Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушылардың тарих сабақтарында ой-өрісін дамыту

Оқушылардың тарих сабақтарында ой-өрісін дамыту

Скачать материал

Оқушылардың

тарихи ой-өрісін дамыту

 

                                                                                  Иманжанова Б.Е.                    

№ 2 Красный Яр орта мектебі                    

Мемлекеттік хатшы М.Тәжин 5 маусымда  ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі отырысында жасаған баяндамасында: «Нағыз ұлттық қадірқасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады», деген . Ұлттық тарих мәселелері мемлекеттік деңгейде қаралды. Олай болатын жөні де бар. Ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысы мектеп табалдырығынан басталады . М.Тәжин  бұған дейін ұлттық тарихта шешілмей келген  аса үлкен міндеттердің арасында мектеп оқулықтары  туралы мәселе көтерді. Оқушыларға арналған  Қазақстан тарихы оқулықтары  «Мектеп» және «Атамұра»  баспасынан шыққан. Бірақ оқулықтардағы мәлімет бір-біріне сәйкес емес. Мысалы,  Бұланты шайқасы 8 сынып оқулықтарында 

«Мектктеп» баспасында 1726 жыл деп беріледі, ал «Атамұра» оқулығында 1728 жыл. Екі оқулықты да Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Сондықтан орта мектептер тарихты оқытудың осы заманғы және шын

мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасауы керек.                                      Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жанжақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның үдерістерін күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты-- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы--- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу», ғалым С.Л.Рубинштейн де атап көрсетті.

  Жеке тұлғаны дамыту мәселелері бойынша  педагог-ғалымдардың

Л.С.Выготский, М.Б.Блонский, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков, Д.В.Эльконды зерттеп, оқушылардың тарихи ой-өрісін осы тәсілдер арқылы келесі бағыттар бойынша дамытамын:

Такырып           қа сай  

проблемалық тапсырмалар            арқылы

ізденіске            баулу             

тарихи құжаттарды, кестелерді талдау

өзіндік жұмысты кескін карталар, атлас тапсырмалары арқылы жасау

шығармалық тапсырмалар

 

тарихи есептер

 

 

Сабақ барысында оқушылар топтарға бөлініп оларға проблемалық тапсырмалар беріледі. Мысалы, 8 сыныпта «Кенесары көтерілісі» сабағында, берілген тапсырмалар 

1-ші топқа. Кенесары көтерілісінің себептерін көрсету. 

2-ші топқа. Көтерілістін ерекшкліктерін анықтау. 

3-ші топқа. Кенесарының кезіндегі мемлекетке сипаттама беру.  

4-ші топқа. Көтерілістің жеңілу себептерін анықтау. 

Дәстүрлі сабақтан ерекшелігі оқушылар осы тапсырмаларды өзіндік жұмыс арқылы орындайды.

Тапсырмалардың   ерекшелігі  оқушылардың білім деңгейіне қарай бөлінеді: 

 

І-деңгей  тапсырмаларына  (қ анағаттанарлық баға қ ойылады) Кім? Не? 

 - Дұрыстық 

 

 

 

 

ІІ-деңгей (жақсы) Қалай? 

-      Әрекеттілік 

-      Тереңдік 

-      Білік

 

ІІІ-деңгей (өте жақсы). Неліктен?

-      Жүйелілік 

-      Түсіністік 

-      Беріктілік

Оқушының жауабына талап етіледі. 

І - деңгей

ІІ - деңгей

ІІІ – деңгей  

ІV - деңгей

Тапсырмалар қарапайым әрі жеңіл болады. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды бәрі орындауға міндетті. Тест сұрақтары.

Мақсат пен шешілуге тиісті жағдаят анық, оқушы мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

Проблемалық сұрақтар.

Оқушы оны өзі толықтырады, табады, шешеді.Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей – өнімді деңгей

Шығармашылық деңгей: шығарма жазу,өлең жазу,трексызбалар, кестелер сызу.

Жаңа сабақтың алдында  оқушылардың осы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау үшін  және қызықтыру үшін тапсырмалар  беріледі.

Мысалы:  Кенесары көтерілісі бойынша  не білесіндер? Қалай ойласындар, Кенесары көтерілісі туралы  бізге білуге қажет пе? Дәптерлеріне  осы тақырып бойынша білгендеріңді жазындар. 

«Білем. Не білгім келеді. Жаңалық үйрендім»  кесте толтырылады:    

                                      

Білем

Не білгім келеді

Жаңалық үйрендім

 

 

 

 

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. 

Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.    Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

 Жаңа буын оқулықтарын оқытуда, дамыта оқыту технологиясын қолдану дегеніміз-- келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау, жеке тұлғаны дамыту.

Жеке тұлғаның бойындағы қабілетін ашу- одан әрі жетілдіру дамыта оқытудың негізінде зерттеушілік білігін және оңтайлы шешімін қабылдауға ынталандыру арқылы баланың бойында еркіндік, ар- намыс, дербестік, адамгершілік, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білу сияқты қасиеттерін  бойына сіңіре отырып, жалпы дамытуды үнемі сабақта жүйелі жүзеге асырған да ғана жан- жақты гармониялық даму үшін негіз жасалады. 

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі – мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдістәсілдерді кеңінен қолдану -  жаңаша білім берудің бір шарты.

Әл-Фараби айтқандай : «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы». Жас өспірімдерге азаматтық тұғырды, отансүйгіштікті, ұлттық тарихты оқыту арқылы қалыптастыру керек.

Ұлттық тарихты сақтап қалу – өз-өзінді сақтап қалудың жалғыз жолы.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың тарих сабақтарында ой-өрісін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Статья о развитии исторического мышления учащихся на уроках истории и обществоведения. В статье рассматриваются примеры использования методов критического мышления для развития у учащихся навыков анализа, выведения причинно-следственных связей исторических событий .

Учитель делится опытом работы по развитию исторического мышления у учащихся: применение на уроках разноуровневых заданий, постановка проблемных задач, использование диаграммы Венна, таблицы " Знаю. Не знаю. Хочу узнать", применение опорных конспектов, написание эссе, проведение дебатов, ролевых игр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 302
    • PDF 152.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманжанова Балшарап Ерсеитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23689
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой