Инфоурок Другое КонспектыОқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі

Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі

Скачать материал

Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі

 

 

Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Ш._Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң, содан бастау             керек», ‒ деген сол себептен сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, сабақтың көрнекі өтуін қамтамасыз етеді.

Жаңа педагогикалық технологиялар:

1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы;

2. Проблемалы оқыту технологиясы;

3. Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы;

4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;

5. Міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;

6. Модульдік оқыту технологиясы;

7. Жобалап оқыту технологиясы.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған                               Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты ‒ баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.

Оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және туындаған проблемаларын шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады. Осыған орай оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі. Проблемалы оқыту технологиясын негізгі мақсаты ‒ оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Модульдік оқытудың өзегі ‒ оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады, бірте-бірте толық дербестікке жету көзделеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.

Мақсаты, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіріп, схемалық кестелерді қолдану арқылы оқушылардың білімдерін, біліктерін, дағдыларын қалыптастырып, берілген сұрақтың жауабын тезірек табу мүмкіншілігін туғызады.

Демек, оқушылардың оқу барысындағы қабілеттерін белсендендіру құралдарының бірі сабақ барысында тірек-сызбаларды қолдану.

В.Ф._Шаталов технологиясының басты ұстанымы тірек-сызбаларды пайдалану арқылы үздіксіз қайталау, жүйелі білімді қалыптастыру.

Бұл жүйенің жетістігі – материалды бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, білім алушылардың өзара бақылауын кең қолдану арқылы олардың жеке басына құрметпен қарау.

Тірек-сызбалар ‒ білім алушыларға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда сызбаның оқушы ұғымына сай болуына көңіл бөліну керек.

Тірек-сызба – сабақтың бейне жоспары. Тірек-сызбаны пайдаланудың нәтижесі – тақырыптың тұтастығын, қисындылығын, ықшамдылығын, көрнекілігін қамтамасыз етеді, оқушылардың білімін тиянақтайды, алған білімін оңай еске түсіруге көмектеседі. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану болып табылады.

Тірек-сызбаларды қолданудың тиімділігі:

-      жүргізілген жұмыс белгілі бір нәтижеге бағытталады;

-      оқушылардың сабаққа ынтасы, қызығушылығы артады;

-      мұғалім мен оқушы шығармашылықпен жұмыс жасайды;

-      мұғалім оқушыны жан-жақты зерттейді;

-      оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

-      сабақ кезінде мұғалім уақытты ұтымды пайдалануға қол жеткізеді;

-      оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туады;

-      қиын мәтіннен керек жердің негізгісін тауып алуға, өз бетімен жұмыс жасауға мәжбүр ете бастайды, ойлануға, ой-өрісін дамытуға көмектеседі;

-      теорияның негізгі түйінің таба білуге, оны дәлелдеуге үйретеді;

-      дағдыны сақтауды қалыптастырады;

-      оза оқуға мүмкіндік береді.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізе білуіміз керек.

Оқыту әдістемесі мен педагогикалық тәжірибелер негізінде оқушы ойын, шығармашылық қабілетін дамытуда «Ойлаудың заттық – бейнелік түрі» негізгі міндетті атқаратыны айқындалған. Олар :

-      оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

-      тақырып мазмұнын аша білу, оқу әрекетін дамыту;

-      әрбір оқушының жас психологиялық ерекшелігін ескеру;

-      міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейін кеңейту.

Оқыту әдістері мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану – жетістік көзі. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқытудың тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған В.Ф. Шаталов өз еңбектерінде көрсеткендей, тірек-сызбаларының негізгі мақсаты – «Егер есіңе сақтау үшін үйренсең ұмытасың, ал егер түсіну үшін оқысаң – есіңе сақтайсың» деген қағидасын енгізу.

Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек. 

Тірек-сызбаларды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, болжам жасатып, мақсат қойып, толық мазмұндық ақпарат алуға жағдай жасайды. Тірек-сызбалар – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар – кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар, модульдер, блоктар, суреттер арқылы іске асырылады. Тірек-сызбалар оқушы қиялын дамыту мен өзін-өзі талдау, қызығушылығын ояту, шығармашылығын дамытудың негізі.

Тірек-сызбаны құрудың негізгі қағидалары:

1.  Тірек-сызба – оқу материалының негізгі бөліктерінің мазмұынын жинақтайтын бөліктерден тұрады;

2.  Әрбір бөліктердегі теориялық материал арнайы белгілер, сызбалар, сөздер арқылы біріктіріледі;

3.  Тірек-сызбалар – есте оңай сақталатындай қарапайым болуы керек.

Бұл үшін графикалық безендіруде шығармашылық ізденіс және ұшқыр ой тапқырлығы талап етіледі.

Тірек-сызбалар ‒ білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тірек-сызбалар арқылы білім беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттерін ойластырып, саналы да сапалы меңгерту жүзеге асырылады.

Тірек-сызбаларды пайдалану мұғалім үшін тиімді, тақтаға бормен жазып жатудың қажеттігі азаяды, барлық сабақ барысы оқушының көз алдында тұрады, оқу мазмұнын қысқаша баяндап шығу арқылы, көптеген оқушыны бағалау мүмкіндігі туады. Тірек-сызбалар білім берудің үш мақсаты – оқыту, тәрбиелеу және дамытуды орындау кезінде мынадай дидактикалық қызметтерді: үйрету, бағыттау, тексеру жүзеге асырады. Материалды ең алғашқы кіріспе сабақта қысқаша – тезистік дәріс түрінде бергеннің өзінде, сөйлесу бөлімінде көптеген ойын түрлері арқылы материалды 7 ретке дейін қайта қайталап оқып, оқушының білімінің берік болуына, оның өз бетімен көп ізденіп тырысуына, әр деңгейлік тапсырманы орындау барысында шығармашылық дағдысы қалыптасуына, оқушыларды ұжымшылдыққа, тіл коммуникативтілігінің артуына, пәнге қызығушылығының артуына көп көмегін тигізеді. Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар жүргізу кезінде бір ғана сабақтың үстінде дарынды оқушымен де, орташа оқушымен де, нашар оқушымен де байланыс үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар оқушылар әр сабақта бағаланып, қорытынды бөлімде олардың алдыңғы сабақтарда алған бағаларын жақсартуына мүмкіндік туады. Ең бастысы ‒ оқушы дәстүрлі сабақтағыдай 45 минут бойы бір орында тапжылмай отыру, жалығу, шаршау деген сияқты жағымсыз жақтарды басынан кешірмейді. Сабақ барысында оқушының сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Оқушы өзін жан-жақты көрсетуге тырысады, себебі әр сабақ сайын бағаланғысы келеді. Оқушыларға сапалы білім беру, оқу бағдарламасындағы білімді қамту мен кеңейту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы – тірек-сызбаларды пайдалану қажет.

Оқушының жан-жақты білімді болуы – мұғалім күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты. Кез келген оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты арттыруда тірек-сызбаларды пайдаланудың тиімділігі жоғарыда көрсетілгендей зор, олар оқушыға теориялық білімді жүйелі меңгертуге қол жеткізеді.

Тірек-сызбасына ғылыми анықтама берсек ‒ білім алуда оны меңгеруге, есте сақтауда, талдауда білімнің көзі ретінде пайдаланатын сызба құрал .

Тірек-сызбаларды теориялық білім күрделі болып келген жағдайда пайдаланған тиімді. Күрделі формулаларды қорыту барысында, құралдардың неден тұратыны, қалай жұмыс істейтінін меңгеру үшін көп көмегін тигізеді. Тірек-сызбалары ‒ оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшеліктеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады.

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі пайда болғанда әр түрлі қызықты суреттері мен сызбалары бар тірек-сызбаларды жасауға мүмкіндік туды. Аталмыш технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі артып, оқушыларды жеке тұлға ретінде бағалауы ерекше орын алады.

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

Жаңа технологияны пайдаланған уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар :

1.  Оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;

2.  Әдістемелік жүйені үнемі жетілдіру;

3.  Әрбір оқушының қабілетіне және жас ерекшелігіне қарай білім беру, дербестікке, ізденімпаздыққа баулу;

4.  Мұғалім түсіндіруші, баланың оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көріну керек;

5.  Оқу мотивациясы мен белсенділігін дамыту;

6.  Оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыру;

7.  Оқушының өзін-өзі басқаруын жетілдіру және өз әрекетіне өзіндік баға беруін дамыту;

8.  Оқушы өзін еркін сезінеді, ізденеді, жетістікке жетеді.

Тірек-сызбаларды қолданудың негізгі ерекшеліктері:

-      үнемі қайталау;

-       міндетті, кезеңдік бақылау жұмысы кезінде туындаған қиыншылықты жою;

-      жеке бағадарлы қарым-қатынасқа ықпал;

-      берілген технологияны барлық типті сабақтарға, оның әр түрлі кезеңдеріне қолдану мүмкіншілігінің жоғарылығы;

-      дәріс материалдары қысқарған түрде беріледі;

-      оқу бағдарламасындағы бірнеше тақырыпты қамтып, блоктау әдісі арқылы берілу мүмкіндігі туады.

Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, бірнеше көрнекі сабақ өткізуге болады. Қай сабақта болмасын – оқушы шығармашылығын дамыту, алға жетелеу, нәтижеге бағыттау негізгі мақсат болып табылады.

Тірек-сызблар оқушының мынадай мәселелерге көңіл аударуын қажет етеді:

1.  Тірек-сызбаны мұқият оқып шығу. Егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы параграфты оқу;

2.  Тірек-сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап меңгеру үшін өзінің дәптеріне заңдар мен олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;

3.  Көру және жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал болатынына назар аудару керек.

Әрбір сабақ оқу үрдісінің негізгі бөлігі. Тірек-сызбаларды пайдалану арқылы өткізілетін сабақ нәтижесінің негізгі шарттары:

-       дұрыс пайдаланылған уақыт;

-       оқушының өзіндік жұмысының үлесін арттыру;

-       әрбір сабақтың, тақырыптың мазмұндық өрісін кеңейту;

-       әрбір тақырыпқа арналған тірек-сызбаларды біріктіріп, блоктауға болады.

Бір жүйедегі оқу материалын бірнеше сабақтарда тұтас қарастыру ‒ оқушының тақырыпты толық зерттеуін қаматамысыз етеді.

Тірек-сызбаларды біріктіру арқылы блоктап оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында, тірек-сызбаларды пайдалануда әрбір оқушы жеке тұлға ретінде үлес қосып, топтық білімге араласады.

Тірек-сызбалар ‒ оқу материалын оңай меңгеруге, ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен, тірек-сызбаларды пайдаланудың артықшылықтары:

1. Оқушы үшін:

-      оқушының теориялық білімін жүйелі түрде қалыптастырады, жинақтайды, тиянақтайды;

-      оқушының ой-өрісін дамытады, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады;

-      оқушының өз ойын дәл, қысқа, көркем, таза тілмен жеткізе білуге үйретеді;

-      оқушының шығармашылық қабілеттерін арттырады, ізденуге үйретеді;

-      пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2. Мұғалім үшін:

-      мұғалім оқыту технологиясы ұтымды пайдалануға дағдыланды;

-      кәсіби біліктілігі артады;

-      оқушыны үйрете отырып, өз ойын нақты, дәл жеткізеді;

-      топтық жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

-      оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады;

-      сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды;

-      оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

Тірек-сызбаларды жүйелі пайдалану – пәннің ерекшелігін ескеріп, тақырыптағы негізгі ұғымдарды меңгеріп, ойлау қабілетін дамытып, оқу материалын тез меңгеріп, үнемделген уақытты оның іскерлік мақсатына жұмсауына мүмкіндік береді.

«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер», ‒ деп ұлы ойшыл Конфуций айтқандай, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтыла отырып, ғылым негіздерін меңгеретін, бағдарлы пікірі бар, ұлттың рухын асқақтатып, әлемдік өркениетке ұмтылатын озық ойлы жеке тұлғаны тәрбиелеуде жаңа белеске көтерілетініміз анық.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жету және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек-сызбаларды қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады.

Тірек-сызбалары көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Барлық педагогикалық әдіс-тәсілдер оқушының танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне, тиянақтауына бағытталуы керек.

Тірек-сызбаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуға, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады. Тірек-сызбаларын жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан-сыныпқа көшу, қорытынды бақылауына әзірленуде, бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да оқыту әдістерін жетілдіру – жетістік көзі.

В.И. Шаталов жүйесінің жетістігі – тақырыпты бірнеше мәрте қайталай отырып, қол жеткізетін білімнің мықтылығына талпыныс, білім мен білік үшін нақты бақылау, оқушының жеке басына құрметпен қарау.

Қазіргі мектептің міндеті – оқушыларға дайын білімді жеткізу ғана емес, оларды өздігінен білім алу әдістеріне баулу. Тірек-сызбалар оқушыға пәннің әрбір тақырыбынан білімді игерудің міндетті талабының көлемін нақты алуына мүмкіндік береді.

Тірек-сызбаларды қолдану теориялық материал мен аудиториялық жұмыстың уақытын қысқартады, баяу оқып үйренетін оқушыларды жалпы қарқыннан қалмауға мүмкіндік береді. Тірек-сызбалар сыныпта және үйде оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін өз бетімен жұмысын анықтайтын тестілермен, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ жүйелерімен қоса жүреді.

Тірек-сызбаларды қолданып оқыту барысында оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды.

Тірек-сызбаларды пайдаланған уақытта өткен тақырыпқа нақты жауап беруге, алған білімді белгілі бір жүйеге көшіруге мүмкіндік туады. Оқушылар тірек-сызбалар бойынша тақырыптың мәнін ашып жүйелі түрде әңгімелеп, тақырыпты толық меңгергенін дәлелдейді. Оқушылар топпен және жұппен жұмыс жасауға дағдыланады, тақырыпты жүйелі меңгереді. Оқушының қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты.

Сабақтың қай түрі болмасын тірек-сызбаларын қолдану тиімді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек-сызбалар таптырмас көмекші құрал. Тірек-сызбаларды пайдаланғанда оқушы тақырыпты жақсы терең меңгереді, мұғаліммен бірігіп талдайды, материалды жақсы есте сақтайды. Төменде

 

 

 

 

тірек-сызбаларды қоданудың жүйесі келтірілген (1 сызба).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1 сызба. Тірек-сызбаларды қолданудың жүйесі

 

Қорыта келгенде, тірек-сызбалар оқушылардың физика сабағына деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, төмендегі қызметтерді де атқарады:

1.   Оқушыларды оқыту ісіндегі дифференциалдық әдіс мұғалімнің сабақ кезіндегі жұмысының жалпы жүйесіне табиғи түрде енеді де, білім берудің басқа да әдістері және түрлері мен ойдағыдай үйлесіп-үндесіп кетеді, сөйтіп оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдерге, ал үйге берілген тапсырмаларды орындауда және өз бетімен әзірлену ісінде оқушыларға зор көмек көрсетеді.

2.  Тірек-сызбаларды қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтеруге және оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттырары сөзсіз.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызу және олардың білімдерін кеңейту, дағдыларын қалыптастыру мақсатында В.Ф. Шаталовтың   технологиясы бойынша тірек-сызбаларды сабақ барысында қолдану мұғалім үшін таптырмас құрал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу процесінде тірек - сызбаларды пайдаланудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 375 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2020 3257
    • DOCX 32.8 кбайт
    • 53 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Андриянова Олеся Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Андриянова Олеся Алексеевна
    Андриянова Олеся Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 159129
    • Всего материалов: 233

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 37 регионов