Главная / Математика / "Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару" 6-сынып

"Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару" 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Параллель түзулер тақырыбын оқып үйренуде анықтамасын, параллель кесінділер ұғымын, теореманы дәлелдеуді, аксиоманы қолдана білу іс - әрекеттерін ұйымдастыру.
Дамытушылық: Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда ұлттық дүние таным мәселелеріне қатысты танымдық - тағылымдық ой - пікір туындату, ізденіске ықпал ету.
Тәрбиелік: Оқушының танымдық объектіні /анықтама, теорема, аксиома, есептерді/ талдай білу дағдыларын дамыту және ой ұшқырлығын ұштауға жағдай жасау.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, макеттер, сызғыш, оқулық, тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру: №127 есеп
Қайталау сұрақтары:
Сыбайлас бұрыш дегеніміз не?
Вертикаль бұрыш дегеніміз не?
Параллель екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай бұрыштар пайда болады? және неше бұрыш?
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы нешеге тең?
Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
Егер түзу параллель түзулердің біреуіне перпендикуляр болса, онда ол.....
3. Жаңа сабақ: «Қарлы кесек» ойыны
1 – тапсырма.
1. Үстелдерге тапсырма беру.
«А» үстелі - 7
«Б» үстелі - 8
«С» үстелі – 9
2 – тапсырма.
2. Маршрут парақтары арқылы үстелдерге орын ауыстыру.
«А» үстелі - АВС үшбұрышы берілген. С төбесі арқылы АВ қабырғасына параллель неше түзу жүргізуге болады? (тек біреу ғана)
«Б» үстелі - а мен в түзулері р түзуіне перпендикуляр, с түзуі а түзуін қиып өтеді. с түзуі в түзуін қиып өте ме? (екі түзудің бірін қиып өтсе, екіншісін де қияды.
«С» үстелі – р түзуі АВС үшбұрышының АВ қабырғасына параллель. ВС және АС түзулері р түзуін қиып өтеді.
3 – тапсырма.
Бер: в//к, е//р,
д/к: х=?
Д/ү:
m//n 60°+x=130°
x=130°- 60°=70° x=70°
Сәйкестік тестісі.
а мен в түзулері параллель ------------------- а) а в
а мен в түзулері перпендикуляр ------------ в) а в
а мен в түзулері қисық ------------------------- с) а ∩ в
Вертикаль бұрыштар тең. ---------------------- а) ∟А +∟В = 180º
Сыбайлас бұрыштардың ----------------------- в) ∟А =∟В
қосындысы 180º тең.
1. Сыбайлас бұрыштың бірі 70° тең болса, екінші бұрыш неге тең?
А. 70º В. 110º С. 90º Д. 120º
2. ∟2 және ∟4 вертикаль бұрыштар.
∟2=45º болса, ∟4 неге тең?
А. 45º В. 90º С. 155º Д. 135º
Жеке оқушымен жұмыс:
Параллель кесінділерді сал?
Параллель түзуді сызып көрсет?
Параллель сәулелерді салыңдар?
3. Ең жақсы сөйлеген, түсіндірген оқушыны анықтау.
5. Үйге тапсырма: Қайталау



"Параллель түзулер тақырыбына есептер шығару" 6-сынып
  • Математика
Описание:

Сабақ жоспары "Параллель түзулер" 6-сынып математика пәніне арналған жоспар. Бұл сабақтың жоспары есептер шығаруға арналған. Оқушыларды параллель түзулер туралы алған білімдерін есептер шығарғанда қолдана білуге және оларды күнделікті өмірде ажырата білуге үйрету. Сабақ барысында есептер шығару барысында алған білімдерін тиянақтай алуға тәрбиелеу. Сабақ мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр.

Автор Бесжанова Сауле Сейтбековна
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Планирования
Просмотров 329
Номер материала MA-065592
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓