Главная / Физкультура / Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы

Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы

 

Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы

Мақсаты: Қозғалмалы ойындармен таныстыра отырып, балалардың ойын әрекетіне қызығушылықтарын арттыру.

Міндеті:

1. Өмірін қорғау, әр түрлі аурулармен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.

2. Өмірге ең қажетті қимыл қозғалыстардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.

3. Балалардың ептілік,шапшаңдық қасиеттерін дамыту

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.

Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.

      Ойын – балалар мен ересектерге қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.

      Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.

Қозғалмалы ойындардың бір ерекшелігі — олардың басым көпшілігі ешбір затты қажет етпейтіндігі.  Сондықтан  оны қалаған жерде өткізе беруге болады. Күздің құрғақ, ашық күндерінде таза ауада өткізілсе, қыста бала бақшаның спорт залында өтеді. “Қасқыр қақпан” ойынында дене қимылына жүру, тізені бүгу, қолды көтеру, мойынды, иықты қозғау секілді баланың денесінің шыңдалуына әсер ететін, қан тамырларының, жүрегінің соғысын жиілететін әсерлер, айла-амал қолдану, жеңіске деген ұмтылыс, бәсеке жарыс элементтері де кездеседі. Сонымен бірге, ойынның өлеңмен айтылатын тұстары балаларға әсер беріп  көңіл күйлерін көтеріп, топ құрып, топтасып, топқа бөлініп дене шынықтыру нұсқаушысы берген командасын орындай білуге дағдыландырады. Бұл балалардың білуге, білмекке құштарлығын арттырады. Ойлау жүйелерін қалыптастырады. Өмірдің қарама-қарсы күштерден тұратынын аңғаруға баулиды. Денелерін шынықтырып, өмірге жастайынан әзір болуға дайындайды. ”Қасқыр қақпан” ұлттық ойынын таңдап алудағы негізгі мақсат, біріншіден, ойында балалардың тілін, ақыл- ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, оларды еліктіріп–қызықтыру. Екіншіден, осы ойын арқылы балаларда ұйымшылдық, патриоттық сезім қалыптастыру. Үшіншіден, дене тәрбиесіне байланысты сапқа тұру, шеңбер болып, қол ұстасып тұру, ойындағы қимыл бірлігі, бұйрықпен қозғалу, бір адамға бағынып, тыңдай білу сияқты қарапайым дағдыларды қалыптастыру. Бұл ойынды күрделендіре отырып 3-4 жастан, мектеп оқушыларына да қолдануға болады.

Белгілі педагог-психолог ғалым Қ.Жарықбаев: “Бастауыш сынып оқушылары — ептілікті, ережелерді жөндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстың аса қажетті үйлесімдігін, жылдамдық пен оңайлықты жақсы меңгереді. Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіруді, лақтыру, қарғу, өрлеу сияқты атрибуттарды үйреніп қана қоймай, адалдық, шындық, принципшілдік секілді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіншілік туғызады”- дейді.

        Ұлттық қозғалмалы ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, өнеріміз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірімен жалғаса береді. Қозғалыс ойындары сан ғасырлар өтсе де адамзат баласына ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы болып қала береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысындағы спорттық жаттығуларға, ойындарға И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және т.б. ғалымдар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезде заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілеттері жетіледі, - деп  тұжырымдайды. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе жасамайтын тұлға. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Д.Хухлаеваның пікірінше, дене жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады, - дейді.


         Қозғалмалы ойындар баланың денесін, тұлғасын жетілдіріп, дамытып, қоймайды. Сонымен бірге ақыл-ойын, ұлттық рухын, сана-сезімін, намысында қалыптастыратын тәрбие құралы.

         Баланы – ойын өсіреді. Ойынға қатыспаған бала әлжуаз, қорқақ, өз күшіне сенімсіз, бос кеуде, қиыншылыққа мойығыш болып өседі. Ойында тәрбиелік мәнге ие ұлттық көптеген этнопедагогикалық элементтері жетерлік.

Қорыта айтқанда ұлттық қозғалмалы ойындар - салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы. Олай болса ұлттық ойындарды  әрі оқу, әрі тәрбие құралы, пән аралық байланыстың дәнекері болады деп айта аламыз.



Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы
  • Физкультура
Описание:

Қозғалмалы ойындардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығы

Мақсаты: Қозғалмалы ойындармен таныстыра отырып, балалардың ойын әрекетіне қызығушылықтарын арттыру.

Міндеті:

1. Өмірін қорғау, әр түрлі аурулармен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.

2. Өмірге ең қажетті қимыл қозғалыстардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.

3. Балалардың ептілік,шапшаңдық қасиеттерін дамыту

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы байқалады, сондықтан да оның мәні де ерекше болып табылады.

Автор Нұржақсы Еркебұлан Алиұлы
Дата добавления 28.12.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Другое
Просмотров 826
Номер материала MA-063471
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓