Главная / Другое / Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта мектептің қазақ тілі пәнінен, Әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырылған дидактикалық құрал

Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта мектептің қазақ тілі пәнінен, Әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырылған дидактикалық құрал



















ҚАЗАҚ ТІЛІ



Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта мектептің

Әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырылған

дидактикалық құрал

















Павлодар қаласы





Түсінік хат

Бұл жинақ оқу бағдарламасының мазмұнына озыту мақсытына сай келеді. Ұсынылатын мәтіндер тіл үйрену деңгейіне сәйкестендіріліп құрастырылды.

Осы дидактикалық құралды әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырудағы негізгі мақсаты: оқушыларды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтатын деген ойды дәл жеткізуге баулу. Біріккен сөздер мен күрделі сөздерді меңгеруге өте тиімді тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары берілген. Кейбір грамматикалық тапсырмалар деңгеймен беріледі.
















Күрделі сөздер, біріккен сөздерді меңгертуге арналған жаттығу тапсырмалар

  1. Төмендегі біріккен сөздердің бірігу жолдарын анықтаңдар.

Жаздыгүні, бүрсүгүні, алдыңгүні, аққу, өнеркәсіп, кәсіпорын, оңтүстік, солтүстік, баспасөз, шекара, жалақы, балықкөз, түлкімұрт, текесақал,,ұзынқол, баукеспе, жолбарыс, еңбеккүн, белбеу, қолғабыс, Сырдария.


2. Мына біріккен сөздерді жасалу жолына қарай топтап жазыңдар.

Күндіз, атқамінер, әжептәуір, Бақтоты, балақыз, баспасөз, баспахана, жазғытұрым, жатақхана, жолбасшы, күнбатыс, көркемөнер, қаракөз, қолқанат, қолжазба, орынбасар, отағасы, сегізкөз, халықаралық, ұлтабар.

Әкел, әкет, әпер, сексен, тоқсан, былтыр, қарақат, жексенбі, көзілдірік, жүзік, кекілдірік, дүйсенбі.


  1. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрап, ондағы біріккен сөздерді дұрыс жазуға жаттығыңыз.

Бессайыс ойын, қымбат білезік, жұпар жөптің иісі, кемпірауызды әпер, дәмді майтабақ, Көкшетаудың сұлулығы, өмәрбаяныңды жаз, өнеркәсіпті дамыту, саяжайға жиналу, суарыққа келдік, мұзжарғыш кеме.


4. Жаттығуды оқып, ондағы бірге жазылып тұрған біріккен сөздерді теріп

жазыңдар.

Содан бері бір апта өтті, төбе көрсеткен ешқайсысы жоқ (Қ. Ж.). Сол кісінің қырқы өткенше, Бибі екеуі Сары өлеңде үлкен ауылда болып, қазанның арты күтті (Қ. Ж.). Мына Бибінің жаңа осында атаған ақсарбасы бар (Қ. Ж.). Ешкімнің де бұған өкпе-наласы болмаған (Қ. Ж.). Меркіш, Жастабан, Шеруші, руларының басты адамдары кеше мұны орталарына алып, оңаша үйде қонақасы берді (Қ. Ж.). Орынбордағы ашаршылық Ақмола губерниясының әлдеқайда күшті сияқты (Қ. Ж.). Сол байғұс әркімнің қолына бір жармасып жан ұшыра көп таласты (Қ. Ж.)



  1. Төмендегі сөйлемдерден қос сөздерді тауып, олрды мағыналарына жасалу жолдарына қарай бөліп көшіріңдер.

1.Эшелон ішінде бала-шаға, үлкен кіші, шал-кемпірлерді келе жатқан бірен-саран әскері адамдар бар(Ә.Ә). 2. Ақтылы-көктілі көбелектер қалт-қалт етіп, екеу-екеуден жарысып ойнады.3.Жер-дүние, жан-жануар марғау тартып тұрған тәрізді. Белес-ойпандар да, бұта-өсімдіктер де қөқпеңбек. Қара жерге түп-түгел жасыл жібек төсегендей (С.С). 4. Ұшы-қиыры жоқ өмір жолында іркес-тіркес, ілгерінді-кейінді эстафеталық жарыс өтіп жатыр(С.Б). 5. Айнала тым-тырыс. Оқтын-оқтын салқын самал есіп өтеді (С.Б).


  1. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, қос сөз жасаңдар.


Биік, жоғары, бырқ, бүкең, зу, секең, бырт, сырт, қора, ұлт, қыз, келін, кейінді, ілгерінді, алты, бес, мая, үлкен, кіші, әрі, бері, аласа, төмен, қарсы, түйіс, жылт, аяқ, табақ.


  1. Төмендегі қос сөздердің түсініксіз сыңарына этимологиялық сөздік бойынша талдау жасап көріндер.


Жора-жолдас,бала-шаға, азық-түлік, бірен-саран, ет- мет, қой-мой, жі-

гіт-желең, тоқты-торым, сүйек-саяқ, шай-пай.


  1. Мына сөйлемдерден қос сөздерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндір.


1.Үй іші ағыл-тегіл жатқан оны-мұны нәрселер: ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, көйлек-көншек дегендер.(М. Ғ.). 2.Әрлі-берлі жүгіріп,асыр салып ойнайды. 3.Сол бойда өзен жағасына келді де, жалма-жан шешіне бастады. 4.Іші-сыртының қара сылағы ғана сыланып, есік-терезе орнатылған қалпында иесіз қалған үй екен. (М.Им.).


  1. Төмендегі сөздер қандай ұғымның атаулары екенін анықтап, олардың әрқайсысы қандай сөздерден, қалай бірігіп тұрғанын айтыңдар.


Еңбеккүн. Көзқарас.Елтаңба. Белбеу. Талдықорған. Бүгін. Әкет.






















Есіл бойы

Жолшыбай жат ел. Ар жағы-Қызылжар. Ауыл арасы болса, бір сәрі. Түн

ортасы ауа жел бәсендеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерде әлденемен шұғылданған адам. Сол бір түсте күбірлескен екі адамның сыбыры естіледі. Біз ілгері жүріп кеттік. Даланың өн бойында мыңдап өрген қалың мал. Есілдің тұс-тұсынан ағылған халық көз тұндырады.Әріде Қарасудың жағасында өскен қалың талдың ішінде, ағараңдап әлденеше үй және сарайған биік труба көрінеді. Боржабай екеуіміз бермен қарай жүрдік. Маған бұл қаладан төмен Омбыға поезбен кету қажет.

(С. Мұқанов)

hello_html_76431ecb.png


Деңгейлік тапсырмалар.

I деңгей

  1. Интонацияны сақтай отырып, дауыстап оқыңдар.

  2. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, бірігу жолдарын анықтаңдар.


II деңгей

  1. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есім болған біріккен сөздерді табыңдар.

  2. Мәтіндегі кездесетін біріккен сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар.


III деңгей

  1. Осы тақырыпқа үқсас «Ертіс бойындағы қала» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңдар.




Сарыарқа

Орталық Қазақстанда ағаштың бірнеше түрлері бар. Қарқаралы, Баянауыл, Қөкшетау, Ереймен тауларында әдемі ақ қайындар, боз

талдар өседі.

Орталық Қазақстан түсті металлдар өте бай. Республикамызда көмір, мұнай, мыс, темір шығатын жерлер: Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Қарқаралыдағы Кентоғай, Қостанайдағы Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен орындары. Орталық Қазақстанда тұзды көлдер бар.

Сарыарқа- Шоқанның туып-өскен алтын бесігі, Ыбырай Алтынсарин қазақ жастарына арнап мектеп ашып, білімге жетелеген өлке. Бұл- Ақан серінің, Біржанның, Жаяу Мұсаның, Майраның алуан түрлі әндері тараған өлке.


hello_html_m7477af56.png


Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

  1. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, түрін ажыратыңдар.

  2. «Сарыарқа» сөзін септеңдер.


II деңгей

  1. Қос сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлем құрастырыңдар.

  2. Мәтін бойынша тірек сызба құрастырыңдар.


III деңгей

  1. Қазақстанның картасын қолдана отырып, Сарыарқаға саяхат жасаңдар.


Астана қаласы

Астана қаласы- Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы.Ол Сарыарқадағы Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Қала бұрын Ақмола, Целиноград деп аталған. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласы күннен-күнге құлпырып келеді.


hello_html_m13183b40.png


Деңгейлік тапсырма.

  1. деңгей


  1. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жазыңдар.

  2. Елордасы сөзін сөз құрамына қарай талдаңдар.


II-деңгей


  1. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазып, бір сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.

  2. Астана қаласы тақырыбына жағдаят жасаңдар.


III-деңгей


  1. «Еліміздің жүрегі- Астана» немесе «Астана-болашақтың қаласы» тақырыптарына эссе жазыңдар.




Алматы қаласы

Әкем қысқы демалысында іссапарымен Алматы қаласына баратын болды. Мені де өзімен бірге ала кететін болды. Сөйтіп дүйсенбі күні билетімізді алып, пойызға міндік. Жолсерік бізге купедегі орнымызды көрсетті. Алматы темір жол бекетіне жақындағанда түсуге дайындала бастадық. Ол жерде бізді әкемнің досы күтіп алды. Сөйтіп Құрманға-

зы көшесі мен Достық даңғылы қиылысындағы «Қазақстан» қонақ үйіне келіп жайғастық. Ертесіне Медеу мұз айдынының келген соң, Ұлттық мұражайды араладық. Кешкісін Абай атындағы опера және драма театрына бардық.

Екінші күні «Заңғар» әмбебап дүкеніне бардық. Әкем маған қазақ әншілерінің үнтаспасын сатып алып берді. Түс ауа 28-Панфиловшылар атындағы саябаққа бардық. Содан кейін хайуанаттар бақшасын араладық. Екі күндік саяхатымыз өте қызықты өтті.


C:\Users\Пользователь\Favorites\Pictures\алмата\img_5475.jpg


Деңгейлік тапсырма.

I-деңгей

1.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазыңдар.

2.Зат есімдердің септіктерін анықтаңдар.

3. Мәтін бойынша 6 сұрақ дайындаңдар.

II-деңгей

1. Сахналау ( рөлге бөліну).

2. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар.

III-деңгей

1.«Қазіргі Қазақстан қалалары» деген тақырыпқа өз пікірін жазыңдар.



Қызылорда

Қызылорда - республикамыздағы ірі қалалардың бірі. Ол - әкімшілік, мәдени және экономикалық орталық.

Қаланың бай тарихы бар. Қызылорда 19-ғасырдың ортасында «Ақ мешіт бекінісі» деп аталған. Ол 1908 жылға дейін Ақмешіт, кейін Перовск деп аталған. Революциядан кейін қалаға қайтадан Ақмешіт аты берілген де, 1925 жылдан бастап «Қызылорда» аталды. 1926-1929 жылдары Қазақ АССР-ның астанасы болды.

Қызылордада педагогика институты, политехникалық техникум, медицина училищесі, отызға жуық мектеп жұмыс істейді. Бұған қоса Н. Бекежанов атындағы қазақ драма театры, облыстық тарихи өлкетану мұражайы, көптеген мәдениет үйі, кітапханалар бар.

Бүгінгі Қызылорда үлкен құрылыс алаңына айналып отыр. Келешекте ол сұлу сырдың жағасына қарай ойысып, бой түзеп, қанатын кең жая бермек.

(С.Ақтаев).


hello_html_m33ea7ff9.png
hello_html_6350c950.png

Тапсырмалар.

І деңгей

1. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.

2. Мәтіннен жалқы зат есімдерді теріп жазыңдар, бірнеше сөздерге

морфологиялық талдау жасаңдар.


II-деңгей

1. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Қызылордада, кітапханалар, республикамыздағы.

2. Мәтіндегі біріккен сөздермен сөйлем құрастырыңдар.


III-деңгей

1. «Менің қалам» деген тақырыпқа мәтін құрастырыңдар.




Павлодар қаласы

Павлодар-республикамыздағы ірі қалалардың бірі. Ол-әкімшілік, мәдени және экономикалық орталық. Павлодар қаласы-Павлодар облысының орталығы.

Бұрынғы атауы-Кереку, 1861 ж. каланған. Бұл қала Ертістің жағасында орналасқан. Қаланың көшелері кең, таза әрі әдемі. Олар атақты адамдардың есімімен аталған.Қаламызда әр түрлі ғимараттар бар: Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университет , кітапханалар, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ драма театры, Спорт кешені, мұражайлар, Достық үй, кинотеатрлар, т.б. Павлодар- Қазақстанның өнеркәсібі дамыған қала. Мұнда алюминий, мұнай өндеу, химия зауыттары бар.Жазы ыстық, қысы ұзақ, суық және боранды.

Жұрттың көз алдында Павлодар қаласы еліміздің көркем қалаларының бірі болып айналып келеді.


hello_html_3b4563bd.pnghello_html_233ae3e.png


Деңгейлік тапсырмалар

I-деңгей

  1. Мәтінге бірнеше сұрақ құрастыр.

  2. Зат есімдерді теріп жазыңдар. Құрамына қарай талдаңдар.


II-деңгей

  1. Мәтінге диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.

  2. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазып, оларға морфологиялық талдау жасаңдар.


III-деңгей

  1. Палодар қаласы- болашақта деген тақырыпқа жоба жасаңдар





10. Жалғастырыңдар.

Кісі аттары: Ернұр, Алтынай, Аймангүл, Елжан, Айдос, .....

Өсімдік аттары: саңырауқұлақ, итмұрын, таңқурай,....

Жер-су аттары: Бурабай, Қызылорда, Ақтөбе, Жаңақала, Жаңаөзен, .....

11. Сөздердің ішінен біріккен сөзді теріп жазу.

Тәуілсіздік, алтыбақан, Ақжайық, арқармүйіз, қаңтар, көктем.

12.Көп нүктенің орнына біріккен сөз қою.

Түнгі ашық аспанда жарқанат қалықтап ұшып жүр

Қаламқас әсем ән шырқады

Меруерт шаңсорғышпен үй тазалады.

13. Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар.

Берілгені: Ақ, соқыр, тоғыз, ақ, қара, айыр, сақал, құмалақ, сүйек, теке, торғай, бас, әр, әлде, кей, бір, қайсы, кім, кезде, деме, келкі.



























Карточка № 1

1. Еш бала, еш жерде бірге жазыла ма, әлде бөлек жазыла ма?

2. Сан есімнен жасалатын күрделі үш сөз жаз.

Карточка № 2

1.Біріккен сөзге бес мысал жаз.

2. Құлагер, Жанбота, күздігүні осы сөздерге сөйлем құра.

Карточка № 3

1. Қысқарған сөздерге бес мысал жаз.

2. Ата- ана, ет-мет жасалу жолын жаз.

































Әдебиеттер тізімі


  1. К. Жунусбекова. Казахский язык.Пособие для изучающих казахский язык.- Алматы. «Рауан» 1995ж.

  2. Н. Оралбаева, Ә. Абылаев. Қазақ тілі. Кәсіптік-техникалық училищелерге арналған.- Алматы. «Ана тілі». 1992ж.

  3. Ш.Б. Бектуров. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис.

Алматы. «Атамұра».2006ж.

  1. Б. Құлмағамбетова, Т.Ералиева, Г.Әбдірәсілова, Г.Ибраева. Қазақ тілі. Хрестоматия. 6 сынып.- Алматы. «Атамұра» .2002ж.





Оқу орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта мектептің қазақ тілі пәнінен, Әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырылған дидактикалық құрал
  • Другое
Описание:

Түсінік хат

    Бұл  жинақ  оқу бағдарламасының  мазмұнына озыту мақсытына сай келеді. Ұсынылатын мәтіндер тіл үйрену деңгейіне сәйкестендіріліп құрастырылды.

    Осы  дидактикалық  құралды  әлеуметтік-мәдени ая бойынша құрастырудағы негізгі мақсаты: оқушыларды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтатын деген ойды дәл жеткізуге баулу. Біріккен сөздер мен күрделі сөздерді меңгеруге өте тиімді тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары берілген. Кейбір грамматикалық тапсырмалар деңгеймен беріледі.

 

  

Автор ЕЛЬТАЕВА САУЛЕ ДЮЙСЕНБИНОВНА
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 614
Номер материала 56178
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓