Главная / Другое / Оқу мен оқыту үдерісінде блум әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету және мұғалімдердің белсенділігін арттыру.

Оқу мен оқыту үдерісінде блум әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету және мұғалімдердің белсенділігін арттыру.


Коучинг


2 апта

3-күн №1-коучинг


Сабақ тақырыбы:

Оқу мен оқыту үдерісінде блум әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету және мұғалімдердің белсенділігін арттыру.

Жалпы мақсат:

Коучингте мұғалімдер бойына сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыра отырып, блум таксономиясын деңгейлерін үйрету, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы ой жүгірту, проблеманы шешу және қалай істеуге болатынын анықтау жағдайында мұғалімдердің белсенділік қабілеттерін арттыру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Портал материалдары

Күтілетін нәтижесі

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы әдіс Блум таксономиясы туралы біледі, ұғынады, қолданады және оны оқу үдерісінде пайдалана біледі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың белсенділігі артады.

Ресурстар

Сабақ жоспары, парақ, қаламсап, маркер, түрлі-түсті стикерлер, бояу құралдары, компьютер, презентация тағы басқа.

Түйінді идея


Блум әдісі арқылы белгілі бір шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы білу мен түсіну, дәлелдер жинастыру, және талдап, жинақтап талапқа сай қолданып,жұмыс сапасын бағалау сияқты дағдыларды дамыту


Оқыту әдістері

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, видеоролик, блумның сұрақ қою өлшемі, әңгімелесу, пікірлесу,кері байланыс






Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:



Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


І.Сергіту сәті.

(2 минут)

  1. Амандасу

  2. Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын түсіндереді.


  1. Сәлемдеседі

  2. Коучтің өткелі тұрған коучингтің тақырыбы мен мақсатын түсінеді.


І тапсырма

Топты бөлу

(5 минут)


Мұғалімдерді санға байланысты топқа бөлу.Топтың ережесін сақтау үшін не істеу керек? Өздеріне ой тастау.


Санға байланысты бөлінеді, топтың ережесін постерге салып,іліп қояды.(сотканы сөндіру, зейін салып тыңдау)


Ой шақыру

(7 минут)

Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер»

Сұрақтар қойылады.

  1. Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесің

  2. Блум таксономиясы туралы не білесің

  3. Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сізге таныс.


Мұғалімдер қойылған сұрақтарға білетіндеріне қарай жауап береді. Тақырыпты топтық талқылауға салып, түйінді идеяларын стикерлерге жазып, себетке салады. Идеялар қайталанбау керек.

Рефлекция.

(3 минут)


Идеялар айтылады.

Ойлау іс-әрекетпен байланысты түйінді идеяларды айтады


Постер қорғау.Топтық жұмыс

(10 минут)

«Белсенді сынып, белсенді емес сынып, шығармашыл сынып» дегенді қалай түсінесіз? Осыны блум таксономиясына салып, топта өзара талдаңыздар .Өз ойларын постер бетіне түсіру.

Білетіндерін постерге жазып, әр топтың спикерлері қорғайды .Бірін бірі жест әдісі арқылы арқылы бағалайды

Көбелек сабағы

Видеоролик көру

Видеоролик көрсетіледі.Мұғалімдердің ойларын ортаға салғызу

Мұғалімдер не түсінгендерін топта талдап, айтып шығады.

Сергіту сәті

(2 минут

1. «Сұраққа сұрақ қою» мұғалімдерді шеңберге тұрғызып, бір-біріне сұрақ қойып, сұрақпен жауап береміз. Мұғалімдерге әр түрлі конфет ұсынамын. Сол түстер арқылы топқа топтаймын

Топқа бөлініп, орындарына жайғасады.

Блум таксономиясының мазмұны (қысқаша презентация)

(20 минут)

1.Блум таксономиясы дегеніміз не?

2.Бұл әдістің мақсаты не деп ойлайсыздар?

3. Қандай кезеңдерден, қанша бөлімдерден тұрады?

4. Блум таксономиясының кезеңдерін қалай пайдаланар едіңіздер?

5. Өте тамаша Төменгі деңгейге қандай кезеңдерді, жоғары деңгейге қандай кезеңдерді пайдаланар едіңіздер?

6. Білу дегеніміз не? Түсінуге қалай түсініктеме бересіздер? Қолдануды қалай айтар едіңіздер?

7.Ал талдауды қалай талдар едіңіздер? Қалай жинақтар едіңіздер? Сіздер қалай бағалар едіңіздер?

8.Сабақта немесе тәжірибелеріңізге қалай пайдалануға болады?

2-минут уақыт ішінде өзара пікірді талдау

Мұғалімдер тақырыптың негізгі идеясы мен заманауи тәсілдермен танысады


Дөңгелек үстөл үстінде сұрақ-жауап жүргізеді

Топтық жұмыс

(15 минут)


Мақсаты: Мәтінді түсініп оқиды,оның мазмұнын ұғынады, ана туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды.Ана мен әке сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады.Ананы сыйлауға құрметтеуге үйренеді. Анаға деген ыстық сүйіспеншілігін көрсетеді. 
Ойлаудеңгейлері


Білу. Мақсаты: Бұған дейінгі ана жайлы не білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? Ана жайлы мен не білемін.

Бағалау: Смаилик арқылы бағалау


Түсіну: Мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу.Мәтінді оқу,талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан спикерлер постерді қорғайды.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі арқылы бағалайды.


Қолдану: Мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар:Ана сөзіне диалог құрастыру.

Бағалау:Жұлдызша беру арқылы бағалайды.


Талдау: Мақсаты:Бұған дейінгі білімін зерделеу. Тапсырма:“Ауызша волейбол” ойыны. Шарты: Жүргізуші мақалды бастап допты екінші балаға лақтырады.Допты алған адам мақалды аяқтайды.Өзі мақалды бастап,келесі адамға лақтырады.Әр аяқталған мақалға бір ұпай, егер аяқтай алмаса, бір ұпай алынып тасталады.


Жинақтау: өз ойларын жинақтап айтуға итермелеу. Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға бес ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында


Бағалау:Мақсаты:Мұғалімдер өз анасына, жалпы ана қауымына деген сүйіспеншілігін қалай бағалай алды?


Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Жігіттер тобының «ана» әнін тыңдау.Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің,анаңа деген сағынышыңды қалай білдіресің? «Анаға деген сағыныш» эссе жазу. Бұл тапсырманы орындауда өз ойларын ашық бейнелей алады. Рефлексияда «екі жұлдыз,бір тілек» арқылы өз ойларын ашық айтты.

Кері байланыс жасау 5-минут

Сіздер қандай пікірдесіз? Нені біле алдық? Не қызықтырды? Бізге пайдасы бар ма? Сабақта пайдалануға бола ма? Мысалы қалай пайдалануға болады? Біз бүгінгі тақырыптың мақсатына жеттік пе? Бүгінгі сабақтың нәтижесінде жоғары, төменгі кезеңдердің сапасы мен дағдыларын үйрене алдық па?


Балауыз шамы

Видеоролик көрсету. Ой тастау


Видеороликтен не түсінгенін топта талқылап айтып береді.


Ү тапсырма

(5 минут)


Смайликтер арқылы бүгінгі коучингтен алған әсерлерін бейнелеу.



Мұғалімдер алған әсерлерін смайлик арқылы көрсетеді


VІ. Қорытындылау

(6 минут)


VIІ. Рефлексия

(6 минут)


Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерін тыңдау.




Берілген тақырып бойынша өз ойларын жазады.


Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерін айтады.























































5


Оқу мен оқыту үдерісінде блум әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету және мұғалімдердің белсенділігін арттыру.
  • Другое
Описание:

  Коучингте мұғалімдер бойына сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыра отырып, блум таксономиясын деңгейлерін үйрету, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы  ой жүгірту, проблеманы шешу және қалай істеуге болатынын анықтау жағдайында мұғалімдердің белсенділік қабілеттерін арттыру.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

Портал  материалдары

 Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы әдіс Блум таксономиясы туралы біледі, ұғынады, қолданады және оны оқу үдерісінде пайдалана    біледі. Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың белсенділігі артады.

Сабақ жоспары,  парақ, қаламсап,  маркер, түрлі-түсті стикерлер, бояу құралдары, компьютер, презентация  тағы басқа.

Блум әдісі арқылы белгілі бір шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы білу мен түсіну, дәлелдер жинастыру, және талдап, жинақтап талапқа сай қолданып,жұмыс сапасын бағалау сияқты дағдыларды дамыту

Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, видеоролик, блумның сұрақ қою өлшемі, әңгімелесу, пікірлесу,кері байланыс

Автор Тебегенова Гулбану Туленовна
Дата добавления 23.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1089
Номер материала 11065
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓