Каренова Айжан
Сериковна
Ақмола облысы
Бұланды ауданы
Макинск №4 орта
мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі.
Қазақстан
Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі
бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша
мұғалімдерді оқыту курсын «Өрлеу» «БАҰО» Ақмола облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында үш айлық курстан өттім.
Бұл
курстың негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа заманауи, сапалы білім бере отырып
бәсекеге сай жеке тұлға қалыптастыруға негізделген. Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі Кембридж университетінің оқыту әдісін енгізу
себебі: бәсекеге сай алдыңғы қатарлы елдер арасында бұл әдіс, технология
өзінің білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай екені білім нәтижелерімен
дәлелдеп отыр. Кембридж технологиясы «сындарлы оқыту теориясына» негізделген.
Яғни, оқушыға білім беру ғана емес, оқушының өздігінен ізденуі арқылы түрлі
дереккөзден, мұғалімнен, оқулықтан, сыныптастарынан білім алуды үйренуге
үйрету. Әрейне алғашқыда дәстүрлі сабақ беру әдісі бойынша «мұғалім – білім
беруші, үйретуші, түсіндіруші» деген қағида бойынша білім беріп келген мұғалімде
«оқушы қалай өзі білім алады?» деген ой туындайды. Осы курсқа менің
келуімнің себебі: ең алдымен оқытудың жаңа тәсіліне деген қызығушылық болса,
екіншіден: мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бастауыш сынып оқушыларының «өздігінен білім алуы
мүмкін бе?» деген сұрақ мені де мазалады.
Деңгейлік курстардың
екі бетпе-бет кезеңі және іс-тәжірбиеден өту кезеңінен тұратыны белгілі. Курстың
1-ші бетпе-бет кезеңінің алғашқы аптасында оқыту нәтижелері мен білім сапасын
арттыру үшін ең алдымен мұғалім өзі өзгеріп барып қана өзінің білім беру
жүйесін өзгерте алады деген сұрақты талқыладық. Әрқайсымызға «Мұғалім неліктен
өзгеру керек?» деген сұрақ терең ой салды десем де болады. Өйткені біз осы
күнге дейін жылдар бойы қалыптасқан бір жүйемен жұмыс істеп келеміз. Бұл
жүйенің қазіргі ХХІ ғасырда сандық технологияның үздіксіз даму кезінде, заманы
мен адамдардың өзгеру кезінде жеткіліксіз екені байқалды. Сондықтан да жаңа
білім беру жүйесінде ең алдымен мұғалім, оның көзқарасы өзгермей енгізілген
жаңа технология білім беру жүйесін өзгерте алмайды деп ойлаймын. Мұғалім ең
алдымен әрбір оқушыны, сынып ұжымын жан-жақты зерттеп барып, өз мақсатын жүзеге
асыра алады. Мұғалім тек оқытып қана емес, оқушылардың өздігінен білім алуға
жетелеп, бағыт-бағдар беру керек. Курс барысында оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдерді өз бойымыздан өткізіп, сындарлы оқытуға негізделген технологияның
әдіс- тәсілдерін меңгердік. Мұғалімдер бір-бірімен тәжірбие алмасуға, өз
білімі мен шеберлігін көрсетуге, өзгеден үйренуге көп мүмкіндіктер алады. Мұндай
мүмкіндік ұжымды
бір-біріне таныту үшін әркімнің ұжымда өз орны, өз ойы, пайдасы бар екенін, әр
қайсысы бір-бірін сыйлауға, өзгемен санасуға ынтымақтастыққа тәрбиелейтін әдіс
оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл - топтық жұмыс арқылы іске асады. Осы
курстың барысында топпен жұмыстың барлық қыр-сырларын көріп білдім. Топпен
жұмыста топтың әр мүшесіне өз білімін, ойын, пікірін айтуға немесе білмегенін
басқалардан үйренуге өзгені тыңдап өзін тыңдатуға, өзінің бақаларға керек
екенін, ұжымда өз орны бар екенін сезінуге оқушылыр үшін көп мүмкіндік
берілетінін мен бірінші бетпе-бет кезеңінде өз бойымнан өткізуде « оқушылармен
осылай жұмыс істесем олар өздерін қалай сезінер еді? », « мүмкін ашыла алмай
жүрген балалар кіші топтарда мүмкіндік алар еді » деген ойлар келді. Сондықтан
да өз тәжірбиемде топпен жұмыс түрлерін қолданып жүрмін. Топпен жұмыс істеу бұл
мұғалімге де оқушыға да тиімді. Оқушылар қаз-қатар тізілген партада отырғаннан гөрі,
бір-біріне қарап отырғанда өздерін еркін сезінеді. Оқушылардың өз білмегендерін
құрбыларынан сұрауға қысылмайтынын мен өз сабақтарымда байқадым. Өйткені
дәстүрлі сабақтарда барлық оқушының білмегенін мұғалімнен сұрауға батылы
бармайды. Себебі мұғалім нашар баға қоюы мүмкін деп ойлап отыра береді. Мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бастауыш сынып оқушыларының «өздігінен білім алуы
мүмкін бе?» деген сұрағыма мен біртіндеп жауап та ала бастадым. Оның дәлелі:
әдебиеттік оқу сабағында үй жұмысын тексеру мақсатында топта шешуге
сөзжұмбақтар таратқанымда кейбір оқушылардың үй тапсырмасына дайындықсыз
келіп, сөзжұмбақ шешуде қатыса алмай қысылып отырғанын байқасам, кейбір
оқушылар таласа –тармаса тапсыраманы орындауға кірісіп кетті. Кері байланыс
жүргізгенде дайындықсыз келген оқушы ертең де сөзжұмбақ шешейік деп жазып,
келесі күні сабақта белсенділік танытып, әдебиетті басынын бастап бәрін оқып
келдім деп сабақта өзіне сенімді болғаны өздігінен білім алудың алғашқы
қадамдары деп ойлаймын. Сонымен қатар оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау модулі де оқушының білім алу үдерісіне көп септігін тигізеді. Сабақта
әр тапсырма критерий құрылып топта отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Әрейне әр бала құрбысның өзіне жақсы баға қойғанын қалайды. Сондықтан да жақсы
баға алу үшін көп еңбектену, оқу керек екенін өзі түсініп барып білім алуға
тырысады. Осындай –әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы бастауыш сыныптардан
бастап оқушыларды өздігінен білім алуға дағдыландырып барып, болашақта сыни
ойлай алатын бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу біздің қазіргі заман
мұғалімдерінің қолында. Сондықтан да мұғалім әр уақытта ізденіс пен
шығармашылық үстінде болуы керек.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.