Главная / Химия / Паспорт кабинета химии на казахском

Паспорт кабинета химии на казахском

Жалтыр негізгі мектебі химия кабинетінің төлқұжаты

Жалпы сипаттамасы.

  1. Кабинет меңгерушісінің аты-жөні


  1. Кабинеттің құрылған мерзімі


  1. Соңғы жабдықталған мерзімі


  1. Кабинетте жұмыс істеуші ұстаздардың аты- жөні


  1. Кабинет зертханашысы


  1. Кабинетте жұмыс жасайтын сыныптар


  1. Кабинетке арналған сынып мінездемесі


  1. Тұрақты құрал-жабдықтар


  1. Мұғалім орнының жинақталуы


  1. Оқушылар орнының жинақталуы


  1. Ауыспалы құрал-жабдықтар


  1. Сынып тақтасының түрі


  1. Кабинеттің жұмалық жүктмесі


  1. Кабинетке жауапты сынып(тар)





Химия кабинетінің ережелері


  1. Жалпы ережелері

1.1.Химия кабинетінің жұмысыБҒМ және аудандық білім бөлімінің нормативті-құқықтық құжаттарына және осы Ережеге сай реттеледі

1.2.Химия кабинеті мектептің жұмыс жоспарына сәйкестендірілген жоспармен жұмыс істейді

1.3.Химия кабинетінің меңгерушісі болып мектеп директорының бұйрығымен бекітілген химия пәні мұғалімі сайланады

1.4.Кабинет әдістемелік бірлестік жоспарына сай қызмет етеді


2. Демонстрациялық тәжірибеге арналған жалпы ережелер:


2.1.Демонстрациялық тәжірибе жасауға жасы 18-ден кем емес, еңбекті қорғау нұсқауымен таныстырылған, денсаулығы жақсы педагогикалық жұмысшы жіберіледі. Демонстрациялық тәжірибені оқушыларға жасауға болмайды.


2.2.Химиядан демонстрациялық тәжірибе жасауға жіберілген адам ішкі тәртіп ережелерін сабақ кестесін, еңбек пен дем алудың нұсқауларын сақтау керек.


2.3.Химиядан демонстрациялық тәжірибе жасаған кезде оқушылар мен мұғалімге мынандай қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі мүмкін.

- химиялық кұйіктер

- термиялық күйіктер

- зертханалық ыдыстарды дұрыс қолданбаудан қолды жаралау

- газдарнемесебулармен улану

- өртшығу


2.4.Демонстрациялық тәжірибежасауүшін химия кабинетіндетартпа шкаф болуыкерек.


  1. Демонстрациялық жұмыстыбастауалдындағықауіпсіздікталаптары:


3.1.Тартпа шкафтыңжелдеткішініңжұмысынтексерукерек.


3.2.Жұмысқа қажеттіқұралдар мен реактивтердідайындаукерек.


  1. Демонстрациялық жұмыскезіндегіқауіпсіздікталаптары:


4.1.Демонстрациялық тәжірибежасауүшінлаборанттыкөмеккешақыруғаболады, бірақоқушылардыбұлмақсатқашақырмаукерек.


4.2.Қатты сілтілер мен қышқылыдардыңерітінділерін тек мұғалімдайындаукерек.


4.3.Сұйықтарды қалыңқабырғалыыдыстардақыздырукерек.


  1. Кабинетте апат шыққан жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:


5.1.Қышқылы немесе сулы ерітіндісі төгілген жағдайда құрғақ құм сеуіп, барлық сұйықтықты жұтып алғанға дейін араластырып, полиэтиленді қапқа салып, ауызын дұрыстап байлау керек. Төгілген жерді бейтараптаушы ерітіндімен тазалап, сосын сумен жуу керек.


5.2.Зертханалық ыдыс сынған жағдайда қолмен жинамай, щеткамен жинау керек.


5.3.Жарақат алған жағдайда алғашқы медециналық көмек көрсетіліп, мектеп әкімшілігіне хабарлап, керек болған жағдайда жақын жердегі емханаға жіберу керек.


5.4.Тез жанған сұйықтықтар төгілгенде немесе жанғанда тез арада жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне хабарлап, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіре бастау керек.


  1. Жұмысты аяқтағаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары:


1,2 және 3 класты қауіпті заттар жұмыс кезінде түзілсе немесе қолданылса ол құралды желдеткіші қосылған тартпа шкафтан сабақ аяқталғанша шақыруға болмайды.


  1. Химия кабинетіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері


Химиялык лаборатория — қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан кауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

1. Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш коспалар түзу кабілеттігі, жанғыштық кабілеті.

2. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышкылдар мен сілтілердің

концентрлі ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.

3. Тартпа шкафта жұмыс істегенде онын терезесін (есігін) 1/5—1/4 биіктікке көтеріп кою керек. Жұмысты аяқтаған соң, терезені (есікті) мықтап жабу керек.

4. Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мұрынға ауанын әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.

5. Сынаптың буы өте улы. Сондықтан төгілген сынапты шаңсорғышпен немесе амальгамаланған таяқшамен мұкият жинап алу керек және оқытушыға сынап төгілгенін міндетті түрде айту керек.

6. Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігі жоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.

7. Реактивтерді құйған кезде ыдыска еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.

8. Қыздырылып жаткан сұйықтығы бар ыдыска карай енкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.

9. Сынауықты кыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.

10. Ыстық сұйықтығы бар химиялык стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек.

11. Күкірт қышқылыының концентрлі ерітінділері сұйылтканда оны абайлап, баяу ағынмен суға кұяды. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген абзал.

12. Қатты негіздерді судың алдын ала өлшеніп қойылған көлемін біртіндеп құю аркылы ерітеді. Кұйдырғыш натрийдің немесе калийдің қатты кесектерін таза шүберекке орап үгітеді.

13. Концентрлі азот қышкылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз, шүберек, ағаш жаңқасы және т.б.) әсер еткенде ұшқынданатынын есте ұстаған жөн.

14. Газ жанарғыларымен жұмыс істегенде өте абай болу керек. Лабораториядан кетерде газ шамдарының крандарын тексерген жөн.

15. Лас қышқылы және сілті ерітінділерін су кұбырларына кұюға болмайды. Лабораторияда бұларды кұюға арналған арнайы ыдыстар болуы кажет.

16. Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар тұтанып кеткен жағдайда жанарғыны тез сөндіріп, электрқыздырғыш аспаптарды өшіріп, отқа қауіпті (жанғыш) заттарды орнында қалдырып, отты сөндіруге мынадай шараларды қолдану керек: а) жанып жатқан сұйықтықты асбест немесе кәдімгі одеялмен жауып

қояды немесе кұммен көмеді; б) жанған фосфорды дымқыл құммен немесе сумен сөндіру керек.

17. Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.

18. Егер электрөткізгіштері жанса, ажыратқышты өшіріп, колдағы бар затпен (кұм, су, асбест көрпесі, өртсөндіргіш) өртті сөндіру керек.

19. Белгілі заттардың (соның ішінде ас тұзынын, қанттың) да дәмін татып көруге болмайды. Техникалық маңсатқа арналғандықтан олардың кұрамында адамға кауіпті қоспалар болуы мүмкін.

20. Егер сендер шыны ыдыста бір затты қыздырсаңдар, аспапты дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстамаңдар: ыстық шыныны сырткьі түріне қарап суық шыныдан ажыратуға болмайды.

21. Лабораториядан кетерде газды, жарықты және суды өшіріңдер.


  1. АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


1. Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе қыздырылған заттармен) күйген жерді калий перманганатымен концентрлі ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий перманганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек.

2. Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек.

3. Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек (II) оксидіімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, дәрігерді шақыру керек.

4. Егер теріге концентрлі қышқылы немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мелшерімен жуу керек. Қышқылымен күйген жағдайда — 5%-тік сода ерітіндіс немесе аммиактьщ сұйылтылған ерітіндісімен өндеу керек; сілтімен

күйгенде —2%-тік сұйылтылған сірке қышқылыынын ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін тердің зардап шеккен бөлігінде дағы кеткенше сумен жуу керек.

5. Ыстык аппаратураға жанасып кетіп күйгенде, терінің күйген жерін 2%-дік калий перманганаты немесе 3%-тік таин ерітіндісі сінірілген матамен жабу керек.

6. Қолды шынымен кесіп алғанда, ен алдымен, жарадағы шыны сынықтарын алып, қанды 2%-тік калий перманганатыме ерітіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға йод тұндырмасын жағып, бинтпен орау керек. Кажетті Мыскаменттер лабораториялык дәрі салынатын қорапшада үнемі болуы қажет.




Химия кабинетінің жабдықталуы туралы жылдық жоспары



Атқарылатын жұмыстар

Уақыты

1




Кабинетті жаңа оқу жылына дайындау

(жөндеу жұмыстары)

25-31 тамыз


2

Техникалық қауіпсіздік нормаларына сай приборлармен құрал-жабдықтарды тексерістен өткізу


3




Электр желілерінің дұрыс жұмыс істеуін тексеріп,

қауіпсіздік шараларын дайындау


4

Техникалық қауіпсіздік ережелерінің журналын

толтыру үшін сыныптардағы оқушылар тізімін толтыру


5

Өрт сөндіру шараларында қолданылатын құралдарының

дайындығын тексерістен өткізу


6

Қауіпсіздік шараларын қолдануға арналған нұсқаумен оқушыларды таныстырып, журналға қол қойғызу және администрация тарапынан бекіту

1- қыркүйек

Бірінші сабақ

7

Жаңа оқу жылындағы өткізілетін демонстрациялармен зертханалық жұмыстардың жоспарын жасау.

Дарынды балалармен жұмыс жоспарымен тізімін

құру

Кабинет паспортын жасау

Олимпиадаға оқушыларды алдын-ала дайындау жұмыстарына жоспар құру



Және тиімділік,сапалық ,нәтижелік тұрғыдан қосымша жыл бойы жоспарлар енгізіп отыру


1-қыркүйек
















8

І- тоқсанда өткізілетін зертханалық жұмыстарға оқушыларға нұсқау беріп,теориялық түрде алдын-ала дайындау


9

8-сыныптар үшін пәнге деген қызығушылын арттыру

мақсатында атқарылатын іс-шараларға теориялық дайындық

әр сабақ сайын

жыл бойы

10




Сыныптан тыс тәжірибелермен эксперименттер тізімімен оларды жүргізу тәсілдерімен таныстыру


11

Оқушыларды ғылыми жобалар жасауға үгіттеу

Жыл бойы

12




І-тосандық бақылау жұмыстарын құру және оған оқушыларды алдын-ала дайындау

Қазан айының соңы

13






ІІ-тоқсандағы практикалық жұмыстармен зертханалық жұмыстарға теориалық дайындалу және оларды орындауға нұсқау

Қараша айының басы

14






ІІ- тоқсандық баылау жұмыстарын құру ,өткізуге алдын-ала дайындалу

желтоқсан

15








9-сыныпта ІІІ-тоқсанда өткізілетін зертханалық жұмыстарға дайындыққа нұсқау

Қаңтар

16






ІІ-жартыжылдыққа Қауіпсіздік ережелеріне нұсқау өткізу

Қаңтар

17








Химия апталығының жоспарын құру ,оқушыларды оған дайындау .

Қаңтар-сәуір

18




ІІІ-тоқсандық бақылау жұмыстарын құру және өткізу

Наурыз


19






IV-тоқсанда өткізілетін барлық практикалық жұмыстарға нұсқау және өткізілетінжұмыстарға теориялық дайындық

Экологиялық айлыққа дайындық

Сәуір

20






IV-тоқсандық бақылау жұмыстарының жоспарын құру, өткізу

мамыр

21








Жылдық бақылау жұмыстарының жоспары және оны өткізу шаралары

мамыр

22






Химиядан әр сынып курстарындағы өткізілген оқу материалдарына қорытынды

мамыр

23






Келесі сынып курсына оқушыларға бағыт-бағдарлама беру және дайындау

20-25 мамыр

24














Қосымша:Әр апта сайын Тазалық күнін өткізу

Жалпы кабинеттің тазалығын талап ету

Мүліктердің сақталуын қадағалау

Оқу процесінде қажетті және Мемлекеттік стандартқа ,оқу бағдарламасына сәйкес оқу-әдістемелік материалдармен толықтырып отыру

Жыл бойы







2014-2015 оқу жылындағы кабинет жұмысының графигі


Сабақтар

Апта күндері

дс

сс

ср

бс

жм

сб

1







2







3







4







5







6







7










Паспорт кабинета химии на казахском
  • Химия
Описание:

Химия кабинетінің ережелері

 

  1. Жалпы ережелері

    1.1.Химия кабинетінің жұмысыБҒМ және аудандық білім бөлімінің нормативті-құқықтық құжаттарына  және осы Ережеге сай реттеледі

    1.2.Химия кабинеті мектептің жұмыс жоспарына сәйкестендірілген жоспармен жұмыс істейді

    1.3.Химия кабинетінің меңгерушісі болып мектеп директорының бұйрығымен бекітілген химия пәні мұғалімі сайланады

    1.4.Кабинет әдістемелік бірлестік жоспарына сай қызмет етеді

     

    2.     Демонстрациялық тәжірибеге арналған жалпы ережелер:

     

    2.1.Демонстрациялық тәжірибе жасауға жасы 18-ден кем емес, еңбекті қорғау нұсқауымен таныстырылған, денсаулығы жақсы педагогикалық жұмысшы жіберіледі. Демонстрациялық тәжірибені оқушыларға жасауға болмайды.

     

    2.2.Химиядан демонстрациялық тәжірибе жасауға жіберілген адам ішкі тәртіп ережелерін сабақ кестесін, еңбек пен дем алудың нұсқауларын сақтау керек.

     

    2.3.Химиядан демонстрациялық тәжірибе жасаған кезде оқушылар мен мұғалімге  мынандай қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі мүмкін.

    - химиялық кұйіктер

    - термиялық күйіктер

    - зертханалық ыдыстарды дұрыс қолданбаудан қолды жаралау

    - газдарнемесебулармен улану

    - өртшығу

     

    2.4.Демонстрациялық тәжірибежасауүшін химия кабинетіндетартпа шкаф болуыкерек.

Автор Шукенов Адай Кайрашевич
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Химия
Подраздел
Просмотров 3463
Номер материала 47514
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓