Инфоурок Математика Другие методич. материалыОқушылардың білімін формативті бағалау әдістері

Оқушылардың білімін формативті бағалау әдістері

Скачать материал

УДК:372.851

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ.

 

Мырзагужинова Ж.К

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекшісі: профессор Ахметжанов А.А

 

Кілт сөздер: Білім беру, бағалау, бақылау

Аңдатпа

        Бұл мақалада оқушылардың білімін формативті бағалау әдістері                  қарастырылған.

Аннотация

В данной статье рассматривается методы формирующего оценивания обучения студентов.

Summary

In this article examined methods of forming evaluation of educating of students.

 

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана.  Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.[1]
     Бүгінгі мектептің негізгі міндеті баланың жеке басының қалыптасуын, оның қабілетінің ашылуын, оқуға деген қызығушылықтарын қамтуы болып табылады. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»- дейді. Егер бала әрбір оқу жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор. Мектеп оқушыларының ақыл-ойын дамыту, оқыту мазмұны мен оқу жұмысын дұрыс жолға қою арқылы жүзеге асырылады.[2]
       Бағалау -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.[2]

 «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін - өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Қазіргі бағалау түрлі нысанда, түсінікті, психологиялық тұрғыдан жайлы,екіқұрамды : жиынтық және формативті болуы керек. Жиынтық бағалаудың немесе оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест, емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.[3]
    Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Формативті бағалаудың келесі бір әдістері бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсуі. [1]


    Формативті бағалау үшін не қажет?[2]
-Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек. 
-  Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
-Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. 
Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.
- Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.
- Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері (рефлексия)
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.
-Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Бағалау барысында баланы мақтап,мадақтап,көтермелеп отырудың маңызы зор. Өйткені бала қашанда мақтағанқы қалап ,сол мақтағанға лайық болуға тырысады.Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл күйін тудырап, өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. 
Формативті бағалау тәсілдері:

-  бақылау

-  оқушылардың  ауызша жауаптары

-  оқушылардың  жазбаша  жауаптары

-  тестілік тапсырмалар

Формативтік (қалыптастырушы)  бағалау- оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгеруін бағалау.[1]

Формативті бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы;  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу;  «5» балдық бағалау жүйесінің жақсы қасиеттерін сақтау; оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды негативінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы; бағалаудың объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары.[2]

Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады:[1]

1.Холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке- жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа  мерзімде және жалпы түрде бағалау.

2.Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.

 

Мысал -1. Бүтін санды жәйi бөлшекке  көбейтудің толық алгоритмін құру.

Шешудiң алгоритмі:

1) Көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;

2) Бүтiн санды алымына көбейту:

3) Алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу:  .

4)  Алынған бөлшекті қысқарту:  .  Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру  немесе тиiмдi формада жазып алу керек:  .

Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:

1.                     Бүтін санның жәй бөлшекке  көбейту  алгоритмін құрастыруының дұрыстығын  (оқушы бұл  жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);

2.                     Мысалдың құрастырылуы  және оның дұрыс шешiмi.

Мысал - 2. Егер тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі екіншісінен 4 см қысқа екені және гипотенузасы 20 см-ге тең екені белгілі болса,осы үшбұрыштың катеттерін тап. 

    Кіші катет х см-ге тең болады.Пифогор теоремасы бойынша гипотенузасының квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең болады,яғни

                           .

Шыққан теңдеуді ықшамдайық:

                         

Бұдан мынаны табамыз: ,

Есептің мағынасы бойынша х-тің мәні оң сан болуы тиіс.Бұл шартты тек екінші түбір, яғни 12 саны қанағаттандырады.

Жауабы:12 см,16 см.

Осы есепті өздерінің шығарып көрулерінізге ұсынамын. Қорыта келе осындай есептерді шешу оқушылардың ой өрісін дамытады және де өмір жолында кездесетін қиын жағдайларды жоспарлауға септігін тигізеді. Формативті бағалаудың нәтижесінің негізінде келешек мақсат, міндеттерді айқындауға және кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беріледі. Сондықтан, Формативті бағалау оқытудың маңызды факторы болып табылады.

Пайдаланған әдебиет тізімі:

1. Оспанова Р.С.Сабақтағы бағалау үрдісі. А.:Педагогика, 2010

2. Тажеева П.Р.Формативтік бағалау ерекшеліктері. А.:Ізденіс, 2002

  3. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі (әдістемелік құрал), Орал-2013

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың білімін формативті бағалау әдістері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 633 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.06.2020 3716
    • DOCX 44 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алькина Ирина Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алькина Ирина Николаевна
    Алькина Ирина Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76364
    • Всего материалов: 225

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 424 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 542 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе