Инфоурок Математика Другие методич. материалыОқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс

Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс

Скачать материал

Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі

өзгеріс

Қазіргі кездегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті  дамытатын – бүгінгі мектеп оқушылары. Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік наным-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді (Нұсқаулық 5бет).   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «педагог қызметкерлер өз білімін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, сондай-ақ білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіру қажеттігі мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауда жаңа өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Осы орайда Кембридж университетімен бірігіп Назарбаев Интеллектуалды мектептердің жанында Қазақстанның білікті педагогтарының жасаған мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсының  болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беретін жаңа формациялы мұғалімдерді дайындау мақсатындағы жұмысы бүгінгі таңда өзекті деп ойлаймын.

Өз тарапымнан бұл курста оқып, жаңа педагогикалық технологиялар мен білім берудің жаңа қағидалары мен әдістерімен танысуымменің өз іс-тәжірибем мен білім беру туралы көзқарасыма өзгерістер алып келді деп айта аламын. Жас маман ретінде пединститутты аяқтағаныма көп уақыт болмаса да  дәріс беру тәсілі бойынша алған білімім негізінде өткізіп жүрген сабақтарым қазіргі заман талабына жауап бере алмайтынын сезініп жүрдім. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады (Нұсқаулық 5бет). Бірақ  білімім бола тұра тәжірибемнің аз болу себебінен өз іс-тәжірибеме жүйелі түрде қалай өзгерістер енгізе алатынымды білмедім. Бұл түсінікті де. Себебі білім бірден келмейді, егер қателесіп оны түзеу жолымен тәжірибемді жетілдіретін болсам, онда таныс емес болған жағдайда бұл менің бүкіл адамзаттың даму жолын басымнан өткізіп шығу қажет дегенді білдіретін еді. Бұл курс арқылы мен уақытты көп ұттырмай ғылыми зерттеулер кешеніне негізделген, сынақтан өткен, әлем деңгейінде талаптарға сәйкес қазіргі заманның білім берудің қағидалары мен тәсілдерімен танысуға мүмкіндік алдым. Мұнда оқыту сапасын көтеру туралы дүние жүзіне белгілі атақты педагог ғалымдардың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі мен еліміздің тәжірибелі ұстаздарының көп жылғы тәжірибесі  пайдаланылған.  Бұл мені  ізденістерге жетелеп, үздіксіз білім алуға деген қажеттілігімді оятты. 

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту әдістерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді (Нұсқаулық 5бет).

Мектепте жеті модуль ұстанымдарын ескере отырып, оқытуда жаңа тәсілдер мен формаларды енгізген тәжірибемді  жүзеге асырдым. Одан байқағаным, бұрынғы дәстүрлі білім беру тәсілімен өткізіп жүрген сабақтарымда оқытудың білімнің мазмұнына бағытталатыны, ал жаңа тәсіл бойынша ол білімді беру әдістеріне басымдық береді.     Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері ретінде Мерсердің мен Александердің «Диалогтық оқыту» мен Выготскии мен Флавеллдің метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады (Нұсқаулық12 бет). Ол оқушының нені оқып жатқанымен бірге қалай оқып жатқаны маңызды деген сөз. Бұл оқушыларға өздерінің оқуы бойынша жауапкершілік жүктейді.

Тәжірибеге барған кезімдегі менің оқушыларым туралы ақпарат:

Оқушыларымның барлығы дерлік оқуға ынталы деп айта алмаймын. Олар әр түрлі пәндерге белсенділік танытатын. Оқушыларға практикалық жұмыс жасау және сөйлеу дағдылары қалыптаспағандықтан, ауызша сабақ айту қиынға түсетін. Өздігінен жұмыс істеу және дәптермен жұмыс немесе барлық тапсырмаларды жазбаша орындау. Оқушылар сыныпта өздігінен білім меңгеруге дағдыланбаған болды.

Алғашқы  күні оқушылармен кездесуде бірден сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру үшін «Бетпе-бет» кезеңінде бірінші сабақта пайдаланған ойындарға  ұқсас  «Тілек ағашына» бір- бірімізге  жақсы сөздерді, стикермен жолдаймыз деген тапсырма бердім. Мұндағы мақсатым: оқушыларды  достастық  сезімдерін  нығайту және  бір-бірінің  ойларын  құрметтеуге, сабақта берілген жауаптарына дұрыс емес деген   ұғымды айтпауға үйрету. Нәтижесінде: оқушылар  өте жақсы тілектер жолдаған. Арман өзінің тілегінде мен сыныптастарыма апта бойы жақсы  көңіл - күй  сыйлаймын; Айзат пен Арғын мен, достарыма осы аптада сәттілік тілеймін; Даяна мен сыныптастарыма,  сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алуларына шын  жүректен тілектеспін т.с.с. тілектер жазылған. Оқушылар өздері туралы  оқушылар ретінде  ойланады,  осылайша қалай оқу керектігін үйренеді, бұл 'метатану' (ойлау туралы ойлану және өзінің оқуын өзіндік басқару) көптеген зерттеулерде оқыту үрдісін айтарлықтай жетілдіру ретінде қарастырылады (Нұсқаулық 14бет). Бұл тәжірибемде қалай оқу керектігін үйрету әдісін қолдандым. Сабақта білімділік мақсаты мен міндетін таныстыру арқылы талап қоя білдім. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау үдерістері қалыптасты. Жаңа тақырып кезінде жұмыс қағидаларын зерттеп, оны дәлелдеуге дағдыланды. Топпен жұмыс кезінде жұмысты орындау стратегияларын  әзірлей біледі және нақты ойластыра алады.

Мұндай жұмыс барысында оқушылар оқу ептілігі дамиды және ақпартты енжар қабылдамай оны нақты қалыптастырып,  сабақта белсенді болады. Менің мақсатым: оқу үдерісінде оқушыларға білімді өзін-өзі басқару арқылы алатындығын  мойындату. Жүйелі әдіс қолдану арқылы оқушының шығармашылығын анықтау және оны практикада қолдануға үйрету.  Мысалы,  сабақта алған теорияны өмірмен  байланыстырып және оны практикада қолдана алатындығына көздерін жеткізу. Оқушылар өзін-өзі  тану арқылы оқуды жақсы көруге ынталанады. Оқушылар өздері ойлану арқылы білім жүйесін жақсарта алатындығына көзім жетті. Ауызша сабақ  айту арқылы өз білімін жетілдіре алды, математикалық тілін дамыта алды. Мұғалім дұрыс бағыт берген жағдайда, оқу жүйесінде оқушы нақты білім алады, зерттеу жүргізе алады, нақты дәлел көрсете алады.  Сын тұрғысынан ойлау сыныптағы оқушыларды бақылау бойынша жүргізілді. Әр сабақта оқушылар тақырыпты ашу мақсатында сын тұрғысынан ойлады. Сабақ барысында тапсырма орындау кезінде  және ақпараттық технологияны қолдану арқылы сыни  тұрғыдан ойлады. Топпен жұмыс кезінде сыни тұрғыдан ойлау арқылы, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында бірнеше сабақ өткіздім. 6-сыныпта Арман  өте жақсы, Даяна орташа, Али өте баяу осы оқушыларды бақылауға алынды. Сабақ барысында Арман жаңа тақырып кезінде жылдам жауап бере алды. Ал, Даяна орташа жауап, Али  жауап бере алмады. Білім саласында ақпараттық технологиямен жұмыс жасау басты орында тұр. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды  түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді және менің жұмыс істеуіме негізгі көмек болып отыр. Мен өзімнің тәжірибемде ақпараттық технологияны жиі қолданамын. Сабақтың бекіту, оқу-танымдық кезеңдерінде оқушы білімін тексеруде activote құрылғысын пайдалану арқылы тест жүргізіп отырдым. 5 сұрақтан тұратын тест сауалдарын алдын-ала теріп, оқушылар тізімін енгізіп, дайындап қойдым.

Оқушылар бұл құрылғымен бұрыннан жұмыстанып жүргендіктен, қиындық туғызған жоқ. Бұрынғы әдіс бойынша тест жұмысын орындау үшін кем дегенде 5 минут уақыт берілсе, оны тексеру үшін тағы қосымша уақыт кететін. Активойтпен жұмыстану әдісінде, әр сұраққа 30 секундтан, барлығы 2 не 3 минут уақыт берілді. Оқушылар белгілеп болғаннан кейін компьютер автоматты түрде оқушылар жұмысын бағалап берді. Бұл АКТ әдістің тиімділігі – уақыт едәуір  үнемделеді, оқушылар өз жұмысының нәтижесін сол бойда көреді, бағасының әділдігіне көзін жеткізеді. Бір байқағаным осы тапсырманы орындаған кезде үлгерімі төмен Али деген оқушы қызығушылығын танытып, тестерге дұрыс жауап беруге тырысты. Орта деңгейдегі Даяна жауапкершілік сезіне отырып, өзінің жұмысын тиянақты істеуге тырысты. Арманның қабылдауы жоғары болғандықтан бұл тапсырма қиындық туғызған жоқ. 

Шындығында да бұрынғы сабақтарымда өз пәнім бойынша қосымша материалдарды сабақта өзім дайындап алып келетін едім. Ал сабақта оқушылар білімді менің айтқандарымды тыңдау арқылы және оқулықтан оқу арқылы алатын еді. Ал бұл курстан үйренгенім, білу мен түсіну және оны қолдану төменгі ойлау әрекетіне жатады, сондықтан ол оқушының ойлауын, шығармашылығын дамыта алмайды. Мен осыны ұғып алғаннан кейін мектепте жүргізген тәжірибемде қысқа мерзімдік сабақтар жоспарларымды Блум таксономиясына негіздеп құрдым. Ондағы мақсатым: оқушылардың жоғары ойлау әрекеттерін дамыту болды. Ол үшін мен сабақтарымның талдау, жинақтау және бағалау кезеңдеріне тақырыпты меңгертуде арнайы тапсырмалар мен оларды беру әдістерін ойластырдым.  Бұл менің әдеттегі сабаққа дайындалуыма қарағанда көп уақытымды алды. Дегенмен мен мұндай оқытудың тиімді болуы себебінен оқушылардың оқуын жақсарту  арқылы  көп ұтатынымды ойладым. Белгілі бір тапсырманы дайындауда алдымен оның сын тұрғысынан ойлауды дамыту мүмкіндігін тексеретін болдым. Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін жаңа біліммен байланыстыру жолдарын ойластырдым. Оқушылардың пікірін тыңдап, диалогтық оқыту әдісінің түрткі болу, сынақтан өту және қайта оралу сұрақтарын қойдым. Оқушының жауабын түсіну үшін ұзағырақ уақыт беретін болдым. Ашық сұрақтарды қою арқылы өзіне таныс емес білімді өзі ашуға, сол арқылы шығармашылығын дамытуға ықпал жасадым. Оқушыларға қойылған сұрақтарға түрліше жауап беруін қолдау арқылы өз ойын еркін жеткізе алуына жетеледім.Топтық жұмыстарда оқушылардың ынтымақтастықпен өзара әрекеттесуіне жағдай жасадым. Бұл топтық оқыту формасының әсіресе дарынды және талантты балалардың зияткерлік мүмкіндіктерін іске асыруына оң әсерін тигізетінін байқадым. Мұндай топтық жұмыста дарынды балалар көшбасшылық танытып, өздерінің қиындықты жеңуге деген жігерлілігі мен ойлау әрекетінің жылдам әрі икемді болуы, білімінің жан-жақтылығы арқасында топтық жұмысты басқаруды қолына алып, топтағы оқу үлгерімі төмен оқушыларды да өздерімен бірге оқуға тартатынына көз жеткіздім. Оқушылардың топтық жұмыстарға, сыныптағы өзгерістерге деген пікірін білу үшін бірінші бетпе-бет кезеңіндегі таратпа материалдарының деректерді жинау, топтық жұмыс туралы сауалнамалар алдым. Олар топта бірігіп оқыту,  серіктестерінің түсіндіруі өздерінің оқуына қолайлы екенін атап өткен. Бұл зерттеуден мұндай оқыту тәсілі оқушыларға ұнайтынын әрі олар оны тағатсыздана күтіп отыратынын  білдім. Оқушылардың  тақырыпты түсінгенін сабақтың рефлексия кезеңінде ауызша ашық сұрақ қою арқылы немесе жазбаша сауалнама алу арқылы тексеріп отырдым. Сонымен қатар сабақта оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалауды қолданып, оқушылардың өз білім деңгейін белгілі бір бағалау өлшемдеріне сәйкес шынайы бағалауын жүзеге асыруына ықпал еттім. Оқу үшін бағалауды сабақта қолданғанда оқушы өзінің білім деңгейін біліп, қандай бағытта жетілдіру жұмысын жүргізетініне ойлана бастады. Сонымен қатар басқа да артықшылықтарын айтып өтуге болады: Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алатын болды. Әдістерді бағалау көмегімен  оларды  көбірек түсінеді. Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болды. (3апта 2күн таратпа материал) Бұл оқушылардың өз оқуындағы кемшілігін түзеп, алдағы уақытқа мақсат қойып, өзін дамытуға деген құлшынысын арттырды. Сабақта оқушыларға еркіндік беру арқылы сыныпта жайлы психологиялық ахуал тудыру үшін «менің көңіл күйім...» смайликтер, амандасу, тілек айтуды қолдандым. Сол арқылы сабақтан алған әсерін байқап кері байланыс жасап отырдым. Сондай-ақ, сабақтың ұйымдастыру кезеңінде топқа бөлу әдістерін тренинг түрінде  қызғылықты етіп алғанда оқушылардың зейінін тұрақтандыру үшін, сабаққа қызығушылықтарын ояту үшін тиімді екенін байқадым. Сергіту сәттерін алғаш өткізген кезде қимылдарды орындауға ұялып, өздерінің сезімдерін білдіре алмай сынып шулап жатты. Бірақ уақыт өте келе сергіту сәттерін беріле орындай алатын болды. Бұл оларды өзін  айналадағы адамдармен қарым-қатынаста ашық болуға, сезімін көрсете білуге үйретті. Сабаққа кіріп отырған мұғалімдердің бұл өзгерістер  туралы түрлі пікірлері болды. Бір тобы оқытудағы мұндай жаңашылдықты қолдаса, енді біреулері сабақтың ойынға айналуына әкелмей ме деп қауіптенетінін білдірді. Оған қоса мұндай сабақ тәсілдері әр сабаққа келе бермейді деп ойларын айтты. Мен олардың оқудағы өзгеріс туралы жағымсыз пікірлерін түсіністікпен қабылдадым. Олардың оқыту туралы ескі таптаурындарын сындырып, мұндай өзгерістерге оң көзқараста болуы үшін оларға уақыт керек екендігін түсіндім.

Тәжірибеден кейін кезімдегі менің оқушыларым туралы ақпарат:

Оқушыларымның барлығы дерлік оқуға ынталы деп айта аламын. Олар мен беретін пәнге, яғни математика пәніне белсенділік танытатын болды. Оқу барысында оларға практикалық жұмыстар және тестпен жұмыс, топпен жұмыс ұнайды. Оқушылардың  пәнге деген қызығушылықтары артты, өздерін жауапкершілікке тәрбиеледі. Оқушыларға практикалық жұмыс жасау және сөйлеу дағдылары қалыптасуда, ауызша сабақ айту қиынға түспейтін болды. Өздігінен жұмыс істеу және дәптермен жұмыс немесе барлық тапсырмаларды жазбаша орындай алады. Оқушылар сыныпта өздігінен білім меңгеруге дағдылануда деп айта аламын.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Moushad,2007) Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім (Strong,Ward & Grant). Қоғамның талабына жауап беретін білім беру жүйесін өзгертуді алдымен мұғалімдерді өзгертуден бастап, мұғалімдерді жаңа талаптарға сәйкес өзгеруіне жағдай жасауында үлкен мән бар деп ойлаймын. Себебі қай заманда да қоғамдағы өзгерістер керуенінің көшін сүйреп алдымен ағартушы мұғалімдердің бастап жүретіні белгілі. Бұл қоғамдық маңызы зор өткізіліп жатқан шара болашақта өз жемісін беретініне сенімім мол.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі

өзгеріс

 

Қазіргі кездегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті  дамытатын – бүгінгі мектеп оқушылары. Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік наным-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді (Нұсқаулық 5бет).   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «педагог қызметкерлер өз білімін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі, сондай-ақ білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіру қажеттігі мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауда жаңа өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Осы орайда Кембридж университетімен бірігіп Назарбаев Интеллектуалды мектептердің жанында Қазақстанның білікті педагогтарының жасаған мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсының  болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беретін жаңа формациялы мұғалімдерді дайындау мақсатындағы жұмысы бүгінгі таңда өзекті деп ойлаймын.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2014 775
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашенова Айнагуль Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашенова Айнагуль Сериковна
    Ашенова Айнагуль Сериковна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24508
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Преподавание математики в школе в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 735 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек