Пәні: Қазақ әдебиеті
|
Күні:
|
Сыныбы: 8
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Қожа
Ахмет Йассауи және оның хикметтері
|
Сілтеме
|
Қазақ
әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Әбдезұлы
Қ., Г.Д. Рыскелдиева Тұрсынғалиева С.Ч. Астана: «Арман –ПВ», 2012. – 368 бет.
Интернет ресурстары, видеоролик, слайд
|
Жалпы мақсаты:
|
Қожа Ахмет Йассауи жайлы еске түсіру,
хикметтерінің мазмұны мен идеясын ашу; Топта
бірлесіп жұмыс істеуге үйрету, АКТ қолдану, өздігінше ізденіп әрекеттенуге
үйрету
|
Оқыту
нәтижелері
|
Оқушылар
өз дүниетанымын дамытуға мүмкіндік алады. Қожа Ахмет Йассауи туралы
оқығандарын естеріне түсіреді, сыни тұрғыдан ойлай отырып талдайды.
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалім
әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
3 мин
|
Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек
айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
Топқа бөлу
Қазақтың
ұлттық аспаптары бойынша топқа бөлу. «Домбыра», «Қобыз», «Сыбызғы».
|
Оқушылар
қолдарына гүл ұстап, бір-бірінегүлді сыйлап, жақсы тілектер білдіреді:
«Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар ұлттық аспаптар бойынша
топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
|
Білу
|
7 мин
|
А) «Дауылға қарсы тұру» әдісі
арқылы өткен тақырыпты еске түсіру;
(Бағалау түрі шапалақ ұру)
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс
жүргізеді. Интерактивті тақтадан Қожа Ахмет Йасауи кесенесі көрсетіледі.
Мұғалім оқиды.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл кімнің
кесенесі?
-Дұрыс айттыңдар, Қожа Ахмет Йассауи
кесенесі
-Олай болса, бүгін біз Қожа Ахмет
Йассауи жайлы тереңірек танысамыз.
Ә) Қожа Ахмет Йассауи туралы қосымша
ақпарат слайд, видеоролик көретеді
(Бағалау түрі бас бармақты көрсету)
|
Оқушылар доп лақтыру арқылы бір-біріне
сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар суретті көре отырып мұғалім
сұрағына жауап береді.
Оқушылардың жауабы:
-
Бұл Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Слайдтан,бейнероликтен
көрген ақпаратты топта талқылап, бір оқушы баяндап береді.
|
Түсіну
|
7 мин
|
ДЖИГСО
әдісі арқылы Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінің мазмұнын ашу
1-топ
төрт шумақ
2-топ
төрт шумақ
3-топ
үш шумақ
(Мұғалім дайындаған критерий бойынша
бағалау)
|
Қожа
Ахмет Йассауи хикметтерін өзара топта талқылап, оқушылар өз рөлдерін бөліп
алады. Баяндамашы оқушы басқа топтарға барып хикмет мазмұнын айтып береді.
|
Қолдану
|
5 мин
|
Қожа
Ахмет Йассауи тақырыбына таныстырылым құру.
(Бағалау түрі Отшашу)
|
Оқушылар топта
өзара пікірлесе отырып, тақырып төңірегінде таныстырылым жасайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
«Мен
қазақпын» бейнероликті тақтадан көрсету.
|
Оқушылар
интерактивті тақтадан көрген сергіту сәтіне би билеп серігіп қалады.
|
Талдау
|
7 мин
|
Ой толғаныс «Буриме» әдісі арқылы
ұйқастарға өлең жолдарын құрастыру
Мұғалім тақтаға “Дүние –мүлікке
құмартып, жаһан малын жиғандар”
Ұйқасын тап
Кітапты молда теріс оқыр,
..............................................
Мал құмар көңлі-бек соқыр,
...................................................
деп жазады.
Осы ұйқастарды пайдалана отырып топтар бір шумақ өлең жазуы керек. (Мұғалім
дайындаған критерий бойынша бағалау)
|
Мұғалімнің
берген ұйқастарын пайдалана отырып, оқушылар топ ішінде бір шумақ өлең
жазып, бір оқушы оқып береді.
|
Жинақтау
|
7 мин
|
«Еркін жазу стратегиясы» Бүгінгі
сабақтан қандай әсер алғаны жайлы жазу
(Мұғалім дайындаған критерий бойынша
бағалау)
|
Бүгінгі
сабақтан алған әсерін жаза отырып, топтан бір оқушы оқып береді
|
Бағалау
|
3 мин
|
Қорытынды
бағаны мұғалім қояды.
|
Топбасшы
оқушы өз тобындағы оқушылардың бағаларын мұғалім дайындаған критерий бойынша
бағалайды.
|
Кері байланыс
|
2 мин
|
Бағдаршам
арқылы кері байланыс орнату
|
Оқушылар
сабақтан түсінген, түсінбегенін стикерге жазып бағдаршамға іледі.
|
Үйге тапсырма
|
2 мин
|
Қожа
Ахмет Йассауи хикметтерінен үзінді жаттап келу
|
|
|
|
|
|
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.