Инфоурок Технология Рабочие программыОю-өрнектердің қолданылу тәсілдері

Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері

Скачать материал

 

 

 Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Технология пәні мұғалімі Тулаева Аймекен Байбакитовна

 

Пәні: Технология                               

Сыныбы: 6 б

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер»
Құралдары: Жапсырма қағаз, ДВП, пышақ түрлері, қайшы
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, сызу, сурет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
 Оқушыларды топқа бөлу   (суреттер арқылы)
1-топ «Қошқар мүйіз» оюы тобы
2-топ «Айшық» оюы тобы
Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.
ІІ. Өткен материалдарды қайталау.Ағаш ою тәсілдері
«Алтын қақпа» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады.

«Тас қақпа» сұрағы: Ағаш оюдың неше тәсілі бар?

 2 тәсілі:бедерлеп ою және жұмырлап ою
«Темір қақпа» сұрағы: Бедерлеп ою дегеніміз не?

Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті айтады.
«Күміс қақпа» сұрағы: Жұмырлап ою дегеніміз не?

 Тұтас ағаштан шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды ою тәсілін жұмырлап ою деп айтады.

Рисунок (4)«Алтын қақпа» сұрағы: Мына схемадағы ағаш ою тәсілдерін жаз.

 

қиып ою,кертіп ою,

тік оймыштарды жартылай

дөңгелектеу тәсілдері

 

 

 

«Алтын сандық» сұрағы: Әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштарды қалай атаймыз? Жауабы: Ою-өрнек
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақты мына мақалмен ашқым келіп отыр: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

                             Өнерді таудың бұлағынан,
                             Қойдың құлағынан,
                             Апамның киізінен,
                             Қошқардың мүйізінен үйрендім
                                                                              Ә. Қастеев.

Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсету.
    Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

     Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды.

Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері.

Екіншісі – басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері.
    Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Ғарыштық ою - өрнектер.
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
    Сергіту сәті.
ІV.
Әр топқа тапсырма беру.Постермен жұмыс. Түрлі-түсті қағаздармен ою ойып жапсыру
1 топ. Жан жануарлар тектес және гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер
2 топ. Космогониялық және геометриялық ою - өрнектер.

Видео ролик (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері).
V. Сарамандық жұмыс.
   Ою-өрнек түрлерін  ағаштан жасалған тақтайшаларға  жапсырмалау

Жұмысқа қойылатын талаптар:

-Жұмысты таза, ұқыпты орындауы

-Композицияның (ою-өрнектің) орналасуы
-Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
-Техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауы

 «Қай істе де өнер – қолдан: Өнерлі адам жеңер болған» Ю.Баласағұни
      Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.
     Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
      Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген.

Сабақты бекіту тест жұмысы:

1.Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызамыз?

А.5       Ә.4+      Б.3

2. Ою-өрнектердің қанша түрі белгілі

А.300      Ә.400       Б.500 +

3.Аңдарға байланысты ою-өрнек

А.бөрікөз +     Ә.алақұрт      Б.тайтұяқ
4. Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру қалай аталады?

А.композиция +         Ә.колорит          Б.симметрия
5. Қос мүйіз ою-өрнегі қандай түрге жатады ?

А.геометриялық       Ә.жануарлар әлемі +        Б.аспан денелері
6. Ою-өрнектерде қуаныш пен бақытты қай түс білдіреді ?

А.ақ +      Ә.көк          Б.жасыл
VІ. Қорытындылау:

Кері байланыс парағын толтыру. Не білдім?  Не үйрендім? Нені білгім келеді?

VІІ.Оқушыларды бағалау

 Бағалау парағы:

            Уақыты:   22.11.2014ж                    Сыныбы:    6 б

            Пәні: Технология                            Сабақтың тақырыбы:  Ою-өрнектердің қолданылуы

            Оқушының аты-жөні:                        

Сабақ  барысындағы  тапсырмалар 

балл

1

Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)

4

1

Ағаш оюдың неше тәсілі бар?  Қандай?

 

2

Бедерлеп ою дегеніміз не?

 

3

Жұмырлап ою дегеніміз не?

 

4

Мына схемадағы ағаш ою тәсілдерін жаз.

Рисунок (4)

 

2

Жаңа ақпаратты түсінуі ( постер қорғау)

2

1

Жұмыстын дизайні.

 

2

Тақырып толық жеткізілген.

 

3

Сарамандық жұмыс:   

4

1

Композицияның  орналастыруы, жұмыстың орындалу реті

 

2

Түстерді таңдай  білу, бұйымды безендіруі

 

3

Жасаған жұмысын (бұйымды) қорғауы

 

4

Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуі

 

4

Сабақты  қорытындылау   (тест сұрақтары)

6

1

Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызамыз?

 

2

Ою-өрнектердің қанша түрі белгілі

 

3

Аңдарға байланысты ою-өрнек

 

4

Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру қалай аталады?

 

5

Қос мүйіз ою-өрнегі қандай түрге жатады ?

 

6

Ою-өрнектерде қуаныш пен бақытты қай түс білдіреді?

 

 

Барлығы

 

 

Бағасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

                             

       18-16           балл   -   « 5»

        15-13          балл    -   «4»

        12-10          балл    -   «3»

         9-0             балл     -    «2»

 

 

 

 

Бағалау парағы бойынша оқушыларды  бағалау
VIII. Үйге тапсырма: Ою-өрнек туралы мәлімет жинау
ІХ. Жұмыс орнын ретке келтіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіТехнология пәні мұғалімі Тулаева Аймекен БайбакитовнаПәні: Технология Сыныбы: 6 бСабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру. Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету. Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер» Құралдары: Жапсырма қағаз, ДВП, пышақ түрлері, қайшы Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері. Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, сызу, сурет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2020 595
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Евлакова Ирина Игоревна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Евлакова Ирина Игоревна
    Евлакова Ирина Игоревна
    • На сайте: 3 года и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72739
    • Всего материалов: 208

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 985 человек из 78 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 60 регионов

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе