Главная / Начальные классы / Қой жылы болсын, дейміз той жылы!

Қой жылы болсын, дейміз той жылы!

Қой жылы болсын, дейміз той жылы!

Әдемі
Құрметті ата-аналар !
Бақтияр
Қымбатты менің достарым!
Хормен: Жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!
1.ж:Армысыздар халайық!
Бармысыздар,халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
2.ж:Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Әдемі:Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы,
(Қалған балалар залға кіріп,
Шеңберге тұрады)
Бақтияр: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Әдемі Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.
Бақтияр: Ал, балалар, құр тұрмайық.
Ханзадамен ханшайымды шақырайық.
Ән салайық, би билейік,
Жаңа жылда қарсы алайық!
Шырша жанында сандық тұр.
Данияр мен Жеткерген Мерей көңілсіз отыр.
Ханшайым Мерей: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер көріп тұрсыңдар біздер қандай жағдайға тап болдық.
Ханзада -Сендерге аяз ата сандық толы сыйлықтарды дайындаған еді, біз осы сандықты сақтай алмадық. Ашулы сиқыршы өзінің сиқырымен сандыққа 6 құлып салып сиқырлап қойды. Ол балалардың қуанғанын көргісі келмейді. Себебі оның жүрегі қара, еш қуануды білмейді. Енді жаңа жыл мерекесі болмайды, себебі сыйлықтар жоқ. Сыйлықтарсыз мереке бола ма?
Ханшайым: Тоқта сабыр сақта балаларға сыйлық жоқ деп қорқыта бер ме? Сандықтың сиқырын ашуға барлық мүмкіндіктерді қарауымыз керек. Мен ойлаймын құлыптың кілті болмауы мүмкін емес. Біз қайткенде кілті табуымыз керек.
Ханзада: Сиқыршы құлыптың кілттерін барлық ертегілерге лақтырып жіберген екен. Енді біз кілті қай ертегіден табамыз.
Ханшайым; Біз кілтті табуға жолға шығуымыз керек.
Ханзада: дұрыс айтасың. Бізді ұзақ жолдар күтіп тұр. Ал балалар сендер сиқырланған құлыптың кілтін табуға бізбен барасыңдар ма?
Балалар: Ия.
Ханшайым: сендер арам пиғылды күштерден қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ қорықпаймыз.
Ханзада: жарайсыңдар бәріміз бірге барамыз.
Ханшайым: жолымыз жеңіл болсын деп жақсы бір ән айтайық. Балалар сендер ән білесіңдер ме?
Балалар; ия, білеміз?

Ханшайым; онда жолға шығайық.
Ән: "Қыс қызығы"
Ханшайым: Міне біз келдік.(балалар отырады)
Ханзада: Мына үйде кім тұрады?
Балалар: жалмауыз кемпірдің үйі.
Ханзада: тук - тук – тук кіруге бола ма?
Ж. кемпір: кіре ғой батыр жігіт.
Ханшайым: Саламатсың ба әже.
Ж. Кемпір: Саламатсың ба мұнда не істеп жүрсіңдер?
Ханзада: Біз сиқырланған құлыптың кілтін іздеп жүрміз. Сіз көпті – көрген әжесіз бізге көмектесіңізші.
Ж. Кемпір: сиқырлы құлыптың кілтін табу оңай емес. Оны табуға сендердің ақыл - ойларың жете ме?
Ханшайым: Әже әрине жетеді..
Ж. Кемпір: онда мен сендерге жұмбақ жасырып сендерді тексеріп көрейік.
Ханшайым: Әже барынша табуға тырысамыз.
Ештеңеден қаймықпай,
Ж.кемпір: Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан. (шырша)
Көзді арбаған өрнекпен
Сурет салар айнытпай,
Шебер еді ол неткен. (аяз)
Ж. Кемпір:;
1 Қыста шыны боп қатады,
жылыда су боп жатады.( мұз)
Жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын.
Ж. Кемпір: көріп тұрмын сендер тапқыр екенсіңдер. Ал сендер билей аласыңдар ма?
Балалар: Ия.(би ж. кемпірмен)
Ж. Кемпір: ой, шаршадым мені қуантыңдар, көптен билеген жоқ едім. Енді мен сендерге көмектеспесем болмас. (үйге кіріп машинаның кілтін алып келеді. ) Міне кілт.
Ханзада: жоқ бұл емес. Құлыптың кілті басқа.
Ж. кемпір: ой, қартайған басым - ай тауып алған бір кілт бар еді, соны әкеп берейін. Міне мына кілт пе?
Ханшайым: рахмет әже. Сиқыршының басқа кілттерді қайда жібергенін білесіз бе?
Ж. Кемпір: білмеймін, сендерге сиқырлы кілті бергенімді сиқыршы білсе, онда маған жақсы болмайды. Егер білсе мені жазалайды. Жолдарың болсын қалған кілтті өздерің тауып аларсыңдар.
Ханшайым: қызыл телпек сен қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжемнің үйіне барамын.
Ханзада: сен бізге сиқырланған кілтті табуға көмектесшҚызыл телпек: қандай кілт?
Ханшайым: балаларға арналған мерекелік сыйлықтар салынған сандыққа сиқыршы сиқырлы құлыптар салып қойды. Сен сиқырлы кілтті көрген жоқсың ба?
Қызыл телпек: Маған қасқыр мына кілтті берген , бәлкім осы кілт шығар?
Ханзада: Ой, рахмет Қызыл телпек дәл осы кілт? Ал басқа кілттерді қайдан табуға болады?
Қызыл телпек: Жоқ, білмеймін. Орман тұрғындарынан сұра бәлкім солар білер?
Түлкі: Мен түлкімін әдемі,
Кім білмейді түлкіні.

Жаңа жылда бұл күні.
Алдамаймын ешкімді.
Міне кілт ала қойыңдар.
Ханшайым: Жоқ,бұл да емес:
Ханзада:Тышқаннан сұрайықшы
Балалар ,жарайды, ол жыл басы ғой, әрі ақылды:
Ендеше тышқанды іздейік:
Тышқан:
Мен тықырлауық тышқанмын
Ал сендер кімсіңдер?
Хормен:
Біз ,орман аңдарымен бірге жүрген Ханзада мен Ханшайымбыз
Сендерге менің қояр шартым бар:
Мына жерде отырған қонақтармен ойнағым келіп тұр:
1.Жүргізуші: Жарайды!
2: Келістік пе, қонақтар?
Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»
Раушан:
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді
Айым:
Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді
Дана:
Қыста боран болады
Қыздар шәлі орамал оранар
Тышқан шиқылдап күледі де міне кілт деп береді:
Ой! бұл даемес .
Осы кезде Сайқымазақ келіп;
Достар! мен сендердің не іздеп жүргендерің білем
Оның кімде екенін де білемін.
Бәрі Хормен шулап;
Айтыңызшы, айтыңызшы;
Ол үшін маған тақпақ айтып бересіңдер!
Ортаға жаңа жылдық тақпақтарымен:
Мәншүк
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
Гүлханым
Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

Дидар

: Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

Ә.Ақниет

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

.Жасұлан

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа Жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Ердос

Жаңа Жыл, Жаңа Жыл!

Жаңалық ізде сен,

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып Бер бізге сен.

Жаңа Жылды қарсы алып,

Жасаймыз біз жылда бір.

Жарқын – жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр
Бәрі: қол шапалақтайды:
Балалар, өте жақсы .Тамаша!
Сандықтың кілті ескі жыл Жылқыда!
Жылқы жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
1-2 жүргізуші: хормен
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан!
Мен туралы балалар не біледі екен?

Сайқымазақ!
Жылқы жыл- сіз туралы балалар мақалдар біледі.
Мақалшылар;
Ер қанаты-ат:
Сайқымазақ!
Балалар ,не тұрыс бізде, не жүріс
Басталсын думан той ырыс.
Ханшайым:
: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой.

Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады)

Шырша жарқырайды.
Ханзада
Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар! Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Ақшақардың қолында әдемі алтын кілті бар:
Сонау алыс жолдан мына кілтті сиқыршы маған берген!
Мен сендердің өнерлеріңді көріп, сый-сияпаттарыңды беремін
Жалғасов Даниярды «Қош келдің жаңа жыл» әнімен ортаға шақырайық

Кәмшат
Келеді міне, жаңа жыл аппақ болып.
Ән салып, жұмбақ болып,тақпақ болып.
Ауламыздың тұсында қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.
.
Елнар
Қандай әсем шартарап!
Шаттық күйге бөлеп тұр.
Кәмпиттерін арқалап,
Аяз ата келіп тұр.

Алматбаева Аружан ән: Аққала
Ринат

Көрдің бе,Аяз атаны,

Төрлет Ата жоғары.

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан мырза болады.

Камила
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

Би : Әмірхан Нұрай

Әділхан

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.
Меруерт

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз Атаны
Ән орындайтын Мәншүк Кемал «Ерке қыз»
Жетес Ақниет
Жаңа жылым жол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрлет,төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

Айым:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде,сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын
Цыган биі: ортада Олжакеш Нұрай
Әбілмансүр
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Әсем
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

Ортада Әлихан Ақниет «Әніміз бар тамаша»

Наз
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Айболсын
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.

Бақберген Зарина :» Әнші болам» әнімен
Алъфред
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Нұрбекова Мерей
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Аққу биі: Кәдір Сұлтана
Ернұр
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән - жырды.
Назерке
Сақалының ұзын – ай
Саудыраған мұзын – ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы – ай.
«Аяз аталар биі»
Әсем,Наз,Ақниет,Меруерт, Ринат,Елнар, Ернұр,Мерей, Гүлханым.(9)
Ән: Альфред
Қожалепесова Дидар : «Асыл атам» әні
Орыс биі: Альфред,Камила,Әділхан,Айым, Ердос, Камшат, Айболсын,Назерке (8)
«Гумми гном» биі бишілер
Соңы: Жеткерген Мерей «Жаңа жыл» әнімен

Күнтізбеде қалыпты Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын

Келеді міне, жаңа жыл аппақ болып.
Ән салып, жұмбақ болып,тақпақ болып.
Ауламыздың тұсында қонып жатыр
Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып.

Қой жылы болсын, дейміз той жылы!
  • Начальные классы
Описание:

                           Қой жылы болсын, дейміз той жылы!

Әдемі                              
Құрметті ата-аналар !
Бақтияр
Қымбатты менің достарым!
Хормен: Жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын!
1.ж:Армысыздар халайық!
Бармысыздар,халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай
Бірге қарсы алайық!
2.ж:Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Әдемі:Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы,
(Қалған балалар залға кіріп,
Шеңберге тұрады)
Бақтияр: Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Әдемі Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.
Бақтияр: Ал, балалар, құр тұрмайық.
Ханзадамен ханшайымды шақырайық.
Ән салайық, би билейік,
Жаңа жылда қарсы алайық!
Шырша жанында сандық тұр. Данияр мен  Жеткерген Мерей көңілсіз отыр.

Автор Сержан Гульбаршын Умирбаевна
Дата добавления 02.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 358
Номер материала 57327
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓