Главная / Другое / Оқушылардың когнитивтік процесстерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Оқушылардың когнитивтік процесстерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.









Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың когнитивтік процестерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар































Түсінік хат

Қазақстан егемендік алғаннан бері барлық оқу орындарында қазақ тілін оқыту күннен күнге ұлғайып келеді, сондықтан да оқу процесінде қолданылатын материалдарға сұраныс көбейді. Құрастырылған ойындар жинағы тузеу мектебінің қазақ тілі пән мұғалімдеріне сабақ өткізуге үлкен көмек тигізеді.

Материал келесі бағытта берілген; оқушының есте сақтау қабілеттерін , зейіндерін, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс- түзеу ойындары. Түзеу ойындары- көп салалы күрделі педагогикалық құбылыс. Ойын жан- жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі.

Ойын түрінде мұғалім үйрететін тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын, зейінің, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданады. Мұғалім ойын жағдайларын туғыза отырып, әр түрлі заттарды көрсету арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бала ойнай отырып, үйренеді. Түзеу ойындары оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын , қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп,оны білуге, менгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шындайды. Осы ойындар мен тапсырмаларды барлық сыныптарда күрделендіре отырып, қолдануға болады.

Ақыл- ойлары нашар дамыған оқушыларға қазақ тілді үйрену өте қиын. Сондықтан оқушылардың когнитивтік процесстерін дамыту мақсатымен, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ой- өрісін кеңейту, сөйлеу тілін дамыту, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын көздедім. Әр сабақта қолдана отырып, үлкен нәтижеге жетуге болады.

Іске сәт, ұстаздар!













Мазмұны



  1. Түсінік хат

  2. Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  3. Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар

  4. Зейінді дамытуға арналған ойындар







































  1. ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ



«Суретті тап»

Ойынның шарты: оқушыларға бір қаланың суреті көрсетіледі, кейін ол сурет басқа 10-12 қаланың суреттерімен алмастырылады. Оқушының мақсаты мұғалімнің көрсеткен суретін есте сақтап 1 минут ішінде тауып алу

«Әр қадамға бір сөз»

Ойынның шарты: екі оқушы кезекпен қадам басқан сайын жемістердің атауын айтулары қажет. Бір рет айтылған сөз, екі рет қайталанбауы тиіс. Белгіленген жерге дейін бірінші келген оқушы жеңіске жетеді.

Бұл ойынды кез келген тақырыпты өткен кезде ойнауға болады.



«Есінде сақта»

Мұғалім – оқушы мүғалім-.......................

Тақта – бор тақта- ...........................

Кітап – дәптер кітап-.............................

Мектеп- сынып мектеп-........................

Қалам – қарындаш қалам-...........................

Сабақ – қоңырау сабақ-........................

Күнделік – баға күнделік-....................

«Мен фотоаппаратпын»

Ойынның шарты: үстел үстінде оқушының құрал – жабдықтары жатады. (кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш, күнделік, бояу)тб Оқушы өзін фотоаппарат сезініп, құрал – жабдықтарды түсіріп алуы керек. Кейін заттарға қарамай , құрал- жабдықтарды айтып беруі тиіс.







«Кім мұқият болды?»

Ойынның шарты: Мұғалім жеті сөз оқып шығады. Оқушылар мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Д әрі

Ә же

Р ахмет

І ні

Г үл

Е кі

Р аушан

  1. Ең бірінші сөз қандай?

  2. Ең соңғы сөз қандай?

  3. Барлығы неше сөз?

  4. Кім есінде сақтады?

  5. Жеті сөздің ең алғашқы әріптерін алып қосқанда қандай сөз шығады?(дәрігер)

«Мен ән таспамын»



Ойынның шарты:

Ән таспаға аптаның жеті күні жазылады. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі). Оқушының мақсаты: барлық сөздерді есте сақтап қайталап беруі тиіс. Ойынды жазбаша түрінде де орындауға болады.







«Кімнің қатары ұзындырақ?»

Ойынның шарты: мұғалім кез келген бір сөзді айтады. Мысалы: «Күз» тақырыбына байланысты. Құстар. Бір оқушы қайталайды. Мұғалім тағы бір сөз қосады. Мысалы: жаңбыр. Оқушы: құстар, жаңбыр деп қайталайды. Ойын осылай жалғаса береді. Оқушының мақсаты – көбірек сөздерді есте сақтап қалу.







«Мен суретшімін»

Ойынның шарты: «Қыс» тақырыбын өткеннен кейін, оқушылардың сөздерді қалай есте сақтап қалғандарын тексеру үшін осы ойынды өткізуге болады. Мұғалім сөздерді кезектеп оқиды: мысалы: шырша, шана, шаңғы, аққала, қар т.б. Ал оқушылар сол сөздердің суретін салулары тиіс. Кейін салып болғаннан кейін. Сол суреттердің атауларын жазып шығулары қажет.





«Жемістерді есіңде сақта»

Ойынның шарты: Мұғалім тақтаға жемістердің суретін іледі. Жемістер саны оқушылардың деңгейлеріне байланысты (1-2 деңгей 10-12 сурет), (3-4 деңгей 5-7 сурет) . оқушылар бір минут қарап есте сақтап, айтып шығулары керек. Ойынды күрделендіруге болады. Мысалы: жемістердің орындарын ауыстырып, оқушылар қандай кезекпен ілулі болғандарын еске алады. Не өзгерді? Жоғалған жемісті табу.



«Сыныпта не бар?»

Ойынның шарты: оқушы бір минут ішінде сыныпта бар барлық заттарды есінде сақтауы тиіс. Кейін көзін жұмып айтып беруі тиіс. Ойынды өзгертуге болады, қалган оқушылар сұрақтар қояды . мысалы: терезеде не тұрды? Тақтаның қасында не ұрды? Тақтаның түсі қандай? т.б

ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.



«Ортақ сөзді тап»

  1. Ұзақ, қарлығаш, қарға –(құстар)

  2. Шалбар, көйлек, күрте- ( киімдер)

  3. Нан, май, ет, сүт, айран- (тағамдар)

  4. Түлкі, аю, қасқыр, қоян- (аңдар)

  5. Қызыл, көк, жасыл, қоңыр- (түстер)

  6. Кітап, дәптер, қалам, күнделік- (құрал- жабдықтар)

  7. Рудный, Лисаковск, Қарағанды, Қостанай-(қалалар)



«Кім сөйлеп тұр, тауып ал»

  • Ауызыңды ашта «а-а-а» де (дәрігер)

  • Бүгін сабақтың тақырыбы (мұғалім)

  • Келесі аялдама «Айгүл» кинотеатры (жүргізуші)

  • Сізге шай ма, әлде кофе ме? (даяршы)

  • Нан елу теңге тұрады, тағы не аласыз? (дүкенші)

  • Шашыңызды калай алайын?( шаштараз)





«Суретші нені салуды ұмытып кетті?»

Оқушыларға аңдардың суреттері беріледі.( суреттегі аңдардың біреуінің құлағы, көзі, аяғы, құйрығы) жетіспейді. Оқушының мақсаты: суретшінің қателігін тауып, суретті аяқтау.



«Кім не істейді?»

Ойының шарты:

оқушылар дұрыс жауапты тауып, сызықпен бағыттау керек.



Мұғалім аулайды

Дәрігер сатады

Дүкенші емдейді

Балықшы оқытады

Тігінші тігеді



«Шашылған әріптерден сөз құрастыр»

көмек: сөздерді құрастыру үшін оңнан солға қарай оқы, немесе әріптердің орындарын ауыстырып оқы.



е,к,ә - әке

ы,с, қ- қыс

л,о,қ- қол

қ,а,р,а,т- тарақ

шееш- шеше

п,а,т,і,к- кітап





«Не артық? Неге? дәлелде»

Ойынның шарты: оқушылар берілген төрт сөздің қатарыннан артық сөзді тауып, дәлелдеу.

Ұзақ, торғай, мысық, қарлығаш.

Теледидар, үстел, парта,төсек.

Қасық, кесе, пышақ, сөмке.

Сүт, айран, алма, ірімшік

Әдемі, сұлу, нашар, көркем.

Пияз, жертүйнек, сәбіз, алма.

Ақ, қара, ағаш, сары, көк.



Мысалы: артық сөз – мысық. Өйткені ұзақ, торғай, қарлығаш- құстар. Ал мысық – үй жануары.





«Мағынасына қарама – қарсы сөзді табу»



Ақ- қара

Ұзын- (...............)

Ашу- (.................)

Міну-(.................)

Жағу-(................)

Биік –(.................)

Жақсы-(..............)

Алыс – (...............)

Жуан –(................)

Ыстық (.................)

Ақ- (.................)

Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылардың тапқан сөздерін атап, бірінші бағандағы сөздерді еске алу керек.









«Ұқсас заттарды тап»

Тақтаға 10-15 сөз жазылады. (кесе, тәрелке, нан, бауырсақ, қант, орамал, шаңышқы, қасық, орамал, тақтай, оқтау, шеге, кілт, қарындаш)

Тапсырма:

Бірінші қатар – дөңгелек заттарды тауып жазу.

Екінші қатар- жейтін заттарды тауып жазу.

Үшінші қатар- жұмсақ заттарды тауып жазу.

Төртінші қатар- темірден жасалған заттарды жазу.



«Кестені толтыр, қандай сөздер жасырылған?»



а


а

а


а

а


а

а


а

а


а







б


р

б


р

б


р

б


р

б


р

«Жасырылған сөздер»

Осы тапсырма арқылы әр сабақта сабақтың тақырыбын табуға болады.



  1. 2 3 4 5 6

т а с а н а (Астана)

  1. 2 3 4 5 6

п е к м е т (мектеп)



1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

л ы ж і е м з г і л (жыл мезгілі)





«Буындардан сөздер құрастыр»



Қар яз

Сә яр

Қи ма

Жү біз

Ал зім

Пи быз



«Мұқият ойлан»

Ойынның шарты: сөздерді тиісті кестеге толтыр.(сиыр, қоян,бұзау, қасқыр, аю, түйе, түлкі, жолбарыс, арыстан, ешкі, қарлығаш, жылқы, кептер, қой, қарға.



Құстар

Жабайы аңдар

Үй жануарлары






















«Әріптердің орындарын ауыстыр»

Сүт – (3,2,1) түс

Кесе-(4,3,2,1) есік

Тарақ –(3,4,5,2,1) рақат

Түс – (3,2,1) сүт

Мысық- (5,4,3,2,1)



«Шашылған сөздерден сөйлем құрастыр»

  1. тон, мен, сатып, алдым.

  2. бәтеңке, Нұржан, алды, сатып.

  3. тепті, коньки , Ержан

  4. болды, мектепке, баратын, уақыт

  5. тұрамын, республикасында, мен , Қазақстан

  6. сөйлеймін, жақсы, қазақша , мен

  7. оқимын, тузеу, мен, мектебінде.

«Сөздерді дұрыс құрастырып, мәтінді оқы»



(ы,с,қ) келді. Күн (с,ы,қ,у). Айнала аппақ (р,а,қ).

Балалар (а,қ,р,б,ө,е,б,к) жасады. (р,о,л,а) қуанды.

Қарбөбек өте (і,ә,е,д,м) болып шықты. Қыс тамаша (е,л,м,з,г,і ). Мен қысты жақсы( н,к,р,ө,е,і,м).







«Бұл қай ай?»

Берілген әріптердің орындарын ауыстырып, ай атауларын тауып ал.

ж,о,т,л,е,қ,с,а,н - желтоқсан

р,м,ы,а,м – мамыр

е,ш,і,д,л – шілде

а,ш,қ,а,р,а – қараша

н,з,а,қ,а – қазан

р,қ,ң,а,т,а – қаңтар

н,қ,а,п,а – ақпан

р,с,ә,у,і -сәуір

н,у,а,з, р,ы – наурыз

з,т,м,а,ы- тамыз

қ,р,ы,к,е,к,ү,й – қыркүйек

а,м,у,с,м,ы- маусым



  1. Айларды дұрыс ретімен жазып шық.





«Ойлан тап»

Қызыл, дөңгелек, тәтті- ................ (алма)

Сары, ащы, сопақ- .......................(лимон)

Ақ, сұйық, пайдалы- .................(сүт)

Сырты жасыл, іші қызыл. ..................(қарбыз)











ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ.



«Заттарды ата»

Оқушылар кезекпен сыныпта көріп тұрған барлық заттарды атап шығады. Кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша тек бір тақырыпқа байланысты сөздерді атап шығу керек. Тақырыптар: «Жиһаз», «Өсімдік», «Құрал- жабдықтар».





«Мен мұғаліммін»

Мұғалім оқушыларға қатемен жазылған сөздерді немесе қатемен жазылған шағын мәтінді береді. Оқушылардың мақсаты өздерін мұғалім ретінде сезініп,2-3 минут аралығында қателерді тауып, дұрыс жазылуын көрсетулері тиіс. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сөздердің дұрыс жазылуларын есте сақтап қалады.





«Айырмашылықтарын тап»

Оқушыларға бір қарағанда бір – бірлеріне ұқсас, бірақ бірнеше айырмашылықтары бар екі сурет беріледі. Оқушының мақсаты: 2 минут ішінде барлық айырмашылықтарды тауып алу. Жоғары сынып оқушыларына 1 минут уақыт беріледі.







«Не жоғалды?»

Үстел үстінде бірнеше заттар немесе суреттер жатады. Оқушы мұқият 1-2 минут қарайды. Оқушы көзін жұмған кезде мұғалім бір затты алып тастайды. Оқушы көзін ашып, не жоғалғанын айтуы тиіс.



«Ұшты- ұшты»

Мұғалім кез келген ұшатын және ұшпайтын сөздерді кезекпен айтады. Оқушылар мұқият тыңдап ұшатын заттарға қол көтеріп «ұшты- ұшты» деп жауап береді. Ұшпайтын заттарға қол көтермейді. Қателескен оқушы ойыннан шығады. Жеңіске қате жібермеген оқушы жетеді.



«Ол кім?»

Мұғалім бір оқушыны тақта алдына шақырып, тапсырма береді, 1 минут ішінде оқушылардың киімдеріне жақсылап назар аудар, есіңде сақтап қал.

Кейін оқушы көзін жұмады да, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беруі тиіс

  1. Айгүлдің көйлегінің түсі қандай?

  2. Арманның үстінде не?

  3. Анардың үстінде костюм бе, әлде күрте ме?

Ойынды күрделендіруге болады. Бір оқушыны толық сипаттаймыз, ал оны ол тауып алуы тиіс.

Көйлегі көк,

Шашы қысқа

Көзі көгілдір



Шалбары қара

Ол кім?

Оқушыларды кезекпен тақтаға шығаруға болады.

«Бұл ненің дыбысы?»

Оқушылар көздерін жұмып, дыбыстарды мұқият тыңдап, бұл ненің дыбысы екенің тауып алулары қажет.(қағаздың , кітаптың парақтарын ашу, су құю, тиындарды есептеу, аяқ киімнің тарсылдауы, қолды шапалақтау, тақтада жазу). Дыбыстарды дұрыс ажыратқан оқушы жеңіске жетеді.



«Мұқият бол»

Азық- түлік тақырыбын өткен кезде, мұғалім допты кезекпен оқушыға лақтырады, лақтырған кезде мысалы: нан, май, сүт деген сөздерде , оқушы допты қағып алуы керек, егер сөз азық- түлікке жатпаса, оқушы допты ұстамайды. Мұқият болған оқушы жеңіске жетеді. Бұл ойынды кез – келген тақырыпты өткен кезде ойнауға болады.



«Қандай заттар жасырылған?»

Мұғалім оқушыларға суретті мұқият қарап, қандай заттардың суреттері жасырылғандарын тауып алуды ұсынады. Дұрыс жауап: тәрелке, кесе, қасық, стақан, шәйнек, құмыра.



«Сөздер құрастыр»

ма ғат

ас ла жаң нау

Ал та би

пан қа рыз быр





«Қандай қалалар?»



О

р



Т


р



А



р



Қ


р













«Тор көздегі сөздің бір әрпін алып оқы»

Үлкен қап

Қыздың аты

Түйенің түрі

Адамның жақсы қасиеті





Қ

А

Н

А

Р














«Керекті әріптерді қой»



(ө –о) рік, б (о-ө)лме, к(і-и)тап,

та(қ-к)та, сы(н-ң)ып, д(а-ә)птер,

м(ү-ұ)ғалім, а(г-ғ)аш, о(қ-к)ушы,

т(у-ұ)з, (у-ұ)зақ, қа(ғ-г)аз

«Бірдей қолғаптарды тап»

Оқушылар үш минут ішінде бірдей қолғаптарды табу керек

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.IE5\ZCKDSXFU\MC900361830[1].wmfC:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.IE5\ZCKDSXFU\MC900361830[1].wmfC:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.IE5\ZCKDSXFU\MC900361830[1].wmfC:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.IE5\ZCKDSXFU\MC900361830[1].wmf







































































































Оқушылардың когнитивтік процесстерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
  • Другое
Описание:

Қазақстан егемендік алғаннан бері барлық оқу орындарында  қазақ тілін оқыту күннен күнге ұлғайып келеді, сондықтан да оқу процесінде қолданылатын материалдарға сұраныс көбейді. Құрастырылған ойындар жинағы тузеу мектебінің қазақ тілі пән мұғалімдеріне сабақ өткізуге үлкен көмек тигізеді.

Материал келесі бағытта берілген; оқушының есте сақтау қабілеттерін , зейіндерін, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

 

Сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс- түзеу ойындары. Түзеу ойындары- көп салалы күрделі педагогикалық құбылыс. Ойын  жан- жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі. 

Автор Султангазина Гульнар Сырымовна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1408
Номер материала 33744
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓