Главная / Технология / Оқу шеберханаларында еңбекті қорғаудың негізгі жолдары

Оқу шеберханаларында еңбекті қорғаудың негізгі жолдары

М.Тынышпаев атындағы

ҚазККА Ақмола колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Уразов Айдарбек Кемалович




Оқу шеберханаларында еңбекті қорғаудың негізгі жолдары


Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық студенттер жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір студент қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек. hello_html_m43e7f44f.png











Жұмысқа кіріспес бұрын әрбір студент өз ойын шеберге айтып, арнайы оқу құралдарымен танысуы керек.

Қайталама нұсқаудың мақсаты - оқушылардың білім деңгейін көтеру. Ал жоспардан тыс нұсқаулар еңбекті қорғау ережелері мен технологиялық процесте өзгеріс болғанда ғана жүргізіледі.
Жұмыс нұсқаулары кезінде студенттер шеберханадағы тәртіп ережелерімен танысады, жарақат туғызатын негізгі себептердің, жабдықтардың, құрал - саймандардың, әсіресе электр жүйелерінің ақауларын және т. б. жұмыс істеудің теріс әдістерін естіп біледі. Жұмыс орнында нұсқауды шеберге жүргізеді, ол жұмыстың қауіпсіз әдістерін, техникасын түсіндіреді, электр қауіпсіздігі, жұмыс орнын ұстау тәртібі, оқу механизмдерінің құрылысын, жұмысқа қосу ережелерін, станоктарды тоқтату, тексеру және майлау туралы мағлұмат береді.
hello_html_m14c6f0a4.png
Сондай - ақ шеберханалардағы жабдықтардың орналасуы, оқушылардың ары - бері өтуі есептелуі және олардың жүру жолдары қысқа болуы тиіс. Станоктардың орнығуы мықты, қозғалыссыз, жұмыс кезінде ешқандай тербеліссіз болуы талап етіледі. Студенттердің бойына сәйкес, ал аласа студентке арнаулы, жылжымалы баспалдақ жасалынуы міндетті. Жабдықтардың өзі сенімді қалқалармен, шаңдарды, қиқымдарды, ағаш ұнтақтарын сорып алатындай желдеткіштер, сондай - ақ кесілген материалдарды беріп тұратын механизмдермен қамтамасыз етілуі керек.

Кескіш аспаптардың (ара, фрез, пышақ, қайрақ қалпақшасы) жұмыс бөлігі өңделетін материал мен аспап өткен кезде ашылатын, сонан соң автоматты жабылатын қоршаумен жабылуы қажет Мұның өзі өңделетін материалдың биіктігі мен енінің көлеміне сәйкес болады, қоршау мен сақтандырғыш құрылғы қалдықтардан тазартуды қиындатады. Бойлығына қарай кесуге арналған дөңгелек жүзді станоктарда жұмыс істеу қауіпті болады. Сондықтан студенттерге ондай станоктармен жұмыс істеуге мүлдем тыйым салынады. Кесу, арнайы шикізатты дайындау жұмыстарын мұғалімнің өзі орындауға міндетті.
СТД - 120М ағаш жону станогінде жұмыс істеген кезде оған жонылатын шикізатты дұрыс таңдап алу керек. Сондықтан шеберге тексертіп алу - міндет. Жасайтын бұйым станокқа орнықтыру ретімен мықты бекітілуге тиіс. Оның артқы бекініс штогына міндетті түрде май жағу керек. Жұмысты бастар алдында шеберге тексертіп, бұйымның мықтылығына және талаптарға сай екеніне көз жеткізгеннен кейін станок іске қосылуға тиіс. Жонуға арналған станок пышақтары өткір әрі саптары талапқа сай болуы керек. Егер талапқа сай келмесе, жонылып болайын деген бұйымды істен шығарады немесе жарақаттауы мүмкін. Бұйымды жону кезінде станок ағаш бұйымы мен тіреуіштің ара қашықтығы 3 - 5 мм болуға тиіс. Егер ара қашықтығы одан көп болып кетсе, нақтылы өлшеммен шығарып өндеу қиынға түседі. Әсіресе сыртқы және ішкі бөліктерін нақтылы өлшеммен тегістеу кезінде өте қиынға соғады, тіпті үлкен ара қашықтықты өлшеу арасына пышақ тіреліп, жарақат¬тауы да мүмкін.

Электр қауіпсіздігі. Әрбір шеберханадағы станоктардың ток өткізгіш сымы арнаулы кабельге жалғанып, темір түтікшенің ішімен жүргізілуге тиіс, әсіресе кабель еден үстімен өтетін жерлерде аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені ауыр құрал немесе зат кабельдің үстіне түссе, ол қауіпті, тіпті күрек ұшы да оны жарақаттауы мүмкін. Труба ішімен жүргізілген кабельдің ұзындығы да еден үстінде өте қысқа орынды қамтуға тиіс және ол аяқ астында кедергі келтірмеу керек, яғни оқушылар жүрмейтін жерді, плинтус жағалауын т. б. қамтуға тиіс. Егер есіктің табалдырығынан өтсе, онда труба беті шалынбайтындай, қауіпсіз қорғаныш ағашымен жабылуы керек. Арнаулы кабельден ток күші келетін труба еден үстімен станок жанынан жоғары көтеріліп, станокқа жалғанатын биіктік деңгейінде бітуге тиіс. Шеберханадағы барлық станоктарға ортақ тоқ күшін қосуға және ажыратуға арналған жалпы қалқан міндетті түрде болады. Ол қалқан негізгі оқу шеберханасынан тыс, арнаулы жерде орналасуы міндет. Жұмыс істеп тұрған электр қондырғының ток өткізгіш
бөлшектеріне адамның жанасуынан тоқтан жарақаттану қаупі туады. Күші 0, 5А болатын ток адам өміріне өте қауіпті, ал күші екі есе артық, яғни 1, 0 А ток адамды өлтіріп жібереді.

Сондықтан әрбір студент ток қуатының қаншалықты күшті екендігін білуге міндетті. Әрбір электр станогіндегі ток күшінің аспабы жермен жалғануға тиіс, бұл талап орындалмаса, оқушылардың жұмыс істеуіне мүлдем тыйым салынуы керек.


Оқу шеберханаларында еңбекті қорғаудың негізгі жолдары
  • Технология
Описание:

Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық студенттер жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір студент  қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек. 

Автор Мухтарханова Багдагуль Диханбаевна
Дата добавления 29.01.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 642
Номер материала 55262
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы