Главная / Другое / ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІНІҢ РОЛІ

ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІНІҢ РОЛІ

ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІНІҢ РОЛІ


Сараева (Турганалиева) Г.Г.

«Сәулет» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі

Тасқала ауданы


Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

Көшбасшы мұғалім - бұл қазіргі заманғы гуманитарлық этикалық білікті алдыңғы қатарлы адам. Ол әріптестерінің игілігі үшін қам жейді. Әділетсіздікті әшкерелеп, жойып отырады. Көшбасшы мұғалім әрдайым өзінің қайырымдылық пен игілік ұғымын тереңдетуге асығады. Ондай мұғалім өзінің оқушыларын жауапкершілікпен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Көшбасшы мұғалімнің бойында ақыл, логика, көрегенділік, шешендік, іскерлік тәрізді парасаттылық қабілеттері мен әуесқойлық, танымшылдық, бастамашылдық, икемділік, жасампаздық, шығармашылық, адалдық, батылдық, сенімділік, тәуелсіздік, төзімділік тәрізді мінез-құлық қырлары мол болады. Ол сондай ақ өзгелерге қолдау көрсетіп, танымалдылыққа қол жеткізіп, мойнына жауапкершілік алып, адамдарды тани білуі керек.

Көшбасшы мұғалім - бұл идеялар генераторы, нағыз шебер,ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда көшбасшы мұғалімнің ролі өте зор.

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрілі, жан – жақты болу керек.

Оқу материалын түсіндіру кезнде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта – ықыласын, қызығушылығын күшейту.

Сабақ оқушыларды жалықтырмайтын және біркелкі болмас үшін мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі керек. Ол үшін сабақтар құрылымы көп түрілі болып оқыту әдістері, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Мұғалімнің білімі, өнері оның әрбір сабағынан көрініп тұруы қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа өз еңбегінен ләззат алу мүмкіндігін дамытуға бағыттау, ізденпаздығын қалыптастыру, оқушыларға сұрақтар қою, эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асырады.

Сабақтың басынан соңына дейін бала зейінін басқа нәрсеге аудармайтындай әдістің бірі – дұрыс сұрақ қою. Дұрыс таңдаған сұрақтар баланы ойлауға жетелейді. Дәл және нақты сұрақ қоюдың өзі шеберлік қажет етеді. Мұғалім өзі ғана сұрақтар дайындап оны сұраумен қатар оқушыларға да сұрақтар дайындатуға үйрету керек. Алдымен 7 – 9 сынып оқушыларына ауызша және жазбаша түрде сұрақтар дайындап келу тапсырылады. Ауызша сұрақтарды жауап беріп тұрған оқушыға қояды. Ал, жазбаша сұрақтарды үй тапсырмасын тексеру кезінде пайдаланамыз. Оқушылар «Бұл не?», «Қалай аталады?», «Қалай оқылады? » деген сөздері үйренген сұрақтар ғана емес, «Неге ... ?», «Мүмкін бе?», «Қалай болар еді?», «Бұл жағдайда не істейміз?», «Тәуелді болама?» т. б. сұрақтарға да жауап береді.

Оқушыларды шығармашылыққа жетелеу жолдары

Оқушылардың жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшіде оқшының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрілі, жан – жақты болуы қажет.

Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғаілмнің әрбір сабағы оқушы сезіміне ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістері мен мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгерудің әдіс тәсілдері сан алуан. Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Өз іс – тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай факторларға сүйенемін:

Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Оқушылармен жекелей, топпен жұмыстар жүргізу.

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру.

Оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту..

Мұғалім шығармашылығы мынадан байқалады:
1. Алынған көрсеткіштерге талдау жасау;
2. Кезіккен проблемаларды, ситуацияларды сезіну;
3. Нәтижеге жету жолында педагогикалық өзара әрекет жүйесін құру;
4. Өз қызметінде бағдарланған міндеттерді шешуді тұрақты түрде кері байланыс арқылы жүзеге асыру.

Ал, мұның барлығы мұғалімнің кәсіптілігіне байланысты болмақ. Ол біріншіден, өзінің еңбегінің нәтижесін өлшеу біліктілігі мен қызметінде сапалы көрсеткішке жетуі. Екіншіден, практикалық қызметте педагогтің сапалық көрсеткішін зерттеу біліктілігі. Бұл шебер-педагогтің, шығармашыл педагогтің өз қызметіне, оның нәтижесіне талдау жасай білу біліктілігін көрсетеді. Әр педагог өз жұмысына талдау жасауда: Неге жеттім? Неге ұмтыламын? Не кедергі жасайды? сұрақтарын басшылыққа алуы тиіс.

Н.В.Кухарев бойынша педагогикалық шығармашылықты өлшеу критерилері төмендегіше:


• Жаңашылдығы және түпкіліктілігі;
• Ғылыми негізділігі;
• Әлеуметтік – педагогикалық ерекшелігі;
• Болашақтылығы;
• Өзара әректтің тиімділігі;
• Қанағаттанушылық;
• Нәтиженің тұрақтылығы;
• Бейімділігі.


Педагогтің өз еңбегіне, сапалы көрсеткішіне зерттеу және талдау жасау біліктілігіне қарай шығармашылық мынандай деңгейлерге бөлінеді:

1. Ақпараттық – өндірушілік

2. Бейімділік- болжаушылық:

3. Ұтымдылық:

4. Зерттеушілік:

5. Креативтік. (шығармашылықты елестете білу) – болжаушылық:

Алғашқы екі деңгейде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзін іздейді, яғни ол өзіне: Мен не істей аламын?, Қолымнан не келеді? деген сұрақтарын қойса ІІІ-деңгейде, Қалай жақсы істеуге болады?, Қандай әдіс – тәсілдер, құралдар жоғары нәтиже береді? деген сұрақтарды басшылыққа алса, ал ІV, V деңгейде өз іс әрекетіне шығармашыл-педагог: Мен кімді қалыптастырамын? Менің қызметімнің нәтижесі не? сұрақтарын басшылыққа алады.

Оқыту сапасының негізгі критерийлері оқыту үрдісінің нәтижесі мен оқушылардың білім, білік дағдысының сапасы болып табылады. Ал, бұның барлығы мұғалім кәсіптілігіне тікелей байланысты екендігін шексіз қайталап айта беруге болады. Өйткені сапалы, білімді, шығармашыл оқушы ( кіші ғылым академиясы жанында ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар жоба жарыстары жүлдегерлері мен пәндік олимпиада, «Дарын» бағдарламасы бойынша өткізілетін байқау, жарыстарының жеңімпаздары және т.б. ) шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалім еңбегінің жемісі.

Мұғалім – өте нәзік инструмент, ол барлық адами қызметтерді өзінде жинақтауға ұмтылады. Ол философ, дирижер, ұйымдастырушы, оқымысты, психолог, артист. Сондықтан оның бойындағы байқалатын қызметтерге сыйластықпен қарай отырып, оны жетілдіруге көмек көрсету және бұл инструменттің ерекшеліктері мен дауысына үн қосу негізгі міндеттердің бірі.

Мұғалімнің эмоциялық жағдайы, оның дайындық дәрежесі және көбеюі баламен жұмыс жүргізудегі басты одақтас болатындығын әкімшілік білуі тиіс және мұғалімді соған бағыттауға тілектес бола білуі керек. Сондай-ақ олардың тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушыларға сапалы білім беру және шығармашылдығын қалыптастыруда жан-жақты көмек ұйымдастыру сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы болмақ.























Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Открытая школа» информационно-метадический журнал, №5 май 2013;

  2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым;

  3. Д.Ж. Кішібаева «Жаңа педагогикалық технологиялар». Түркістан, 2010.





















Облыстық конференцияға қатысу туралы сұраныс




1. Аты-жөні (толығымен, жеке куәлік бойынша)

Сараева Гульмира Ганмирхановна

2. Жұмыс орнының толық атауы: ЖООБ «Сәулет» мектеп-лицейі

3. Лауазымы, санаты, пәні: Мұғалім, ІІ санатты, информатика

4. Аудан кодымен бірге байланыс телефоны: 8(7113)922188

5. E-mail: gumishka878@mail.ru

6. Баяндама атауы: ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІНІҢ РОЛІ


7.Таныстырылым атауы

ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІНІҢ РОЛІ
  • Другое
Описание:

Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ.

Автор Сараева Гульмира Ганмирхановна
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 827
Номер материала 50578
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓