Инфоурок Физика Рабочие программы§1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.

§1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.

Скачать материал

 Қызылорда облысы . Шиелі ауданы №47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектептің « физика» пәнінің мүғалімі : Акмолдаев Кыдырбек Абибуллаевич

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға  материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді.  Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.

Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.

Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,

оларды динамика қарастырады.

Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.

Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.

Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.

ІІІ. Пысықтау.

  1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
  2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?
  3. Ғылымда материя деп нені айтады?
  4. Оның негізгі қасиеті қандай?
  5. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?

ІV. Қорытындылау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы . Шиелі ауданы №47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектептің « физика» пәнінің мүғалімі : Акмолдаев Кыдырбек Абибуллаевич

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§2.3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға векторлар, векторлар проекциясы және оларға амалдар қолдану туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?

2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалдармен түсіндіруге болады?

3. Ғылымда материя деп нені айтады? Оның негізгі қасиеті қандай?

4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады.

 Векторларды қосу.                         Бірнеше векторларды қосу.

                        

Векторларды азайту.

 

        Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама

қарсы бағытталуы мүмкін.

                                        

Векторлар проекциясы.

Егер вектордың бас нүктесінің проекциясынан оның ұшының проекциясына қарай ось бағытымен жүретін болсақ, онда проекция оң деп, ал қарама-қарсы бағытта жүрсек, проекция теріс деп есептеледі.

Векторлардың қосындысы мен айырымының проекциялары.

Векторлар қосындысының бір осьтегі проекциясы қосылатын векторлардың сол осьтегі проекцияларының алгебралық қосындысына тең.\

Векторлар қосындысының не айырымының проекциясын табу үшін қорытқы векторды тауып, оның проекциясын анықтаудың қажеті жоқ, веторлардың проекцияларын, таңбаларын ескере отырып, қосса болғаны.

Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.

             

 

    

     

  

-орын ауыстыру векторының х не у осіндегі проекциясы сәйкес координатаның өзгерісіне тең.

ІV. Пысықтау.

 V. Есептер шығару.

Рымкеевич есептер жинағы: №4,5,6.

VІ. Үйге тапсырма. §§2,3, 2-жаттығу №1,2,3 .

VII. Бағалау. VIII.Қорытындылау.

 

Қызылорда облысы . Шиелі ауданы №47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектептің « физика» пәнінің мүғалімі : Акмолдаев Кыдырбек Абибуллаевич

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §4.  Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдеу, оның  бірлігі туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Векторлық шамалар дегеніміз не?

2. Скаляр шамалар дегеніміз не?

3. Векторларға амалдарды қалай қолданамыз?

4. Векторлар проекциясы дегеніміз не?

5. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.

Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.

 

ХБЖ-да үдеу бірлігі 1м/с2.

ІV. Есептер шығару. 3- жаттығу. №1. №2. №3

V.  Қортындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§4. 3- жаттығу. №4. Рымкевич: №50, № 52, №53. 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §5.  Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, орын ауыстыру туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
  2. Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
  3. Үдеу деген қандай физикалық шама?
  4. Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
  5. Үдеу қандай формуламен өрнектеледі және өлшем бірлігі қанадй?
  6. Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
  7. Үдеумен қозғалатын дененің жыламдығы нөлге тең бола ала ма?
  8. Үдеу нөлге тең болғанда қозғалыс қандай сипат алады?
  9. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 формуласынан жылдамдықты табайық:

-бұл  бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.

Мұндай қозғалыстың графигі

 

Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы:  

Мұндай қозғалыстың графигі

 бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады делік. Мұндай қозғалыс жылдамдығы

Мұндай қозғалыстың графигі

Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жолмен сәйкес келеді.

Қозғалыстың басталу мына шартқа сәйкес келеді:     Осы кездегі жылдамдық графигі:

 уақыт ішінде жүрілген жол сан жағынан графикпен

 шектелген фигураның, яғни  трапециясының ауданына тең. График бойынша   

 немесе

 

 

 

               -теңүдемілі қозғалыс үшін. Ал теңбаяулайтын қозғалыс үшін   Ал бастапқы жылдамдығы нөлге тең болғанда

Үдеу, жылдамдық және жүрілген жол графиктері

Графиктерден бұл шамалардың бір-бірімен байланысты екенін көреміз.

 

ІV. Есептер шығару. 4- жаттығу. №5, №6, №7.

V.  Қортындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§5. 4- жаттығу. №1, №2, №3,№4.

 

 

 

9-сынып

Сабақ тақырыбы: §6.  Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

Сабақ мақсаты:

1.         Қозғалыс ұғымын қалыптастыруды жалғастыру. Дененің еркін түсуі, еркін түсу үдеуі туралы түсінік беру.

2.         Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.         Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: металл шарик, қағаз парағы, Ньютон түтікшесі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.         Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс графигінен айырмашылығы неде?

2.         Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табу үшін нені білу керек?

3.         Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар.

4.         Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы проекциясының графигі бойынша дененің орын ауыстыруы проекциясын қалай табуға болады?

5.         Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі

Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын

 Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады.

Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады.

80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды. .(Ньютон түтікшесімен тәжірибе көрсету).

g-еркін түсу үдеуі.

g=9,8 м/с2.

Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады.  Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.

Қозғалыс заңы s=gt2/2, v=gt, s=h. Осы теңдеулерден:

t=√2h/g, v=√2gh.

ІV. Пысықтау.

 V. Есептер шығару.

Рымкевич есептер жинағынан №55, №56, № 57. 

№1,№2,№3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: §6. 5-жаттығу.

 

 

9-сынып.

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын шардың үдеуін есептеу.

Аспаптар мен материалдар: өлшеуіш таспа, метраном, науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр.

Жұмыстың орындау.

1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (33-сурет). Науаның төменгі шетіне металл цилиндрді қоясыңдар.

2. Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метраномды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.

3. Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады.

4. Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.

5. Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып, тәжірибені бес рет қайталау керек.

6.  формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар:

7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Метрономның соғу саны

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§7.8. Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар.

 Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға  қисық сызықты қозғалыс,  қисық сызықты қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Галилей еңбектерінің маңызы неде?
  2. Дененің еркін түсуі дегеніміз не?
  3. Дененің еркін түсуі қозғалыстың қай түріне жатады?
  4. Еркін түсу үдеуі қандай шама және оның сандық мәні неге тең?
  5. Ендікке байланысты еркін үдеуінің сандық мәні қалай өзгереді?
  6. Еркін түсу үдеуі дененің массасына байланысты бола ма?
  7. Еркін түсу үдеуі дененің жылдамдығына  тәуелді бола ма?
  8. Оқушылардың есептерді қалай орындағандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің қисық сызықты трактория бойымен қозғалысы қисықсызықты қозғалыс деп аталады.

Дененің қисықсызықты траекторияның кез келеген нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы траекторияның осы нүктесіне жүргізілген жанаманың бойымен бағытталады.

Нүктеің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сипаттау үшін айналу периоды және айналу жиілігі деп аталатын шамалар енгізіледі.

Айналу периоды секундпен өлшенеді. Айналу жиілігі  Гц-пен өлшенеді

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.

      Өлшем бірлігі

ІV. Пысықтау.

 V. Есептер шығару.

6-жаттығу.

№1,№2,№3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма. §7. §7.5-ж. №4, №5, №6, №7.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §9. Центрге тартқыш үдеу.

 Сабақ мақсаты:

1.  Қисық сызықты қозғалыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, центрге тартқыш  үдеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.

 2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
  2. Айналу периоды дегеніміз не?
  3. Айналу жиілігі дегеніміз не?
  4. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
  5. Период пен жиілік арасында қандай байланыс бар?
  6. Бұрыштық жылдамдық деген не? Ол неге тең?
  7. Сызықтық жылдамдық деген не? Ол неге тең?
  8. Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасында қандай байланыс бар?
  9. Берілген есептерді тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус бойымен оның центріне қарай бағытталады. Сондықтан оны центрге тартқыш үдеу деп атайды.

 

ІV. Пысықтау.

  1. Модулі тұрақты жылдамдықпен шеңбер бойымен қозғалатын дененің үдеуі қалай бағытталған?
  2. Центрге тартқыш үдеу дегеніміз не?
  3. Неліктен центрге тартқыш үдеуді нормалыь үдеу деп атайды?
  4. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?
  5. Центрге тартқыш үдеуді айналу периоды арқылы қалай өрнектеуге болады?
  6. Центрге тартқыш үдеуді жиілік арқылы қалай өрнектеуге болады?

 V. Есептер шығару.

7-жаттығу.

№1,№2,№3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма. §9. №4, №5.

 

 

 

9-сынып.

Бақылау жұмысы.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың «Кинематика» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бақылау жұмысын орындау.

І нұсқа.

1. Хоккейші шайбаға 2 м/с жылдамдық бере отырып, жайлап клюшкамен соқты. Егер шайба мұзға үйкеліс нәтижесінде  0,25 м/с2 үдеумен қозғалса,  соққыдан кейін 4 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?

2. Велосипедші төбешіктен 5 секунд ішінде 0,5 м/с2 үдеумен қозғала отырып түсті. Егер велосипедшінің бастапқы түсу жылдамдығы 18 км/сағ-қа тең болса, төбешіктің ұзындығын анықтаңдар.

3. Биіктігі 80 см столдан еденге қарындаш құлап түсті. Қарындаштың құлау уақытын табыңдар. (g≈10 м/с2).

4. Автомобиль түзусызықты қозғалып келеді. Автомобильдің жылдамдық  векторының проекциясының уақытқа тәуелділік теңдеуі: υх=10+0,5t. Автомобильдің бастапқы жылдамдығының модулі мен бағытын  және үдеуін анықтаңдар. Жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.

ІІ нұсқа.

1.Шайбаны клюшкамен соғып қалғанда шайба  5м/с жылдамдық алып,  мұз үстінде 1 м/с2 сырғанайды. Шайбаның жылдамдық векторының уақытқа тәуелділік теңдеуін жазып, осы теңдеуге сәйкес график тұрғызыңдар.

2. Велосипедші тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Қанша уақыттан кейін велосипедшінің жылдамдығы 2 м/с-қа тең болады?

3. Жердің өз осін айналу периоды 24 сағат. Жер бетіндегі нүктелердің айналуының бұрыштық жылдамдығы мен сызықтық жылдамдығын табыңдар. Жер радиусын 6400 км деп есептеңдер.

4. Дененің басапқы координаттары х0=-2 м және у0=4 м. Дене координаттары х=2 м және у =1 м нүктеге орын ауыстырады. Х және У осьтеріндегі орын ауыстыру векторының проекциясын табыңдар. Орын ауыстыру векторын салып оның модулін табыңдар.

ІІІ нұсқа.

1.      Алтыншы қабаттың терезесінен (h= 20 м) тасталған тас Жерге қанша уақытта жетеді? Жерге түскен сәттегі оның жылдамдығы қандай? (g=9,8 м/с2).

2.      Дене радиусы 50 м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 10 с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 радианға тең екені белгілі. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрген жолын табыңдар.

3.      Автобус орнынан қозғалған сәтте-ақ 1,5 м/с2 тұрақыт үдеуге ие болды. Ол қанша уақыттан кейін 72 км/сағ жылдамдық алады?

4.      Уақыттың алғашқы мезетінде дене координаттары x0=-3 м және у0  =5 м болатын нүктеде еді. Дене координаттары х =4 м және у =2 м нүктеге орын ауыстырды. Орын ауыстыру векторының х және у осьтеріндег проекцияларын табыңдар. Дененің орын ауыстыру векторын сызып, модулін табыңдар.

ІІІ. Бағалау.

ІV. Үйге тапсырма: қайталау.

 

 

 

9-СЫНЫП.

Сабақ тақырыбы: §10. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі.

Сабақ мақсаты: 1. Санақ денесі, санақ жүйесі, инерция, Ньютонның бірінші заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:

1. Орташа жылдамдық дегеніміз не?

2.Лездікжылдамдықдегенімізне?                                                                                                                         3. Орташа жылдамдық пен лездік жылдамдық арасындағы ұқсастық пен айырмашылық неде?

 4. Үйге берілген есептерді тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

   Берілетін ұғымдар: санақ денесі, санақ жүйесі, Ньютонның бірінші заңы.       

    Қозғалмайтын деп қабылданған дене – санақ денесі деп аталады.

    Санақ денесі, онымен байланысқан координат  жүйесі мен синхрондалған сағаттар жиынтығы санақ жүйесі деп аталады.

     Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе, онда бұл дене түзусызықты және бірқалыпты қозғалады; оның жылдамдығы модулі бойынша да, бағыты бойынша да өзгермейді.

    Инерция заңы орындалатын санақ жүйелері бар.Мұндай жүйелерді инерциялық санақ жүйелері деп аталады.

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.

№115. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірілуі тұрғанда бір қалыпты қозғалыс жасай ала ма?(автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бірқалыпты қозғала алмайды, себебі оған басқа денелердің әсері теңгерілмейді. Автомобильге Жер (төмен қарай тартады), жол жабындысы (серпімді түрде жоғары итереді және горизонтальды қозғалысқа үйкеліспен кедергі жасайды), ауа (қозғалысқа әсер етеді). Жердің тартуы және жолдың серпімді реакциясы вертикаль бойымен әсер ететін өзара теңгеріледі, горизонталь әсер ететін жол және ауа  кедергісі теңгерілмейді.

№116. Итеру кезінде вагонға мыналар әсер етеді: бірін-бірі теңгеретін вертикаль бағыт бойынша Жердің тартылуы және рельс серпімді реакциясы, ал тепловоздың тартуы және рельске және ауаға үйкелуі горизонталь бағыт бойынша. Егер тепловоздың тартуы үйкелістен артып кетсе, вагонға әсер теңгерілмейді және ол үдеу бойынша қозғалады. Вагон кемімелі қозғалады.

№117,№118,№119   VІ. Қорытындылау.VІІ.Бағалау VІІІ. Үйге тапсырма: §1.4, 4-жаттығулар.                                                                                                     

 

9-сынып.

§§11. 12. Күш. Ньютонның екінші заңы.

Сабақ мақсаты:

·         Денелердің өзарар әрекеттесуі туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, күш, күштердің түрлері, тең әрекетті күштер туралы түсінік алуға жағдай жасау.

·         Оқушыларды өз беттерімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

·         Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

·         Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?

·         Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?

·         Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

·         Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады?

ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күш әрекетінен денелер Жерге құлайды. Дененің ауырлық күші әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды.

          

Серпімділік күші дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады.

Гук заңы: │Fc│=k∆ℓ

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. Ол әрдайым  жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.

Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.

Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.

│Fүйк.│=μN

Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.

Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей  әрекет жасайтын күшті айтады.

 

Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

a=F/m

–динамиканың негізгі теңдеуі.

ІV. Пысықтау.

 V. Есептер шығару.

9-жаттығу №1, №2. 10-жаттығу №3, №4

 VІ. Үйге тапсырма. §§11;12. 9-жаттығу №3, №4, 10-жаттығу. №1; №2.

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§13.14. Ньютонның ІІІ заңы. Салыстырмалылық принципі.

Сабақ мақсаты:

  1. Ньютон заңдары туралы түсініктерді қалыптастыруды жалғастыру. Ньютонның ІІ заңы, салыстырмалылық принципі туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі: аралас

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Күш нені сипаттайды?
  2. Күш неліктен векторлық шама болып табылады?
  3. Күш пен үдеу арасында қандай байланыс бар?
  4. Күштердің қандай түрлерін білесіңдер?
  5. Денелердің инерттілік қасиетінің мәні неде?
  6. Дененің массасы дегеніміз не?
  7. Ньютонның екінші заңы қалай тұжырымдалады?
  8. Бірнеше күш әрекет еткендегі дененің үдеуін қалай табуға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ньютонның үшінші заңы:

әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

Ғ1=-Ғ2.

Әрекет және қарсы әрекет әр түрлі денелерге түсіріледі, сондықтан олар ешқашан теңеспейді. Және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға болмайды, қосуға болмайды. Бұл күштердің ерекшелігі екі күштің де табиғаты бірдей. Күш бір денеге түсірілегн жағдайда ғана теңеседі. Мысалы:

 

 

                                                                          

Галилейдің салыстырмалылық принципі:

 

Барлық инерциялық санақ жүйелеріндегі механикалық құбылыстар бірдей жүреді. Басақаш айтқанда, барлық инерциялық санақ жүйелері бірдей құқылы.

IV. Пысықтау.

1. Ньютонның үшінші заңын тұжырымдаңдар.

2. Денедердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?

3. Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?

 V. Есептер шығару. №139. №142. №145.

 VІ. Үйге тапсырма. §§13.14.

 V!!. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып

Сабақ тақырыбы: §15. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға бүкіл әлемдік тартылыс заңы, гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

1. Ньютонның үшінші заңын тұжырымдаңдар.

2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады?

3. Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

 -Жер радиусы

 -Жерден Айға дейін қашықтық.

 тәулік

;    , осыдан ;  R мен Т-ның мәндерін қойсақ, онда

;  ал ,    

     осыдан   немесе  , демек центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар  F~Mm

~

  немесе

 

G-гравитациялық тұрақты.  G=6,673ּ10-11Нּм2/кг2

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы: екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.

G-гравитациялық тұрақты.  G=6,673ּ10-11Нּм2/кг2

IV. Есептер шығару. Р: № 172, №173,№169, №170

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §15. 12-жаттығу.

 

 

9-сынып

Сабақ тақырыбы: §16. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға ауырлық күші, денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдаңдар.
  2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашу барысында Ньютон қандай болжам ұсынды?
  3. Неліктен Айдың Жерді айналу үдеуі жерге жақын аралықтағы дененің еркін түсу үдеуінен аз болады?
  4. Г.Кавендиш гравитациялық тұрақтыны қалай анықтады?
  5. Гравитациялық тұрақты нені сипаттайды?
  6. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ауырлық күші –денелердің Жерге тартылу күші.

Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің  Жерге тартылу күші:

 (1)

 m – дене массасы

Mж –Жер массасы

R –Жер радиус


 h –дененің Жерден биіктігі 

 

Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес:

 

       (2)

Жер бетінде (h=0) болғанда:

 

(2) формуладан еркін түсу үдеуінің дененің массасына тәуелсіздігі, ал оның шамасының дене Жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады.

 

               

IV. Есептер шығару. Р: №, №,№, №V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §16. 13-жаттығу.

 

 

9-сынып

Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша лаған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдануға дағдыландыру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

ІІІ. Есептер шығару.

№178. Марс планетасының радиусы Жер ардиусының 0,53 бөлігіндей, ал массасы Жер массасының 0,11 бөлігіндей. Марстағы еркін түсу үдеуінің шамасын табыңдар.

№174. Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кем, ал Жер мен Ай  центрлерінің орташа ара қашықтығы 60 Жер радиусына тең. Жер мен Айдың центрлерін қосатын кесіндінің қандай нүктесінде дене оларға бірдей күшпен тартылады?

№176. Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қанлай болады?

№180. Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.

№181. Массасы 750 кг-ға тең ғарыш аппартаы 1970 жылы Айдың бетіне жетті. Аппартақа Жер бетінде және Ай бетінде әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.

№183. Массасы 90 т ТУ-154 ұшағы 11 км биіктікте ұшып келе жатқандағы еркін түсу үдеуі 9,77 м/с2-ге тең болса, оған әсер етуші ауырлық күш қаншаға азаяды? Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі 9,81 м/с2-ге тең деп есептеңдер.

IV. Карточкамен жұмыс жасап жатқан оқушылардың есептерін тексеру.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: 12-13-жаттығулар.

 

 

9- сынып.

  1. Шарды науаның белгілі бір жерінен бірнеше рет домалатып жіберіп, тәжірибені қайталаңдар.
  2. Алынған нәтижені төмендегі кестеге жазыңдар.

 

Тәжірибе реті

h,м

ℓ, м

орт, м

t, c

υ0, м/с

υорт, м/с

 

 

 

 

 

 

 

9. Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.

 

 

9-сынып

Сабақ тақырыбы: §17. §18.Жасанды серіктердің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға жасанды серіктердің қозғалысы, бірінші, екінші  ғарыштық жылдамдық, дененің салмағы, салмақсыздық туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

  1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтамыз?
  2. Ол қандай шамаларға тәуелді?
  3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
  4. Еркін түсу үдеуінің дене массасына тәуелді емес екенін қалай дәлелдеуге болады?
  5. Полюсте және экваторда бір деген әрекет ететін ауырлық күшінің мәндері бірдей бола ма?
  6. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүкіл әлемдік тартылыс күші  әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық бірінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

Жерден ұшатын дене үшін бірінші ғарыштық жылдамдықты анықтайық.

 

Бірінші ғарыштық жылдамдық ≈7,9 м/с-қа тең.

(2)

Бұл формула бойынша кез келген планета серігінің бірінші ғарыштық жылдамдығын есептеуге болады.

Параболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық екінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

 

Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.

Үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне тең.

Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады.

Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.

Дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.

Дене тіреуімен бірге вертикаль төмен қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен кем болады.

 

IV. Есептер шығару. 14 –жаттығу. №1, №3

15 –жаттығу. №3, №4.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §17. §18. 14-жаттығу. №2, №4, 15-жаттығу. №1, №2

 

9-сынып

 Сабақ тақырыбы: §§19, 20 Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы  туралы  түсінік алуға жағдай жасау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қалай меңгергендері туралы сұрақтар:

  • Ньютонның І заңын тұжырымда.
  • Ньютоннның ІІ заңын тұжырымда.
  • Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда.
  • Дененің массасы дегеніміз не?
  • Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?
  • Теңәрекетті күш дегеніміз не?
  • Галилейдің салыстырмалы принципі.
  • Бүкіл әлемдік тартылыс заңын тұжырымда. Формуласын жаз.
  • Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі.
  • Жер бетінен h биіктіктегі  еркін түсу үдеуінің формуласы.
  • Жер бетіндегі дене үшін еркін түсу үдеуі формуласы.
  • І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
  • ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы.
  • Денеің салмағы дегеніміз не?
  • Асқын салмақ дегеніміз не?
  • Салмақсыздық дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.

          Күш импульсі: ; өлшем бірлігі Н·с

Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады.

         Дене импульсі: ; өлшем бірлігі кг·м/с

 

Дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Тұйық жүйе деп сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.

          Ипульстің сақталу заңы: жүйе ішінде туындайтын өзара әрекеттесулер нәтижесінде тұйық жүйенің қосынды импульсі өзгермейді.

         

ІV. Есептер шығару.

           Рымкевич есептер жинағынан: №314, №315, №317, №316.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§19. 20. 17-жаттығу. №1, №2.





9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §21. Реактивті қозғалыс.

Сабақ мақсаты:

1.      Импульстің сақталу заңы туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, реактивті қозғалыс туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2.      Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  • Дене импульсі дегеніміз не?
  • Күш импульсі деген не?
  • Дене импульсінің өзгеруі қандай шамаға байланысты?
  • Күш импульсі мен дене импульсінің арасында қандай байланыс бар?
  • Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?
  • Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ғарыш және Қазақстан» электрондық презентациямен таныстыру.

Денеің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысты реактивті қозғалыс деп атайды.

Қарапайым зымыран құрылысы:

Осы күнгі зымырандар  көп сатылы болып жасалады. Яғни оның әр сатысының отын қоры, тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.

IV. Есептер шығару. 18 –жаттығу. №1, №3

15 –жаттығу. №3, №4.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §21. 18-жаттығу. №2.

 

9-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §§22. 23. Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақ мақсаты:

1.      Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2.      Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ –жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Зымыран қалай қозғалады?
  2. Реактивті қозғалыс деген не?
  3. Оған мысалдар келтіріңдер.
  4. Қандай мақсатпен зымырандар көпсатылы болып жасалады?
  5. Реактивті қозғалыс жылдамдағы қандай шамаларға байланысты?
  6. Ғарышты зерттеудегі қандай жетістіктерді білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі джоуль болып табылады.

Қозғалып келе жатқан дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды.

Потенциалдық энергия дегеніміз –денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.

Механикалық жұмыс –бұл энергия өзгерісінің өлшемі.

Жүйенің толық энергиясы: .

Энергияның сақталу заңы:

Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен бүкіл әлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенуиалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.

Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денедердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады:

Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

IV. Есептер шығару. 19 –жаттығу. №1, №3. 20-жаттығу. №3. №4.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: §22. §23. 19-жаттығу. №2, №4, №5.

 

 

9-сынып.

Бақылау жұмысы.

Мақсаты:

1.      Оқушылардың «Динамика » бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.

2.      Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бақылау жұмысын орындау.

І нұсқа.

  1. Серіппені  4мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?
  2. Массасы  5 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 1,5 м/с2 үдеу алды. Массасы 12 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?
  3. Масасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.
  4. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер етеін ауырлық күішінің істейтін жұмысы қандай болады?

 

ІІ нұсқа.

  1. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 м/с2 үдеу бере алады?
  2. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек?
  3. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?
  4. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.

 

ІІІ нұсқа.

  1. Ғарыш ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с 2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышке-ұшқыштың салмағын табыңдар.
  2. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды қандай?
  3. Қатаңдығы 100 кН/м тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?
  4. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с 2 үдеумен көтерегн кезде адам қандай жұмыс істейді?

ІІІ. Бағалау.

ІV. Үйге тапсырма: қайталау.

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы:§§24.25. Механикалық тербелістер.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Мақсаты:

1.      Тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айта алуға жетелеу.

3.      Ғылыми дүниетанамын қалыптастыру. Жауапкершілікке,  еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарау бойынша сұрақтар:

1. Дене импульсі дегеніміз не?

2. Күш импульсі дегеніміз не?

3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең?

5. Зымыранның  құрылысы және олардың қозғалуы.

6. Энергия, энергия түрлері.

6. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?

7. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мысалдар:

F=-kx (Гук заңы)

Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды.

Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды дер аталады.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі дер аталады. 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.

Рымкевич №415, №416.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма. :§§24.25.  №№409, №410, №414

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§26.27. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.

Сабақ мақсаты:

1.            Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі, математикалық және серіппелі маятниктердің тербілістері, тербеліс периодтары туралы түсінік беру.

2.            Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.            Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Тербелмелі қозғалыстар дегеніміз не?
  2. Ығысу дегеніміз не?
  3. Гармоникалық тербелістер дегеніміз не?
  4. Тербеліс периоды дегеніміз не?
  5. Жиілік дегеніміз не?
  6. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?
  7. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Денене тепе-теңдіктен ең үлкен ауытқуында:

Eк =0, Еп=kA2/2

Eтолық= Eк+ Еп= kA2/2

Дене тепе-теңдік күйге жеткенде:

Eп =0, Ек=mυ2/2

Eтолық= Eк+ Еп= mυ2/2

kA2/2= mυ2/2

Өшетін тербелістер:

 

Математикалық маятниктің және серіппелі маятниктің  тербеліс

периодтары:     

        T=2π√ℓ/g

        T=2π√m/k

IV. Пысықтау.

 V.Есептер шығару. 22-жаттығу.№1, №2.

VІ. Қорытындылау. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §28. §29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс. Электромагниттік тербелістер.

Сабақ мақсаты:

1.      Еркін және еріксіз тербелістер, резонанс құбылысы, электромагниттік тербелістер  туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Тербелмелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?

2. Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие болады?

3.Тербеліп тұрған дене траекторясының кез келген нүктесіндегі толық энергия неге тең?

4.      Математикалық маятник деп нені айтады?

5.      Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең?

6.      Маятник қай жерлерде пайдаланады?

7.      Серпімділік күші әрекет ететін дененің тербеліс периоды неге тәуелді болады?

8.      Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.

Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.

Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.

Тәжірибе:

Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз.Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.

Электромагниттік тербелістерді алуға болатын қондырғы:

Электромагниттік тербелістердің периоды Томсон формуласы арқылы анықталады:

Тербелмелі контурдағы өтетін процестер серіппелі маятниктегі құбылыстарға ұқсас:

Конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекте конденсатордың алма-кезек разрядталуы кезінде электромагниттік тербелістер пайда болады.

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 23-жаттығу. №3, 24-жаттығу №2, №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §28. §29 23-жаттығу. №1, №2. 24-жаттығу. №1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс №3.

Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау.

Өлшеу құралдары: сағат, өлшеуіш таспа.

Құрал-жабдықтар: саңылау бар шар, жіп, штатив.

Жұмыстың орындалуы:

1.      Штативті үстелдің шетіне суретте көрсетілгендей етіп орналастырыңдар. Оның жоғары жағына қысқыш арқылы сақина бекітіп, оған жіпке байланған жүкті іліңдер. Жүк еденнен 3-5 см жоғары қарап тұруы керек.

2.      Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып, содан кейін оны жібере салыңдар.

3.      Маятниктің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеп алыңдар.

4.      Толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты өлшеңдер.

5.      Уақытты қайта өлшеп оның орташа мәнін табыңдар.

6.      Уақыттың орташа мәні бойынша тербеліс периодының орташа мәнін табыңдар.

7.       формуласы бойынша еркін түсуі үдеуінің орташа мәнін есептеп шығарыңдар.

8.      Өлшеу  және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

1.

 

 

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

9.      Еркін түсу үдеуінің алынған  орташа мәні 9,8м/с2 мәнімен салыстырыңдар.

10.  Өлшеу дәлдігін бағалаңдар.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §30. Толқындық құбылыстар.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға толқын, толқынның түрлері, олардың таралуы және толқындарды сипаттайтын шамалар  туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Тербелістер» тарауы бойынша физикалық диктант.

  1. Тербелістер деген не?
  2. Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?
  3. Гармоникалық тербелістер деген не?
  4. Тербеліс периоды деген не? Формуласы.
  5. Жиілік деген не? Формуласы.
  6. Тербеліс амплитудасы деген не?
  7. Тербеліп тұрған дене траектоиясының кез келеген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
  8. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы?
  9. Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы неге тең?
  10. Еркін және еріксіз тербелістер деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.

Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп аталады.

Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын ара қашықтық.

Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады. Бұл толқындар сейсмикалық деп аталады.

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағы: №435, №436, №437, №438.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §30. 25-жаттығу. №1, №2 ,№3.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға дыбыс, дыбыстың таралуы, музыкалық дыбыстар, дыбыс қаттылығы, дыбыс тембрі, шу туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Толқын дегеніміз не?
  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
  3. Бойлық толқын ше?
  4. Толқын ұзындығы деген не?
  5. Толқын жылдамдығы деген не?
  6. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

16 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.

Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.

Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.

Дыбыстың қаттылығы  неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.

Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.

Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.

Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.

 

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару26-жаттығу. №3, №4, №5.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §31, §32 26-жаттығу. №1, №2 .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып

Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдануға дағдыландыру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

ІІІ. Есептер шығару.

№414.

 Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілген массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін. Оны тепе-теңдік күйден қандай ара қашықтыққа ауытқыту қажет?

№427.

Бірдей уақыт ішінде бір математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, олардың ұзындықтарын табыңдар.

№437.

 Желсіз күні қайықтан көлге ауыр якорь тасталған. Якорь тасталған жерден толқындар тараған. Жағада тұрған адам толқын оған 50 секундтан кейін келіп жеткенін, ал көршілес өркештер арасындағы қашықтық 0,5 с екенін және 5 с ішінде толқын жағаға 20рет келіп соққанын байқаған. Қайық жағадан қандай қашықтықта болған?

№438.

Ер адамның ең төменгі дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғары даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.

№448.

Теңіздің кеме астындағы тереңдігін эхолот арқылы өлшегенде ультрадыбысты жіберу және қабылдап алу мезеттерінің уақыт аралығы 0,6 с болып шықты. Теңіздің кеме астындағы тереңдігі қандай?

IV. Карточкамен жұмыс жасап жатқан оқушылардың есептерін тексеру.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VII. Үйге тапсырма: тест жұмысына дайындалу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Тест жұмысы.

Мақсаты:

1.      Оқушылардың  І жарты жыл бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.

2.      Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа.

1. Дененің орын ауыстыруы дегеніміз не?

А. Бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

В. Дененің жүріп өткен жолы

С. Дененің қозғалған траекториясының ұзындығы

Д. Дененің жүріп өткен ара қашықтығы

2. Дене белгілі бір биіктіктен 5 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырылған. Осы деенің жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі қандай?

А.

В.

С.

Д.

3. Суретте бес дененің жылдамдық модульдарының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 5.

4. Қандай физикалық шама күш пен уақыттың көбейтіндісіне тең?

А. Күш жұмысы

В. Күш импульсі

С. Күш моменті

Д. Дене импульсі.

5. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістерді қалай атайды?

А. Еріксіз тербелістер

В. Еркін тербелістер

С. Гармоникалық тербелістер

Д. Автотербелістер

6. Асқын салмақ-бұл:

А. Тіреке дене қысымының артуы

В. Тіректің немесе аспаның салмағының артуы

С. Күш әсерінен дене деформациясының қайтымсыздығы

Д. Қосымша жүктеменің нәтижесінде дене салмағының артуы.

7. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуын қалай атайды?

А. Амплитуда

В. Ығысу.

С. Ауытқу

Д. Резонанс

8. Жер бетінен 2 Rжер-ге қашықтыққа дейін алыстаған дененің Жердің тартылыс күші неше есе өзгереді?

А. 2 есе артады

В. 2 есе кемиді

С. 4 есе кемиді

Д. 9 есе кемиді.

9. Контурдың индуктивтілігі 10 есе артты. Тербеліс периоды өзгермеу үшін не қажет?

А. Сыйымдылығын 10 есе арттыру

В. Тербеліс амплитудасын арттыру

С. Сыйымдылығын 10 есе азайту.

Д. Тербеліс жиілігін азайту.

10. Егер Жердің массасын өзгертпей диаметрін 2 есе кемітетін болсақ, онда Жердің адамға әсер етуші күші қалай өзгереді?

А. 4 есе артады

В. 2 есе артады

С. Өзгермеді

Д. 2 есе кемиді.

11. Дененің жылдамдығы 3 есе артса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А. 3 есе артады

В. 9 есе артады

С. 9 есе кемиді

Д. 3 есе кемиді.

12. Суретте тербелетін дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі берліген.Тербеліс периоды мен амплитудасы қандай?

А.

В.

С.

Д.

13. Дене 60 Н күш әсерінен 0,8 м/с2 үдеу алды. Қандай күштің әсерінен дене 2 м/с2 үдеу алады?

А. 120 Н

В. 110 Н

С. 130 Н

Д. 150 Н.

14. 5 секунд ішінде материалық нүкте 10 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?

А.

В. 

С.

Д.

15. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясын анықта.

А. 15 Дж

В. 0,67 Дж

С. 60 Дж

Д. 6 Дж

16. Ұзындығы 1 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

А. 0,5 м с

В. 2 с

С. 0,3 с

Д. 3 с.

17. 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 3 кг дене қандай импульске ие болады?

А. 54 кгּм/с

В. 6 кгּм/с

 С. 75 кгּм/с

Д. 15 кгּм/с

18. Марстағы еркін түсуі неге тең? Марстың массасы 6ּ1023 кг. Радиусы 3300 км, гравитациялық тұрақтысы 6,67ּ10-11 Нּм2/кг2.

А. 1,67 м/с2

В. 9,8 м/с2

С. 37 м/с2

Д. 3,7 м/с2.

19. 20 Н күштің әсерінен ұзындығы 1 м серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

А. 20 Н/м

В. 200 Н/м

С. 0,5 Н/м

Д. 2 Н/м.

20. Массасы 40 кг бала 3 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 1,5 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 20 кг арбаның үстіне қарғып мінеді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

А. 1,5 м/с

В. 3 м/с

С. 0

Д. 4,5 м/с

ІІ нұсқа.

1.      Еркін түсу бұл-

А. Тіреусіз дененің түсуі

В. Аспасы жоқ дененің түсуі

С. Жер атмосферасында дененің түсуі

Д. Ауасыз кеңістікте дененің түсуі.

2. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А. кгּм/с

В. Дж/м

С. Нּм

Д. Н/м

3. Дене координатасының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама-

А. Үдеу

В. Орын ауыстыру

С. Жылдамдық

Д. Қашықтық.

4. Зеңбірек жарылу алдында тыныштықта тұр. Зеңбірек жарылғаннан кейін оның бөліктері бір бағытта ұша ала ма?

А. Иә

В. Жоқ

С. Иә, егер зеңбіректің бөліктерінің массалары бірдей болса

Д. Жоқ, егер зеңбіректің бөліктерінің массалары әр түрлі болса.

5. Электромагниттік тербеліс периодының формуласы

А.

В.

С.

Д.

 

6. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы кинетикалық энергия тұжырымдамасына сәйкес келеді?

А. Қозғалыстағы ауа

В. Бұралған серіппе

С. Сығылған ауа

Д. Шатырдың шетіндегі тас.

7. Ньютон заңдары қанадй санақ жүйелерінде орындалады?

А. Тек қана инерциалды

В. Тек қана инерциалды емес

С. Кез келеген санақ жүйесінде.

8. Тербелмелі жүйедегі резонанс –бұл:

А. Тербеліс жиілігінің кенет артуы

В. Тербеліс периодының кенет артуы

С. Еріксіз тербеліс амплитудаларының артуы

Д. Еріксіз тербелістің циклдік жиілігінің артуы.

9. Скаляр шамаға қайсысы жатады?

А. Жүрілген жол

В. Күш

С. Орын ауыстыру.

Д. Үдеу.

10. Дене шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Шеңбер радиусын 4 есе арттырғанда, ал жылдамдықты 2 есе азайтқанда центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді?

А. 2 есе артады

В. 8 есе артады

С. 16 есе артады

Д. 16 есе азаяды.

7. Тыныштық күйден қозғалысты бастаған автомобиль 6 с ішінде 36 м/с шамаға дейін жылдамдықты арттырады. Автомобильдің үдеуін анықта.

А. 0,5 м/с2

В. 36 м/с2

С. 6 м/с2

Д. 0,1 м/с2

8. Жүзгіш өзен ағысына қарсы бағытта жүзіп барады. Жүзгіштің сумен салыстырғандағы жылдамдығы 1,5 м/с, өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с. Жүзгіштің жағамен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?

А. 1 м/с2

В. 0,75 м/с2

С. 1,5 м/с2

Д. 2 м/с2

9. 20 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған доп 2 с ішінде қандай биіктікке көтеріледі?

А. 60 м

В. 20 м

С. 40 м

Д. 10 м

10. Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің қатаңдығын анықта.

А. 2 Н/м

В. 4 Н/м

С.16  Н/м

Д. 8 Н/м

11. Дене радиусы 50 м шеңбер доғасы бойымен қозғалады. Егер бұрыштық жылдамдығы 3,14 рад/с болса, дене қозғалысының жылдамдығы қандай?

А. 157 м/с

В. 314 м/с

С. 15,7 м/с

Д. 31,4 м/с.

12. Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

А. 1,5 м с

В. 2 с

С. 5,64 с

Д. 3 с.

13. Юпитер планетасының радиусы 7ּ107м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2. Гравитациялық тұрақты 6,7ּ10-11Нּм2/кг2. Планетаның массасын есепте.

А. 17ּ1027кг

В. 0,17ּ1027кг

С. 0,017ּ1027кг

Д. 0,0017ּ1027кг

13. Мектеп динамометрінің серіппесін 5 см-ге созды. Серіппенің қатаңдығы 40 Н/м. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы неге тең?

А. 50 Дж

В. 500 Дж

С. 0,5 Дж

Д. 5 Дж

14. Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.

А. 4 пс

В.0,4 пс

С. 12, 56 мкс

Д. 6, 28 мкс.

19. 6 Н қорытқы күш әсер ететін  дененің массасы 3 кг. Дененің жылдамдығы және үдеуі неге тең?

А. Жылдамдығы кез келген болуы мүмкін, үдеуі 2 м/с2

В. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі 2 м/с2

С. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі 0 м/с2

Д. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі кез келген болуы мүмкін.

20. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы 2 м/с-8 м/с-ке дейін артады. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

А. 1200 Дж

В. 12 Дж

С. 0

Д. 120 Дж

ІІІ. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §33.Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық.. §35.Ультрадыбыс.

Сабақ мақсаты:

1.      Дыбыс  туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, камертондар, домбыра

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Дыбыс деген не?
  2. Дыбыс қалай таралады?
  3. Вакуумда дыбыс тарала ма?
  4. Дыбыс жылдамдығы таралу ортасына байланысты ма?
  5. Дыбыстың қандай сипаттамаларын білесіңдер?
  6. Музыкалық дыбыстар деген не?
  7. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
  8. Дыбыс тембрі деген не?
  9. Негізгі тон, обертон деген не?
  10. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.

 

 

Дыбыстың шағылуы.

 

 

Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

 

Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.

Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.

Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.

    

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 28-жаттығу. №2.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §33- §35. 27-жаттығу, №1, №2 . 28-жаттығу, №1

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §36. Электромагниттік толқындар.

Сабақ мақсаты:

1.      Электромагниттік толқындар, олардың қасиеттері туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Акустикалық резонанс деген не?
  • Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?
  • Акустикалық резонансты қалай байқауға болады?
  • Неліктен домбыра шанағында немесе басқа ішекті аспаптарда ойық жасалады?
  • Жаңғырық деген не?
  • Үй ішіндегі дыбыс даладағыға қарағанда неліктен қаттырақ естіледі?
  • Жазық далада жаңғырық пайда болу мүмкін бе?
  • Адам жаңғырықты есту үшін бөгет қандай қашықтықта болу керек?
  • Неліктен тау баурайында жаңғырық бір емес бірнеше қайтара естіледі?
  • Ультрадыбыс, инфрадыбыс дегеніміз қандай дыбыстар?
  • Ультадыбыстың қанадй ерекшелігі оны эхолокацияда қолдануға мүмкіндік береді?
  • Ультрадыбыстарды, инфрадыбыстарды  пайдалануға мысалдар келтіріңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні:

  1. Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.
  2. Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамасы бірлігін электромагниттік өріс дейді.

Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу  үшін оны, бір жағынан, электр өрісінің кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінің индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.

 

Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады.

Электромагниттік толқындардың қасиеттері:

  1. Электромагниттік толқын әр түрлі заттарда, вакуумда да тарала алады.
  2. Электромагниттік толқындар- тек көлденең толқындар.
  3. Вакуумдағы электромагниттік толқындардың жылдамдығы 3∙108 м/с.
  4. Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады:
  5. Электромагниттік толқындар энергия тасиды.

λ-вакуумдағы толқын ұзындығы;

λ/-заттағы толқын ұзындығы;

    

IV. Пысықтау.

1.      Электромагниттік өріс деген не?

2.      Электромагниттік тербелістің кеңістік нүктелеріне беріліп, толқын түрінде таралуын қалай түсіндіруге болады?

3.      Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастығы мен айырмашылықтары неде?

4.      Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?

5.      Электромагниттік толқындардың вакуумдағы және заттық ортадағы таралу ерекшеліктерін қалай түсіндіруге болады?

6.      Жарықтың және басқа да сәулелердің табиғаты туралы не деуге болады?

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №  985, №986, № 989,  № 990.  

 VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §36. 29-жаттығу, №1, №2 .

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §37. Радиобайланыс.

Сабақ мақсаты:

1.      Радиобайланыс , оның негізін салушылар, тербелмелі контур, ашық және жабық тербелмелмелі контурдың ерекшеліктері, радиотелескоп, радиолокация туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, электрондық оқулық

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  • Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні қандай?
  • Электромагниттік өріс дегеніміз не?
  • Электромагниттік толқын дегеніміз не?
  • Айнымалы электромагниттік  өрістің кеңістікте таралуын тәжірибе түрінде кім дәлелдеді?
  • Электромагниттік және механикалық толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  • Электромагниттік толқындардың ұзындығы, периоды, жылдамдығы, тербеліс жиілігі арасындағы  байланыс қандай формуламен анықталады?
  • Вакуумдағы толық ұзындығы мен заттағы толқын ұзындығының арасында қандай қатыс бар?
  • Тербелмелі контурда пайда болатын электромагниттік тербелістер периоды қандай формуламен анықталады?
  • Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дж. Максвелл электромагниттік толқындардың бар екендігін теория жүзінде айтты.

1888 ж. Г.Герц электромагниттік толқындардың бар екендігін эксперименттік түрде дәлелдеді.

1895 ж. А.С. Попов бірінші радиоқабылдағыш жасады.

1895 ж. 7 мамырда «Орыстың физика-химия қоғамының» отырысында радиоқабылдағыштың жұмысын демонстрациялады.

Алғашқы радиобайланыс 250 м қашықтыққа жасалды. 1899 ж.-20 км; 1901 ж.-150 км. қашықтыққа жеткізілді.

Ақпарат таратуда шығатын радиотолқынның қуаты  жиіліктің төртінші дәрежесіне тура пропорционал, яғни Р~ν4 .

Ақпаратты өте алысқа жіберерде радиотолқындар пайдаланылады.

Жиілігі 0,2 МГц-тен асатын радиотолқындар ұзын, 1МГц-тен асатыны орта, 12 МГц аймағындағылар қысқа, одан үлкен жиіліктегілер ультра радиотолқындар деп аталады.

Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады.

 

Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікте толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушканың ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контур деп атайды.

Элктромагниттік тербелістер кеңістікті толқын түрінде таралу үшін ашық  тербелмелі контур пайдаланылады.

 

 

 

АҚШ-та жасаған радиотелескоп антеннасының диаметір 20 м, Ресейде жасалған ралиотелескоп антеннасының диаметрі 22 м-ге жетеді.

 

 

 

Ғарыш кеңістігін Жерге келген радиосигналдардың көзі пульсарлар мен квазарлар.

 

 

Радиотолқындар арқылы объектіні тауып, оның тұрған орнын дәл анықтау радиолокация деп атайды.

 

 

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №987,      №991,     992.

 VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §37. 29-жаттығу, №1, №2 .

 

 

 

9-сынып

 

Зертханалық жұмыс №4

 

    Тақырыбы: Серіппелі маятник тербелістерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: жүктер жиынтығы, динамометр, қаттылғы20 Н/м, 30 Н/м, 40 Н/м болатын серіппелер жиынтығы, штатив, секундомер, сызғыш.

Жұмыс мақсаты: эксперименттік түрде серіппелі маятник тербелісінің периодына арналған өрнекті тексеру.

Жұмыс барысы:

1-тапсырма. Тербеліс периодын есептеуге арналған формуланы тексеру.

Суретке сәйкес қондырғы құрастырамыз. Серіппенің созылуы мен жүк массасы бойынша серіппе қатаңдығын анықта. Жүкті тепе-теңдік күйден шығарыңдар да динамомердің серіппесіне не жиынтықтың кез келген серіппесіне ілінген массасы 0,1 кг (0,2 кг) жүктің тербеліс периоды мен тербеліс жиілігін өлшеңдер.

Жиіліктің есептелген мәнінің өлшенген мәннен ауытқуын бағалаңдар. Қателікті есепетп шығарыңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

 

Ғ,Н

∆х, м

k, Н/м

m,кг

T=2π√m/k, с

∆Т,с

ε=∆Т/Т0∙100%

ν0, Гц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма. Тербеліс периодының жүк массасына тәуелділігін зерттеу.

Қажетті өлшеулер жүргізіп, тербеліс периодының жүк массасына тәуелделегі графигін салыңдар. Содан кейін период квадратының массаға тәуелділік графигін салыңдар. Қайсы график тербеліс периодының жүк массасына тәуелділігін жақсы анықтауға мүмкіндік береді: Т0=f1(m) функция графигі немесе      y=T02=f2(m) функциясы?

3-тапсырма. Тербеліс жиілігінің серіппе қатаңдығына тәуелділігін зерттеу.

Жук массасы бірдей болғанда қатаңдығы әр түрлі серіппелердегі жүк тербелістерінің жиілігін өлшеңдер. Мәліметтерді кестеге жазыңдар.

20 Н/м

30 Н/м

40 Н/м

N1

t1, c

ν1, Гц

N2

t2, c

ν1, Гц

N3

t3, c

ν3, Гц

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы§38- §40. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.Аспан сферасының координаттары.

1. Оқушыларға  шоқжұлдыздар, көрінерлік, абсолют жұлдыздық шама, аспан сферасы, оның негізгі элементтері, аспан координаталары, кординаталардың көкжиектік жүйесі, азимут, шырақ биіктігі, координаталардың экваторлық жүйелері, еңістік, тура көтерілу туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткен тарау бойынша алынған бақылау және зертханалық жұмыстың қорытындысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шоқжұлдыз дегеніміз –аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.

Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін көрінерлік жұлдыздық шама  ұғымы пайдаланылады.

Жұлдыз-жалтырлығы –одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.

Екі жұлдыздың жалтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:

Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады.

М-абсолют жұлдыздық шама.

m-көрінерлік жұлдыздық шама.

R-жұлдызға дейінгі қашықтық.

.

Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер.

Аспан сферасы –радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.

Аспан сферасының негізгі элементтері:

        

 

Эклиптика  -Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.

21-наурыз көктемгі күн мен түн теңелуі. (тоқты).

23-қыркүйек – күзгі күн мен түн теңелуі. (таразы)

 

Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.

Коррдинаталардың көкжиектік жүйесі.

Бұл жүйеде негізгі жазықтық математикалық горизонт. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады.

Азимут – көкжиек сызығы бойымен өлшенетін  шырақ вертикалына дейінгі бұрыш. (А)

Шырақ биіктігі – верикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы (һ) -900-тан +900-қа дейін.

Координаталардың экваторлық жүйесі.

Негізгі жазықтығы –экватор жазықтығы.

Еңістік – аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын  көрсететін шама. (δ).

Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарыт шарында таңбасы «оң» мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда «теріс» 0-ден -900қа дейін.

Тура көтерілу (α) координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн  мен түннің теңелу нүктесінен шырақтың еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта өлшенеді.

Тура көтерілудің мәні 0-ден 3600-қа дейін және сағаттық бірліктермен өлшенеді.

24 сағ=3600

1 сағ=150

1мин=15/

1c = 15//

10=4 мин

1/=4c

Қосымша деректер.

 

 

ІV. Есептер шығару. 30-ж. №2, 31-ж. №2.

V. Пысықтау.

  1. Шоқжұлдыздар дегеніміз не?
  2. Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?
  3. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?
  4. 5-кестедіг жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?
  5. Аспан сферасы дегеніміз не?
  6. Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.
  7. Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?
  8. Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
  9. Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?

VІ Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: :§38- §40. 30-ж. №3, 31-ж. №3.

 

9-сынып

 

Сабақ тақырыбы §§41.42. Аспан жұлдыздарынң жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.

1. Оқушыларға  аспан жұлдыздарының жылжымалы картасы , кульминация, тәуліктік қозғалыс кезінде шырақтардың көкжиектік координаталарынң өзгеруі., жер бетінде географиялық координаталарды анықтау туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгерегндерін тексеру.

  1. Шоқжұлдыздар дегеніміз не?
  2. Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?
  3. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?
  4. 5-кестедігі жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?
  5. Аспан сферасы дегеніміз не?
  6. Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.
  7. Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?
  8. Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
  9. Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?
  10. Көкжиектік координаталарды атаңдар.
  11. Азимут дегеніміз не?
  12. Шырақ биіктігі дегеніміз не?
  13. Экваторлық координаталарды атаңдар.
  14. Еңістік дегеніміз не?
  15. Тура көтерілу дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырып.

ЖАЖК екі бөлікен тұрады:

  1. Жұлдыздар картасы
  2. Қондырма дөңгелек.

      

 

      

ІІІ. Есептер шығару. 32-ж. №1, №2.

ІV. Қорытындылау.

V. Бағалау.

 VІ. Үйге тапсырма:§§41.42. 32-ж. №3, №4. 4-тапсырма.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы §§43.44. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе.

1. Оқушыларға  аспан жергілікті, белдеулік, бүкіләлемдік уақыт , өліарлық, жұлдыздық ай, олардың ұзақтығы, тропиктік жыл ұзақтығы, Юлиан, Григориан күнтізбесі туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  • Дүниенің солтүстік полюсі картада қай орында орналасқан?
  • Картада аспан координаталарының қай жүйесі қолданылады?
  • Аспан экваторы мен эклиптиканың қиылысу нүктесінің экваторлық координаталарының мәні қай шамада болады?
  • Картада аспан меридианын қалай табуға болады?
  • Аспан меридианын жұлдыздар тәулігіне неше рет кесіп өтеді?
  • Георграфиялық ендік неге тең?
  • Георграфиялық ендік, шырақ биіктігі, ауысу арасында қандай байланыс бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Астрономиялық бақылаулар бойынша уақыттың негізгі бірліктері: тәулік, ай, және жыл.

        Тәулік дегеніміз – Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы.

Күн шарығының орталық нүктесінен жоғарғы шарықтау сәті нақты талтүс деп, ал төменгі шарықтауы нақты түн ортасы деп аталады.

Күннің аттас екі шарықтау аралығы нақты күн тәулігі деп аталады.

Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалыпты қозғала отырып бір жылдам толық айналым жасайтын жормала нүктенің аттас екі рет шарықтауға қажет уақыт аралығы қабылданады.

   Күннің меридиан арқылы өтуі жергілікті орынның күн уақытын береді.

    Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде қабылданады.

Tn=T0+n

Tn –белдеулік уақыт

Т0-бүкіләлемдік уақыт

n- берілген орынның белдеуінің реттік саны

Tλ=T0+λ

Tλ—георграфиялық бойлығы λ болатын орындағы Tλ жергілікті орташа күн уақыты

Жұлдыздық тәулік күн мен түннің теңелу нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері.

Кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздық уақыт мәні осы кезде жоғары шарықтауда орналасқан жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең.

Күнтізбе – ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі.

IV. Есептер шығару.33-ж

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §43, §44. №2,№3.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы §45. Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары.

1. Оқушыларға  Кеплер заңдары туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Нақты  және орташа күн тәуліктерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?
  2. Бүкіләлемдік уақыт Жер бетінде қай орынның жергілікті уақытына сәйкес келеді?
  3. Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді?
  4. Астан уақыты ендік мәні қанша градус болатын орынның жергілікті уақытан дәл келеді?
  5. Алматы мен Астана жергілікті уақыттары бірдей ме?
  6. Астана мен Алматы белдеулік уақыттары бірдей ме?
  7. Өліаралық және жұлдыздық ай астрономиялық жолмен қалай анықталады?
  8. Тропиктік жыл ұзақтығы қалай анықталады?
  9. Ежелгі Мысыр күнтізбесінде жыл ұзақтығы неше тәулік болған?
  10. Юлиан күнтізбесінің ұзақ уақыт қолданыста болуы қандай қателік тудырды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

        Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.

  • 0-эллипстің симметрия центрі
  • АА1=2а –эллипстің үлкен осі
  • ВВ1=2b – эллипстің кіші осі
  • а – үлкен жарты осі
  • b –кіші жартыосі.
  • ОF1OF2 –фокустары

Эллипстің негізгі қасиеті:

   эллипстің кез келген нүктесінің фокустардан қашықтарының қосындысы үлкен ось ұзындығына тең болатын тұрақты шама: МҒ1+МҒ2=2a

c=a2+b2

   e=c/a – эллипстің эксцентритеті

   Егер с=0 болса, e=0, онда эллипс шеңберге айналады.

   Перигелий – орбитаның Күнге ең жақын нүктесі.

    Афелий –орбитаның Күннен ең алыс  нүктесі.

   1а.б.=149600000 км

  • Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады.

Кеплердің үшінші заңы :

Кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады.

 

 

 

 

 


                                                                                                 

Жер-Күн жүйесі үшін

 


                                                     

 

Жер-Ай жүйесі үшін

 

 


                                                        

 

Күннің Жерге қатысты массасы

 

 

 

 

 


 IV. Есептер шығару.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §45. 35-жаттығу. №2

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы §46. Астрономиядағы қашықтықты анықтаудың тәсілдері.

Сабақ мақсаты:

            1. Оқушыларға  астрономиядағы қашықтықты анықтау тәсілдері: параллакс

                   тәсілі,  радиолокациялық тәсіл  туралы  түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Кеплепдің І заңы қалай тұжырымдалады?
  2. Кеплердің ІІ заңы қалай тұжырымдалады?
  3. Кеплердің ІІІ заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Параллакс тәсілі.

                   

р –көкжиектік параллакс

 

 

 
 

 

Күн жүйесінен жұлдыздарға дейінгі қашықтық.

   πжылдық параллакс.

 

 

 

 

 

 

ρ–аспан шырағының бұрыштық радиусы

D –оған дейін қашықтық

R – аспан шырағының радиусы

 

 
1а.б. = (149597868±0,7) км

 

                

IV. Есептер шығару.36-ж. №1 №3. №4.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §46. 36-жаттығу. №2 ,№5 ,№7.

 

 

9-сынып.

Бақылау жұмысы №3.

Мақсаты:

1.      Оқушылардың «Тербелістер және толқындар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.

2.      Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бақылау жұмысын орындау.

 

І нұсқа.

 

1.            Эхолоттың көмегімен балықтың үйірін көргеннен кейін және қайта қабылданған дыбыс сигналының арасы 0,7 секунд болды. Егер судағы дыбыс жылдамдығы 1400 м/с болса, эхолот пен балық үйірінің арасы қанша?

2.            Ұзындығы 1 м математикалық маятник жиілігі 0,5 Гц жиілікпен тербеледі. Бақылау орнындағы еркін түсу үдеуі неге тең?

3.            Серіппеге ілінген жүк 32 с ішінде 40 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығы 300 Н/м. Жүктің массасын анықтаңдар.

4.            Күн күркіреуі кезінде бірінші найзағай жарқылын көруге, содан кейін

       ғана оның дыбысын естуге болатынын қалай түсіндіріледі?

 

ІІ нұсқа.

1.         Математикалық маятниктің тербелісінің периоды 3 с болса, оның ұзындығы қандай болғаны?

2.         Мұхитта толқын ұзындығы 300 м-ге, ал периоды 15 с болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын анықтаңдар.

3.         Ұзындықтары 1 м және 4 м математикалық маятниктердің жиілігін анықтап, салыстырыңдар.

4.         Су астындағы дыбысты адамның естімейтіндігін қалай түсіндіруге

      болады?

 

ІІІ нұсқа.

1.            Толқын серпінді ортада 100 м/с жылдамдықпен таралады. Фазалары қарама-қарсы жатқан екі нүктенің ара қашықтығы 1 м болса, тербеліс жиілігі қандай болғаны?

2.            Ультрадыбыстың сұйықтағы жылдамдығы 1200 м/с. Ультрадыбыс толқынының төменгі және жоғарғы шектерінің ұзындықтарын есептеңдер.

3.            Математикалық маятниктің ұзындығы 0,9973 м, ал периоды 2 с болса, онда еркін түсу үдеуі неге тең?

4.                      Не себепті камертонды ағаш жәшікке орнатады?

 

ІІІ. Бағалау.

ІV. Үйге тапсырма: қайталау.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§47.48.Жылулық сәуле шығару. Стефан-Больцман заңы. Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудің қиыншылықтары.

Сабақ мақсаты:

1. Жылулық сәуле шығару, абсолют қара дене, Стефан-Больцман заңы,  дененің сәуле шығару қабілеті туралы түсінік беру.

     2.Оушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айтуға жетелеу. Ой-өрісін дамыту.

      3.Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың  « Астрономия негіздері» тарауында алған білімдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды.

Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады.

Денелер жылулық сәулелерді шығарумен қатар жұтады.

Тәжірибе:

 

Өзіне келген әр түрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені абсолют қара дене деп атайды.

Мысалы:

 

 

 

 

 

Rт=σT4

Абсолют қара дененің толық сәуле шығару қабілеті оның абсолют температураның төртінші дәрежесіне тура пропорционал.  

σ= 5,67•10-8 Вт/м2К4 –Стефан –Больцман тұрақтысы.

RТ-дененің сәуле шығару қабілеті.

Т-абсолют температура. Өлшем бірлігі  Кельвин.

Дененің сәуле шығару қабілеті деп беліглі температурада оның бір өлшем беткі ауданынан бір өлшем уақытта барлық жиілікте шығаратын электромагниттік сәулелердің энергиясын айтады.

Абсолют қара дене үшін Е(λ) қисығының максимум күйі сәуле шығаратын дененің температурасына  ғана байланысты болады.

 

 

Бұл заңдылық сәуле шығаратын денелердің температурасын анықтау үшін  қолданылады.

 

IV. Есептер шығару.37. №1

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §47.§48. 37-жаттығу. №1.

 

 

      

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§49.50.Жарық кванттары туралы планк гипотезасы. Планк формуласы. Фотоэффект  құбылысы.

 Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға Планк гипотезасы, квант, фотоэффект құбылысы туралы түсінік беру.

  2.Оушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айтуға жетелеу. Ой-өрісін дамыту.

3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару деген не?
  2. Денелердің температурасына байланысты сіуле шығару  қалай өзгереді?
  3. Жылулық сәулелердің табиғаты қандай, оларды бір- бірінен қалай ажыратуға болады?
  4. Денелер сәулелерді жұта ма?
  5. Абсолют қара дене деген не?
  6. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңын кімдер ашқан және ол заң қалай тұжырымдалады?
  7. Дененің сәуле шығару қабілеті деп нені айтамыз және оның өлшем бірлігі қандай?
  8. Күн бетінің температурасын қалай анықтаған?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Планк гипотезасы:

Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды; оларды тек үзікті үлес –квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.

Дененің  үзікті шығаратын немес жұтатын бір үлес энергиясы:

Е0 – ең кіші энергия үлесі;

ν –сәуленің жиілігі;

h –Планк тұрақтысы.

Тәжірибе:

 

 

Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысын сыртқы фотоэлектрлік эффект деп атайды.

IV. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №    №   №    №

 V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §49.§50. 38-жаттығу.

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §51. Фотоэффект  құбылысын түсіндіру. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану.

 Сабақ мақсаты:

1. Фотоэффект құбылысы туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру,электронның шығу жұмысы, Эйнштейн формуласы, фотоэффекттің қолданылуы туралы  түсінік беру.

  2.Оушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын айтуға жетелеу. Ой-өрісін дамыту.

3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Классикалық физика бойынша денелер сәулелерді қалай шығарады немесе жұтады?
  2. Планк гипотезасы қалай оқылады?
  3. Квант деген не?
  4. Шығатын және жұтылатын сәуле дене энергиясын өзгерте ала ма? Ол энергияның қай түріне жатады?
  5. Фотоэффект деген не? Оның ашылуына қандай тәжірибе себепкер болды?
  6. Фотоэффект құбылысын электромагниттік толқындық теорияға сүйеніп түсіндіруде қанадй қайшылықтар туды?
  7. Фотоэффект құбылысынап сүйеніп жарықтың электромагниттік толқындық табиғатын теріс деуге бола ма?
  8. Есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарық екі жақтылығымен сипатталады: толқындық және бөлшектік, яғни фотондар ағыны ретінде көрінеді. Бұл құбылыс жарықтың толқындық-корпускулалық дуализмі деп аталады.

Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.

Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады:

.  Эйнштейн формуласы.

me-босап шыққан электронның массасы;

υ –оның жылдамдығы.

h- Планк тұрақтысы

Аш- электронның шығу жұмысы.

Фотоээфект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды:

hν0Aшығу.

Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.

Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.

Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.

Фотоэлементтің сыртқы түрі мен құрылысы:

    

Санағыш тетікті жұмысқа қосып отыратын фотоэлементтік реленің құрылысы:

Ф –фотоэлемент,

S –жарық көзі,

С –санағыш тетік,

А –саналатын бұйым,

М-электромагнит

 
 

IV. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №    №   №    №

 V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §51. 39-жаттығу.

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §52. Рентген сәулелері.

Сабақ мақсаты:

1.      Рентген сәулелері, олардың қасиеттері, қолданылуы, рентген түтікшесі туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Фотоэффект дегеніміз не? Огың ашылуына қандай тәжірибе себеп болды?

2. Фотоэффект құбылысын электромагниттік толқындық теорияға сүйеніп түсіндіруде қандай қиыншылықтар туды?

3. Эйнштейн фотоэффект құбылысын түсіндіру үшін қандай жолды таңдап алды?

4. Электронның шығу жұмысы деген не?

5. Фотоэффект үшін Эйнштейннің формуласы қалай жазылады?

6. Фотоэффектінің қызыл шекарасы деген не?

7. Фотоэффект жарықтың қандай қасиетін сипаттайды?

8. фотоэффект қайда қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

*      1895 жылы В. Рентген ашқан.

*      Рентген сәулелері - жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10-12-10-9) электромагниттік сәулелер.

Рентгендік сәулелердің тууын классикалық электромагниттік теория негізінде түсіндіру

Жылдам электрондар металл атомдарымен соғылғанда, олардың ядроларының кулондық  өрістерімен өзара әрекеттесуі салдарынан тежеледі. Тежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:

  ∆Е=Е12

Е12 -электронның әр түрлі күйлеріндегі кинетикалық энергиялары,

∆Е – электронның жоғалтқан энергиясы.

Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді:

∆Е=hν

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік түтікше

К-катод-термоэлектрондар көзі.

Ц-цилиндрлік электрод.

А-анод (W, Cu, Pt)

А=qU12

A=e·U=meυ2/2

U-электродтарға түсірілген кернеу

υ –электронның жылдамдығы

mе-электтрон массасы

е – электрон заряды.

Қолданылуы:

*      Медицинада диагноз қою үшін;

*      Өндіріс пен тұрмыста қолданылатын жабдықтар мен бұйымдардың ішкі ақауларын, қуыстар мен жарықшақтарын табу үшін.

IV. Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §52.

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §53. Атомның күрделі құрылысын айғақтайтын құбылыстар. Радиактивтік. §54. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.

 

Сабақ мақсаты:

1.      Радиактивті элемент және радиактивті сәулелену, магнит өрісінің радиактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі, радиактивтік, Атомның планетарлық моделі, ядроның мөлшері , заряды, ядроның құрамы, ядролық масса, ядроның заряд саны, оның физикалық мағынасы, нуклондар, нуклидтер, изотоптар туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Қандай жағдайда рентген сәулелері пайда болады? Оның басқа сәулелермен салыстырғанда ұқсастығы және айырмашылығы неде?
  2. Рентгендік түтікшенің жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
  3. Электродтарға кернеу түсірілсе, зарядталған бөлшектер не себептен  үдеу алады? Электр өрісіндегі оң және теріс зарядты бөлшектердің үдеулерінің бағыттары бірдей бола ма?
  4. Рентгендік астрономияның астрофизикалық зерттеулердегі мәнін немен түсіндіруге болады?
  5. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Иондалған атомдар зарядтарының дикреттілігі, жылулық сәуле шығару, фотоэффект, рентгендік сәулелер, электронның ашылуы және басқа да құбылыстар атомның құрылымы күрделі екенін айғақтайды.

1896 ж. Беккерель табиғаты ерекше сәулеге тап болды. Уран элементінің өз-өзінен көзге көрінбейтін бөлшектр мен сәулелерді шығарып жататыны анықталды.

1898 ж. П. Кюри мен М. Складовская уран кенінен  радий мен полонийды бөліп алды.

Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиактивті элементтер деп атайды.

Радиактивті элементтердің ерекше сәуле шығаруын радиакутивті сәулелені дейді.

Радиактивті элементтердің шығаратын сәлесін магнит өрісінде зерттегенде, оның үш түрге жіктеледі:

α – оң зарядталған бөлшектер ағыны,

β – теріс зарядты элктрондар,

γ –электромагниттік толқындар.

 

 

Радиактивті элементтер ядроларының α ,β ,γ –сәулелерін шығару құбылысын радиактивтік, ал сәулелердің өздерін радиактивті сәулелер деп атайды.

Э.Резерфорд тәжірибесі.

1911 ж. Резефорд атомның планетарлық маоделін ұсынды: атом оң зарядталған ядродан жне оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады.

Ядро төңірегіндегі электрондарды орбиталдық электрондар деп атайды, ал олардың жиынын электрондық қабықша деп атайды.

Ядро диаметрі: 10-12-10-13 см, атом диаметрі 10-8 см.

Z –элементтің реттік саны;

е – элементар заряд.

Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшектер протондар деп аталады.

Әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа тең.

Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделлеев кестесіндегі реттік санына тең.1932 ж. Д.Чэдвик нейтронды ашты.

Протондар мен нейтрондарды нуклондар деп атайды. Тұтас ядроны нуклид деп атайды.

Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын  массалық сан деп атайды. А-массалық сан.

Бір-бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.

IV. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №    №   №

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §53. §54.41-ж. 42-ж. №1, №2, №3.

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §55. Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор постулаттары.

Сабақ мақсаты:

1.      Атомдардың сәуле шығару және жұту спектрлері, Бор постулаттары туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.      Атомның күрделі екенін көрсететін қандай эксперименттік нәтижелерді білесіңдер?

2.      Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену деген не?

3.      Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?

4.      Радиоактивтік дегеніміз не?

5.      Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген?

6.      Протонның, электронның зарядтары неге тең?

7.      Ядроның мөлшері, заряды туралы не білесіңдер?

8.      Ядро қандай бөлшектерден тұрады?

9.      Ядроның массалық сан нені білдіреді?

10.  Ядроның заряд саны деген не?

11.  Нуклондар, нуклидтер деп нені айтады?

12.  Изотоп деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске қарай жіктеліп, жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр дейді.

Қызған денелердің  тығыздығы үлкен болған сайын, олардың спектрлеріндегі түстер бір-біріне жалғаса ұласып жатады. Бір-біріне жайыла ұласып жатқан спектрлерді тұтас спектрлер деп атайды.

Тығыздығы өте аз қызған газдардың немесе плазманың спеткрлері кесінді сызық түрінде бір-бірінен алшақ орналасады. Ондай спектрлер шығару сызықтық спектрі деп аталады.

Газдан өткен жарықтың тұтас спектрінің бетіндегі қара сызықтар  жұтылу сызықтық спектрлері деп аталады.

Химиялық элемент қандай  толқын ұзындығында сәуле шығарса, дәл сондай толқын ұзындығында сәулені жұта алады.

Сызықтық спеткрлерді бір-бірімен салыстыра отырып, мынадай қорытынды жасаймыз:

      Әрбір химиялық элементтің өзіне ғана тән сызықтық спектрі болады;

      Әрбір спектрлік сызыққа сәуленің нақты бір толқын ұзындығы сәйкес келеді;

      Әрбір химиялық элементтің тек өзіне ғана тән сызықтық спектрі болатындықтан, зерттелетін заттың химиялық құрамын спектр арқылы анықтауға болады.

Заттың химиялық құрамын сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісін спектрлік анализ деп атайды.

1955ж. Бальмер:

 

 

 

 


Көзге көрінетін спектр бөлігіндегі сутегінің төрт сызықтан тұратын бұл серияны Бальмер сериясы деп аталады.

Ридберг формуласы:

 

 

 

 


Бор постулаттары:

1. Атом ерекше стационарлық күйде бола алады. Ондай күйде атом электромагниттік толқын сәуле шығармайды әрі жұтпайды.

2. Атом энергиясы Еn стационарлық күйден энергиясы Ек стационарлық күйге ауысқанда:

hν=En-Ek шамасына тең болатын бір квант энергияны шығарады немесе жұтады.

IV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. 43-ж №3.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: §55. 43-ж №1

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §56. Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш. §57. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері.Масса ақауы.

Сабақ мақсаты:

1.      Ядролық күштер, олардың қасиеттері, физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері, масса ақауы туралы оқушыларға түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Атомның құрылысы» тарауын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

      Атом радиусы ≈10-10м

      Ядро радиусы ≈10-14-10-15 м

Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күшті ядролық күштер деп атайды.

       Ядролық күштердің қасиеттері:

  1. Ядролық күштер қысқа әрекетті күштер.
  2. Ядролық күштер зарядтарға тәуелсіз.
  3. Ядролық күштер қаныққыш күштер.

1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады:

1 фм=10-15 м

2. Атомдар, ядролар және элементар бөлшектр үшін массаның бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б) қолданылады:

1 м.а.б.=1,6605406·10-27 кг.

Көміртегі-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігі массаынң атомдық бірлігі ретінде алынады.

3. Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады .

    Заряды бір элементар зарядқа (е=1,6·10-19Кл) тең электронның потенциалдар айырымы бір вольт болатын электр өрісінде алатын кинетикалық энергиясы   электрон-вольт болады.

1эВ=1,6·10-19Дж

1кэВ=1,6·10-16Дж

1МэВ=1,6·10-13Дж

1ГэВ=1,6·10-10Дж

1905 ж. А. Эйнштейн:

Е0=mc2 (Эйнштейн қатысы)

с3·108 м/с –вакуумдағы жарық жылдамдығы.

Мя<(Z·mp+N·mn)

Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.

∆m=(Z·mp+N·mn)- Мя

Мя-ядро массасы,

mp-протон массасы

mn-нейтрон массасы

Z-протон саны

N- нейтрон саны

∆m=(Z·Мн+N·mn)- Ма

Мн-сутегі атомының тыныштық массасы

Ма-зерттейтін атомның тыныштық массасы

V. Есептер шығару.44-ж №1, №2, 45-ж. №1

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §56. 44-ж. №3, §57. 45-ж. №2, №3.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §57. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері.Масса ақауы.

Сабақ мақсаты:

  1. Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері, масса ақауы туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Нуклондардың арасындағы гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?

  1. Ядролық күш дегеніміз не?
  2. Ядролық күштердің қасиеттері қандай?
  3. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру. (44-ж)

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Ядролық физикада ұзындық бірлігі ретінде фемтометр алынады:

1 фм=10-15 м

2. Атомдар, ядролар және элементар бөлшектр үшін массаның бірлігі ретінде массаның атомдық бірлігі (м.а.б) қолданылады:

1 м.а.б.=1,6605406·10-27 кг.

Көміртегі-12 изотопы атомының массасының 1/12 бөлігі массаынң атомдық бірлігі ретінде алынады.

3. Атом физикасында энергияның бірлігі ретінде электрон-вольт (эВ) алынады .

    Заряды бір элементар зарядқа (е=1,6·10-19Кл) тең электронның потенциалдар айырымы бір вольт болатын электр өрісінде алатын кинетикалық энергиясы   электрон-вольт болады.

1эВ=1,6·10-19Дж

1кэВ=1,6·10-16Дж

1МэВ=1,6·10-13Дж

1ГэВ=1,6·10-10Дж

1905 ж. А. Эйнштейн:

Е0=mc2 (Эйнштейн қатысы)

с3·108 м/с –вакуумдағы жарық жылдамдығы.

Мя<(Z·mp+N·mn)

Ядролық тарту күшінің жұмыс есебінен нуклондардан атом ядросы түзілгенде пайда болатын массалар айырымын массалар ақауы деп атайды.

∆m=(Z·mp+N·mn)- Мя

Мя-ядро массасы,

mp-протон массасы

mn-нейтрон массасы

Z-протон саны

N- нейтрон саны

∆m=(Z·Мн+N·mn)- Ма

Мн-сутегі атомының тыныштық массасы

Ма-зерттейтін атомның тыныштық массасы

IV. Пысықтау.

1. Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем бірлік алынады? Ұзындықтың халықаралық жүйесіндегі бірлікпен оның қатынасы қандай?

2. Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?

3. Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігі ретінде не алынады?

4. Бөлшектер жүйесінің ішкі энергиясы мен масса өзгерімтерінің арасында қандай байланыс бар? Атом бөлшегінің массасын неге энергия бірліктерімен береді?

5. Масса ақауы дегеніміз не және оны қалай есептуге болады?

V. Есептер шығару.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §57. 45-ж.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §58. Ядроның байланыс энергиясы. §59. Радиактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.

Сабақ мақсаты:

1.      Байланыс энергиясы, байланыс энергиясы мен масса ақауы арасындағы тәуелділік, меншікті байланыс энергиясы, a, β, γ – сәулелену туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1.      Нуклондар арасында гравитациялық күштер және электрлік күштердің арақатынасы қандай болады?

2.      Ядролық күш дегеніміз не?

3.      Ядролық күштердің қасиеттері қандай?

4.      Ядролық физикада ұзындықтың бірлігіне қандай өлшем бірлік алынады? Ұзындықтың халықаралық жүйесіндегі бірлікпен оның қатынасы қандай?

5.      Атомдық және ядролық физикада масса бірлігіне не алынады?

6.      Атомдық және ядролық физикада энергия бірлігі ретінде не алынады?

7.      Бөлшектер жүйесінің ішкі энергиясы мен масса өзгерістерінің арасында қандай байланыс бар? Атом бөлшегінің массасын неге энергия бірліктерімен береді?

8.      Масса ақауы дегеніміз не және оны қалай есептуге болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жеке бөлшектр бірігіп ядроны құрағанда, пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады.

 

Eб= ∆mc2=(Z·mp+N·mn- Мя)·c2==(Z·MH+N·mn- Мат)·c2

Eб= ∆m·931,5 МэВ=(Z·mp+N·mn- Мя)·931,5МэВ

∆m – ядроның масса ақауы

Ядроны жеке нуклондарға толық ыдыратуға жұмсалатын энергияны байланыс энергиясы деп аталады.

Бір нуклонға келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды:

А-ядродағы нуклондар саны.

a -ыдыраудың жалпы формуласы:

 

 

Х-ыдырайтын ядро;

A-массалық сан

Z-ыдырайтын элементтің зарядтық саны(реттік нөмірі)

- туынды гелий ядросы.

 

 

β –ыдыраудың жалпы формуласы:

 

 

V. Есептер шығару. 46-ж. №3,  47-ж.№ 1.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §58. §59. 46-ж. №2, №3, 47-ж. №2.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

9-сынып

Бақылау жұмысы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың ІІІ тоқсан бойында алған білімдерін тексеру, қорытындылау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс.

Сабақ түрі: бақылау жұмысы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бақылау жұмысын орындау.

 

І нұсқа.

1. Көл суының бетінде толқын  6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?

2. Радиоқабылдағыштың тербелмелі контур конденсаторының сыйымдылығы 50 пФ-дан 500 пФ-ға дейін жайлап өзгереді. Егер индуктивтілік 20 мкГн болса, онда қабылдағыш қандай толқындар аралығында жұмыс істейді?

3. Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,50 эВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 1000 км/с болу үшін вольфрам бетіне түсірілген жарықтың жиілігі табыңдар. (1эВ=1,6·10-19Дж, mе=9,1·10-31кг, h=6,63·10-34Дж·с)

4.Экваторлық координаталарды атап, оларға сипаттама беріңдер.

 

ІІ нұсқа.

1. Егер тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығы 200-ден 1800 пФ-ға дейін біртіндеп өзгеретін болса, ал катушканың индуктивтілігі тұрақты және 60 мкГн-ге тең болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапзонында жұмыс істейді?

2. Теңіз бетіндегі қатар екі толқынның ара қашықтығы 4 м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5 с. Толқын жылдамдығы неге тең?

3. Калий үшін электрондарың шығу жұмысы 3,62·10-19Дж. Калийге толқын ұзындығы 4·10-7 м жарық түскен кездегі фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы (h=6,62·10-34 Дж·с)

4. Көкжиектік координаталарды атап, оларға сипаттама беріңдер.

 

ІІІ нұсқа.

1. Балықшы су бетіндегі қалтқының 0,5 Гц жиілікпен тербелгенін және қалтқыны тербелтіп тұрған көрші толқындардың жалдарының арасы 6 м екенін байқады. Осы толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

2. Күннің параллаксы 8//-қа тең, ал бұрыштқы радиусы 16/-қа тең. Жер радиусын 6378 км-ге тең деп есептеп Күннен Жерге дейінгі қашықтықты табыңдар.

3. Платина бетінен  фотоэффект құбылыс байқалғанда, электронды ұстап қалушы потенциалдар айырмасы 0,8 В шамасына тең болады. Фотоээфект тудыратын сәуленің ұзындығын және фотоэффектінің қызыл шекарасын табыңдар.

4. Кеплердің заңдары.

ІІІ. Қорытындылау.

IV.Бағалау.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §60. Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі.

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушыларға радиактивті ыдырау, жартылай ыдырау периоды, радиактивті ыдырау заңы, тізбекті ядролық реакция туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

 

 

Уран-235 ядросын нейтронмен атқылау барысында оныңсжаңа ядроларға бөліну механизмі:

 

 

 

Ауыр ядролардың тізбекті бөлінуі

 

 

 
     

 

 

 

V. Есептер шығару.  Рымкевич есептер жинағынан: №1170, №1176, 1178, 1179.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §60. 48-ж. №1, №2.

VІІІ. Бағалау.

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §61. Атом энергиясының физикалық негіздері. Сындық масса. Ядролық реактор.

Сабақ мақсаты:

  1. Сындық масса, ядролық реактор, оның жұмыс істеу принципі  туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Ядролардың ыдырауы деп қандай физикалық процесті айтады?
  2. Жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт?
  3. Радиактивті ыдырау заңы қалай өрнектелген?
  4. Ядролардың бөлінуі деп нені айтамыз? Ядро бөлінгенде қандай бөлшектре шығады?
  5. Тежегіштер деген не?
  6. Тізбекті бөліну реакциясы деп қандай реакцияны айтады?
  7. Уран ядросы бөлінгенде қанша энергия босап шығады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды.

Жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды.

Атомдардың ядроларын бөлетін немесе біріктіретін реакциялар арнайы қондырғыларда орындалады. Ондай қондырғылар атомдық реакторлар немесе атомдық бомбалар деп аталады.

Ең бірінші қолдан басқарылатын  ядролық реактор АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесінде Э.Фермидің басшылығымен 1942 ж. 2 желтоқсанында іске қосылды.

Екінші реактор, 3 жыл өткен соң Серпухов қаласында И.В. Курчатовтың басшылығымен салынды.

Тізбекті бөліну реакциясына қажетті ядролық материалдың ең аз массасын сындық масса деп атайды.

   

 

 

Ядролық реактордың негізгі бөлігін бесенді аумақ (активті зона) құрайды. Белсенді аумақ жылу шығарғыш элементтер деп аталатын ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан (5), оларды айнала қоршап тұрған графит тежегіштерден (3) тұрады. ЖШЭ-лерді төңіректей жылу тасығыш (6) сұйықтар ағып өтетеін түтіктер орналасқан. Жылу тасығыш қызметін су немесе сұйық металл, м-лы, натрий атқарады.

Нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты нейтрон қайтарғышпен (2) қаптайды. Сыртқы ортаны аса қауіпті сәулелерден қорғау үшін нейтрон қайтарғыштың сыртын қалың болат сауытпен және биологиялық бетон қорғанмен (4) қоршайды.

Тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбей басқарып отыру үшін белсенді аумаққа дер кезінде енгізуге болатын басқарушы және апаттық таяқшалар (1) да реактордың негізгі құрамдас бөлігі болады.

IV. Пысықтау.

1. Неліктен ауыр ядролар энергиясын оларды бөлу арқылы ғана босатуға болады? Оның шамасын қандай өрнек арқылы анықтаймыз?

2. Неліктен жеңіл ядроларды бір ядроға біріктіру арқылы олардың энергиясын босатуға болады? Ол энергиясының шамасын қандай өрнек арқылы анықтауға болады?

3. Сындық масса деп қандай массаны айтады?

4. Ядролық реактордың негізгі бөліктері қандай? Олардың қызметтері қандай?

5. Ядролық реакцияларда энергияның сақталу және айналу заңы орындала ма?

6. Ядролық энергия энергияның басқа түрлеріне қандай ретпен түрленеді?

V. Есептер шығару. №      №      №

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §60. 49-ж.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §62. Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздардың энергиясы.

Сабақ мақсаты:

  1. Термоядролық реакциялар, плазма,  термоядролық реактор туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

1. Неліктен ауыр ядролар энергиясын оларды бөлу арқылы ғана босатуға болады? Оның шамасын қандай өрнек арқылы анықтаймыз?

2. Неліктен жеңіл ядроларды бір ядроға біріктіру арқылы олардың энергиясын босатуға болады? Ол энергиясының шамасын қандай өрнек арқылы анықтауға болады?

3. Сындық масса деп қандай массаны айтады?

4. Ядролық реактордың негізгі бөліктері қандай? Олардың қызметтері қандай?

5. Ядролық реакцияларда энергияның сақталу және айналу заңы орындала ма?

6. Ядролық энергия энергияның басқа түрлеріне қандай ретпен түрленеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жеңіл элементтерді жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты элетктрондардан тұратын ерекше орта – жоғары температуралық плазма пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетін жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады:

 

Миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу рекциясы термоядролық реакция немесе термоядролық синтез деп аталады.

Термоядролық реакцияны іске асыру үшін үш мәселе шешу керек:

1.     сутегі газын қыздыру арқылы ыстық рлазманың температурасын ондаған миллион градусқа көтеру қажет.

2.     термоядролық реакцияны тұтандару үшін ыстық плазманы суытпай белгілі бір көлемде кем дегенде 10-1 -10-2 с ұстап тұру қажет.

3.     термоядролық реакция қарқынды жүріп, энергия шығымы қажетінше мол болуы үшін ыстық плазмдағы дейтерий ядроларының тығыздығы белгілі бір шамадан кем болмауы тиіс, яғни 1 м3 көлемде 1022 бөлшек болуы керек.

Токамак – болашақ термоядролық реактор негізі.

“Токамак” қондырғысы
1950 ж. Ресей физиктері А.Д. Сахаров,
И.Е. Тамм

          

 1-трансформатор

2-айнымалы магнит өрісі тудыратын орама

3-плазма

4-тороидальды вакуумдік камера

5-қума магнит өрісін тудыратын орама

Күн мен жұлдыздардағы энергияның негізгі көзі сутегі ядроларына айналдыратын термоядролық реакциялар болып табылады. Жұлдыздарда термоядролық реакциялар үшін қажетті жағдайлардың бәрі бар. Ғаламдағы заттардың 99%-ін сутегі құрайды. Сондықтан жұлдыздар қойнауындағы мол сутегі ядролары жоғары қысым мен температураның салдарынан бір-бірімен бірігіп, геkий ядросына айналады.

 

Сутегі изотоптарын гелийге айналдыратын термоядролық реакциялар мына ретпен орындалады:

 

IV. Пысықтау.

1. Заттың қандай күйін плазма деп атайды?

2. Термоядролық реакциялар жегеніміз қандай реакциялар?

3. Басқарылатын термоядролық реакция алу үшін қандай проблемаларды шешу керек?

4. Токамак қондырғысының жұмысы қандай физикалық идеяларға негізделген?

5. Күн  1с ішінде қангша энергия өндіреді? Есептеп шығарыңдар.

V. Есептер шығару. №      №      №

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §61. 50-ж.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §63. Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. §64.Радиактивті сәулелерден қорғану мәселелері.

Сабақ мақсаты:

1.      Радиаизотоптар, таңбалы атомдар, радиациялық сәулелер, изотоптардың активтілігі, сәулелену дозасы, жұтылған доза туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, дозиметр.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

 1. Заттың қандай күйін плазма деп атайды?

2. Термоядролық реакциялар дегеніміз қандай реакциялар?

3. Басқарылатын термоядролық реакция алу үшін қандай проблемаларды шешу керек?

4. Токамак қондырғысының жұмысы қандай физикалық идеяларға негізделген?

5. Күн  1с ішінде қанша энергия өндіреді?

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.

Жасанды жолмен алынатын радиактивті изотоптарды радиоизотоптар деп атайды.

Алынған изотоптар:

Изотоптардың атомдары шығаратын радиациялық сәулелері олардың қозғалатын ортасының жай-күйі туралы үнемі хабар беріп тұрады. Сондықтан радиактивті изотоптардың атомдарын таңбалы атомдар деп атайды.

Радиактивті сәулелер радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады.

Иондағыш сәулелердің өтімділік қасиеттері:

a - парақ қағаздан өте алмайды. Адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, жеген тағамы арқылы өтіп кетсе, өте қауіпті.

β –бөлшектрдің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1-2 см тереңдеп ене алады. Бірніше мм алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.

γ – сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін қоғасынның немес бетон плиталардың қалың қабаты пайдаланылады.

Изотоптардың активтілігі деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады.

Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды.

Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.

Дененің бір кг-да жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза деп аталады.

;

Е-организмде жұтылған радиация энергиясы, яғни сәулелену дозасы,

m –дененің массасы.

Жұтылған дозаның өлшем бірлігіне грей алынады.

 

Айналадағы ортаны радиация қалдықтармен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан радиактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жоятын болады. Сондықтан табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға жауапкершілік жүктеледі.

IV. Пысықтау.

  1. Радиоизотоптар дегеніміз не және олар қалай аталады?

2. Радиоизотоптардың табиғи радиактивті изотоптарға қарағанда қандай артықшылықтары бар?

       3.  Таңбалы атомдар деп қандай атомдарды айтады?

4.      Радиациялық сәулелер, таңбалы атомдар қай жерде және қандай мақсатта қолданыс табады?

5.      Радиациялық сәулелердің қауіптілігін қалай түсінеміз?

6.      Радиактивті сәулелердің өтімділік қасиеттері қандай?

7.      Изотоптардың активтілігі деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?

8.      Сәулелену дозасы және жұтылған  деп қандай шамаларды айтамыз?

9.      Олардың өлшем бірліктері қандай?

10.  Шекті босатылған доза мен адам өміріне қауіпті доза мөлшері қандай?

11.  Халықты радиациядан қорғау және басқа елдердің радиактивті қалдықтарын Қазақстанда көмуге сендердің көзқарастарың қандай?

V. Есептер шығару. № 1202,     №   1200 .

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §63. §64.

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

                                                                      9-сынып

Бақылау жұмысы.№4

Сабақ мақсаты:

1.      Оқушылардың «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, қорытындылау.

2.      Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: өз бетімен жұмыс.

Сабақ түрі: бақылау жұмысы

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Бақылау жұмысын орындау.                   І нұсқа.

1.              Электронның металдан шығу жұмысы 7,5∙10-19 Дж. Ұшып шыққан фотоэлектронның кинетикалық энергиясы 4,5∙10-20 Дж. Металл бетіне түскен жарық сәулесінің толқын ұзындығы неге тең?

2.              Азот изотобы  ядросының нейтронды қармап алуының нәтижесінде белгісіз элемент пен α-бөлшек пайда болады. Ядролық реакцияны жазып, белгісіз элементті анықтаңдар.

3.              Мынадай реакция кезінде энергия  бөлініп шыға ма, әлде жұтыла ма?                           

4.              4.  ядросының байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар.

                                                                             ІІ нұсқа.

1.                   бериллийді α – бөлшектермен атқылау барысында пайда болатын және нейтрондарды атып түсірумен  ілісе жүретін ядролық реакцияны жаз.

2.                  Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,50 эВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 1000 км/с болу үшін вольфрам бетіне түсірілетін жарықтың жиілігі қандай?

3.                  Мынадай  ядролық реакция кезінде энергия бөлініп шыға ма, әлде жұтала ма?

4.                    ядросының байланыс энергиясын, меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар.                                    ІІІ нұсқа.

1.                  Мына ядролық реакциялардағы жетіспей тұрған  белгілерді жазу керек?

        

2.                  1932 жылы Дж. Чедвик мынадай ядролық реакцияны жүзеге асырып, нейтронды ашты:                         .

         Осы ядролық реакцияда қандай энергия бөлінеді?

3.                  Рубиндік лазер 1022 фотоннан  толқын ұзындығы 693 нм импульс шығарады. Импульс ұзақтығы 5∙10-4с. Лазердің орташа сәуле шығару қуатын есептеңдер.

4.                  Ұзындығы 0,25 мкм жарық толқынына сәйкес келетін , квант энергиясын анықтаңдар.                                     IV нұсқа.

  1. Ұзақ уақыт бойы қараңғыда жатыққан көз қуаты 2,1·10-17 Вт болған жағдайда толқын ұзындығы 0,5, мкм жарықты қабылдайды. 1 с ішінде көз торын қанша фотон түседі? (53)
  2. Сутегі атомында электрон үшінші  орбитадан бірінші орбитаға ауысты. Осы кезде бөлініп шығатын энергияны есептеңдер.
  3. Қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде  плутоний () уранға () айналады?
  4. Сәулелену энергиясының максимумы толқын ұзындығы 300 нм рентгендік сәулеленуге сәйкес келуі үшін жарық көзінің температурасы қандай болу керек?

ІІІ. Қорытындылау.

IV.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні 4.05.2012ж.                                           9-сынып.

 

Сабақ тақырыбы: §65.Элементар бөлшектер мен ғарыш сәулелері туралы түсінік.

Сабақ мақсаты:

  1. Элементар бөлшектер, ғарыш сәулелері туралы түсінік беру.
  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

  1. Радиациялық сәулелердің қауіптілігін қалай түсіндіреміз?
  2. Күн радиацисынан қорғану қажет пе?
  3. Радиактивті сәулелердің өтімділік қасиеттері қандай?
  4. Изотоптардың активтілігі деген не және ол қандай бірліктермен өлшенеді?
  5. Сәулелену дозасы және жұтылған доза деп қандай шамаларды айтады?
  6. Олардың өлшем бірліктері қандай?
  7. Шекті босатылған доза мен адам өміріне қауіпті доза мөлшері қандай?
  8. Грей мен рентген бірліктерінің арасында қандай байланыс бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті элементар бөлшек дейді. Мысалы: электрон, протон, нейтрон, фотон, нейтрино, антибөлшектер (позитрон, антипротон).

Антибөлшектр өзара әрекеттескенде орасан зор энергия босатып, басқа бөлшектерге түрленеді. Мұндай процесс бөлшектердің аннигиляциясы деп аталады.

Мысалы:

Мұндағы:

- антипротон

-протон

- оң пи-мезон

-теріс пи-мезон

-бейтарап пи-мезон

 

           тыныштық массасы жоқ екі фотон туады.

 

Әлем кеңістігінен келетін энергиясы аса үлкен бөлшектерді ғарыш сәулелері дейді.

 

 

1927 ж. П. Дирак антибөлшек – позитронның болуы туралы болжам айтты.

1932 ж.  Андерсон тәжірибе жүзінде позитронды ашты.

1955 ж. антипротон,

1956 ж. антинейтрон,

1969ж. антигелий, яғни антизат алынды.

 

 

 

 

IV. Пысықтау.

1. Элементар бөлшектер деп қанадй бөлшектерді айтады?

2. Бөлшек пен антибөлшек бір-бірінен қалай ерекшеленеді?

3. Бөлшектр аннигиляциянғанда не болады? Мысал келтіріңдер.

4. Протондар мен антипротондар аннигиляцияланғанда пайда болатын π-мезондар массаларының шамалары туралы қандай пайымдау жасауға болады?

5. Ғарыш сәулелері деген не?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §65..

VІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

                                                                               Тексерілді_________________4.05.2012ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §66. Әлем туралы түсінік.

Сабақ мақсаты:

1.      Ғарыш сәулелерінің шығу тегі, пульсарлар, заттың сингулярлық күйінің ерекшелігі, қара құрдым, үлкен жарылыс туралы түсінік беру.

2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Элементар бөлшектр деп қандай бөлшектерді айтады?

2. Бөлшек пен антибөлшек бір-бірінен қалай еркшеленеді?

3. Бөлшектр аннигиляциянғанда не болады? Мысал келтіріңдер.

4. Протондар мен антипротондар аннигиляцияланғанда пайда болатын π-мезондар массаларының шамалары туралы қандай пайымдау жасауға болады?

5. Ғарыш сәулелері деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ғарыш сәулелерінің пайда болуы  - жұмбақ. Жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін, ядролардың бірігуі кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравтитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1 см шардың, ал Күн радиусы 3 км шардың аумағына сыйып кетер еді. Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды. Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз  атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондар мен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды. Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.

Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп миллиардтаған градусқа көтеріледі. Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10 млрд жыл бойы шығаратын энергиясынан 100 еседей артық болады. Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізгі Күн жарығанан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осындай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастырамыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде  де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.

Күн – орташа жұлдыз. Ал Күннен массасы ондаған, жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса, онда олар «қара құрдымға» айналады. Гравитациялық радиус аумағында зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады.

Әлемнің  бір нүктеге қарай жиырылуынан шексіз өскен энергия қара құрдымда жарылыс жасайды да, Әлем қайта кеңейіп жаңадан құрыла бастайды. Қазіргі Әлемнің кеңеюі мен дамуы Үлкен жарылыс деп аталатын нүктелік қопарылыстан басталған.

 

IV. Пысықтау.

1. Ғарыш сәулелерінің шығу тегі туарлы қандай болжам айтуға болады?

2. Пульсар деп қандай жұлдызды айтады?

3. Заттың сингулярлық күйінің ерекшелігі не?

4. Қара құрдымдар қалай пайда болады?

5. Үлкен жарылыс дегеніміз не?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §66.

VІІІ. Бағалау.

 

                                                                                           

 

Күні 22.05.2012ж.

 

9-сынып

Жылдық тест жұмысы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
  3. Жауапкершіліке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау

 

 

 

 

 

 

 

І нұсқа.


1. Қандай жағдайда дененің қозғалысын материалдық нүктенің қозғалысы ретінде қарастыруға болады?

А. Токарьлық станокта өңделіп жатқан детальдың қозғалысы;

В. Көпір үстіндегі поездың қозғалысы;

С. Мәнерлеп сырғанау программасын орындау кезіндегі конькишінің қозғалысы;

Д. Алматы-Астана рейсі бойынша ұшқан ұшақтың қозғалысы.

2. Дене дөңгелек бойымен сағат тілінің қозғалысы бағытымен қозғалады (1-сурет) А нүктесінде жылдамдық векторы қандай бағыт алады?

                                        1                     А. 1;           В. 2;                                            

                                2                             С. 3;           Д. 4.

                                                            

                                           3                  

                                                     .

3. Ауасы сорылып алынған түтікшеде бытыра, тығын, қауырсын салынған. Осы денелердің қайсысы үлкен үдеумен төмен қозғалады?

А. Бытыра;     С. Қауырсын

В. Тығын;       Д. Денелердің барлығы бірдей үдеумен қозғалады?

4. 4 Н күш әсерінен массасы 2 кг дене қалай қозғалады?

А. 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты;

В. 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты үдемелі

С. 2 м/с2 үдеумен бірқалыпты үдемелі.

Д. 2 м/с2 үдеумен бірқалыпты кемімелі

5. Белгілі бір санақ жүйелері болады, оларға қатысты басқа денелермен әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйінде болады немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалады. Бұл қандай заң?

А. Ньютонның І заңы;

В. Ньютонның ІІ заңы;

С. Ньютонның ІІІ заңы;

Д. Гук заңы.

6. Үдеудің анықтамасы бойынша формуласы қандай?

А.           В.             С.              Д.

7. Кеплердің ІІ заңының тұжырымдамасы

А. Күн айналасындағы екі планетаның айналу периодьары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең;

В. Планетаның радиус-веторы тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады;

С. Барлық планеталар Күн айналысында эллипс бойымен айналады; фокустарынң бірінде Күн тұрады.

Д. Дұрысы жоқ.

8. Серіппелі маятник тербелісінің формуласы

А.                        С.

В.                         Д.

9. Сыйымдылықтың өлшем бірілігі қандай?

А. Ф            С.Гц

В. Гн          Д. м/с

 

10. Зарядталған конденсатор электр өрісінің энергиясы

А.         В.         С.        Д. Дұрысы жоқ.

11.    Аспан денелерін радиотолқын ауқымында бақылау арқылы зерттеумен айналысатын астрономия бөлімі

А. Радиоастрономия   

В. Радиолокация

С. Космогония                  

Д. Космонавтика

12.   формуласы бойынша нені анықтауға болады?

А. Жерден зерттелінетін шыраққа дейінгі қашықтықты;

В. Горизонталь параллаксты;

С. Жылдық параллаксты;

Д. Күшті

13. Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз не?

А. Ядро жекелеген бөлшектрден пайда болған кездегі энергия;

В. Қозғалыстағы денелердің энергиясы;

С. Денелер өзара әрекеттескен кезде болатын энергия;

Д. Дұрыс жауабы жоқ.

14. Қызыл ығысу бойынша анықталған галактикалардың алыстау жылдамдығы шамамен оларға дейінгі қашықтыққа тура пропорционал өседі. Бұл қандай заң?

А. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы;

В. Хаббл заңы;

С. Гук заңы;

Д. Инерция заңы.

15. Бір қалыпты үдемелі қозғалысы кезінде автомобиль 5 секунд  ішінде жылдамдығын 10-15 м/с-қа арттырады. Автомобильдің үдеуі қандай?

А. 1 м/с2    В. 2 м/с2

С. 4 м/с2      Д. 6 м/с2

16. Ұзындығы 160 м математикалық маятниктің периодын анақтаңдар.

А. 12 с                     С. 25 с

В. 15 с                     Д. 26 с

17. υ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 2m вагонға соғылып, тіркеледі. Соқтығысқаннан кейін вагондар қандай жылдамдықпен қозғалады?

А. υ                           В. υ/2       С.υ/3          Д. υ/

18.Ядролық рекция кезінде бөлініп шығатын бөлшек

7 N14+2He48O17+?

А. Нейтрон       С.электрон

В. α-бөлшек      Д. Протон

19.Индуктивтіліг 95 мГн катушканың магнит өрісінің энергиясы 0,19 Дж. Катушкадағы ток күші

А. 1А        С. 0,2 А

В. 4 А        Д.0,5 А

20. Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 2 т дененің нольдік деңгейден биіктігі:

А. 5 м               С. 0,5 км

В. 0,05 км         Д. 0,05 м

 

 

 

 

 

 


                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ нұсқа


1. Қозғалыс мөлшерінің өзгерісі түсірілген қозғаушы күшке тура пропорционал болады және осы күш әрекет ететін түзудің бағытымен бағытталады. Бұл қандай заң?

А. Ньютонның І заңы;

В. Ньютонның ІІ заңы;

С. Ньютонның ІІІ заңы;

Д. Гук заңы.

2. Дене дөңгелек бойымен сағат тілінің қозғалысының бағытына қарсы қозғалады (1-сурет) А нүктесінде жылдамдық векторы қандай бағыт алады?

                                                                                    А. 1;     В. 2;                                            

                                                          .                                                  С 3;      Д. 4.

                                                             

                                                           

 

3. Ауасы бар түтікшеде бытыра, тығын, қауырсын салынған. Осы денелердің қайсысы үлкен үдеумен төмен қозғалады?

А. Бытыра;     С. Қауырсын

В. Тығын;       Д. Денелердің барлығы бірдей үдеумен қозғалады?

4. 6 Н күш әсерінен массасы 2 кг дене қалай қозғалады?

А. 3 м/с жылдамдықпен бірқалыпты;

В.  3 м/с жылдамдықпен бірқалыпсыз;

С. 3 м/с2 үдеумен бірқалыпты үдемелі;

Д. 3 м/с2 үдеумен бірқалыпты кемімелі

5. Үдеудің өлшем бірлігі

А. М

В. Н

С. м/с

Д. м/с2

 

6. Центрге тартқыш үдеудің формуласы

А.           В.             С.              Д.

7. Кеплердің І заңының тұжырымдамасы

А. Күн айналасындағы екі планетаның айналу периодьары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең;

В. Планетаның радиус-векторы тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады;

С. Барлық планеталар Күн айналысында эллипс бойымен айналады; фокустарынң бірінде Күн тұрады.

Д. Дұрысы жоқ.

8. Математикалық  маятник тербелісінің формуласы

А.                        С.

В.                         Д.

9. Индуктивтіліктің өлшем бірлігі қандай?

А. Ф            С.Гц

В. Гн          Д. м/с

10. Зарядталған конденсатор магнит өрісінің энергиясы

А.         В.         С.        Д. Дұрысы жоқ.

 

 

 

 

11.    Аспан денелерің орнын радиотолқындар көмегімен анықтау

А. Радиоастрономия   

В. Радиолокация

С. Космогония                  

Д. Космонавтика

12.  2π√LC формуласы бойынша нені анықтауға болады?

А. Жерден зерттелінетін шыраққа дейінгі қашықтықты;

В. Горизонталь параллаксты;

С. Сыйымдылық;

Д. Күшті

13. α-бөлшектер дегеніміз не?

А. Гелий атомының ядросы

В. Электрондар

С. Электромагниттік толқындар

Д. Протондар

14. Телескоппен бақылағанда бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздарды ажыратуды қиындататын құбылыс

А. Поляризация

В. Шағылу

С. Сыну

Д. Дисперсия

15. Тыныштық қалпынан құлай бастаған тас сайдың түбіне 4 с ішінде жетсе, сайдың тереңдігі (ауа кедергісі ескерілмейді және g=9,8 м/с2)

А. 60 м

В. 70 м

С. 90 м

Д. 80 м

16. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені  4 см-ге созу үшін атқарылатын жұмыс

А. 2,6 Дж

В. 2 Дж

С. 0,65

Д. 0,125

17.Дейтерий ядросының байланыс энергиясы 2,224 МэВ. Осы ядроның меншікті байланыс энергиясы

А. 11,12 МэВ/нуклон

В. 4,448 МэВ/нуклон

С. 22,24 МэВ/нуклон

Д. 1,112 МэВ/нуклон

18.Ядролық реакция кезінде бөлініп шығатын бөлшек

239U92 239Np93 +?

А. Электрон

В. Протон

С. Позитрон

Д. α-бөлшек

19. Дене 30 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған, дененің 4 с өткендегі орын ауыстыруы (g=10 м/с2)

А. 50 м

В. 30 м

С. 45 м

Д. 200 м

20. Резерфорд атомының моделі

А. Физикалық

В. Ғарыштық

С. Планетарлық

Д. Ядролық

 

 

 

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Бағалау.                                                                                             

   

                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Тексерілді______________22.05.2012ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: «Озық ойлы оқушы» қорытынды-қайталау сабағы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерін қайталап-қорытындылау, тиянақтау.

2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, пінге деген қызығушылығын арттыру.

3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ түрі: сайыс саба

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сайыс барысы:

  1. «Бәйге»
  2. «Кім жылдам?»
  3. «Иә» не «жоқ»
  4. «Жорға»
  5. «Сенесің-сенбейсің»
  6. «Дода»

Ойынға алты оқушы қатысады.

ІІ. Сайыс барысы:

І тур. «Бәйге».

Бұл бөлімде оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап береді. Қойылатын ұпай 10.

  1. Материя деген не?
  2. Материяның негізгі қасиеті.
  3. Тең айнымалы қозғалыс деген не?
  4. Үдеу деген не?
  5. Еркін түсу деген не?
  6. Айналу периоды деген не?
  7. Ньютонның бірінші заңы.
  8. Ньютонның екінші заңы.
  9. Ньютонның үшінші заңы.
  10. Күш деген не?
  11. Дененің салмағы деген не?
  12. Салмақсыздық деген не?
  13. Галилейдің салыстырмалы принципі.

14.Энергия деген не?

15. Энергияның сақталу және айналу заңы.

(Осы турдан кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады).

ІІ тур «Иә» не «Жоқ».

Формулалар көрсетіледі.

  1. Потенциалдық энергияның формуласы ма?
  2. Кинетикалық энергияның формуласы ма?
  3. Тербеліс жиілігінің формуласы ма?
  4. Математикалық маятниктің периодының формуласы ма?
  5. Серіппелі маятник тербелісінің периодының формуласы ма?
  6. Томсон формуласы ма?
  7. Стефан-Больцман заңы ма?
  8. Планк формуласы ма?
  9. Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы ма?
  10. Ядроның байланыс энергиясының формуласы ма?

(Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады)

ІІІ тур. «Жорға»

1-оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Ядро заряды қандай?

2. Жарық жылдамдығы қандай?

3. Атомның құрылысы қандай?

4. Радиоактивтілік деген не?

5. α-ыдыраудың формуласы.

2-оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Электрон заряды қандай?

2. Нуклон деген не?

3. Радиоизотоп деген не?

4. Ядро құрылысы қандай?

5. β-ыдырау формуласы.

ІV тур. «Дода»

Екі оқушыға да сұрақ қойылады.

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.
  2. Дене импульсі.
  3. Күш импульсі.
  4. Ядролық реакция.
  5. Термоядролық реакция.
  6. Фотоэффект.
  7. Ядролық күш.
  8. 1 м.а.б. неше кг?
  9. 1 эв неше Дж-ға тең?
  10. Меншікті байланыс энергиясы.

V тур. Шешенік өнері,

Тақырыбы: АЭС-тің зияны. АЭС-тің пайдасы. Екі оқушы 1 минуттың ішінде осы тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салады.

Қорытындылау.

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Күні  25.04.2012ж                                                                                            №59

9-сынып.

Тест жұмысы.

Мақсаты:

4.      Оқушылардың  І жарты жыл бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.

5.      Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

6.      Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тест жұмысын орындау.

І нұсқа.

1. Дененің орын ауыстыруы дегеніміз не?

А. Бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

В. Дененің жүріп өткен жолы

С. Дененің қозғалған траекториясының ұзындығы

Д. Дененің жүріп өткен ара қашықтығы

2. Дене белгілі бір биіктіктен 5 м/с жылдамдықпен тік төмен лақтырылған. Осы деенің жылдамдығының уақытқа тәуелділік теңдеуі қандай?

А.              В.                   С.           Д.

3. Суретте бес дененің жылдамдық модульдарының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?

А. 1               В.2               С.3                   Д.5

4. Қандай физикалық шама күш пен уақыттың көбейтіндісіне тең?

А. Күш жұмысы

В. Күш импульсі

С. Күш моменті

Д. Дене импульсі.

5. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістерді қалай атайды?

А. Еріксіз тербелістер

В. Еркін тербелістер

С. Гармоникалық тербелістер

Д. Автотербелістер

6. Асқын салмақ-бұл:

А. Тіреке дене қысымының артуы

В. Тіректің немесе аспаның салмағының артуы

С. Күш әсерінен дене деформациясының қайтымсыздығы

Д. Қосымша жүктеменің нәтижесінде дене салмағының артуы.

7. Дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуын қалай атайды?

А. Амплитуда

В. Ығысу.

С. Ауытқу

Д. Резонанс

8. Жер бетінен 2 Rжер-ге қашықтыққа дейін алыстаған дененің Жердің тартылыс күші неше есе өзгереді?

А. 2 есе артады

В. 2 есе кемиді

С. 4 есе кемиді

Д. 9 есе кемиді.

9. Контурдың индуктивтілігі 10 есе артты. Тербеліс периоды өзгермеу үшін не қажет?

А. Сыйымдылығын 10 есе арттыру

В. Тербеліс амплитудасын арттыру

С. Сыйымдылығын 10 есе азайту.

Д. Тербеліс жиілігін азайту.

10. Егер Жердің массасын өзгертпей диаметрін 2 есе кемітетін болсақ, онда Жердің адамға әсер етуші күші қалай өзгереді?

В. 2 есе артады

С. Өзгермеді

Д. 2 есе кемиді.

11. Дененің жылдамдығы 3 есе артса, оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

А. 3 есе артады

В. 9 есе артады

С. 9 есе кемиді

Д. 3 есе кемиді.

12. Суретте тербелетін дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі берліген.Тербеліс периоды мен амплитудасы қандай?

А.

В.

С.

Д.

13. Дене 60 Н күш әсерінен 0,8 м/с2 үдеу алды. Қандай күштің әсерінен дене 2 м/с2 үдеу алады?

А. 120 Н

В. 110 Н

С. 130 Н

Д. 150 Н.

14. 5 секунд ішінде материалық нүкте 10 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?

А.

В. 

С.

Д.

15. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясын анықта.

А. 15 Дж               В. 0,67 Дж              С. 60 Дж                 Д. 6 Дж

16. Ұзындығы 1 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

А. 0,5 м с

В. 2 с

С. 0,3 с

Д. 3 с.

17. 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалған массасы 3 кг дене қандай импульске ие болады?

А. 54 кгּм/с

В. 6 кгּм/с

 С. 75 кгּм/с

Д. 15 кгּм/с

18. Марстағы еркін түсуі неге тең? Марстың массасы 6ּ1023 кг. Радиусы 3300 км, гравитациялық тұрақтысы 6,67ּ10-11 Нּм2/кг2.

А. 1,67 м/с2

В. 9,8 м/с2

С. 37 м/с2

Д. 3,7 м/с2.

19. 20 Н күштің әсерінен ұзындығы 1 м серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

А. 20 Н/м

В. 200 Н/м

С. 0,5 Н/м

Д. 2 Н/м.

20. Массасы 40 кг бала 3 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 1,5 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 20 кг арбаның үстіне қарғып мінеді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

А. 1,5 м/с

В. 3 м/с

С. 0

Д. 4,5 м/с

ІІ нұсқа.

2.      Еркін түсу бұл-

А. Тіреусіз дененің түсуі

В. Аспасы жоқ дененің түсуі

С. Жер атмосферасында дененің түсуі

Д. Ауасыз кеңістікте дененің түсуі.

2. Дене импульсінің өлшем бірлігі

А. кгּм/с            В. Дж/м         С. Нּм            Д. Н/м

3. Дене координатасының өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама-

А. Үдеу         В. Орын ауыстыру          С. Жылдамдық           Д. Қашықтық.

4. Зеңбірек жарылу алдында тыныштықта тұр. Зеңбірек жарылғаннан кейін оның бөліктері бір бағытта ұша ала ма?

А. Иә

В. Жоқ

С. Иә, егер зеңбіректің бөліктерінің массалары бірдей болса

Д. Жоқ, егер зеңбіректің бөліктерінің массалары әр түрлі болса.

5. Электромагниттік тербеліс периодының формуласы

А.            В.           С.          Д.

6. Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы кинетикалық энергия тұжырымдамасына сәйкес келеді?

А. Қозғалыстағы ауа   В.Бұралған серіппе   С.Сығылған ауа  Д. Шатырдың шетіндегі тас.

7. Ньютон заңдары қанадй санақ жүйелерінде орындалады?

А. Тек қана инерциалды

В. Тек қана инерциалды емес

С. Кез келеген санақ жүйесінде.

8. Тербелмелі жүйедегі резонанс –бұл:

А. Тербеліс жиілігінің кенет артуы

В. Тербеліс периодының кенет артуы

С. Еріксіз тербеліс амплитудаларының артуы

Д. Еріксіз тербелістің циклдік жиілігінің артуы.

9. Скаляр шамаға қайсысы жатады?

А. Жүрілген жол

В. Күш

С. Орын ауыстыру.

Д. Үдеу.

10. Дене шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Шеңбер радиусын 4 есе арттырғанда, ал жылдамдықты 2 есе азайтқанда центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді?

А. 2 есе артады

В. 8 есе артады

С. 16 есе артады

Д. 16 есе азаяды.

7. Тыныштық күйден қозғалысты бастаған автомобиль 6 с ішінде 36 м/с шамаға дейін жылдамдықты арттырады. Автомобильдің үдеуін анықта.

А. 0,5 м/с2

В. 36 м/с2

С. 6 м/с2

Д. 0,1 м/с2

8. Жүзгіш өзен ағысына қарсы бағытта жүзіп барады. Жүзгіштің сумен салыстырғандағы жылдамдығы 1,5 м/с, өзен ағысының жылдамдығы 0,5 м/с. Жүзгіштің жағамен салыстырғандағы жылдамдығы қандай?

А. 1 м/с2

В. 0,75 м/с2

С. 1,5 м/с2

Д. 2 м/с2

 

 

 

 

 

9. 20 м/с бастапқы жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған доп 2 с ішінде қандай биіктікке көтеріледі?

А. 60 м

В. 20 м

С. 40 м

Д. 10 м

10. Серіппе әрекетінен массасы 100 г жүк 2 Гц жиілікпен тербеледі. Серіппенің қатаңдығын анықта.

А. 2 Н/м

В. 4 Н/м

С.16  Н/м

Д. 8 Н/м

11. Дене радиусы 50 м шеңбер доғасы бойымен қозғалады. Егер бұрыштық жылдамдығы 3,14 рад/с болса, дене қозғалысының жылдамдығы қандай?

А. 157 м/с

В. 314 м/с

С. 15,7 м/с

Д. 31,4 м/с.

12. Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің периоды неге тең?

А. 1,5 м с

В. 2 с

С. 5,64 с

Д. 3 с.

13. Юпитер планетасының радиусы 7ּ107м. Бетіндегі еркін түсу үдеуі 23 м/с2. Гравитациялық тұрақты 6,7ּ10-11Нּм2/кг2. Планетаның массасын есепте.

А. 17ּ1027кг

В. 0,17ּ1027кг

С. 0,017ּ1027кг

Д. 0,0017ּ1027кг

13. Мектеп динамометрінің серіппесін 5 см-ге созды. Серіппенің қатаңдығы 40 Н/м. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы неге тең?

А. 50 Дж

В. 500 Дж

С. 0,5 Дж

Д. 5 Дж

14. Контурдағы конденсаторлың сыйымдылығы 400 пФ, ал катушканың индуктивтілігі 10 мГн. Тербеліс периодын анықтаңдар.

А. 4 пс

В.0,4 пс

С. 12, 56 мкс

Д. 6, 28 мкс.

19. 6 Н қорытқы күш әсер ететін  дененің массасы 3 кг. Дененің жылдамдығы және үдеуі неге тең?

А. Жылдамдығы кез келген болуы мүмкін, үдеуі 2 м/с2

В. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі 2 м/с2

С. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі 0 м/с2

Д. Жылдамдығы 2 м/с, үдеуі кез келген болуы мүмкін.

20. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы 2 м/с-8 м/с-ке дейін артады. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

А. 1200 Дж

В. 12 Дж

С. 0

Д. 120 Дж

ІІІ. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

 

 
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "§1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қызылорда облысы . Шиелі ауданы №47 М.В. Ломоносов атындағы орта мектептің « физика» пәнінің мүғалімі : Акмолдаев Кыдырбек Абибуллаевич 9-сынып.Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.Сабақ мақсаты:1. Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру.2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Жаңа сабақ.Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді.Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды, оларды динамика қарастырады.Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.ІІІ. Пысықтау. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?Ғылымда материя деп нені айтады?Оның негізгі қасиеті қандай?Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?ІV. Қорытындылау.V. Бағалау.VІ. Үйге тапсырма: §1.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.12.2020 4165
    • DOCX 8.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баженова Лариса Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баженова Лариса Викторовна
    Баженова Лариса Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 103918
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 136 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе