Главная / Информатика / Паскаль программалау тілі. Сызықтық программа

Паскаль программалау тілі. Сызықтық программа

Паскаль программалау тілі. Программа құрлымы. Сызықтық программа

Программа құрлымы.

Паскаль тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

Turbo сөзі ағылшын тілінен  аударғанда  үдету, тез, жылдам деген мағынаны білдіреді.

Күрделі есептер мен математикалық есептердің программасын машиналық кодқа өте жылдам аударатын болғандықтан  Turbo Pascal программалау тілі деп аталған.

 

Программа интерфейсі. Программа шақырылғаннан кейін жұмыс үстелінде   мәтіндік редактор терезесі ашылады, бұл жерде пернетақтада немесе мәзір жүйесі арқылы программа жазуға, түзетулер жүргізуге болады. Мәзір жолы терезенің жоғарғы жағында орналасқан. Программа интерфейсі мынадай терезелерден тұрады: меню жолы, терезені жабу, терезенің орынның ауыстыру, файлдың атауы, терезе нөмірі, терезені тұтас ашу, терезе көлемін өзгеру, айналдыру жолағы, курсордың тұрған орнын, жұмыс үстелі


Терезені жабу



Файлдың атауы

Терезе нөмірі



Терезені тұтас ашу

Терезе көлемін өзгеру

Айналдыру жолағы



Курсордың тұрған орнын



Жұмыс үстелі



Меню жолы

Негізгі функционалдық пернелер тобы





hello_html_43ad12f6.png













         



Енді паскаль тілінің құрлымын есімізге түсірейік. Паскаль тіліндегі программа үш бөлімнен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.            

         Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерін сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

Операторлар бөлімі – программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып End сөзінен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі.




BASTAU;

Сипаттау бөлімі

Begin

Операторлар бөлімі

End.







Жазылған программаны орындау үшін мәзір жүйесіндегі Run бөліміне ену керек немесе F9 пернесін басу арқылы орындайды. Программаны орындауға жібергеннен кейін жүйе транслятор (интерпретатор) арқылы Паскаль тілінде жазылған программаны машина тілінде жазылған кодтарға ауыстырады да, программадан синтаксистік қателерді іздейді. Егер программа ішінде қате болса, онда программа орындалмайды, қайтадан программаны түзетуге ашады. Программаның жоғарғы жағында  қызыл жолмен жазылған хабарлама шығады.  Esc пернесін басқан  соң ол жол кетеді де, курсор қатесі бар жолда орналасады. Қате туралы мәлімет алу үшін  Ctrl+F1 пернелерін бірге басады.

Қателер түзетілгеннен кейін ғана программа орындауды бастайды. Айнымалыларға мән беру үшін  Ctrl+F9 пернесін басу керек.  Нәтижесін көру үшін Alt+F5 пернелерін бірге басу керек. Қайтадан редактірлеу терезесіне шығу кез-келген пернені басу арқылы орындалады.


Арифметикалық функциялар

Математикалық түрде жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

Атқаратын қызметі

Функция типі

1

hello_html_24eac141.gif

abs (x)

аргументтің абсолюттік шамасы

x-тің типіндей

2

arctg x

arctan(x)

аргументтің арктангенсі

нақты

3

cos x

cos (x)

аргументтің косинусы

нақты

4

sin x

sin (x)

аргументтің синусы

нақты

5

hello_html_m1afe3dc2.gif

exp (x)

frac (x)

e-нің х дәрежесі

x санының бөлшек бөлігі

нақты

6

hello_html_m7c9de0b2.gif

int(x)

x санының бүтін бөлігі

нақты

7

ln x

ln(x)

x санының натурал логарифмі

нақты

8

hello_html_4bbc8ba.gif

pi

hello_html_4bbc8ba.gif-дің мәні pi=3.14159265


9

hello_html_7a2a5240.gif

sqr(x)

x-тің квадраты

х-тің типіндей

10

hello_html_m5a39810d.gif

sqrt(x)

x-тің квадрат түбірі

нақты


Арифметикалық амалдар

Белгілер

Операциялар

Операндтар типі

Нәтиже типі

1

+

Қосу

Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

2

-

Азайту

Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

3

*

Көбейту

Екеуі де бүтін, не біреуі бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты

4

/

Бөлу

Бүтін немесе нақты

Нақты

5

Div

Бүтін бөлу

Бүтін

Бүтін

6

Mod

Бүтін қалдық

Бүтін

Бүтін



Сандық айнымалыларды әр түрлі беруге болады, олардың түрлеріне қарай (бүтін, нақты) 

Бүтін тип.

Айнымалы типі

Атауы

Мәндерінің өзгеруі

Жадыда алатын орын

ShortInt

Қысқа бүтінді

-127 +127

1 байт

Byte

Байт

0255

1 байт

Integer

Бүтін

-32768 – 32767

2 байт

Word

Сөз

0 65535

2 байт

LongInt

Ұзын бүтінді

-2147483648 2147483647

4 байт

Нақты тип.

Айнымалы типі

Диапазон

Мәнді цифрлары

Қажетті жады (байт)

Real

hello_html_m28600253.gif-hello_html_m1f61a6d3.gif

11-12

6

Single

hello_html_38fa6640.gif

7-8

4

Double

hello_html_m5bf0d7b3.gif - hello_html_17b50ef9.gif

15-16

8

Extended

hello_html_180276fc.gif - hello_html_m4c8c2b11.gif

19-20

10

Comp

hello_html_m21aeb3fd.gif - hello_html_m17507395.gif

19-20

8

Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары

Паскаль тілінде енгізу, шығару операторлары процедура болып анықталады.

Енгізу операторы есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді пернелерден немесе дискідегі файлдан программаға енгізу үшін қолданылады. Ол үшін мына операторлар пайдаланылады:

Read (<айнымалылар тізімі>);

Readln (<айнымалылар тізімі>);

Read оператор аты «оқу» дегенді білдіреді

Readln «қатарды оқу» дегенді білдіреді

Шығару операторлары  есептің нәтижесін экранға немесе файлға басып шығару үшін қолданылады. Шығарылатын параметрлер бір-бірімен үтір арқылы ажыратылып, Write түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады. Бұл операторлардың жазылу форматы :

Write(<айнымалылар, тұрақтылар, арифметикалық өрнектер>);

Writeln(<айнымалылар, тұрақтылар, арифметикалық өрнектер >);

Мысалы, Write(2+У, Х); Writeln (‘A=’, а); Write(а, с);

Turbo Pascal программалау тілінде стандартты математикалық функциялардың қолданылуы.

Сызықтық программа

Сызықтық программа дегеніміз командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын программа.

1есеп. Екі қабырғасы мен арасындағы бұрышы берілген үшбұрыштың үшінші қабырғасын және ауданын табу программасын құырыңдар.

Program audan;

Var a,b,x:integer;

c,S:real;

Begin

Write (‘ushburish kabirgalarin zhane burishti engiz’);

Read(a,b,x);

c:=sqr(a)+sqr(b)-2*a*b*cos(x*pi/180);

S:=1/2*a*bsin (pi*x/180);

Writeln(‘ushburish audani=’,S,’ushburish kabirgasi=’,c);

End.

2есеп. Берілген үш таңбалы бүтін санның цифрларының қосындысын табыңдар.

Program san;

Var x,a,b,c,d,S:integer;

Begin

Write (‘ush tanbali butin san engiz’);

Read(x);

a:=x div 100; b:=x mod 100;

c:=b div 10; d:=b mod 10;

S:=a+c+d;

Writeln(‘S=’,S);

End.

3 есеп. Цилиндрдың көлемі V, ауданы S берілген. Цилиндрдың биіктігін H есептеңіз.

Program cilindr;

Var V,S,H:integer;

Begin

Write (‘cilindrdin kolemin, audanin engiz’);

Read(V,S);

H:=V/S;

Writeln(‘H=’,H);

End.

4 есеп. Қараша айында дүкенде а млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15% артық. Қазан айында қанша ақша тауар сатылды?

program m1;

var x,a,y:real;

begin

write ('karasha ainin akshasin engiz');

read (x);

y:=x*15/100;

a:=x+y;

writeln (a);

end.

5 есеп. Үшбұрыш қабырғаларының А,В,С ұзындықтары берілген. Іштей сызылған шеңбердің R радиусын табыңдар.

program mысал-2;

var А,В,С,P,R:real;

begin

write ('А,В,С ұзындықтарының мәнін енгіз');

read (А,В,С);

P:=A+B+C/2

R:=sqrt(P-A)*(P-B)*(P-C)/P

writeln (R);

end.

6 есеп. Жаяу адам таулы жерде кетіп барады. Оның жазықтағы жылдамдығы hello_html_324c4ec2.gif км/сағ, өоге шыққандағы жылдамдығы hello_html_4ed1af54.gif км/сағ , ылдиға түсу жылдамдығы hello_html_m7d83b3d6.gif км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше hello_html_m1e6e22a.gif және hello_html_2c5ebf5e.gif сағ. Жаяу адам қанша жол жүрді?

program mысал-3;

var S1,S2,S3,S,v1,v2,v3,t1,t2,t3:real;

begin

write ('v1,v2,v3,t1,t2,t3 енгіз');

read (v1,v2,v3,t1,t2,t3);

S1:=v1*t1;

S2:=v2*t2;

S3:=v3*t3;

S:=S1*S2*S3;

writeln (S);

end.

7 есеп. Кернеу U В, кедергісі R Ом болатын электр тізбегінің бөліктеріндегі тоқ күшін есептеуге арналған программа құрыңдар. U=r*І


program mысал-4;

var U, R, I :real;

begin

write (U,R енгіз');

read (U,R);

I:=U/R;

writeln (I);

end.

8 есеп. Клаун көрермендердің әрқайсысына бір сан ойлауды сұрады. Содан кейін былай деді: «Ойлаған санға 5-ті қосыңдар. Оның нәтижесінен 2-ні азайтындар. Оның нәтижесіне 7-ні қосыңдар». Бұдан кейін клаун көрермендердің әрқайсысынан нәтижесінде қандай сан шыққанын сұрады. Жауап алысымен кімнің қандай санды ойлағанын дереу айтып берді. Клаунның фокусын қайталайтын программа құрындар.


Program sandi tap;
Var n, a,b,c,d :integer;
begin
Write (‘kez kelgen san engiz’);
Readln (n);
a:=n+5;

b:=a-2;

c:=b+7;

d:=c-10;
Write (d);
End.

9 есеп. Сыныпта N оқушы бар. Бақылау жұмысынан A бала – бес, B бала – төрт, C бала – үш алды. Үштік, төрттік және бестік баға алған оқушылардың барлық оқушылардың қанша пайызын құрайтынын табыңдар.

Program okushi;
Var :integer;
begin
Write (‘A, B,C mandarin engiz’);
Readln (A,B,C);
x:=A*100/N;

y:=B*100/N;

z:=C*100/N;
Write (x,y,z);
End.

10 есеп. Шенбердің радиусы R берілген. Шеңбердің ұзындығын, ауданың есептейтін программа құру. Формуласы: L=2πR, S=πR2

Program shenber;

Var r,c,s: real;

Begin

Read(r);

L:=2*pi*r;

S:=pi*sqr(r);

Writeln('аудан=',s,'ұзындығы=',c)

End.

Паскаль программалау тілі. Сызықтық программа
  • Информатика
Описание:

Тақырыбы: Паскаль программалау тіліне кіріспе. Сызықтық программалау тілі. Сызықтық программалау тілінде есептер шығару.

Мақсаты:Паскаль программалау тілі туралы түсініктерін қалыптастыру, программа интерфейсі, айнымалы типтері, арифметикалық функциялар, арифметикалық амалдар түсініктерімен таныса отырып, сызықтық программалау тілінде қарапайым есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Паскаль тілін 1968 – 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.

Turbo сөзі ағылшын тілінен  аударғанда  үдету, тез, жылдам деген мағынаны білдіреді.

 

Күрделі есептер мен математикалық есептердің программасын машиналық кодқа өте жылдам аударатын болғандықтан  Turbo Pascal программалау тілі деп аталған.

Автор Утегалиева Данара Сарсенгалиевна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 1715
Номер материала 47454
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓