киім тердің шығуын қамтамасыз етіп, сыртқы ылғалдың сіңуінен қорғауы тиіс. Бұл үшін мінсіз материал, жаңбыр кезінде аяқ киімді суланудан қорғайтын суды жұқтырмайтын затпен өңделген тері болып табылады.

Алдыңғы беттегі мақаланы төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыз.

11.1 сұрақ

Мақалаға сәйкес неліктен спорттық аяқ киім аса қатты болмауы тиіс?

11.2 сұрақ

Мақала соңындағы мына бір сөйлемге қараңызшы. Ол мұнда екі бөліммен көрсетілген: «Сүйелдер немесе тіпті жарықтар немесе «атлет аяғы» (зең инфекциясы) сияқты болмашы, бірақ ауырсынатын кҥйлерді болдырмау үшін…»

(бірінші бөлімі)

«аяқ киім тердің шығуын қамтамасыз етіп, сыртқы ылғалдың сіңуінен қорғауы тиіс»

(екінші бөлім)

 

  Алдын-ала дайындық кезінде оқушыларымыздың логикалық  есептерді  шығару және өмірмен байланыстыру дағдыларының  төмендігі  байқалды.  Осыған байланысты 5-11 сынып оқушыларының математикалық білім  деңгейлері зерттелді. Стандарт бойынша білім дағдыларын  меңгерген үздік  оқушыларымыздың өзі  есептерден қиналатын байқалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  «бізге ойшыл, жауапты,

елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі… Тәрбие

беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке

сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да,

мектепке де жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы»

деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», − деп атап

көрсетті. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз Қорытындылай келе оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жұмысын жүргізуде мынандай ұсыныстар айтқым келеді:

 

1.Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”  деңгейлік тапсырмаларымен

жүйелі жұмыс жасауды күшейту

 

2.Сабақта  практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест

тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған

қызықты есептер шығарту

 

3. Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында . алған білімдерін өмірмен

ұштастыруға,оны практикада қолдануға , логикалықесептер шығаруға үйрету.

 

4.Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша

мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу.

 

5. PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен  ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру. 

6.Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену

 

Біздің ортамыз жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға толы болғай.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды. Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары  TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.

 

TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектепоқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.   TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8– сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2015 8269
    • DOCX 288.4 кбайт
    • 332 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Амина Калимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сариева Амина Калимовна
    Сариева Амина Калимовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29719
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 682 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 806 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1251 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 801 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 452 человека

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе