Главная / Информатика / Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.

Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.

Сыныбы:7

Күні: 23.10.2014

Сабақтың тақырыбы:

Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.

Сілтеме:

Информатика-9 сынып, электронды оқулық, слайд.

Жалпы мақсаты:

Паскаль программалау тілі және оның негізгі элементтері туралы толық түсінік беру; Паскаль тілінің алфавитімен танысу.

Тапсырма көздері:

1.Техника құралдарын көрсету

2.сайттар

3. интерактивті тақта

4. оқулық

Оқуға арналған тапсырмалар:

Қосымша оқу үшін қараңыз. Kk.wikipedia.org|wiki

Сабақ барысы:

1 тапсырма.

Ал енді балалар екі топқа бөлініп алайық. 5мин

Үшбұрыш және төртбұрыш арқылы бөлінеді.

Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.

Төртбұрыш таңдағандар өте еңбеққор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Топ басшысын анықтап алу.

Бағалау парағын тарату.

Оқушының аты-жөні

ТЕСТ

Топтық жұмысқа қатысты,

қорғауға қатысты «5» балл

Топтық жұмыста жартылай қатысты, ойын жеткізе алмады қатысты «2» балл

Топтық жұмыста қатыспады

«0» балл

Әр есеп 1 балл, әр сұрақ 1 балл

Жалпы балл

13-17 балл –«5»

10-14 балл – «4»

6-10 балл – «3»

«Суретті аяқта» жаттығуы

Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек-кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.

2 тапсырма.

Үй жұмысын тексеру. 3мин

Қане балалар компьютерде жұмыс үстеліне енгізілген тест сұрақтарына жауап берейік. Тест 10 сұрақтан тұрады. Тестілеу с оңында әр оқушы автоматты түрде бағаланады.

3 тапсырма.

Ал енді бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.

4 тапсырма.

Екі топқа тақырыпқа сай мәтін беріледі. Интернеттен мәлімет алады. Қорғау жұмысы жүргізіледі.

Паскаль программалау тiлiнiң алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объекттік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.

Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы, ал екіншісі – объекттік кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдік тілде жазылған алғашқы түпнұсқасы өңделеді.
Паскаль тіліндегі программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі – операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Оны мына түрде кескіндеуге болады.
Program BASTAU:
Сипаттау бөлімі
begin
Операторлар бөлімі
end
Программалардың көпшілігі белгілі бір есепті шешу үшін жазылады. Ал есептің шешіміне ақпараттар мен деректерді өңдеу арқылы жетуге болады.

ақпараттарды программаға кіргізу – енгізу;
• ақпаратты сақтау – деректер;
• деректерді өңдеудің дұрыс командалар беру – операциялар;
• программадан деректерді алу (орындалулардың нәтижелері) – шығару
керек екенін білу қажет.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Тілдің алфавиті. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
• атаулар (идентификатор);
• цифрлар;
• айыру белгілері;
• арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері мен кіші әріптері және астын сызу (_ ) қолданылады.
в) Ондық цифрлар, он алтылық цифрлар қолданылады.
с) Арифметикалық амал белгілері(+, -, /, *, DIV, MOD т. б.) және логикалық амал белгілері қолданылады.
d) Айыру белгілері қолданылады (бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері және т. б.).
е) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері қолданылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т. б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын-ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

Дәптермен жұмыс

DIV-бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу

MOD –бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу

5div2=2 8mod3=2

7div3=2 14mod5=4

6div4=1 22mod6=4

11div2=5 28mod3=1

25div8= 82mod8=

71div9= 95mod5=

66div9= 65mod8=

74div8= 74mod9=

Сабақты бекіту

Интерактивті тақтада сұрақтар беру

Үйге тапсырма: Интернеттен паскаль тілі бойынша мәлімет жазып, оқып келу

Рефлекция алу.

Сабақ туралы ойларыңды стикердің бет жағына жазып тақтаға апарып іліңдер!

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап, сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.
  • Информатика
Описание:

сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Формальды жазылу тәсілі. Алфавит.

• ақпараттарды программаға кіргізу – енгізу;

Автор Кожахметова Шолпан Олжекеновна
Дата добавления 31.03.2015
Раздел Информатика
Подраздел Планирования
Просмотров 554
Номер материала 58936
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓